Сыныбы: 6 Пәні: Музыка 2022-2023 оқу жылы



бет1/2
Дата06.04.2023
өлшемі22.15 Kb.
#471849
  1   2
Қобыз фак


«№111 орта мектебі» КММ


ЖАС ҚОБЫЗШЫЛАР


Факультативтік курс


Сыныбы: 6
Пәні: Музыка

2022-2023 оқу жылы
Түсінік хат:


Үйірмеде оқушыларды ұлттық өнер, көнеден келе жатқан музыкалық аспапта ойнауға баулу мақсатында ұйымдастырылады.
Оған қобыз аспабына қызығушылық танытқан, оны үйренуге ынталы, 6 сыныптың оқушылары тартылды. Оларға ұлттық аспаптар туралы мағлұматтар беріліп, қобыз аспабының құрылысы түсіндіріледі. Қобызды қалай ұстау, қобыз тартқанда қалай отыру керектігі үйретіледі. Қобыздың құлақ күйін келтіріп, қобыз аспабында дыбыс шығаруды үйренуге назар аударылады. Қобыз аспабын меңгеруге байланысты музыкалық терминдер түсіндіріліп, іс жүзінде көрсетіледі. Қобызда ойнау техникасына көп көңіл бөлінеді. Үйірмеде топтық, жұптық және жеке оқушылармен жұмыстар жүргізіледі. Оқушылардың сабақтарда алған теориялық білімдерін жеке сабақтарда қолдану үйретіледі.
Көне дәуірлерден, Қорқыт күйлерінен басталып, соңғы ғасырлардағы Ықылас шығармаларына дейін жалғасып, бізге жеткен қобыз сарыны – халқымыздың қайталанбас, қастерлі мұрасы. Осы мұраны танып, меңгеру – бүгінгі, келешек ұрпақтар үшін парыз десек,оны оқытып, үйрету – білікті ұстаз–мамандардың міндеті. Кезінде қобыз тарту өнерінің мектебі қалыптасып, бұл дәстүр кәсіпқойлық өнер деңгейіне көтерілген еді.  Ал тұлғаны музыкаға тәрбиелеу дегеніміз – ол баланың бойында белгілі бір қызығушылықты ояту, қажетті құндылық бағдарын, соның ішінде пайдалы іс–әрекеттерді қалыптастыру, дарындылық көзін ашу деген сөз. Қабілет дегеніміз – білгілі бір немесе бірнеше істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттері, ал дарындылық дегеніміз – қабілеттердің өте жоғары деңгейі. «Бұлақ көрсең көзін аш», – дегендей, өнерлі өрендеріміздің өнегелі болуына үлес қосу – ұстаздық борышымыз.
Курстың екінші жартысында оқушылар жеңіл этюдтер ойнауға дағдыланады. Халық күйлері үйретіледі. Қобызда қосылып ойнау, аспаптар ансамблін құрумен үйірме аяқталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет