ШҚО Зырян ауданы Серебрянск қаласының
әлеуметтік- экономикалық дамуы бойынша 2010 жылға
баяндама
Құрметті Серебрянск қаласының тұрғындары!
Атқарушы биліктің, қала әкімі аппаратының және тікелей әкім жұмысының барлығы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға сәйкес, сонымен қатар жергілікті атқарушы билік жұмысын реттейтін қолданыстағы Жарғыларды, Заңдарды, Қаулыларды, мемлекеттік аймақтық бағдарламаларды және де басқа нормативті-құқықтық актілерді орындаумен іске асырылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы да осыған негізгі құжаттың бірі болып табылады. Республика Президентімен мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты анықталған – ол Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты және олардың әлеуметтік береке саулығы. Бұл мақсат әр елді мекендерде қалай іске асырылып жатқандығы осындай аймақ бойынша есепті кездесулерде анықталады.
Алдыңғы есепті кездесуде әр түрлі бағыттағы 10 сұрақ қойылды. Оның көпшілігіне есепті кездесуде мейлінше толық жауаптар берілді. Ал қаржыландыруды қажет ететін 4 сұрақ бақылауға алынып ағымды жыл барысында орындалды.
Серебрянск қаласы әкім әкім аппараты мемлекеттік саясатты іске асыру, өзін-өзі басқару функциясын және жоғары атқарушы органдарддың тапсырмаларын орындау бойынша тұрақты және жүйелі түрде жұмыстар атқарып келеді.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңның 35 бабын орындаумен қала әкімі аппаратында есепті мерзім ішінде жеке және заңды тұлғалардың әр түрлі сұрақтары бойынша 129 жүгінуі қаралды, оның ішінде 14- ұжымдық, 115- жеке; 119 – қанағаттандырылды, 10 бойынша түсініктеме берілді. Заңды тұлғалардан 7 жүгіну келіп түсті, барлығы қанағаттандырылды. Жер қолдану және жер сұрақтары бойынша - 26,4 пайыз, 54,3 пайыз тұрғын үй және коммуналды шаруашылық сұрақтары бойынша.
Алға қойылған сұрақтарды шұғыл және сапалы орындау мақсатымен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша кеңес құрылған. Кеңес құрамында облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, өндірістік және транспорттық кәсіпорын мекемелерінің басшылары, шағын және орта бизнес өкілдері, барлығы 29 адам бар. Есепті мерзім ішінде кеңестің 12 отырысы болды. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша кеңес отырысында басшылар өздерінің ведомствоаралық кәсіпорындарындағы қаржы-экономикалық жағдай туралы және өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы есеп берді, қалаішілік шараларды өткізу бойынша демеушілік көмек беру мүмкіндіктерін қарастыру және басқа да көкейтесті сұрақтарды шешу бойынша мәселелер қаралды.
Бұқаралық талқылауды қажет ететін сұрақтарды шешу үшін қала тұрғындары қоғамдастығының өкілдерімен кездесу-жиналыстар мерзімді өткізіліп тұрады. 2010 жылы осындай 3 кездесу болды.
Сонымен қатар спортты жүйелеу бойынша кеңес, жастармен жұмыс бойынша кеңес, мәдени және рухани даму кеңесі құрылған және жұмыс жасайды.
Қала әкімі аппаратымен адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қылмыс пен нашақорлық деңгейін төмендету, сыбайлас-жемқорлық бұзушылық фактілерін болдырмау бойынша жұмыстар атқарылып жатыр:
-
Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамдастықты дамыту Концепциясын орындаумен 2006-2011 жылдарға Серебрянск қаласы бойынша жоспар құрылған. ҚР-ғы азаматтық қоғамдастықты дамыту саясаты әлеуметтік-экономикалық даму бойынша Кеңес жұмысы, жастармен жұмыс бойынша кеңес, қала тұрғындары өкілдерінің жиналысы, тұрғындармен жиналыстар арқылы жүзеге асырылады.
-
Жоспарға сәйкес діни ұйымдар басшыларымен кездесулер өткізіліп тұрады.Қалада 6 - православты шіркеу, «Новая жизнь» шіркеуі, Иеговтар куәгері, адвентистер, баптистер, субботниктер діни ұйымы бар.
-
Ағымды жылдың 12 қарашасында мұсылман дінін уағыздаушыларға мұсылман мешіті ашылды. Ол тұрғындардың құрбандықтары мен қаладағы кәсіпкерлер қаражатына тұрғызылды.
Діни ұйымдармен рухани келісімді нығайту мақсатында бірігіп жұмыстар атқарылып жатыр. Ағымды жылы діни ұйымдар басшыларымен екі кездесу болды.
Тұрғындар арасындағы топ қызығушылықтары пен құқығын қорғауды іске асыру шегінде жастар саясаты ерекше орын алады. Жастармен жұмыс Серебрянск қаласы бойынша құрылған жоспарға сәйкес жүргізіледі. Жастармен жұмыс бойынша кеңес, жиналған материалдарды ай сайын қараумен кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау бойынша комиссия жұмыс жасайды. Жұмысы бірінші кезекте жастар мен балаларға бағыттталған тұрғындарды отансүйгіштікке тәрбиелеу бойынша кеңес құрылған. Қалада мемлекеттік мерекелер, спорттық шаралар, жастармен кездесулер өткізіліп отырады. Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша инспектор, 2 мектеп инспекторы бар, нашар қамтылғандар отбасы балаларына арналған үйірмелер жұмыс жасайды.
-
сыбайлас –жемқорлық пен сыбайлас-жемқорлық құқықбүзушылықтың алдын алу бойынша қалада сыбайлас-жемқорлықтың алдын алуды насихаттау ұйымдастырылған. Қаладағы құқықтық жаппай білім беру мектептерінде сыбайлас-жемқорлықпен күрес бойынша заңнаманың талаптарын сақтау бойынша сабақтар өткізілді. Қаладағы әкім аппаратында, құқық қорғау органдарында сенім телефондары орналасқан, заңды және жеке тұлғалардың үндеулерін тіркеу журналы бар, сонымен қатар қоғамдық орындарда өтініштер мен арыздарға 6 жәшік орналасқан. Келіп түскен жүгінулер апта сайын зерделенеді.
-
Әкім аппаратымен облыстық және аудандық әкімдіктердің хаттамалық шешімдерін орындау бойынша үнемі жұмыстар атқарылады. Хаттамадағы әр тарау бойынша тапсырмалар бақылауға алынады. Соның бірі Зырян ауданы әкімінің 2010 жылғы есепті кездесуіндегі тұрғындармен қойылған сұрақтарды орындау бойынша шаралар. Бақылауда болған 4 шараның 3-толығымен, 1- жартылай орындалды.
-
2010 жылы қандай жетістіктерге жеткеніміз осы Серебрянск қаласы әлеуметтік-экономикалық даму кеңесі қорытындысында көрсетілген, атап айтқанда:
-
2011 жылдың 1 қаңтарына қалада әр түрлі нысандағы 58 шаруашылық субьектісі жұмыс жасайды, оның ішінде: өндірістік кәсіпорындар- 5, транспорт – 4, шағын және орта бизнес- 13.
-
2010 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнім көлемі 4 млрд 547 млн. 883 теңгені құрады, бұл 2009 жыл дейгейімен 100,5 пайыз, оның ішінде: «Казцинк» ЖШС энергетикалық кешенінің «Бұқтырма ГЭСі» ЖШС- 100,0 пайыз, «Серебрянск қаласы су арнасы» ҚМК- 104,5 пайыз, «Серебрянск қаласы жылу орталығы » ҚМК- 119,0 пайыз, «СБӨЗ» ЖШС- 115,1 пайыз, «Белуха» АҚ 62,0 пайыз. «Белуха» АҚ тауар өнімінің төмендеуі ағымды жылдың 5 айында кәсіпорын ұсынылған шикізатпен жұмыс істеді, бұл кәсіпорынның тауар бағасына саналмайды.
Қаланың тіршілігін қамтамасыз ететін екі кәсіпорын- «Серебрянск қаласы су арнасы» ҚМК, «Серебрянск қаласы жылу орталығы » ҚМК бар. Айналым қаражатының жетіспеушілігі, түсімнің болмауы биыл да орын алды, бірақ ұжымның жауапкершілігі және облыс пен аудан бюджетінен қаржылай қолдаудың арқасында коммуналды кәсіпорын 2010 жылды тұрақты жұмыс жасап шықты.
Облыстық бюджеттің 62413,0 мың теңге қаражаты есебінде жетім балаларға арналған мектеп-интернатты, полиция бөлімін, өрт сөндіру бөлімін орталық жылу қазандығына қосу жұмыстары орындалды. 2009 жылмен салыстырғанда жылу энергиясын өндіру 11 пайызға құрады. Аудандық бюджеттен жылу мерзімін бастау үшін көмір алуға 5800,0 мың теңге бөлнді.
2010 - «Жол картасы» бағдарламасы бойынша су айдау жүйелерін жөндеу бойынша 13846,0 мың теңгеге жұмыстар орындалды.
Қысқы мерзімге дайындық бойынша ағымды жөндеулерді коммуналды кәсіпорындар өз қаражаты есебінде іске асырды.
Қала экономикасы мен дамуына кіші бизнестің маңызы үлкен орын алады. Қала аумағында кіші және орта бизнестің 157 субъектісі жұмыс жасайды, оның ішінде 145 жеке кәсіпкерлермен ұйымдастырылған, 13 заңды тұлғалармен. Кәсіпкерлердің жалпы саны ішінде саудамен – 98, қайта өңдеуде- 8, қоғамдық тамақтандыруда – 14, 4 наубайхана, 2 кондитерлік цех, 2 жанар-жағар май құю станциясы, басқа қызмет саласы- 16. Шағын бизнес көшірме қызметін, шаштараз қызметін, киім тігу, аяқ киім жөндеу, шыны ыдыс қабылдау, медициналық қызмет көрсету, кір жуу және газ баллон жеткізу, видео-аудио кассеталарды прокатқа ұсыну қызметтері.
2010 жылы қалада екінші жанар-жағар май құю станциясы, екі өндіріс тауарлары дүкені, бір азық-түлік дүкені және 3 бөлім ашылды.
Ағымды жылы қалада 2 тұрғын үй, жалпы көлемі 151 шаршы метр шаруашылық құрылыстары салынып пайдалануға берілді.
2010 жылдың 1 қаңтарына қалада 9765 адам тұрады, оның ішінде жұмыс істейтіндері- 3500 (36 пайыз), зейнеткерлер – 1694 (17 пайыз), барлық категориядағы мүгедектер- 318, мектеп оқушылары- 883, кәсіптік лицейде- 129, құрылыс және транспорт колледжі- 25, балалар үйіндегі оқушылар- 186, мектеп-интернатттағы- 71, 6 жасқа дейінгілер- 558, жұмыссыздық бойынша есепте тұрғандар- 72, өздігімен айналысатындар -2329 (23 пайыз).
Серебрянск қаласына 2010 жылы 314 адам келді, 379 адам кетті. Туғандар саны 106, қайтыс болғандар саны- 139. Қайтыс болу туу санынан 1,3 есе артық.
Тұрғындардың жалпы санына шаққанда жұмысқа жарамды саны 5926 адам немесе 60,7 пайыз.
2010 жылдың соңында жұмыссыздық бойынша тіркелуде 72 жұмыссыз есепте тұр.Ресми жұмыссыздық 0,7 пайызды құрайды. 2010 жылы жұмыссыздық пен әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 333 адам жүгінді, оның ішінде жұмысқа орналасқандары саны 196 адам. Қоғамдық жұмыста 84 адам жүмыс жасады, жастар тәжірибесі бойынша- 2 адам,әлеуметтік жұмыста- 2 адам, 49 адам «Жол картасы» бойынша № 6 кәсіптік лицейде оқып білім алды. Ағымды жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 110 адам жұмыс жасады.
Тұрғындар арасындағы әлеуметтік нашар қамтылғандарды қолдау мақсатымен келесі әлеуметтік көмектер көрсетілді:
|
Атауы
|
Адам саны
|
Сомасы, мың теңге
|
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
|
37
|
113,0
|
|
Тұрғын үй көмегі
|
290
|
3375,3
|
|
18 жасқа дейінгі бала жәрдемақысы
|
43
|
288,0
|
|
Үйде оқытылатын мүгедек балаларға жәрдемақы
|
8
|
974,0
|
|
Қоғамдық жұмыстар
|
84
|
3468,0
|
|
Барлығы
|
462
|
8218,3
|
Серебрянск әлеуметтік көмек бөлімімен мүмкіншілігі щектеулі 9 балаға үйлерінде, 188 қарт және мүгедектерге қызмет көрсетіледі.
Қалада жалпы типтегі қарттар және мүгедектер үйі бар, ондағы адам саны- 50, облыстық бюджеттен қаржыландырылады.
Балаларға білім беруде 3 мектеп жұмыс жасайды, оның біреуі мемлекеттік тілде. 3 мектептің- 2 орта, 1 –негізгі. Серебрянск қаласындағы білім беру объектілерін қаржыландыруға 2010 жылы барлығы 5 млн. 147 мың теңге бөлінді: № 2 негізгі мектептің шағын орталығына - 980,0 мың теңге, № 4 мектептің биология кабинетіне – 409, мың теңге.
Сонымен бірге 257 бала бала бақшада және девиантты балаларға арналған мектеп-интернатта білім алып жатыр.
Жұмыскер мамандықтарына: КИПиА слесары, электромонтер,токарь, дәнекерлеуші, шаштараз-модельер, аспазға Серебрянск қаласындағы № 6 кәсіптік лицейде оқып жатыр. 2010 жылы осы лицейде «Жол картасы» бағдарламасы бойынша жылу трассасына және жылу жүйелеріне 6683,0 мың теңгеге ағымды жөндеу жүргізілді.
Халыққа медициналық қызметті 50 орындық қалалық аурухана және алғашқы медициналық жедел көмек енген «Серебрянск қаласындағы № 3 медициналық бірлестік» ҚМКК жасайды. Қызмет көрсету алаңының таршылығы амбулаторлық деңгейдегі көмекті ұйымдастыруға қиыншылық тудырады. Соған қарамастан, ағымды жылы медициналық көмек көрсету сапасы мен жағдайды жақсарту үшін бірталай жұмыстар атқарылды: 76 пайызбен медмекеменің аккредитациясы болып өтті, бұд Зырян ауданы бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.Флюрограф, ауруларды реанимациялау үшін төсек жанына қойылатын монитор алынды. 33 медициналық қызметкер және 7 дәрігер біліктілігін көтеру курсынан өтті, 11 медициналық қызметкер біліктілік санатын алды. Ағымды жылы № 3 медициналық бірлестікте «Жол картасы бойынша» жұмыстар жалғастырылып жатыр, қазіргі уақытта 76402,0 мың теңгеге ағымды жөндеу бойынша жұмыстар жасалды.
2010 жылы Серебрянск қаласындағы № 7 «Салтанат» балалар бақшасына күрделі жөндеу жүргізіліп, қосымша 2 топ ашылды. «Жол картасы» бойынша ағымды жылы Республикалық және жергілікті бюджеттен күрделі жөндеуге 27835,0 мың теңге бөлініп, игерілді. Сонымен қатар, жиһаз алу үшін, коммуналды қызмет төлеу үшін «Балапан» Республикалық бағдарламасы бойынша 2350,0 мың теңге , жергілікті бюджеттен 3600,0 теңге бөлінді.
Қала тұрғындарының жағдайларын жақсарту үшін және сапалы қызмет көрсету үшін келесі жұмыстар орындалды:
-
СБӨЗ микроауданында жастар үшін хоккей қорабы жасалды;
-
Жастармен «Достық» аула клубы жұмысын жалғастыруда, ондағы айналысатын бала саны- 150;
-
СБӨЗ микроауданында жастар үшін жазғы би алаңы жұмыс жасайды;
-
Байланыс сапасын көтерумен телекоммуникация торабымен жоспарланған жөндеу жұмыстары атқарылды. Қосымша 163 абонент нүктесі орнатылды.
-
Телевизиялық көрсетілімнің сапасын жақсарту мақсатымен жаңа құрылым орнатылды.
-
Пошта бөлімінде зейнетақысы мен жалақысын алушыларға пошта карточкасы бар тұлғаларға посттерминал орнатылды, несие де алуға болады.
Серебрянск қаласының тұрғындары үшін 30 орындық үлкендер және балалар кітапханасы жұмыс жасайды, ағымды жылы 2224 оқырманға қызмет көрсетті, оның ішінде 1373-жастар 15 пен 21 жас аралығындағы. Кітап қоры 63547 құрайды.
Қаладағы жастар қаланың және ауданның спорттық өміріне белсене араласады. Балалар жасөспірімдер спорт мектебінде 222 баланы қамтыған 7 оқу-жаттығу тобы бар. Осы мектепте еркін күрес, шаңғы жарысы, футбол секциялары бар. Мектепте дәріс алатын оқушылар қалалық, облыстық, республикалық турнирлерге белсене қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. 2010 жылы БЖСМ және «Зырян ауданы дене шынықтыру мен спорт бөлімі» ММ-нің бірігіп жұмыс жасауы нәтижесінде 65 қалалық әр түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды. Серебрянкалық спортшылар 17 облыстық және Республикалық жарыстарға қатысты. Қатысқан спортшылар саны 134 адам, оның ішінде 108- облыстық жарыстарға, 26-Республикалық жарыстарға, 6 халықаралық жарыстарға қатысты. Еркін күрес пен шаңғы жарысынан Серебрянкалықтар ерекше жетістіктерге жетті.
«Досуг» орталығы балалар мен жасөспірімдер талантын жетілдіру бойынша жұмыстар атқарады. «Досуг» орталығы және көркемөнерпаздар күшімен әр түрлі мемлекеттік, ұлттық, басқа да мейрамдарға арналған мерекелік шаралар өткізілді.
Серебрянск қаласындағы полиция бөлімімен 2010 жылы қылмыспен күрес және тәртіпті күшейту бағыты бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылды. Шұғыл алдын алу шаралары өткізілді. 2009 жылмен салыстырғанда ҚР іс жүзіндегі заңнамасын әкімшілік бұзушылармен жұмыс жақсы дейгейге көтерілді. 2010 жылы Серебрянск қаласында әкімшілік жауапкершілкке барлығы 987 адам тартылды, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 63 адамға көп. 266,9 мың теңгеге айыппұл салынды, бұл 119, 9 мың теңгеге артық. Соған қарамастан қалада бұл бағытта жұмыстар азайды деуге болмайды, қала ішінде ірі қара малдар жайылуы, иттерді қыдырту ережесін бұзу, рұқсатсыз қоқыс төгетін тұлғалар жетерлік.
Серебрянск қаласында әскери бөлім орналасқан, және жыл сайын әскери борышын өтеуге жас әскерлерді қабылдайды. Сот, прокуратура, «Халық банкі» филиалы жұмыс жасайды, ШҚО бойынша жылжымайтын мүлік орталығы, азаматтарды тіркеу және құқықтық көмек көрсету орталығы ҚР ӘМ, азаматтарды құжаттандыру мен тіркеу бөлімі (паспорттық үстел), музыкалық мектеп, Зырян қаласының құрылыс және көлік колледжінің филиалы бар. 2009 жылдың желтоқсан айынан тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету орталығы жұмысы жасай бастады (ЦОН).
2010 жылы қала тіршілігін қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен бюджеттік бағдарлама бойынша 12627,0 мың теңге бөлінді, толығымен игерілді, соның ішінде: елді мекендердің санитарлық қалпын қамтамасыз етуге- 1030,0 мың теңге, қаладағы автомобиль жолдарының қызметін қамтамаысз етуге- 7975,0 мың теңге, қала көшелерін жарықтандыруға- 1310,0 мың теңге, тексіздерді жерлеу орындарын ұстауға- 386,0 мың теңге, көшелерді жарықтандыру жүйелеріне қызмет көрсетуге- 1000,0 мың теңге, қаланы көріктендіруге- 926,0 ( су арналарын қоқыстан тазарту- 121,2 мың тңге; қаладағы арканы жөндеуге- 326,0 мың теңге, қоқыс төгетін контейнерлер жасауға- 478,8 мың теңге.
Демеушілер көмегімен Пихтовка өзені арқылы өтетін көпірге жөндеу жүргізілді 2700,0 мың теңгеге, толығымен қалалық арка жөнделді 900,0 мың теңгеге, Шоссейная көшесіндегі жолдардың жөндеуі- 200,0 мың теңге.
2010 жылы аз жұмыстар жасалған жоқ, бірақ шешілмеген мәселелер де аз емес. Бұл тұрмыстық қатты қалдықтар төгетін полигонның болмауы, қала көшелерінің толық жарықтандырылмауы, жаңа тазалау құрылысының іске қосылмауы, орталық жылу беру қазандығындағы күл қож шығаруды механикаландыру және резевтегі қазандықтың жөндеуі, үлкен инвестициялық жобалар енгізу үшін қаланың инвестициялық тартымдылығының жеткіліксіздігі, қаланың санитарлық жағдайының қалыпқа сай еместігі, бұзылған үйлердің де үлкен проблема туғызатындығы.
Қалалық әкім аппараты алға қойған өзекті мәселелерді шешу үшін, және Серебрянск қаласы тұрғындарының әлеуметтік жағдайын және тіршілік ету деңгейінің сапасын жоғарылату мақсатымен, үлкен инвестициялық жобалар енгізу үшін қаланың инвестициялық тартымдылығының көтеру үшін жұмыстарды жалғастырады.
Серебрянск қаласына қатысты мәселелер жоғары атқарушы органдардың да назарында, және оларды шешу үшін мүмкіндігінше қаражат та бөлініп келе жатыр және бөліне де береді деген сенмідеміз.
Осы алға қойылған мақсат, мәселелер қала тұрғындарының қатысуымен, қолдауымен бірге шешіледі деген үмітімді білдіремін.
Серебрянск қаласының әкімі С. Гордиенко
Достарыңызбен бөлісу: |