Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
201 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру» мемлекеттiк қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрi – Министрлік) мына мекенжай бойынша ұсынады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-ғимарат, телефон 8 (7172) 72-01-64.
2. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтiк паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 7 қыркүйектегi № 150 Жарлығына (бұдан әрi – Жарлық) сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттiк қызмет және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру бланкілерінің үлгілері Министрліктің www.mfa.kz интернет-ресурсындағы «Консулдық мәселелер» бөлімінде және Министрліктің ақпараттық стенділерінде орналастырылады.
5. Қазақстан Республикасының қызметтік паспортын (бұдан әрi – паспорт) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес оны алуға құқығы бар адамға беру немесе паспорт беруден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылатын мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет мынадай заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттік қызметті алушы):
1) мемлекеттiк кәсiпорындарға, ұлттық даму институттарының атқарушы органдарына, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, ұлттық басқарушы холдингтерге;
2) Қазақстан Республикасы ресми делегацияларының халықаралық ұшып өтуiн қамтамасыз ету үшiн тартылатын қазақстандық авиакомпанияларға ұсынылады.
7. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну мерзiмдерi:
1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушының тапсырған сәтінен бастап – бес жұмыс күнінен артық емес;
2) мемлекеттiк қызметті ұсыну үшін қажеттi құжаттарды өткізу кезiнде мемлекеттік қызметті алушының кезек күтуiнің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – бір сағаттан артық емес;
3) паспортты беру кезiнде мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – он минуттан артық емес.
8. Мемлекеттiк қызмет ақылы негізде көрсетіледі, оны көрсету үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленген тәртіппен консулдық алым алынады.
9. Мемлекеттiк қызмет аптаның төрт жұмыс күнінде (сәрсенбі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда) ұсынылады. Құжаттарды қабылдау сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, ал құжаттарды беру 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет ұсынылатын үй-жай Министрлік ғимаратында орналасады.
Күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стендiлермен жарақталады.
2. Мемлекеттiк қызметті ұсыну тәртiбi
11. Мемлекеттік қызметтi алу үшiн уәкілетті адам арқылы мынадай құжаттарды (пошта арқылы құжаттар қабылдау жүзеге асырылмайды):
1) тиісті ұйымнан осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім хат;
2) іссапарға жіберуші ұйымның кадр қызметі куәландырған іссапарға жіберу туралы бұйрықтың немесе іссапарға жіберуді растайтын өзге құжаттың көшірмесі;
3) паспорт алуға құқығы бар адамның осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паспорт беруге арналған өтініші;
4) өлшемі 3,5х4,5 см екі түрлі түсті фотосурет (фотосурет мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын ресімдеу уақытындағы жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде түсірілген болуы тиіс, бейтарап бет көрінісі мен ауызы жабық болу қажет, әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алуы тиіс. Фотосурет фотобаспа әдісімен қалың фотоқағазға бір негативтен бастырылады. Компьютерлік сканер арқылы басып шығару, модельдеу мен ксерокөшірмеден өткізу әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға рұқсат етілмейді);
5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
6) консулдық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат (түпнұсқасы) ұсыну қажет.
12. Паспортты беру үшін бланкілерді Министрліктің қызметкерлері береді, сондай-ақ олар Министрліктің www.mfa.kz интернет-ресурсында «Консулдық мәселелер» бөлімінде орналастырылады.
13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар Министрлікке мына мекенжай бойынша өткізіледі: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-ғимарат, телефон 8 (7172) 72-01-64.
14. Мемлекеттік қызметті алушыға немесе оның уәкілетті адамына осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды өткізгенін растайтын, осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон беріледі.
15. Паспортты беру мәселесі бойынша қабылданған шешім туралы мемлекеттік қызметті алушы немесе оның уәкілетті адамы телефон арқылы немесе жеке қабылдауда хабардар етіледі.
Мемлекеттік қызметті алушыға немесе уәкілетті адамға паспортты беру Қазақстан Республикасының жеке куәлігін немесе паспортын ұсынған жағдайда паспортты беру журналында қол қою арқылы жүзеге асырылады. Уәкілетті адамда іссапарға жіберуші органның тиісті хаты болуы қажет.
16. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті ұсыну мына жағдайларда:
1) құжаттарды өткізу кезінде толық емес және/немесе анық емес мәліметтерді ұсынса;
2) консулдық алым төленбесе бас тартылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Министрліктің қызметі сыпайылық, толық ақпарат беру, құжаттардың сақталуын, мемлекеттік қызметті алушы туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Министрліктің жұмыс нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Министрліктің жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы және тиімділік көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Министрліктің бұйрығымен бекiтіледi.
5. Шағымдану тәртiбi
20. Мемлекеттiк қызметті ұсыну нәтижелеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті алушы мына мекенжай бойынша Министрлікте ала алады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-ғимарат, телефон 8 (7172) 72-01-64, электрондық пошта dks-astana@mfa.kz.
21. Ұсынылған мемлекеттiк қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, мемлекеттік қызметті алушы шағымды жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері мен мереке күндерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атына мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 31-ғимарат, телефон 8 (7172) 72-05-18, факс 8 (7172) 72-05-16, электрондық пошта midrk@mfa.kz береді.
22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайларда шағым жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-ғимарат, телефон 8 (7172) 72-01-64, факс 8 (7172) 72-04-60, №300 кабинет, электрондық пошта dks-astana@mfa.kz беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сот органдарына жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым еркін нысанда жасалған жазбаша түрде пошта не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы және қолы қойылады, заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні, мемлекеттік қызметті алушы атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғаның қолы болады. Шағымды беру кезінде іс-әрекеті шағымдалатын органның атауы немесе лауазымды тұлға, шағымдану себептері мен талаптар көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым Министрліктің кеңсесінде тіркеледі. Өтініштің/арыздың күні мен уақыты, оны қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.
26. Мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-ғимарат, телефон 8 (7172) 72-01-64 Министрліктен алуға болады.
___________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
201 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік қызмет стандарты
-
Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – шетелдердегі мекемелер) ұсынады.
2. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына; Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы
27 қыркүйектегі № 217 Жарлығымен бекітілген Консулдық жарғының 40 тармағына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеге; «Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелеріне қатысты құжаттарды ресiмдеуi жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 08-1-1-1/13 бұйрығына сәйкес ұсынылады.
4. Мемлекеттік қызмет және қажетті құжаттар туралы ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру бланкілерінің үлгілері осы стандартқа
1-қосымшада көрсетілген шетелдердегі мекемелердің интернет-ресурстарында және ақпараттық стенділерінде орналастырылады.
5. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтаманы (қағаз тасығышта) беру (бұдан әрі – анықтаманы беру) немесе анықтаманы беруден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылатын мемлекеттiк қызметтiң нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет шетелде тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті ұсынудың мерзімдері:
1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушының тапсырған сәтінен бастап – алты айдан артық емес;
2) мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қажеттi құжаттарды өткізу кезiнде мемлекеттік қызметті алушының кезек күтуiнің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – бір сағаттан артық емес.
3) құжатты беру кезiнде мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – он минуттан артық емес.
8. Мемлекеттiк қызмет ақылы негізде көрсетіледі, оны көрсету үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленген тәртіппен консулдық алым алынады.
9. Мемлекеттiк қызмет аптаның төрт жұмыс күнінде (сәрсенбі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда) ұсынылады. Құжаттарды қабылдау сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, ал құжаттарды беру 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет ұсынылатын үй-жай шетелдегі мекеменің ғимаратында немесе бөлек тұрған ғимаратта орналасады.
Күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендiлермен жарақталады.
2. Мемлекеттiк қызметті ұсыну тәртiбi
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды (пошта арқылы құжаттар қабылдау жүзеге асырылмайды):
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
2) өмірбаян;
3) өлшемі 3,5х4,5 см үш түрлі түсті фотосурет;
4) балалардың туу туралы куәліктері (түпнұсқасы және көшірмесі);
5) неке қию туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
6) консулдық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат (түпнұсқасы) ұсыну қажет.
Мемлекеттік қызметті алушының Қазақстан Республикасында зайыбы (жұбайы) немесе оның асырауындағы адамдары болған жағдайда, ол сол адамдардың мемлекеттік қызметті алушыға материалдық немесе басқа да талаптарының жоқтығы туралы нотариалды куәландырған өтініштерін тапсырады.
12. Бланкілерді (сауалнама-өтініштер) шетелдердегі мекемелердің қызметкерлері береді, сонымен бірге Министрліктің www.mfa.kz интернет-ресурсындағы «Консулдық мәселелер» бөлімінде және осы стандартқа
1-қосымшаға сәйкес шетелдердегі мекемелердің интернет-ресурстарында орналастырылады.
13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша шетелдердегі мекемелерге өткізіледі.
14. Мемлекеттік қызметті алушыға осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды консулдық лауазымды тұлғаға өткізгендігін растайтын, осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес талон беріледі.
15. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу мәселесі бойынша қабылданған шешім туралы мемлекеттік қызметті алушыны консулдық лауазымды тұлға телефон арқылы немесе жеке қабылдауда хабардар етеді.
16. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығудан, егер бұл туралы қолдаухат берген адамның Қазақстан Республикасының алдында орындалмаған міндеттемелері немесе азаматтардың немесе Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделеріне байланысты мүліктік міндеттемелері болса, бас тартылады.
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, егер бұл туралы қолдаухат берген адам айыпталушы ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылса не соттың күшіне енген үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе немесе бұл адамның Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келсе, жол берілмейді.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті ұсыну осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған, құжаттарды өткізу кезінде толық емес және/немесе анық емес мәліметтер ұсынылған, консулдық алым төленбеген жағдайларда бас тартылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Шетелдердегі мекемелердің қызметі сыпайылық, толық ақпарат беру, құжаттардың сақталуын, мемлекеттік қызметті алушы туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Шетелдердегі мекемелердің жұмыс нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Шетелдердегі мекемелердің жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы және тиімділігі көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен (бұдан әрі – Сыртқы істер министрлігі) бекiтіледi.
5. Шағымдану тәртiбi
20. Мемлекеттiк қызмет ұсынудың нәтижелеріне шағымдану тәртібін түсіндіру бойынша ақпаратты мемлекеттік қызметті алушы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша шетелдердегі мекемелерде ала алады.
21. Көрсетілген мемлекеттiк қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы шағымды жұмыс күндері 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері мен мереке күндерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атына мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 31 ғимарат, телефон (7172) 72-05-18, факс: 8 (7172) 72-05-16, электрондық пошта: midrk@mfa.kz береді.
22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайларда шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша мемлекеттік қызметті ұсынған шетелдегі мекеме басшысының атына жазылады.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сот органдарына жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым еркін нысанда жасалған жазбаша түрде пошта не Сыртқы істер министрлігінің немесе шетелдегі мекеменің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы және қолы қойылады. Шағымды беру кезінде іс-әрекеті шағымдалатын шетелдегі мекеменің атауы немесе лауазымды тұлға туралы, шағымдану себептері мен талаптар көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым Сыртқы істер министрлігінің немесе шетелдегі мекеменің кеңсесінде тіркеледі. Өтініштің/арыздың күні мен уақыты, оны қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.
26. Мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты осы стандартқа
1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша шетелдердегі мекемелерден алуға болады.
___________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
201 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Консулдық заңдастыру»
мемлекеттік қызмет стандарты
Жалпы ережелер
1. «Консулдық заңдастыру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы,
28-ғимарат, телефон 8 (7172) 72-01-64; Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 65-үй, телефон 8 (727) 272-07-47 мекенжайлары бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – шетелдердегі мекемелер) ұсынады.
2. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Президентінің
1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 217 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 45 және 46-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы
21 қарашадағы № 264 бұйрығымен бекітілген Консулдық заңдастыру ережелеріне сәйкес ұсынылады.
4. Мемлекеттік қызмет ұсыну тәртібі мен қажетті құжаттар туралы ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің www.mfa.kz интернет-ресурсында «Консулдық мәселелер» бөлімінде, осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген шетелдердегі мекемелердің интернет-ресурстарында орналастырылады.
5. Осы стандартқа 2 немесе 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, заңдастыру жазбасын қоюмен консулдық заңдастыруды жүзеге асыру немесе мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылатын мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) ұсынылады.
7. Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімдері:
1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушының тапсырған сәтінен бастап – үш жұмыс күнінен артық емес;
2) мемлекеттiк қызметті ұсыну үшін қажеттi құжаттарды өткізу кезiнде мемлекеттік қызметті алушының кезек күтуiнің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – бір сағаттан артық емес;
3) заңдастырылған құжатты беру кезiнде тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – он минуттан артық емес.
8. Мемлекеттiк қызмет ақылы негізде көрсетіледі, оны көрсету үшін Қазақстан Республикасы Салық кодексімен белгіленген тәртіппен консулдық алым алынады.
9. Мемлекеттiк қызмет аптаның төрт жұмыс күнінде (сәрсенбі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда) ұсынылады. Құжаттарды қабылдау сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, ал құжаттарды беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет ұсынылатын үй-жай:
1) Қазақстан Республикасында – Министрлік ғимараттарында;
2) шетелде – шетелдегі мекеменің ғимаратында немесе бөлек тұрған ғимаратта орналасады.
Күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендiлермен жарақталады.
2. Мемлекеттік қызметті ұсыну тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтi алу үшiн мынадай құжаттарды (пошта арқылы құжаттар қабылдау жүзеге асырылмайды):
1. Жеке тұлғалар үшін:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы мен көшірмесі);
3) түпнұсқадағы және нотариалды куәландырылған көшірмедегі консулдық заңдастыруға жататын құжат;
4) мемлекеттік қызметті алушының мүдделеріне өкілдік ететін жеке тұлғаның атына нотариалды куәландырылған сенімхат (түпнұсқасы);
5) консулдық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат (түпнұсқасы) ұсыну қажет.
2. Заңды тұлғалар үшін:
1) еркін нысандағы өтініш (мемлекеттік қызметті алушының сенімді өкілімен беріледі);
2) мемлекеттік қызметті алушының құрылтай құжаттары (түпнұсқасы мен көшірмесі);
3) түпнұсқадағы және нотариалды куәландырылған көшірмедегі консулдық заңдастыруға жататын құжат;
4) мемлекеттік қызметті алушының мүдделеріне өкілдік ететін жеке тұлғаның атына нотариалды куәландырылған сенімхат (түпнұсқасы);
5) консулдық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат (түпнұсқасы) ұсынуы қажет.
12. Бланкілер (өтініш-сауалнама) берілмейді.
13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-ғимарат, телефон (7172) 72-01-64, немесе мына мекенжай бойынша Министрлікке: Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 65-үй, телефон 8 (727) 272-07-47 не осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген шетелдердегі мекемелерге өткізіледі.
14. Осы стандарттың 11-тармағына сәйкес қабылданған құжаттар осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес «Заңдастыруға жататын құжаттарды есепке алу бойынша тізілімде» тіркеледі. Мемлекеттік қызметті алушыға барлық қажетті құжаттарды өткізгенін растайтын, осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон беріледі.
15. Мемлекеттік қызметті алушы консулдық заңдастыру мәселелері бойынша қабылданған шешім туралы телефон арқылы немесе жеке қабылдауда хабардар етіледі.
16. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті ұсыну мынадай жағдайларда:
1) құжаттар мен актілер қайшы келсе немесе өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасының мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін болса немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтер бар болса;
2) құжаттарды өткізу кезінде толық емес және/немесе анық емес мәліметтерді ұсынылса;
3) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылса;
4) консулдық алым төленбесе бас тартылуы мүмкін.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Министрлік және шетелдердегі мекемелердің қызметі сыпайылық, толық ақпарат беру, құжаттардың сақталуын, мемлекеттік қызметті алушы туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |