Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары



Дата08.07.2016
өлшемі110.53 Kb.
#184501
2011 жылғы «__» ________ №___

облыс әкімінің шешіміне

ҚОСЫМША
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға

арналған салалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар

ЖОСПАРЫ

Р/с



Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Ескерту

1

2

3

4

5

6



Облыстық «Нұр Отан» ХДП филиалымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең ауқымды акциялар мен науқандар өткізу


Тиісті іс-шаралар өткізу

БҚО қаржы полициясы департаменті (келісім бойынша), басқа да мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және Орал қаласының әкімдері, БҚО «Нұр Отан» ХДП филиалы (келісім бойынша)

Тұрақты






Мемлекеттік органдардың лицензияланатын қызмет түрлерін және рұқсат беру функцияларын қысқарту жұмысын жалғастыру

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Облыстағы лицензиялау жұмысымен айналысатын

мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және Орал қаласының әкімдері



Жыл қорытын-дысы бойынша жыл сайын 5 қаңтардан кешіктірмей






Кәсіпкерлік қызметтің сол немесе басқа түрін ұйымдастыруға лицензиялар алу және рұқсат беру тәртібін оңайлату жөніндегі рәсімдерді жалғастыру

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Облыстағы лицензиялау жұмысымен айналысатын

мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және Орал қаласының әкімдері



Жыл қорытын-дысы бойынша жыл сайын 5 қаңтардан кешіктірмей









Бұқаралық ақпарат құралдарында шығу, дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрістер, семинарлар, брифингтер өткізу практикасын жалғастыру, бұл ретте тренингтік оқытудың жаңа нысандары мен әдістерін пайдалану

Медиа-жоспарларды бекіту

Облыстық ішкі саясат басқармасы,

облыстық басқармалар, құқық қорғау органдары, аудандардың және Орал қаласының әкімдері



Жыл сайын






Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдар өкілдерімен Интернет конференциялар, «тікелей желі» жүргізу тәжірибесін жалғастыру

Интернет-конференциялар, «тікелей желі»

Облыстық басқармалар, құқық қорғау органдары, Орал қаласының әкімдері

Жыл сайын






Мемлекеттік қызметшілерді шақыра отырып орта және жоғары оқу орындарында сабақтар жүргізуді және білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта біліктіліктерін арттыруды жалғастыру

Сабақтардың жоспарлары

Облыстық білім басқармасы

Тұрақты






Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметін түсіндіретін әдістемелік ұсыныстар, көрнекі және оқу құралдарын қолжетімді үлгіде дайындауды қамтамасыз ету

Әдістемелік ұсыныстар, оқулықтар

Облыстық ішкі саясат басқармасы, аудандардың, және Орал қаласының әкімдері

Жыл сайын






Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта тұрақты айдарлар мен жарияланымдар, теледидар бағдар-ламалары мен радио хабарларын жасау, сондай-ақ жарнамалық-имидждік роликтер, брошюралар, буклеттер мен жаднамалар шығарудың кешенді шараларын жүзеге асыру

БАҚ, теле,-

радио-бағдарла-маларына айдарлар, брошюралар



Облыстық ішкі саясат басқармасы,

мүдделі мемлекеттік

органдар, аудандардың және Орал қаласының әкімдері


Тұрақты






Сыбайлас жемқорлық ұғымын және сыбайлас жемқорлық көріністерімен кездескен жағдайда азаматтардың әрекет ету тәртібін түсіндіретін, сондай-ақ мұндай фактілерге жәрдемдесу үшін жауапкершілік туралы жаднамалар әзірлеп, халықтың әртүрлі топтары арасына тарату

Жаднама

БҚО қаржы полициясы департаменті (келісім бойынша), облыс әкімі аппараты, облыстық ішкі саясат басқармасы, аудандардың және Орал қаласының әкімдері

Жыл сайын






Азаматтардың сыбайлас жем-қорлыққа қарсы көзқарасын жүйелі және мақсатты қалыптастырумен айналысатын азаматтық қоғам субъектілерін қолдауды қамтамасыз ету

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Облыстық ішкі саясат басқармасы,

аудандардың және Орал қаласының әкімдері



Жыл қорытын-дысы бойынша жыл сайын 20 ақпанынан кешіктірмей






«Сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеу тәжірибесін кеңейту

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Барлық мемлекеттік органдар, аудандардың және Орал қаласының әкімдері

Жыл қорытын-

дысы бойынша жыл сайын 20 ақпанынан кешіктірмей








Жер учаскелерін бекіту кезінде Қазақстан Республикасы Жер кодексі талаптарының бұзылуының алдын алуға және анықтауға бағытталған іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету, жеке меншікке берілген жерді заңсыз қайта бөлуге жол бермеу

Іс-шаралар өткізу

Облыстық жер қатынастар басқармасы, аудандардың және Орал қаласының әкімдіктері

Тұрақты






Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілерін анықтау бойынша саяси партиялармен және қозғалыстармен бірлескен акциялар ұйымдастыру


Акциялар өткізу

Облыстық ішкі саясат басқармасы, барлық мемлекеттік органдар,

аудандардың және Орал қаласының әкімдері, БҚО «Нұр Отан» ХДП филиалы (келісім бойынша)



Тұрақты






Мемлекеттік органдар басшыларының қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізуін тәжірибеге енгізу

Кездесулер

Аудандардың және Орал қаласының әкімдері , БҚО «Нұр Отан» ХДП филиалы (келісім бойынша), қоғамдық ұйымдар (келісім бойынша)

Тұрақты






Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің берілуін қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Аудандардың, және Орал қаласының әкімдері , БҚО «Нұр Отан» ХДП филиалы (келісім бойынша)

Жыл қорытын-дысы бойынша жыл сайын 20 қаңтарынан кешіктірмей






Журналистік тексеру жүргізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша көмек көрсететін журналистерді көтермелеу

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

БҚО ішкі саясат басқармасы (жинақтау), БҚО қаржы полициясы департаменті (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және Орал қаласының әкімдері

Жыл қорытын-дысы бойынша жыл сайын 20 қаңтарынан кешіктірмей






Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауды және рейтинг беруді жүзеге асыратын халық аралық ұйымдармен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасау

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

БҚО қаржы полициясы департаменті (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және Орал қаласының әкімдері

Тұрақты






Процессинг орталықтарымен жол қозғалысы ережелерін бұзуды бейнеқадағалау және тіркеу жүйелерін енгізу

Пайдалануға беру актілері

БҚО ішкі істер департаменті (келісім бойынша), аудандардың және Орал қаласының әкімдері

Тұрақты






Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлімдер ашу

Интернет ресурстардағы бөлімдер

Мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және Орал қаласының әкімдері

2011 жылғы 3-тоқсан







Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

БҚО қаржылық бақылау инспекциясы (келісім бойынша), барлық мемлекеттік органдар, аудандардың, және Орал қаласының әкімдері

2011 жылғы

4-тоқсан







Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша міндеттерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың басшыларын жауапкершілікке тарту тетігін әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына енгізу

Ұсыныс

БҚО қаржы полициясы департаменті (келісім бойынша), аудандардың және Орал қаласының әкімдері

2011 жылғы

4-тоқсан







ХҚКО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытуды қамтамасыз ету

Пайдалануға беру актісі

БҚО бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы, БҚО әкімдігі облыс әкімі аппаратының «Ақпараттық жүйелер және технологиялар орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, БҚО ішкі саясат басқармасы, аудандардың және Орал қаласының әкімдері

2011 жылғы

4-тоқсан







Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды марапаттау және қорғау тетігін пысықтау

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

БҚО қаржы полициясы департаменті (келісім бойынша), аудандардың және Орал қаласының әкімдері, БҚО «Нұр Отан» ХДП филиалы (келісім бойынша)

2011 жылғы

4-тоқсан







Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жазалаудың ажырамас бөлігі ретінде қоғамдық кінәлау институттарын егнізу жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа

қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына енгізу



Ұсыныс

Мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және Орал қаласының әкімдері, БҚО «Нұр Отан» ХДП филиалы (келісім бойынша)

2012 жылғы 2-тоқсан






Бақылау, рұқсат беру және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын, сонымен қатар олардың қызметін регламенттейтін қолданыстағы актілерге, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы үшін жағдай туғызатын мемлекеттік органдардың өкілеттігіне талдауды жалғастыру

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және Орал қаласының әкімдері

2012 жылғы 2-тоқсан




26.

Республикалық мемлекеттік және комуналдық мемлекеттік кәсіпорындар функцияларының бірқатарын бәсекелі ортаға аудару

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Облыстық қаржы басқармасы, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және Орал қаласының әкімдері

2014 жылғы 2-тоқсан




27.

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда жұртшылықтың өкілдері институтын (тәуелсіз қоғамдық кеңестер) енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына шығару

Ұсыныс

БҚО қаржы полициясы департаменті (келісім бойынша), мемлекеттік органдар, аудандардың және Орал қаласының әкімдері

2014 жылғы 2-тоқсан




Қысқартылған сөздер:

БҚО – Батыс Қазақстан облысы;

ХҚКО – Халыққа қызмет көрсету орталығы;



БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары;

ХДП – Халықтық демократиялық партиясы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет