Үштөбе қаласы әкімінің 2013 жылдың тамыз- қыркүйек аралығында атқарылған жұмыстары бойынша тұрғындарымен есеп беру кездесудегі баяндамасының тезисі
Қаланың ірге тасы Түркістан-Сібір темір жолы құрылысына орай 1928 жылы бой көтерген. Үштөбеге «қала» статусы 1961 жылы берілді.
Үштөбе қалалық округінің әкімшілік бағыныстылығына 3 елді-мекен кіреді: Тәжібие, Фрунзе және Үшкөмей ауылдары. Аула саны - 6166.
Барлық тұрғындар саны – 27442 -адам, оның ішіндегі экономикалық белсенді тұрғындар саны – 15304 адам, жұмыспен қамтылғаны 14487 адам, өзін-өзін жұмыспен қамтитындар -9567 адам, жұмыссыздар саны – 817, зейнеткерлер – 3890 және мүгедектер – 495 адам.
Қала экономикасына есепті кезеңде 25 млн. тенгеге инвестиция жеке тұлғаның қаржы есебінен тартылды.
Шағын кәсіпкерлік саласында 1625 субъектілері жұмыс атқаруда бұл салада 2,0 астам адам жұмыспен қамтылған. «Жұмыспен қамту -2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша, қаладан 10 адам 10,7 млн. тенге несие алды.
Ауыл шаруашылығында: 2013 жылы егілген егістік көлемі 3797 га, оның ішінде: дәнді дақылдар 1968 га жерге егілген (күріш-1315 га, арпа-418 га, бидай-225 га, жүгері-10 га), қант қызылшасы -20 га, майлы дақылдар -108 га, бақша дақылдары - 40 га, картоп - 378 га, көкөніс - 480 га, мал азығы - 803 га егілді. Жыл басынан 75мың тонна мал азығы дайындалды.
Көктемгі егістік жұмыстарын жүргізуге бюджеттен шаруа қожалықтары 2,9 млн. теңге субсидия алды. ауыл шаруашылық өндірістік кәсіпорны (ОПХ) 14,9 млн.тенге алынды. Барлық алынған субсидия көлемі 17,9 млн. теңгені құрады.
Жалпы көлемі 0,06 гектарды құрайтын 1 жылыжай жұмыс істеуде
«Ан В» шаруақожалығы алынған субсидия көлемі - 120,0 теңге.
Коммуналдық шаруашылық жүйесін дамыту мақсатында Үштөбе қаласының кәріз жүйесін қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстарын жүргізуге (1-ші кезек) – 861,3 млн. теңге қарастырылып, 440,0 млн. теңге бөлінді, 349,1 млн. теңге игерілді.
2-ші кезек нысаны бойынша жалпы соммасы – 937,0 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Үштөбе қаласының автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 5,9 млн. теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді.
Абаттандыру және санитарлық тазарту: Ағымдағы жылы «Үштөбе қаласының орталық бөлігін аббаттандыру нысаны бойынша жобалық сметалық құжатын түзету жұмыстарына 2,9 млн теңге бөлініп 2,3 млн.теңгесі игерілді.
Аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік қолдау шаралары бойынша жыл басынан кедейшілік шегінен төмен тұратын 38 отбасына, оның ішінде 173 адамға 3,6 млн теңгеге көмек көрсетілді.
18 жасқа дейінгі 1540 балалары бар 630 отбасына 18,7 млн.теңгеге әлеуметтік көмек тағайындалды.
Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын 41 отбасыларына 1,1 млн. теңге тағайындалса, өздері жылытатын үйде тұратын 623 отбасына 17,8 млн. теңгеге тұрмыстық жәрдемақы төленді.
Білім саласы: Қала бойынша 6 орта білім беретін және 1 орталау мектеп бар. 2012-2013 оқу жылы қалада 3407 бала саны бар 3 мектептің жанында шағын орталық және 566 бала саны бар, 2 бала бақша жұмыс істеуде. Мектепке дейінгі мекемелермен қамту пайызы 58,1 құрайды.
Ұлттық бірыңғай тестілеу 2013 жылы 6 орта білім беретін мектептерді 186 түлек бітіріп, 126 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты немесе мектеп бітірушілердің 67,2 пайызы. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы орташа - 69,9 баллды құрады.
Денсаулық саласы: Үштөбе қаласында 165 төсектік - 1 аудандық аурухана, 500 адам қабылдайтын 1 емхана және Үшкөмей ауылында - 1 фельдшерлік пункті бар.
2013 жылдың 9 айында тіркелген адам өлімі - 191, дүниеге келген нәресте саны - 503.
Бруцелез ауруымен - 1, туберкулезбен – 18, вирустық гепатитпен – 3 адам тіркелді.
Мәдениет: Қалада 2 кітапхана қызмет көрсетеді. Бүгінгі күні кітапханалардағы кітап қоры - 179,3 данаға жетті.
Құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіп: Елді мекендерде тұрғындарға 6 учаскелік полиция инспекторлары қызмет көрсетеді. Полиция уәкілдердің жұмысы бүгінгі күні белсене жүргізілуде, нәтижесінде 2013 жылы 9 ай ішінде әр-түрлі категорияда 106 адам профилактикалық алдын алу есебіне қойылды, учаскелік полиция инсекторлардың жеке іздестіруімен 23 қылмыс және олардың қатысуымен 45 қылмыс ашылды.
Салық төлемдері: мүлік, жер және көлік салықтарының 2013 жылғы жоспары 30млн 239 мың теңге болса, бүгінгі күні нақтылы түскені 30,8млн теңгені құрап отыр, немесе 102 пайызға орындалды.
2014 жылы шешімін табуға тиісті мәселелер:
1. Қаржы бөліну мүмкіндігіне қарай Шевелев көшесіне асфальт төсеу;
2. Фрунзе ауылы, Исаев шағын көшесіне асфальт төсеу және түнгі жарық жүргізу;
3. Жәлменде би көшесіне жаяусоқпақ төсеу;
4. №13 орта мектебінің жанындағы интернаттың ғимаратына толық жөндеу жүргізу;
5. №13 орта мектебінің ауласына қоршау орнату;
6. Жобалау-сметалық құжаттарына сәйкес Үшкөмей ауылының жолына жөндеу жүргізу 2014 жылға жоспарлануда.
7. Тұрғындарға бақшалық суғарым суының қалыпты берілу мәселесін оңтайлы шешу.
Достарыңызбен бөлісу: |