Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының негізгі талаптары туралы жаднама Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы



Дата13.06.2016
өлшемі70.61 Kb.
#133958
Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының негізгі талаптары туралы жаднама
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі N 267 Заңына сәйкес азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.
      2. Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.

1. Осы Заңда мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

2. Осы Заңда, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгiленген тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) болып табылады.

3. Мемлекеттiк мiндеттер - Қазақстан Республикасының заңнамасымен мемлекеттiң, оның органдары мен мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдардың өкiлеттiгiне жатқызылған iс жүргiзу мәндерi.

4. Лауазымды адамдар - тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық-билiк етушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттерiн атқаратын адамдар.

5. Жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар - мемлекеттiң мiндеттерi мен мемлекеттiк органдардың өкiлеттiгiн тiкелей атқару үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген қызметтердi атқаратын адамдар.



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi
              принциптерi
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес:

1) барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдiгi;

2) мемлекеттiк органдардың қызметiн анық құқықтық регламенттеудi, мұндай қызметтiң заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттiк және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;

3) мемлекеттiк аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын мәселелердi шешу рәсiмдерiн жетiлдiру;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық-басқару жүйелерiн қорғаудың басымдығы;

5) Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес лауазымды адамдар мен мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берiлуiн тану;

5-1) мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік және құқықтық қорғауды мемлекеттің қамтамасыз етуі;

6) жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу;

7) сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын азаматтардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және оларды көтермелеу;

8) мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген адамдар мен соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн мемлекеттiң қорғауы, аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейiн қамтамасыз ететiн жалақы (ақшалай үлес) мен жеңiлдiктер белгiлеу;

9) осындай қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеуге өкiлеттiк берiлуiн болдырмау, сондай-ақ оған бақылау жасау және қадағалау;

10) сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды анықтау, ашу, жолын кесу және олардың алдын алу мақсатында жедел-iздестiру қызметi мен өзге де қызметтердi жүзеге асыру, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен заңға қайшы тапқан ақша қаражаты мен өзге де мүлiктi заңдастыруға жол бермеу мақсатында арнайы қаржылық бақылау шараларын қолдану;

11) кәсіпкерлік қызметті атқару заңмен белгіленген қызметтік міндеттерімен көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 3-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында аталған адамдар үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқару органдарында ақы төленетін қызметтер атқаруға тыйым салуды белгілеу;

12) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету және қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік жағдайын қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1077 қаулысымен
бекітілген Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларына сәйкес Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-1-тармағына сәйкес әзірленген және ол сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу тәртібін анықтайды

2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді.

Ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу мынадай мөлшерде белгіленеді:

1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК;

3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК;

4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ауыр қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК;

5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы аса ауыр қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.

Қағидалардың 6-тармағында көзделген жағдайларда, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер белгіленуі мүмкін.

3. Көтермелеуді қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі

2. Көтермелеудің шарттары, негіздері және тәртібі

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесу:

1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыс жасау фактісі туралы хабарлауды;

2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;

3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты немесе қылмысты анықтау, жолын кесу және ашу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді қамтиды.

5. Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты

1) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген;

2) айыптау үкімі заңды күшіне енген;

3) ақталмайтын негіздер бойынша істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайда ғана төленеді.

6. Адамды көтермелеу туралы материалдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін орган көтермелеуге құқығы пайда болған күннен бастап он күн ішінде қалыптастырады және комиссия қарауына жібереді және мынадай:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органның өтініші;

2) сыбайлас жемқорлық қылмыс фактісі бойынша адамның өтініші туралы арыздарды, ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген арыздың көшірмесі немесе адамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты немесе қылмысты анықтауға, жолын кесуге және ашуға жәрдем бергенін растайтын өзге де құжаттар;

3) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттаманың немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөніндегі қаулының көшірмесі;

4) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот қаулысының көшірмесі;

5) қылмыстық іс қозғау туралы қаулының немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасының көшірмесі;

6) заңды күшіне енген айыптау үкімінің не ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының көшірмесі қамтылуы тиіс.

7. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактісі туралы хабарлаған немесе өзге де жолмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдем көрсеткен адамдарды көтермелеу мәселелері қаржылық құжаттарға қол қою құқығы берілген қаржы полициясы органдарының уәкілетті адамдары қарайды.

8. Қаржы полициясы тиісті органының басшысы бес жұмыс күні ішінде тұлғаға біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу үшін негіз болып табылатын көтермелеу туралы бұйрық шығарады.

9. Біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу көтермелеу туралы бұйрық шыққан күнінен бастап он бес күн ішінде адамның жеке немесе өзге шотына аудару арқылы жүргізіледі.

10. Біржолғы ақшалай сыйақыны төлеуден бас тартқан жағдайда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де түрде жәрдемдесетін адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға тиісті өтініш береді.

Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін орган қаржы полициясы органының тиісті басшылығының алдында адамды грамотамен марапаттау немесе оған алғыс жариялау туралы өтініш жасауы мүмкін.



3. Өзге де ережелер

11. Көрінеу жалған ақпаратты хабарлаған адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тәртіппен жауапты болады.



12. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органның әрекетіне немесе әрекетсіздігіне сот тәртібімен шағымдануға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет