Сыныбы: 4 «Ә» Тақырыбы



Дата08.10.2019
өлшемі24.23 Kb.
#447146
РУХАНИ АДАМГЕРШ.ТАРБИЕ


Сыныбы: 4 «Ә»




Тақырыбы

Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңызы

Мақсаты

Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.

Күтілетін нәтижe

Айналасындағы адамдарға адамгершілікпен қарау керектігін түсінеді




* Адамгершіліктің адам санасына әсері барын біледі




* Адам бойындағы жақсы қасиеттерді ажыратады.

Тәрбиенің бағыты

Рухани-адамгершілік тәрбие

Әдіс-тәсілдер

Диалогтық әдіс,Сыни тұрғыда ойлау.

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе




Психологиялық дайындықДөңгеленіп тұрайықКерегені құрайық.Уықтар боп иіліп,Шаңыраққа киіліпКиіз үйді құрайық.Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы бір-бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.

Топтасу

1-топ:«Мейірімділер» 3-топ: «Инабаттылар»2-топ:«Сабырлылар» 4-топ: «Кішіпейілділер»



Оқушылар тренингке шығады
Топқа бөлініп отырады

Тұсаукесер

«Сиқырлы сөздер» Берілген сөздерді оқып,алғашқы әріптерін теріп шық.Ақылды,дарынды,адал,мейірімді,гүлдену,еңбекқор,рақымшыл,шыдамды,ілтипатты,лайықты ,ізденімпаз ,кеңпейілді.Жаңа сабағымызыдың тақырыбы: Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңызы.

Оқушылар ойланады тақырып ашады

Негізгі бөлім







  1. «АҚИҚАТ»-Ақиқат дегенді қалай түсінеміз?Аймектептен «Адамгершілік» туралы бейнефильм.Тапсырмасы.

Мұғалім:Адамгершілік парасатты сөз. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса,әрине сымбатты, парасатты көрінеді.Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді.



II . «СҮЙІСПЕНШІЛІК»
Сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіздер?Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу

Сұрақтар:
1.Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?– Үлкен кісімен амандасып жол беремін.
2.Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?– Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.– Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.
3.Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?– Асықпай түсіндіріп беремін
4.Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?– Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек
.5.Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?– Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.
–6.Әдептілік деген не?– Адамдардың жүріс - тұрысы мен өзара қарым - қатынасының ережелері.-Бұл әрекеттің барлығы да жүрегімізден сүйіспеншілікпен шығуы керек.
III.«ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ»-Қиянат жасамау дегенді қалай түсінесіздер?Осы қағидаға топпен ереже құрастыру.
IV.«ДҰРЫС ӘРЕКЕТ» -Дұрыс әрекет дегеніміз не?
1. Үйде отбасыңмен теледидар қарап отырсың делік. Болып жатқан бағдарлама саған мүлде ұнамайды. Сенің басқа арнада болып жатқан киноны қатты көргің келіп отыр. Не істер едің?
2. Сыныптас досың үй тапсырмасының орындалмау себебін өтірік айтып мұғалімді алдады. Сен не істер едің?

3.Қоңырау кезі. Сыныптағы оқушылардың барлығысыртта жүр. Сыныпқа кіріп келсең, сенің бір сыныптасың аяғын ауыртып алып жылап отыр.Не істер едің?

4. Велосипедпен жарысып келе жатқан Қанат жолдыңшетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жолдастарынан қалып қояды. Жолдастарының жол шетінде тұрған қарияға қарар түрі жоқ. Жарыстың аты – жарыс. Қанат қарияның жолын кесіп кетті. Қанаттың қылығы дұрыс па? Егер Қанаттың орнында болсаңдар не істер едіңдер?


АКТ https://bilimland.kz

Ойындарын,тест орындайды.


Dиалогтық әдіс


Әр топқа берілген қобдишадан жапырақтар астынан ,жасырын сұрақты тауып жауап береді.

Топпен талдау.

Ойынға ерікті түрде қатынасады . Монолог


Қорытынды




V. «ТЫНЫШТЫҚ»

Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін кім оқып береді?-Өлеңде не туралы айтылған?Не ұқтық? - Біз анадан туғанда ананың ақ сүтімен берілетін осынау бес құндылылығымызды жүрегімізге орналастырып,қашанда айналамызыға жақсылық жасауға тырысайық. Бұл құндылықтар біздің бойымызда туа бітеді.Егер осыларды жарыққа шығаратын болсақ,онда адам өз іс—әрекетін ,айтар ойын,сөйлер сөзін барлығын автоматты түрде басқара алады, дұрыс әркет жасайды,ішкі әлемін тынышталдырады,айналасының барлығына риязы сүйіспеншілікпен қызмет жасайды.Ақиқат қашанда шындықты айтады.Ешкімге ешқашан сөзбен,іспен де қиянат жасауға болмайды екен.Атап айтқан «Бес асыл істі» өзіміздің бойымызға дарытсақ жақсы адам болып ер жетеміз.Жан дүниеміз тынышталғанда біз рақат өмір сүреміз.Мен сіздерді тек жақсы адам болып ер жетесіздер деп сенемін.



Мәнерлеп оқу

Рефлексия

Кері байланыс

Қолдана аламын ,Білемін,Түсінемін.



Стикермен ілу


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет