Үшөлшемді визуалдау мүмкіндіктері



Дата21.07.2016
өлшемі413 Kb.
#214510
УДК 004.92.

УНИВЕРСИТЕТ МҰРАҒАТТАРЫНА ИНТЕРАКТИВТІ ЭКСКУРСИЯ ЖАСАУДА ҮШӨЛШЕМДІ ВИЗУАЛДАУ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ


Аязбаев Ғ., Есебаев А., Бегманов А.


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті., Астана қаласы
Ғылыми жетекші – Жумадиллаева А.К.
Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның компьютерлік графика сияқты облысы бейнелерді ұсыну адамның қабылдауы үшiн монитор экранында немесе көшiрме түрiнде сыртқы сақтаушыда қол жететiн барлық пішіндері мен түрлерін қамтиды. Ең мықты позициядан астам орынға ие бола тұра, ол тек компьютер әлемiнде ғана қолдануда емес, қызметтің әр түрлi салаларында: ғылыми зерттеулер, медицина, (компьютер томографиясы), тәжiрибелi-конструкторлық құрастыруларда пайдаланылады. Сондықтан, компьютерлік графикамен айналысу кез-келген адамның ақпараттық сауаттылығының ажырамас бөлiгi болып табылған. Графика бейнелерінің берілу тәсілдеріне қарай екіөлшемді және үшөлшемді графика категорияларына бөлуге болады. Екіөлшемді компьютерлік графикада графикалық ақпараттар типтері және бейнелерді өңдеу келесі алгоритмдер бойынша сипатталады. Негізі компьютерлік графика векторлық, растрлық және ұсынудың фрактальды типтеріне бөлінеді. Біздің қарастырып отырған жобамыз үшөлшемді графикада ұсынылып отыр.

Үшөлшемді визуалдау мүмкіндіктері.

3D визуалдау бүгiнде – ең қажетті және тиiмдi компъютерлік технология, қолданылатын салалары:

• Виртуалды түпнұсқасын анықтау;

• Технологиялық үдерiстер симуляторы;

• Дизайн және құрылыс;

• Мұражайлар үшiн виртуалды технологиялар, театр және кино, кiтапхана;

• үйретушi программалар.

3D визуалдау сызбаны немесе жылжымайтын мүлік обьектісінің дизайн - жобасын көрнекі бейнелейді.



Үшөлшемді визуалдау технологиясы обьектіні және онымен байланысты тарихи оқиғаларды кез-келген дәлдікпен құрастыруға мүмкіндік береді.

  • Үшөлшемді визуалдау технологиясы көмегімен көруге мүмкін емес обьектіні немесе оқиғаны моделдеуге болады.

  • Үшөлшемді визуалдау технологиясы үшін мүмкін емес нәрсе жоқ, біз виртуальды сахна немесе кез-келген сценарий оқиғаларын: виртуальды зал құру, император картасында ойынды көрсетуді моделдеуіміз мүмкін.

Виртуалды экскурсия. Интерактивті 3D-моделі территориясы бойынша қозғалу автоматты режимде болады. Камера алдын ала берiлген траектория бойымен қозғалады. Экскурсия кезінде дербес қозғалу мүмкіндігіне тосқауыл қойылған. Экскурсия дауысты немесе музыкалық бақылауда болуы мүмкін. Мысалы, виртуалды экскурсиялар көрме қабырғасын көрсету үшiн презентация мақсаттарында қолданылады. Қолданушы 3D-моделі бойынша өз ауысу траекториясын жаза отырып, меншiктi экскурсия құра алады.

Үш өлшемді визуалдау - қазiргi мұражай үшін төмендегілерді демонстрациялауға мүмкiндiк бередi:

виртуалды мәдени ескерткiштер;

тарихи қалпына келтiрулер;

интерактивті экспонаттар;

жоғалтылған объектілер және заттарды жасау.

Көптеген саяхаттар мен назар аударарлық бағдарламаларды көріп, ол орындарды тамашалауға уақыттың тапшылығы, қаржы тапшылығы, тұрмыстық мәселелер нақты өз армандарын жиi iске асыруға мүмкiндiк бермейдi. Виртуалды экскурсиялар керектi объектілердiң нақты қатысумен алмастырмайды, бiрақ бұл мұндай алыс келген кейбiр орындар үшiн танысудың өте жақсы әдiсi. 3D технологиясы толық қатысуды сезiну мүмкіндігін бередi. Мұнда ыңғайлы сiз жылдамдықпен өзіңіз алға басуымен басқаруға болады. Сiз қараған обьект жақыннан қандай болмасын қарап шығуға, залдан залға өтуге, экукурсияны кез-келген уақытта тастап кетуге және сiз үшiн кез-келген ыңғайлы уақытта жалғастыра аласыз – бұл виртуалды экскурсиялардың артықшылығы.

Біз қарастырылып отырған жобада Autodesk 3ds max 9 , Adobe Photoshop CS3, Cryengine3 бағдарламалары қолданылды.

Autodesk 3ds Max (бұрын 3D Studio MAX) —Autodesk компаниясы құрастырған, үшөлшемді графика және анимациялауды құру, өзгерту үшін толық функционалданған кәсіби бағдарлама. Мультимедиа обылысында суретшілер мен мамандар үшін қазіргі заман құралы болып мазмұндалады.

Біз, ең алдымен, университетіміздің «артриумын» толықтай кескіндеп аламыз. Autodesk 3ds max 9 32-bit бағдарламасы көмегімен объектілердің 3d кескінін жасадық. Жасау кезінде Editable Poly құралы қолданылды. Бейнелердің текстуралары Adobe Photoshop CS3 программасы комегімен жасалды. Crytek компаниясынын графикалык қозғалтқышы Cryengine 3 объектілерді бір сценага біріктіріп, олардың арасындагы байланысты орнатуға, яғни құрастырылған модель ішінде қозғалу үшін қолданылды. Келесі суреттерде жалпы артриумның моделдері беріліп отыр. Ал қозғалу мен интерактивті экскурсия шынайы бағдарламада анық көрінеді. Университет ғимараты артриум бөлігінің ішкі жағы мен жалпы көрінісін Autodesk 3ds max 9 бағдарламасында кескінін құрастырдық. (сурет 1,2,3).




Сурет 1. Университет ғимаратының артирум бөлігінің моделі

Сурет 2. Жоғарыдан қарағандағы артриум (мұрағат) кескіні

Сурет 3. Жанынан қарағандағы кескін

Университет «Артриумында» өте құнды тарихи деректер бар. Бағасын біліп, байыбына бара алсақ Күлтегіннің ерлік дәстүрін, Білге қағанның білігін, Тоныкөктің даналығын насихаттайтын руникалық жазбалардың ұлттық брэнд боларына күмән келмейді. Ағаш тамырына қарап өседі, адам баласы өзінің тарихына қарап бой түзейді. Біз ата-бабаларымыздың жауһар жәдігерлерін көздің қарашығындай сақтауға, келешек ұрпаққа жеткізуге тиіспіз. Интерактивті экскурсия жасауда дыбыстар мен интерактивтілік қолданылды. Мысалы, «Күлтегін» ескерткіші бетінде жазылған жазулар ерекше анық етіп көрсетіледі.

Түркі қағанатының бас қолбасшысы болған батыр бабамыз Тоныкөктің ерлік істері баяндалған 2 тас ұстыны мен «Күлтегін» ескерткішін интерактивті экскурсиялау тарихшы ғалымдар мен тарихқа қызығушылар, зерттеушілер үшін өте қажет деп санаймыз. Университет сайтында (www.enu.kz) ЖОО ның барлық тыныс тіршілігі туралы мағлұматтар толық келтірілген, бірақ «артриумдар» мен мұражайларымызды интерактивті экскурсиялау толық қарастырылмаған. Біз құрастырған интерактивті экскурсия құндылығымызды қастерлеудің өнегелі үлгісінің бірі деп тануыңызға болады. Біз университет пен оның мұражайларын толық интерактивті экскурсиялауды жалғастырамыз. Университетімізде интерактивті экскурсия толық жасалғанда, сіз ата-анаңызға, бауырларыңызға және достарыңызға өз университетіңіз бен артриумдарын мақтанышпен көрсете аласыз.

Болашақ әлемге қараңыз – үш өлшемдi компьютерлік графика оған сiздi жақындатады!


Әдебиеттер

1. Шаммс Мортье. Autodesk 3ds Max 9 для «чайников». 3d Studio Max 9: Пер. с англ. — М. : Издательский дом «Диалектика», 2007., 384 стр.



2. Швембергер С., Щербаков И., Горончаровский В. 3ds Max: художественное моделирование и специальные эффекты. — C.: «БХВ-Петербург», 2006., С. 320. 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет