ШҚО Көкпекті ауданы Көкжыра ауылы
«Амангелді орта мектебі»КММ
Биология, химия пәні мұғалімі
Кунафин Ақылбек Маратович
Тақырыбы: Ағзалардың жеке дамуы
Мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың тірі ағзалардың жеке дамуы туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы: Оқушыларды тақырыпқа байланысты қызығушылығын ояту.
Тәрбиелігі: Табиғи – ғылымдық дүниетанымды ағзалардың жеке дамуы туралы білім негізінде қалыптастыру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. “Ер дәулеті-еңбек”-Үй жұмысын сұрау
ІІІ. “Білгенге маржан” - Жаңа сабақ
ІҮ. Сәйкестендіру тесті
Ү. “Бинго” ойыны
ҮІ. ”Бәрін білгім келеді”- Қорытындылау
ҮІІ. ”Бейнет түбі зейнет ” – Бағалау
Үйге тапсырмасы: Сәйкестік тест:
1. Гаплоидті гаметалар түзіледі
|
1. Сперматогенез
|
2. Партеногенез
|
2. Гаметагенез
|
3. Жыныс жасушасының түзілуі
|
3. Жыныс бездерінде
|
4. Аталық жыныс жасушаларының дамуы, шәуҺет түзілуі
|
4. зигота
|
5. Овогенез
|
5. Ұрықтанбай көбею
|
6. Гаметалар қосылуы
|
6. Жұмыртқа жасушаның түзілуі
|
Жаңа сабақ
Онтогенез – ағзаның туғаннан бастап өлгенге дейінгі даму кезеңі . Ол екіге бөлінеді: Эмбриогенез (ұрықтың дамуы) және Постэмбриогенез (ағзаның жұмыртқа қабықшасын жарып шыққаннан кейін, ал ұрығы құрсақта дамитын сүтқоректілерде туа салысымен басталады)
Ұрықтың даму сатылары:
1.Бластула – бөлшектену нәтижесінде көпжасушалы ұрықтың түзілуі. Шар тәрізді, бір қабатты іші қуыс ұрық.
2. Гаструла – ұрық дамуының екінші сатысы, бластула қабырғасының ойыстанып, нәтижесінде қос қабатты ұрық пайда болады. Бұл екі қабат ұрық жапырақшалары деп те аталады. Сыртқы эктодерма, ішкі энтодерма қалыптасады. Содан соң үшінші – мезодерма қабаты пайда болады.
3. Ұрықтың гаструладан кейінгі сатысы нейрула деп аталады. Бұл кезеңде жүйке тақташасынан жүйке түтігі қалыптасады. Жүйке түтігінен ми мен жұлын дамиды.
1.1 жасқа дейін – нәресте
2. 1-3 жасқа дейін алғашқы сәби шақ.
3. 4-7 – бірінші балалық шақ.
4. 8-11-ересек шақ.
5. 12-16 жас – жасөспірім шақ.
6. 16-21-бойжеткен, бозбала
7. 21-60-кемелденген шақ.
8. 61-71-мосқал тартқан шақ.
9. 72-90 жас – кәрілік, қарттық.
10. 90 жоғары – ұзақ жасаушылар.
Постэмбриогенез : 1)Шала түрленіп даму:ағзаның бірден ересек түріне ұқсап тууы
2) Толық түрленіп даму –дернәсілдің пайда болуы. Дамудың бұл түрі омыртқасыздарға (қоңыздар, көбелектер) ал омыртқалылардан қосмекенділерге тән.
Сәйкестік тест
1. Ұрықтың дамуы
|
1. Бластула
|
2. Ұрықтанудан кейін зигота дамуының алғашқы сатысы
|
2.Эмбриогенез
|
3. Ұрық дамуының екінші сатысы
|
3. Нейрула
|
4. Тірі ағзаның туу мерзімінен өлуіне дейінгі жеке дамуы
|
4. Гаструла
|
5. Гаструладағы жасушаның сыртқы қабаты
|
5. Онтогенез
|
6. Гаструладағы жасушаның ішкі қабаты
|
6. Мезодерма
|
7. Гаструладағы жасушаның аралық немесе ортаңғы ұрық жапырақшасы
|
7. Эктодерма
|
8. Ұрық дамуының үшінші сатысы бұнда жүйке түтігі қалыптасады
|
8. Энтодерма
|
9. Омыртқасыз жәндіктер қалай дамиды
|
9. Түрленіп (метаморфоз)
|
Жауабы: 1-2; 2-1; 3-4; 4-5; 5-7; 6-8; 7- 6 8-3; 9-9;
Биологиялық диктант:
-
Ұрықтанған жыныс жасушасын ... деп атайды.
2. Зигота дамуының алғашқы сатысы ... деп аталады.
3. Нейрула сатысында ... қалыптасады
4. Адам ағзасы ... жасқа дейін өсе алады.
5. Көбелектер ... дамиды.
6. Сперматогенез дегеніміз - ... .
7. Овогенез дегеніміз - ... .
Бағалау
Үйге тапсырма : §22
Достарыңызбен бөлісу: |