Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың эволюциясы. Орындаған: Нурдан Н. Тобы: кд 21-12 Тексерген: Копбаев Д



бет1/3
Дата05.03.2023
өлшемі1.72 Mb.
#470418
  1   2   3
Нурдан Нурай 4.сж

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың эволюциясы.

Орындаған: Нурдан Н.

Тобы: КД 21-12

Тексерген: Копбаев Д.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуы мен дамуы

  • Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билік органдары қабылдайтын шешімдердің тиімділігіне зиян келтіре отырып, ел экономикасына кері әсер етеді, адамгершілік қағидаттарына зиян келтіреді, азаматтардың мемлекетке деген сенімділігін азайтады және әділ сот төрелігінің қағидаттарын бұзады. Сыбайлас жемқорлық, әрине, мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендетеді, үдемелі әлеуметтік-экономикалық дамудың тоқтап қалуына ықпал етеді. Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан іс-шараларға қарамастан, сыбайлас жемқорлық әлеуметтік қайта құруды және ұлттық экономиканы жаңғыртуды жүргізуге кедергі келтіреді, қоғам ішінде мемлекеттік институттарға деген сенімсіздік пен үрейдің пайда болуына әкеледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы

  • 2016 жылдан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 6) тармақшасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық әрекетіне «жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу» жатады.

Сыбайлас жемқорлық себептерін, шарттары мен салдарларын анықтау кезінде жергілікті менталитет, ұлттық және діни ерекшеліктер, құқықтық мәдениеттің деңгейі секілді факторлар ескерілуі тиіс. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» бойынша жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады және мемлекет пен қоғам осындай жағымсыз құбылысқа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ерекшелігі – сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық жағымен қатар, ол мемлекеттің саяси, әлеуметтік, экономикалық салаларымен де тығыз байланыста болуында.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет