Шошқа өнімділігін бағалау
Мегежін ӛнімділігін торайлағандағы торай саны және салмағымен, сүттілігімен және торайлардың аман сақталуымен бағаланады. Мегежіннің тууға потенциалдық қабілеттілігі жетілген жыныстық жасұшаларымен есептелінсе, нақтылы түрде тірі туылған торайлар басының санымен есептелінеді. Әдетте бұл кӛрсеткіші мегежін потенциалдық қабілетінің 60- 70% шамасында болады. Оның бірнеше жылдық орташа кӛрсеткіші мегежіннің тӛлдегіштігін сипаттайды. Эмбрионалдық кезеңде дұрыс дамып,
194
жетіліп, жоғары тірілей салмақпен туған торайлар қоршаған сыртқы орта жағдайларына жылдам бейімделіп, аман сақталып, жақсы дамиды.
Сондықтан торайлардың туылғандағы тірілей салмағы мегежін ӛнімділігінің маңызды кӛрсеткіші болып есептелінеді. Біздегі шошқа тұқымдары торайларының туылғандағы тірілей салмағы 1,1-1,4 (1,2) кг тартады және бірге туылған торайлардың тірілей салмағының біркелкі келіп, орта кӛрсеткіштен онша ауытқымағаны жӛн.
Сүт ӛнімділігі. Шошқа сүтінің мӛлшері мен сапасы сүт бездерінің жұмыс істеу қабілетіне тығыз байланысты. Шошқаның сүт беру мерзімі 60 күнге созылады. Осы уақытта мегежін 200-220 кг кейбіреулері – 350 кг сүт бӛледі. Ең сүтті кӛп бӛлу 15-20 тәулікке сәйкес келеді және тәулігіне 7-8 кг сүт бӛле алады. Бірінші күні мегежін бір емізгенде 150-500 г уыз бӛледі.
Мегежіннің сүттілігін бір ұядағы торайдың салмағымен 21 күндігінде анықтайды. Шошқаның сүттілігі ең керекті селекциялық белгілердің бірі болып есептелінеді, еметін торайлардың келешектегі ӛсіп-даму осы кӛрсеткішке тығыз байланысты. Биохимиялық құрамы жӛнінен шошқа сүті сиырдыкінен әжептәуір айрықшаланады. Онда құрғақ заттар 1,5 есе кӛп, белоктар лактозадан молырақ.
Мегежін сүттілігін туылған торайларының 21-күндік тірілей салмағымен (55-65 кг) немесе бұл санның 3-ке кӛбейтіндісімен (1 кг салмақ қосымына жұмсалатын сүт мӛлшері) ӛлшейді. Сонымен қатар мегежін сүттілігін торайлардың емгенге дейінгі және емгеннен кейінгі тірілей салмақтарының айырмашылығы бойынша біледі. Туылған торайлар басының аман сақталуын 1- және 2-айдағы санымен бақылап, туылғандағы бастар санына пайыздап кӛрсетеді. Бұл мерзімде олардың орташа тірілей салмағын да ӛлшейді.
Асыл тұқымды қабан ӛнімділігін торайлаған мегежіндер басын ол ұрықатндырған мегежіндер басына пайыздап кӛрсетілген тұқымдық қабілеттілігімен бағалайды. Ол ұрықтандырған және стандартты азықтандыру мен бағып-күту жағдайында ӛсірілген кемінде 5 мегежіннің 2-, 4-, 6-айлық торайларының сақталуын есептеп, тірілей салмағын ӛлшейді де олардың орташа салмағы бойынша класын анықтайды. Қолдан ұрықтандырған жағдайда қабан ұрығының мӛлшері мен сапасын бақылап, оның қыздарының ӛнімдік кӛрсеткіштері (кӛп бас туғыштығы, сүттілігі ж.б.) бойынша ұрпағына тұқымдық қасиеттерін беру қабілетін бағалайды.
Асыл тұқымды шаруашылықтарда торайларды тірілей салмағы 90-100 кг 25 бастан құрастырылған топтарда ӛсіреді. Олардың азығындағы 1 азық ӛлшемінде 110-120 г қорытылатын протеин болып, орташа тәуліктік салмақ қосымы 600 грамнан кем болмауға тиіс. Бақылау топтағы торайларды азықтандыруға жұмсалған азық мӛлшерін күнделікті, ал олардың тірілей салмағын ай сайын ӛлшеп тұрады. Торайлар жетілгіштігі мен азық шығынына беретін салмақ қосымын бағалау үшін бақылаулы бордақылау (контрольный откорм) жүргізеді.
195
Асыл тұқымды бастардың тұқым берушілік қасиеттерін бағалау үшін лдымен негізгі табынға ӛткізілетін жас бастардан ең жетілген 2-айлық 2 бас тұқымдық қабан мен 2 бас тұқымдық мегежінді бӛліп алып, стандартты азықтандыру және микроклимат жағдайында бақылаулы ӛсіру ӛткізеді.
Тұқымдық қабанның ұрығымен ұрықтандырылған кемінде 3 мегежіннің торайын таңдайды. Негізгі табынға ауыстырылатын жас тұқымдық қабандарға кемінде 2 рет торайлаған мегежіндерді шағылыстырады.
Ӛнімділігі аса жоғары сақа мегежіндердің тұқым берішілік қасиеттерін аналық ұялар бойынша бағалайды.
Мегежіндер мен қабандарды сұрыптағанда оларды ӛсіп-ӛнуіп дамуын сипаттайтын келесі кӛрсеткіштері бойынша бағалайды: - ұялас торайлардың санымен есептелетін тӛлдегіштігі; - ұялас торайлардың 21-күндік салмағымен ӛлшенетін сүттілігі; - ұялас торайлардың енесінен бӛлердегі 2-айлықтағы салмағы.
Торайларына арнайы бақылау бордақылау ӛткізілген мегежіндерді қосымша: - торайдың 100 кг салмаққа жеткендегі жасымен; - олардың 1 кг қосымша салмаққа жұмсаған азық шығынымен; - 6-7-ші кӛкірек омыртқа үстіндегі май қыртысының /шпигінің/ қалыңдығымен; - ұшасының ұзындығы және жарты ұшасының артқы үштен бірінің салмағымен бағалайды.
Тексеру тобындағы мегежіндерді бірінші торайлауының нәтижесі бойынша, екі және одан кӛп торайлаған мегежіндерді бонитировкалау мерзіміне дейін есептелген торайлауының орта кӛрсеткіші бойынша бағалайды. Қабандар мен мегежіндердің ӛсу жылдамдығы мен шпик (6-7-ші кеуде омыртқа үстіндегі майы) қалыңдығы бойынша ӛз ӛнімділігін бағалағаннан кейін олардың ұрпағының еттік және бордақылау қасиеттерін бағалайды. Асыл тұқымды қабанның түбелікті бағасын әр қайсысы 4 бастан тұратын кемінде 3 тобын бақылаулы бордақылаудан ӛткізгеннен кейін қояды. Мегежіндер бағасын ұядағы 4 торайының ӛнімдік кӛрсеткіштері бойынша қояды.
Бақылаулы бордақылауға қойылатын бастарды алдын-ала ветеринарлық-санитарлық ӛңдеуден ӛткізіп, дегельминтизциялайды. Еркек торайларды 6-7-апталығында пішіреді. Оларды жекелеп не 4 бастан топтастырып, әр басына тұратын станок енденінің кемінде 1,2 м2 аумағы келетіндей етіп орыналысытырады да бӛлмедегі микроклимат кӛрсеткіштерінің (жылулығы, ылғалдылығы, т.б.) зоогигеналық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Торайлардың салмақ қосуын олардың 30 кг тірілей салмаққа жеткенінде бастап, 100 кг тірілей салмаққа жеткенінде аяқтайды. Осы мерзімде оларды кӛк сүтпен 2 : 1 қатынасында араластырылған ӛлшеулі құрамажеммен азықтандырады. Торайлардың тірілей салмағын 12-сағаттық
196
аштық мерзімнен кейін ӛлшейді. Олардың жетілуінің алғашқы кӛрсеткіші болып 30-дан 100 кг-ға жеткен мерзі (күн, тәулік) мен осы аралықтағы орташа тәуліктік салмақ қосымы (г), 1 кг салмақ қосымына жұмсалған азық шығыны (а.ӛ.) болса, бордақылау мен еттік кӛрсеткіштері ретінде сойыс шығымы (%), тоңазытлған ұшасының ұзындығы (см), шпик қалыңдығы (см), ұшаның артқы үштен бір бӛлігінің (соңғы кеуде және алғашқы бел омыртқа арасынан бӛлінген) салмағы алынады.
Ұшаның еттілігін 1-9 баллмен бағалайды. 9 балды ұзын тұрқы бойы шпигі біркелкі, сан еті толық, мықты бітімді ұшаға берсе, 1 балды қысқа тұрқының бойында шпигі әр келкі, сан еті толмаған, басы ірі, терісі қалың, қатпарлы ұшаға береді.
Достарыңызбен бөлісу: |