Ш.Қ.О Көкпекті ауданы Көкпекті ауылы
ҚМҚК «Шуақты Шұғыла балабақшасының
Тәрбиешісі: Бекбаева Гулжанат Мухтаровна
Тақырыбы: Жаңа жылда ертегі, келеме , біздің бақшаға?
Жүргізуші: Бүгін келді жанарып
Шырша тойы тағы да
Би билейді , ән салды
Жасыл шырша жанында.
Сәлем бізден баршаға
Құттықтаймыз жар сала,
Бүгін бізде , жаңа жыл
Қош келіпсіз шыршаға
Жаңа жылда көңілді
Шырқалады әніміз
Ата - аналар сіздерді
Құттықтаймыз бәріміз.
Балалар кіреді:
Аяла. Жаңа жыл,Жаңа жыл
Төгілсін жаңа нұр.
Сыйлығын сүйретіп,
Келді міне, Жаңа жыл!
Ажар. Жоламасын елге мұң!
Жаңғырып кел, Жаңа жыл
Әкелердің еңбегін
Жандырып кел жаңа жыл.
Бекзат. Жаңадан тақпақ
Айтамыз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.
Саян: Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз.
Ән : « Жаңа жыл» орындалады.
Жүргізуші: Балалар ертегіні жақсы көресіңдер ме?
Ондай болса ертегілер еліне барайық.
Қысқы орман бізді шақырады , орманға барайық.
Балалар орманда бір үйшік көрінеді.
Әуен мен Тышқан кіреді. Үйшікте кім тұрады?
Әуенмен Ақшақар үйден шығады: Бұл үйшікте, Аяз Ата екеуміз тұрамыз. Үйшігіміз мейрамға толы. Таңертен Аяз Ата орманға кеткен.
Үйшігіміздің жанында шырша өседі. Жаңа жыл мейрамын тойлауға болады.
Көңілді болу үшін - тышқан ,қоян , түлкі ,қасқыр достарымды шақырайын.
Ой , Аяз Атам қайда?
Әуенмен Қоян кіреді
Қоян Не деген әдемі үйшік, жанында шырша өсіп тұр.Жаңа жыл мерекесін тойлауға болады екен. Тук, тук , тук, тук. Үйшікте кім тұрады?
Мен шиқылдауық тышқанмын ,ал сен кімсің?
Мен секірген қоянмын.
Тышқан: Секірген қоян, кел, жаңа жылды бірге қарсалайық
шыршаны безендірейік ойыншықты қайдан аламыз?
Қоян: Мен білмеймін. қояндарымды шақырайын
Қояндар келіңдер, шыршаны безендіруге көмектесіңдер!
Қояндар биі:
Қояндар тәтті сәбіздерді шыршаға іліңдер
Тышқан мен қоян рахмет айтады.
Әуенмен Бақа кіреді
О, керемет үйшік, шырша қандай тамаша!
Бақ, бақ, бақ,!-үйшікте кім тұрады?
-Мен шиқылдауық тышқанмын
- Мен секірген қоянмын
Ал сен кімсің?
Мен бақылдауық бақамын
Кел бірге тұрайық, жаңа жылды бірге қарсалайық.
-Тышқан: Бақа бізге шыршаны безендіруге көмектес, бірге жаңа жыл
мерекесін тойлайық.
Бақа: Қане, бақалар келіңдер, шыршаны безендіруге көмектесіңдер!
Бақалар биі:
Шыршаға ойыншықтар іледі.
Тышқан , қоян - бақаларға рахмет айтады:
Тышқан, қоян , Бақа үйшікке кіріп кетеді
Әуенмен түлкі кіреді:
Мен Қу Түлкімін, сендермен жаңа жылды қарсалуға келдім
Тышқан: Бізге шыршаны безендіруге көмектес
Түлкі: Мен сұлу түлкімін , безендіргенді ұнатамын.
Менде блезік , жүзік , сырға бар.
Қане түлкішектерім жүгіріңдер Шыршаны безендіруге көмектесіңдер
Түлкілер биі:
Түлкілер моншақтармен безендіреді
Әуенмен Қасқыр кіреді.
Уу, Уу, Уу, Қандай әдемі үйшік. Үйшікте кім тұрады?
-
Мен тышқанмын
-
Мен қоянмын
-
Мен бақамын
-
Мен түлкімін
-
Ал сен кімсің?
-
Мен қасқырмын
Кел бірге тұрайық. Жаңа жылды бірге қарсалайық бізге шыршаны безендіруге көмектес
Қасқырлар биі:
Қасқырлар ойыншықтар мен безендіреді.
Аңдар безендірілген шыршаға кіреді
Ақшақар. Орманнын бәрін араладым Аяз Атаны таппадым.
Ой, менің шыршамды кім безендіріп қойған?
Үйшіктен аңдар жүгіріп шығып, біз безендірдік
Ақшақар: ой- ой бізге аю келе жатыр
Әуенмен Аю бөчке толы бал мен кіреді
Мен тәтті балды сорып ұықтап жатып едім.Ормандағы шуды естіп ояндым.
Мені үйшікке кіргізіңдер, жаңа жылды бірге қарсалайық.
Ақшақар: Сен үлкенсін , сыймайсын, үйшікті сындырасын
Тышқан: Сен кір ме, шыршанын жанында отыр.
Ақшақар: Тышқан саған рахмет, шырша тойына көп қонақтар жиналды.
Жаңа жылды қарсалайық. Аяз Атаны шақырайық
Әуенмен Аяз Ата кіреді
Аяз Ата: Жаңа жылдарыңмен
Жаңа жылдарынмен!
Балаларым балғындарым
Тышқан, түлкі, қояндарым!
Шырша қандай әдемі
Қолымыздан ұстасып
Шыршаны айналып
Би билейік, ән сала.
Ән: Аяз Ата
Тақпақтар
Назерке. Даламызға, қаламызға.
Жаңа жыл келіп кіреді.
Қартыңызға, жалпыңызға
Жалыңды сәлем беремін
Жанна: Жаңа жылда балалар
Тек жақсылық көріңдер
Жылау , ауру жамандық
Қастарында болмасын.
Гүлнәз: Сақалы аппақ күрістей
Тістері аппақ күріштей
Нұр жайнаған ажары,
Сағындық Аяз Атаны
Айдана: Көрдің бе Аяз атаны
Аппақ екен сақалы
Аппақ екен мұрты да
Аппақ екен шапаны
Расим: Тақпақтарды жаттадық,
Би де үйрендік көрсің деп.
Аяз Ата шаттанып,
Бізге риза болсын деп.
Зере: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Аяжан Жаңа жылда балалар
Тек қуаныш көріңдер
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Малика: Не ойласаң жаңа жылда
Орындалады бар арман
Жаңа жылда сондықтан
Күтеді барлық балақан
Аяз Ата : мен сеңдермен қызықты ойын ойнағым кеп тұр.
Ойыннын шарты: Әуен ойналады ұлдар билейді қыздар қол соғады, қыздар билейді, ұлдар қол соғады. Ата - аналар билейді балалар қол соғады.
Аяз Ата: Сеңдермен көңіл көтердім.
Ақшақар: Аяз Ата енді біздің өнерімізді тамашаланыз.
Ақшақарларым қайда?
Ақшақарлар биі:
Бала: Аяз Ата сіз бізге сыйлық әкелдіңіз бе?
Аяз Ата: Әрине әкелдім.
Аюжан досым: 1-2-3 бөчкенді аш. Балалар қараңдар бөчкеде не бар?
Аяз Ата: Ақшақар сыйлықты таратуға көмектес.
Аяз Ата мен Ақшақар сыйлықтарды таратады.
Аяз Ата: Балалар мен сендермен ойын ойнадым , би биледім,көңілімді көтердім. Енді өздерінмен қоштасып келесі балабақшаға баруым керек.
Сау болыңдар, келесі кездескенше.
«Жаңа жылда ертегі, келе ме біздің бақшаға? »
Достарыңызбен бөлісу: |