Зырян ауданы Серебрянск қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы 2013 жылдың 8 айы бойынша Атқарушы органдардың жұмысы, оның ішінде Серебрянск қаласының әкімі аппаратының жұмысы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін басқару



Дата23.02.2016
өлшемі131.82 Kb.
#8566
Зырян ауданы Серебрянск қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы

2013 жылдың 8 айы бойынша

Атқарушы органдардың жұмысы, оның ішінде Серебрянск қаласының әкімі аппаратының жұмысы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі сұрақтарды реттейтін іс жүзіндегі Жарлықтарды, Заңдарды, Қаулыларды, мемлекеттік өңірлік бағдарламаларды және басқа да нормативтік- құқықтық актілерді орындаумен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Президенті – ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан халқына «Қазақстан -2050» Стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жыл сайынғы жолдауын жариялады. Онда Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуының негізгі басым бағыттарын атап өтті. Ұлт көшбасшысы анықтап берген курс қол жеткізген биіктердің жалғасы болып табылады. Құжатта көрсетілген барлық бастамалар, жылдар бойы жинақталған потенциалды қолдану, Қазақстанның көшбасшы ретіндегі орынын бекітіп, ашық азаматтық қоғамдастық пен демократияны құруға нығайтып жол ашады. 2050 жылға дейін Қазақстан экономикасы дамыған 30 елдің қатарына енуі тиіс, және қазақстандықтардың бірлігі және келісімі арқасында бұл жолды біз кедергісіз жылдам өтеміз деп сенемін.

Қазақстандық қоғамды одан әрі демократизациялау үшін, елдегі болып жатқан реформалар туралы тұрғындарды ақпараттандыру үшін, атқарушы органдар жұмысына бақылауды күшейту үшін, мемлекеттік басқару процестеріне халықты кеңінен тарту үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығымен село, кент, аудан маңызды қалалар әкімдерінің тұрғындар алдында есепті кездесулерін өткізіп отыру мерзімі бекітілген. Әкімдер өз әкімшілік-аймақтық мекендері тұрғындары алдында тоқсанына бір рет тоқсанның бірінші айында есеп береді.

Серебрянск қаласының әкімі аппаратымен облыстық және аудандық әкімдіктердің хаттамалық шешімдерін орындаумен үнемі жұмыстар жүргізіліп отырады. Тапсырмаларды орындау үнемі бақылауда. Соның бірі, 2012 жылы Зырян ауданының әкімімен болған кездесудегі тұрғындармен айтылған ұсыныс, сұрақтарды орындау бойынша шаралар. Бақылаудағы 6 шараның 5- і толығымен орындалды, 1 іс жүзінде.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқаруды дамытудың бекітілген Концепциясына сәйкес Зырян ауданының мәслихатымен село, кент, аудан маңызды қала әкімдерінің сайлауы өткізілді. Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқаруды дамыту Концепциясы жергілікті маңызды сұрақтарды шешуде жиналыстар, басқосулар арқылы тұрғындардың қатысу үлесін арттыруға бағытталған.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабын орындаумен әкім аппаратында есепті мерзім ішінде түрлі сұрақтар бойынша барлығы 38 (2012ж. - 59) өтініш қарастырылды, оның ішінде: ұжымдық – 4, жеке – 28, заңды тұлғалардан - 6. Өтініштердің 34 қанағаттандырылды, 4-уі бойынша түсініктеме берілді.

Іс жүзіндегі Концепциялар мен Бағдарламалардағы шараларды жүзеге асырумен жүйелі түрде жұмыстар жүргізіліп отырады:

- 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттің салалық бағдарламасына сәйкес қала әкімі аппаратында, құқық қорғау органдарында сенім телефоны орнатылған, өтініш, жүгінулерді тіркеу журналы бар, және азаматтардың арыз-өтініштері үшін қаладағы көпшілік жерде 4 жәшік орнатылған. Келіп түскен жүгінулер апта сайын зерделенеді.

Жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік мекеме саласындағы 14 еңбек ұжымдарында құрылған қаланың құқықтық білім беру мектептерінде жүзеге асырылады.

Құқықбұзушылықтың әлеуметті - құқықтық алдын алумен, тұрғындарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру мақсатында, олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етумен жұмыссыздарды ақылы уақытша қоғамдық жұмыстарға тарту, оларды кәсіби қайта даярлау және оқыту сияқты қосымша шаралар қолданылуда.

«Серебрянск қаласы әкімі аппараты» ММ-сі қалалық полиция бөлімімен, прокуратурамен, ақпараттық-насихаттау тобының (АНТ) мүшелерімен нашақорлық және қылмыспен күрес бойынша үнемі жұмыстар жүргізуде. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар және есірткіге қарсы жұмыстар оқу мекемелерінің өз күшімен жүргізіледі. Бұл – дәрістер, әңгімелесулер, салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында спортты дамыту. Спорттық және бос уақытын өткізу секцияларын көбейту бойынша шаралар қолданылуда.

Психолог, педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, психиатр-наркологтар және құқық қорғау органдарының өз ара бірлескен әрекеті негізінде нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы мемлекет және қоғам тарапынан іс әрекетті қалыптастыру үшін қаладағы білім беру мекемелерінде есірткіні қолдануға азғыратын өмірдегі агрессиялық ортаға қарсы тұру дағдысын қалыптастыруға бағытталған мақсатта жасөспірімдерге көп көңіл бөлінуде. Барлық оқу мекемелерінде нашақорлықтың алдын алу бойынша шаралар жоспары әзірленіп, салауатты өмір салтын насихаттаумен есірткі заттарды қолдануға теріс көзқарас қалыптастыруға бағытталған нашақорлыққа қарсы нақты жұмыстар атқарылуда.

- Қазақстан Республикасындағы тұрғын-үй коммуналды шаурашылықты жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған Бағдарламасы бойынша көп қабатты тұрғын үйлерде жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы түсініктеу-насихаттау жұмыстары жалғастырылуда. 2013 жылғы 01 қыркүйек бойынша жаңғырту бағдарламасы бойынша Панфилов көшесіндегі үй жөнделді. Есептеу бойынша жөндеуге 4795,4 мың теңге жұмсалды.

2013 жылдың басынан моноқала Серебрянскіні дамытудың кешенді жоспарындағы шараларды жүзеге асыру басталды. Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде түрлі деңгейдегі бюджет қаражаты Серебрянск қаласының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталды. 2012 жылы (пилотты жобалар) республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 37951,0 мың теңгені құрады. Қаражат қаланы көріктендіру мен инвестициялық тартымдылығын аттыруға жұмсалды. 2013 жылы республикалық бюджеттен бөлінген жалпы қаражат 92656,0 мың теңгені құрады, оның ішінде «Жылумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жөндеу» жобасына мақсатты трансферттер 45 913,0 мың теңге, облыс бюджетінен қосымша қаржыландыру 13536, 0 мың теңге, республика бюджетінен ағымды трансферттер 33207,0 мың тенге.

Республиканского бюджеттен бөлінген ағымды трансферттер қаражатына ағымды жылы келесі шаралар орындалды:
1.Сумен қамтамасыз ету жүйесінің бөліктерін ағымды жөндеу - 11000,0 мың тенге;

2.Орталық қазандықтағы жылу жүйесінің ағымды жөндеуі (көмір беру конвейері және галереиесі) - 14756,0 мың тенге ;

3. Иесіз нысандарды құлату - 3000,0 мың тенге;

4. Құрылыс қалдықтарын тасып шығару (құлатылған ғимарат қалдықтары) – 4451,0 мың тенге.

2013 жылғы 1 қыркүйек бойынша жұмыстардың орындалуы 90%- дан артық.

Облыстық бюджеттен бөлінген Серебрянск қаласындағы жылу жүйесінің қайта жөндеуіне 13,5 млн теңге қаражаттан игерілгені 12,2 млн. теңге. Тамыз айында республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер «Қайта жөндеуге» 45,9 млн, теңге келіп түсті. Қазіргі уақытта осы қаржаттарды игеру бойынша жұмыстар атқарылуда. ЖЕҚ бойынша жобаны іске асыру (3 жылға) 656,9 млн теңгені құрайды.

Сонымен қатар 2013 жылдың тамыз айында республикалық бюджеттен сумен қамтамасыз ету жүйесінің қайта жөндеуіне 78,3 млн теңге қаражат келіп түсті. Қаражатты игеру жұмымтары басталды. Бөлінген қаражаттың 25,1 % пайызы игерілді.

2013 жылдың 1 қыркүйегі бойынша аудандық бюджет қаражаты есебінде қаланы көріктендіру бойынша жалпы сомасы 2505,0 мың теңгеге жұмыстар жүргізілді.

Поперечкадағы бастауды аббаттандыру бойынша ағымды жұмыстар, коммунарларға арналған ескерткіштің ағымды жөндеуі, қаладағы 3 стеллалардың ағымды жөндеу жұмыстары орындалды. Қоқыс төгетін 30 урна дайындалып, орнатылды, 11 дана «кашпо», 6 орындық орнатылды. 30 орындық жөнделді. Жаңа саябаққа қоршау орнатылды (Ленин және Некрасов көшелерінің қиылысындағы)

Ағымды жылдың 8 айында «Туған жерге тағзым» акциясы шеңберінде кәсіпорын басшылары және жеке кәсіпкерлер 2,5 млн. теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті.

Қаланың санитариясын қамтамасыз ету үшін 1050,0 мың теңгеге автомобиль жолдарының жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін - 6720,0 мың тенгеге, көшелерді жарықтандыру мен электр жүйелерін ұстауға - 3865,0 мың теңге жұмыстар орындалды.

Серебрянск қаласындағы тұрғындар саны 9438 адамды құрайды. Тұрғындардың жалпы санынан шаққанда: жұмыс істейтіндер – 3500 (35,8%), жасы бойынша зейнеткерлер – 1699 (17,4%) , барлық категориядағы мүгедектер – 318, барлық білім беру мекемелеріндегі оқушылар – 1305 (12,8%), 6 жасқа дейінгі балалар саны – 552 (5,7), жұмыспен қамту орталығында есепте тұрғандар саны 79, өзін өзі жұмыспен қамтығандар саны - 2319(23,7%)


2013 жылдың 1 қыркүйегіне қалада әр түрлі нысандағы 58 шаруашылық субьектісі жұмыс жасайды, оның ішінде: өндірістік кәсіпорындар- 2, транспорт – 4, шағын және орта бизнес- 19.

Қазіргі уақытта «СЗНП» ЖШС жұмысы тоқтатылған. Зауыттың жұмысын жандандыру үшін ҚР Үкіметінің «СЗНП» ЖШС-ін стратегиялық объектілер қатарына енгізу туралы өкіміне қол қойылған. Банкроттау туралы бастамашы болып «БухтармаИнфраСервис» КМК шығып отыр, «СЗНП» ЖШС коммуналды кәсіпорын алдындағы берешегі 9,0 млн. теңгені құрайды. Банкроттау процедурасы кәсіпорын иесін тауып, кәсіпорын жұмысын жандандыруға мүмкіндік туғызып қана қоймай, өндірісті одан әрі кеңейтуге және жаңа инвестициялық жобалар енгізуге жағдай жасайды.

Қаланың дамуы мен экономикасы үшін шағын бизнестің маңызы үлкен орын алады. Қала аумағында кіші және орта бизнестің 165 субъектісі жұмыс жасайды, оның ішінде 145 жеке кәсіпкерлермен ұйымдастырылған. Ағымды жылы қызмет көрсету және сауда саласында 3 кәсіпкерлік нысан ашылды, 6 жұмыс орны құрылды (дәріхана, 2 дүкен). Үш жаңа кәсіпорын тіркелді:

- «Алтай Коры» ЖШС сервистік компания, жобаға салынған инвестиция сомасы 225,0 мың тенге, пайдалануға берілетін уақыты 2014 жыл, 25 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда;

- «НПО «Новые Инновационные Технологии» ЖШС, инвестициялауға қажет сома 400,0 млн. теңге, пайдалануға беру уақыты 2014 жыл, 15 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Жоба бойынша биореззонанстық технология негізінде суды тазарту және биогенизациялау үшін «БВ» сериялы құрылғыны жасап шығару зауытының құрылысы қарастырылған;

- «СильверПром» ЖШС, құрғақ құрылыс қоспаларын жасап шығаратын кәсіпорын. Кәсіпорын жалға алынған мүлікпен жұмыс жасайды, ол жақын уақытта құрылтайшылардың меншігіне сатып алынады. Кәсіпорынды дамыту жоспарында лак-сыр материалдарын жасап шығару бойынша цехты жаңғырту қарастырылған. Инвестициялауға қажет сома 250,0 млн. теңге. Жаңадан құрылатын жұмыс орыны- 5. Цехты жаңғырту біріншіден өндіріс көлемін арттыруға бағытталған, бұл бюджетке аударылатын салық төлемдерін арттыруға мүмкіндік береді.

Барлық жаңа кәсіпорындардың құрылтайшылары жобалары бойынша мемлекеттік несие алу мүмкіндігіне бағытталған мақсатты түрде жұмыс жасауда.

Кәсіпкерлікті қолдау Орталығымен ақпараттық түсініктеу жұмыстары жүргізіліп отырады, кәсіпкерлікті жаңадан бастаған және жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлер арасында орталықтағы консультанттармен 266 кеңес беру өткізілді.

Қазіргі таңда моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 145,0 млн теңгеге несие алу үшін 21 адам қажетті құжаттарын тапсырды, бұл ретте 61 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда, оның ішінде 41 жаңа жұмыс орындарын құруға 109,9 млн. теңгеге 13 адамның құжаттары толық көлемде рәсімделген. Серебрянск тұрғындары үшін жеңілдетілген мемлекеттік несие алудағы негізгі мәселе екінші деңгейдегі банк тарапынан кепілдік мүлікті төмен бағалауы.

2013 жылғы 1 тамызғы жағдай бойынша жұмыспен қамту орталығында есепте 79 адам тұр немесе жұмысқа жарайтын халық санының 1,3 пайызы, ал өзін өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар санының үлесі 24 пайызды құрайды, бұл жақсы көрсеткіш.

Нашар қамтылған тұрғындарды қолдау мақсатында және әлеуметтік бағдарламаларды орындау үшін ағымды жылдың 8 айында келесі әлеуметтік көмек түрлері көрсетілді:

- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – алушы саны 39, 663,0 мың тенгеге;

- тұрғын үй көмегі - алушы саны 219, 1305,7 мың тенгеге;

- 18 жасқа дейінгі жәрдемақы – 17 отбасы (25 бала), 179,3 мың тенгеге.

Тұрғындардың жұмыс бастылығын қамтамасыз етумен жұмысқа орналасуды ұйымдастыру үшін қосымша шаралар қолданылады: жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру, оларды кәсіби даярлықтан өткізу және оқыту, қайта оқытуды жүргізу.
Оқыту және жұмысқа орналасуға көмек көрсету» бағдарламасының бірінші бағыты:

«Құрылыс және көлік колледжінің» Серебрянскідегі филиалында 3 айлық «Қаптаушы-қалаушы» мамандығы бойынша 21 адамнан құралған жалдамалы жұмысшылар тобы қайта даярлаудан өтті.

1 ай оқып 15 адам біліктілігін арттырып, 1 адам «Электрмен дәнекерлеуші мамандығы бойынша» разрядын жоғарылатты.

Жастар тәжірибесінен 9 адам өтуде. Жалақысының бір бөлігін мемлекет төлеумен әлеуметтік жұмыс орындарына 12 адам қаладағы 4 кәсіпорынға жұмысқа орналастырылды.


Жұмыспен қамту -2020 бағдарламасының екінші бағыты- «Селодағы кәсіпкерлікті дамытуға көмек»

Серебрянск қаласының 3 тұрғыны несиелік серіктестік арқылы сомасы 9.0 млн. теңгеге ІРМ шаруашылығымен айналысу үшін шағын несие алды. 1 адам 2-ші транш бойынша сомасы 3 млн. теңгеге шағын несие алу кезегін күтуде (ІҚМ).



Жұмыспен қамту -2020 бағдарламасының үшінші бағыты: «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру». Серебрянск қаласы тұрғындары арасынан бұл бағыт бойынша бағдарламаға қатысуға 4 отбасы ие болды.

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасының 4 бағытын жүзеге асыру шеңберінде Серебрянск қаласында бизнесті жүргізудің негізін оқыту бойынша «Бизнес-Советник» тренинг курстары болып өтті. Семинарға 25 адам қатысып сертификатқа ие болды.

Серебрянск қаласында оқушыларға білім беретін 3 мектеп бар, біреуінде оқушыларға білім беру мемлекеттік тілде жүргізіледі. 3 мектептің 2-уі орта, 1 негізгі.

Сонымен қатар, мектеп білімін балалар үйі мен девиантты балаларға арналған мектеп-интернатта 190 бала оқып тәрбиеленуде.

Серебрянск технологиялық колледжінде 120 адам оқып білім алуда.

«Құрылыс және көлік колледжі» мекемесінің филиалында 94 адам оқып жатыр, оның ішінде 34 күндізгі оқу бөлімінде.

Қалада № 7 «Салтанат» балалар бақшасы жұмыс жасайды, онда 6 топ бар, біреуі мемлекеттік тілде білім беріп, тәрбиелейді. Тізім бойынша балалар саны 183.

Музыкалық мектеп бар, онда музыка мен түрлі аспаптарға 132 бала оқып үйренуде. Хореография класы жұмыс жасайды.

Тұрғындарға медициналық көмекті «Серебрянск қаласының №3 медициналық бірлестік» КМКК көрсетеді, оған 55 орындық Серебрянск қалалық аурухана және алғашқы медициналық көмек орталығы енеді. Серебрянск қаласында 15 дәрігер, 64 орта медициналық персонал және 66 кіші медициналық персонал жұмыс жасайды. 6 дәрігердің және 34 медбикенің категориясы бар.

№3 медициналық бірлестіктің бүгінгі таңда шешілмеген мәселесі аз емес бұл дегеніміз:

- дәрігерлердің жетіспеушілігі, соған байланысты жұмыс істеп жүрген дәрігерлерге түсетін жүктеме өте үлкен. Жас мамандар үшін Зырян ауданы әкмідігінің шешімімен 3 қызметтік пәтер бөлінген, бірақ оның кейбіреуі жас мамандар үшін пайдаланылмаған;

- бөлмелердің аздығы амбулаторлық деңгейде қабылдау жүргізу үшін қолайсыз , қосымша бөлмелер қажет;

- медициналық құрал-жабдықтардың, мысалы маммографтың, электрокардиографтың және автоклавтың физикалық тозуы Серебрянск қаласының тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын біршама төмендетеді.

«Досуг» мәдениет орталығы балалар мен жасөспірімдердің талантын шыңдап, дамыту бойынша жұмыстар атқарады. Орталықта халық және эстрада вокалы бойынша студиялар, хореографиялық үйірме, «Наше здоровье» атты қызығушылық бірлестік жұмыс жасайды. «Досуг» орталығының және көркемөнерпаздар күшімен қалада мемлекеттік, ұлттық және басқа да мейрамдарға арналған мерекелік шаралар өткізіліп тұрады. Ағымды жылдың 8 айында 56 шара ұйымдастырылып өткізілді.

Серебрянск қаласының тұрғындары үшін 30 орындық үлкендер және балалар кітапханасы жұмыс жасайды. Үлкендер кітапханасындағы кітап қоры 60547 дананы, балалар кітапханасындағы кітап қоры - 13251 дананы құрайды.

Серебрянск қаласында балалар жасөспірімдердің спорт мектебі белсенді жұмыс жасайды. Онда 6 оқу-жаттығу топ және 10 алғашқы дайындық тобы бар, қамтылған бала саны 214 құрайды. БЖСМ еркін күрес, шаңғы жарысы, футбол, баскетбол және армрестлинг секциялары жұмыс жасайды. 4 ашық спорт алаңдары бар, оның біреуіне жасанды төсем төселген.

Серебрянск қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызып, оларды көшедегі теріс қылықтардан аулақ болуға жақындатады.

Қалада 2 діни бірлестік тіркелген: жергілікті православты діни бірлестік «Пророкоильинский приход города Серебрянска» және «Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы» республикалық діни бірлестіктің Серебрянск қаласындағы филиалы «Серебрянск қаласының мешіті». Бұл бірлестіктермен рухани келісімді қалыптастыру мақсатында өз ара іс әрекет ету бойынша жұмыстар жүргізіліп отырады.

Қоғамдық тәртіпті сақтауды және қылмыспен күрес, қаладағы құқықтық тәртіпті нығайту бойынша жұмыстарды Серебрянск қаласында полиция бөлімі қамтамасыз етеді. Серебрянск қаласындағы бөлімнен қылмыстың және құқықбұзушылықтың алдын алумен 4 (1 вакансия) учаскелік инспектор жұмыс жасайды, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөнінен 1 учаскелік полиция инспекторы, және 2 мектеп инспекторы. Қала аумағында 3 қоғамдық құрылым іс әрекет етеді: № 1 және №4 мектептар базасында және Ардагерлер кеңесі жанындағы қоғамдық кеңес. Қоғамдық құрылымдарда 15 адам бар: оның ішінде ЖЖП- 10 адам, «Сарбаздар» отрядында – 5 адам.

Түрлі әкімшілік құқықбұзушылық үшін – 681 хаттама құрылды (2012ж. - 660), оның ішінде бұзақылық жасағаны үшін – 178, тұрмыстық қарым қатынастағы құқықбұзушылық – 124, қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін – 107, тыныштықты бұзғаны үшін – 192, қоғамдық орындарда шылым шеккені үшін – 36, рұқсатсыз балық аулау – 7, қару сақтауды бұзу – 8, есірткіні медициналық ем үшін емес қолдану – 1, кәмелетке толмағандардың сағат түнгі 23-00 кейін үйінен тыс жерде болуы – 28. Әкімшілік құқықбұзушылықтың арту деңгейі -3,2% пайызды құрайды.

2013 жылдың 8 айында 1 млн 223 мың 427 теңгеге айыппұл салынды, оның ішінде өндіріп алынғаны 815 мың 928 тенге, өндіріп алу пайызы 69% құрайды.

Жыл басынан есепте 46 адам тұр (2012ж.- 42), полицияның бастамасымен әкімшілік бақылауға алынғаны - 6 адам (2012ж. -3)., жеке құраммен ашылған қылмыстар – 2(2012ж. -2).

Мас күйінде жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында Серебрянск қаласындағы полицияның учаскелік инспекторларымен спирттік ішімдіктерді жиі пайдаланатын 28 адам есепке тұрғызылды.

Есірткі құралдарын пайдаланатын барлығы 18 адам есепте тұр, олармен үнемі түсініктеу жұмыстары жүргізіліп отырады. Нашақорлыққұқықбұзу бойынша 8 хаттама құрылды (2012ж.- 6).

Жалға берілетін 11 пәтер есепке қойылды, олар бойынша істер қозғалып, тексерулер жүргізіліп отырады.

Тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша 36 қорғау нұсқама шығарылды (2012ж.-31).

Серебрянск қаласы аумағында 2013 жылдың 8 айында 114 қылмыс жасалды (2012ж. 86) , оның ішінде ашылғаны 86 (2012ж. – 61). Қылмысты ашу пайызы 75,4% құрайды (2012ж.- 70,9%). Тергеу бөлімінің штаттық саны 5 тергеушіден, 1 алдын ала тексеруші және тергеу бөлімінің бастығы 1 адамнан тұрады.

Серебрянск қаласының көші қон полициясында 10 қыркүйек бойынша жақын және алыс шет елден келген тұрақты тұрып жатқан 309 шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ 23 адам есепте тұр. Көші қон заңнамасын бұзғаны үшін барлығы 46 әкімшілік хаттама құрылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығы 579,9 мың теңгеге әкімшілік айыппұл салынды. Бір әкмішілік хаттамаға 34620 теңгеге өндіріп алынбады. ҚР тұрақты тұруға қалтыру үшін шет елдік азаматардан және азаматтығы жоқ тұлғалардан 18 өтініш келіп түсті (2012ж. -27), ҚР тыс жерге тұрақты мекен жайын ауыстыруға 43 өтініш келіп түсті (2012ж. – 24)

Жыл басынан ШҚО ІІД-не тұрақты тұруға рұқсат құжатын әзірлеуге 52 формуляр толтырылып және жолданды. ҚР азаматтығын алуға 3 азаматтан өтініш қабылданды.

Алимент төлеуден бас тартқандарға 24 іздестіру ісі қозғалды, оның ішінде анықталғаны 21 (87,5%).

Серебрянск қаласындағы полиция бөлімінің жұмысына талдау барлық бағыттағы жұмыстарды, құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алудағы жұмыстарды белсендіру үшін жаңа әдістер мен формаларды қолдану қажеттігін көрсетті.

Серебрянск қаласының полиция бөлімінде патрульдік пост қызметі жоқ, ол түнгі уақытта қалада күнделікті патрульдеу жүргізу үшін қажет. Мұндай қызметтің болуы Серебрянск қаласында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алуға және көрсеткіштер деңгейін азайтуға септігін тигізетін еді.



Серебрянск қаласы әкімінің

орынбасары Н. Баженова

орынд. Т Новикова, тел.: 25152

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет