Сыбайлас жемқорлықпен күресу Ар-намыс кодексін сақтау



Дата27.06.2016
өлшемі18.59 Kb.
#160658
Сыбайлас жемқорлықпен күресу - Ар-намыс кодексін сақтау

Мемлекеттік қызметшілердің этикалық тәртібі және өз міндеттеріне деген көзқарасының адал ниеттілігінің дәрежесі қоғамдағы ең басты индикаторы болып табылады.

2005 жылдың 03 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі» деп аталатын мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы ережелерін бекітті.

Президент Жарлығында мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметшi өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн атқаратын кәсiби қызметiне жұмсайды, өзiнiң Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етедi деп сенiм бiлдiредi.

Конституцияны бұлжытпай сақтай және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiне сүйене отырып, заңдылықтар қағидаттарын басшылыққа алуға.
Мемлекеттік және еңбек тәртiбiн бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтiк мiндеттерiн адал, әдiл де сапалы атқаруға, ол үшiн өзiнiң жұмыс уақытын тиiмдi пайдалануға.

Мемлекеттiк органдардың басшылары осы Кодекстiң мәтінiн мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерлерге орналастыруды қамтамасыз етеді.

Тәртіптік бұзушылықты жасағаны, соның ішінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң Ар-намыс кодексін (Мемлекеттiк қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілерге «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 28 бабына сәйкес келесі жазаларға тартылады: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту, атқаратын қызметiнен босату. Зырян ауданында 2009-2010 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң Ар-намыс кодексін бұзғаны үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің екі мемлекеттік әкімшілік қызметшісі және бір ауылдық округінің әкімі тартылды.

Кодекстің ең басты сыбайлас жемқорлықпен күресу шарасына мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілiк алдында айыптаған жағдайда, ол бұл айыптауларды терiске шығару, соның iшiнде сот арқылы терiске шығару шараларын жатқызуға болады.



Одан басқа, әр мемлекеттік органда Этиканы бақылау кітабы бар, онда азаматтар мемқызметшілер тарапынан заңды құқықтар мен кодекстің нормалары бұзылғаны туралы деректерді жазбаша хабарлауы мүмкін.

Кодекс мемқызметшілердің жауапкершілігін арттыруға, мемқызметшілердің тәртібін бақылауға және бұзушыларды жауапкершілікке тиімді тартуға көмектеседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет