Ұсынылып отырған көрсеткіш қазақтың ірі суреткері көрнекті жазушысы, белгілі журналист Оралхан Бөкейдің туғанына 65 жыл толуына арналған



Дата19.06.2016
өлшемі144.78 Kb.
#147960
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Манаш Қозыбаев атындағы

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Северо-Казахстанский государственный университет

им. М.Козыбаева


Таңдайынан еліне бал тамызып
/Ұсынылатын библиографиялық көрсеткіш

Оралхан Бөкей-65 жылдығына/




Феномен судьбы Оралхана Бокева
/Рекомендательный указатель литературы к 65-летию со дня рождения казахского писателя Оралхана Бокеева/

Петропавл , 2008

Оқырмандарға

Ұсынылып отырған көрсеткіш қазақтың ірі суреткері көрнекті жазушысы, белгілі журналист Оралхан Бөкейдің туғанына 65 жыл толуына арналған.

Мағлұмат алфавиттік тәртіпен орналасқан.

Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы ең соңғы

басылмдар еңгізілген СҚМУ ғылыми кітапханасы қорында бар.

Көмекші құрал ұстаздарға, студенттерге және оқырман қауымғға арналған.



Оралхан Бөкеев

1943-1993
28 қыркүйекте Шығыс Қазастан облысы, Қатон-Қарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1969). 1965-1968жж. Шығыс Қазақстан обылысы, Большенарым ауданы «Еңбек туы» газетінде корректор,аудармашы,редактордың орынбасары болып жұмыс істеді, Шығыс Қазақстан обылыстық «Коммунизм туы» газетінде әдеби қызметкер, кейін «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде (1968-1974), «Жұлдыз» журналында (1974-1983) бөлім меңгерушісі, 1983-1993жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторының орынбасары, содан кейін Бас редактор болып жұмыс істеді. Есімі өзімізге де, өзгеге кеңінен таңылған ерекше талант иесі Оралхан Бөкей әдебиетімізге өзіндік бетімен, өзіндік өрнегін сала келген жазушы еді.

Оның алғашқы әңгіме-повестерінен-ақ («Қамшігер», «Үркер», «Қайдасын қасқа құлыным») ешкімге ұқсамайтын өзінше сөз саптасы, асқақ мінезі, алғыр зерде-зейіні оқырмандарды бірден баураған болатын. Жазушының ой мен сезімді қатар өрген шығармалары бірде тұнғиық ойға жетелесе, бірде асқақтыққа, өршілікке тартып, толғау-толғаныстары кең тынысты,өзгеше үнді болып шығатын.

Оралхан өзінің-табиғат берген зерде, зейіні,сөзге, сөз өнеріне деген бейімділігі арқасында жастайынан өнерге, әдебиетке, сұлулыққа құштар болып өседі.

Мектепті бітірген соң, өз ауылында совхозда әуелі әр түрлі жұмыстар, кейінірек тракторшы болған бозбаланы сол әдебиетке деген құштарлық 1963 жылы Қазақ мемлкеттік университетінің журналистика факультетіне алып келеді. Сонда да ол өмірден қол үзбей, сырттай оқып, ауылдағы жұмысын жалғастыра береді.

Оралхан Бөкей бір сөзінде «мені әдебиетке әкелген журналистика» дейді.

Себебі, университеттің екінші курсынан бастап аудандық газетке ауысып,әуелі корректор, сосын тілші, кейіннен редактордың орынбасары болған ол қиын да қызықты журналистика өнерінің қыр-сырына қаныға бастайды. Ол тек аудандық газетпен ғана шектелмей,облыстық,республикалық «Лениншіл жас» (бүгінгі Жас алаш») газетіне де суреттеме-очеректер жазып өзін таныта білді.Оралхан Бөкейұлының журналистік қарым-қабілеті барынша ашылды. Газет бетінде жиі жарияланып жататын қара сөзбен жырлаған очерк-эсселері әдебиетімізге өзіңдік өрнегі,өзгеше жазу мәнері бар жас қаламгердің келе жатқанын әйгілей түскен еді. «Егер мен сол алғашқы жарияланған суреттеме, очеректерімді жазбаған болсам,үлкен шеберлік мектебінен өте алмас едім» деген еді автордың өзі де. Оралхан Бөкей қолына қалам ұстағанан- ақ, өз замандастарының мұны мен қуанышын шынайы суреттеуге тер төкен қаламгер. Жазушы өз заманы, қарапайым еңбек адамдар туралы көп жазған еді, оның кейпкерлері,- «Қайдасың қасқа құлынымдағы» Орал, «Өлірадағы» Қойшы, «Елең-алаңдағы» Зарлық, «Құммінезіндегі» Бархан, «Мұзтаудағы» Ақтан, «Өз отанды өшірмедегі» Дархан, «Сайтан көпірдегі» Аспан- күнде араласып жүрген қарапайым замандастарымыз. Бір ерекшелігі-бұл кейіпкерлерді әдебиетіміздегі замандастар бейнесі галереясынан басқаға шатастырмай бірден танитынымыз. Оралхан Бөкей өз кейпкерлерінің іс-әректінен гөрі, олардың ішкі әлеміне, жан-дүниесіне көбірек үнілетін қаламгер.

Жазушының творчествалық толысқанын, өскенін, нағыз реалистік, психологиялық прозаға тән арнаға түскенін айқындайтын дүниелері-1984 жылы жарық көрген «Біздің жақта қыс ұзақ» атты кітабына еңген шығармалары деп білеміз. Бұларда да жазушы өз заманы, замандастары туралы терең толғаныстарға барып, олардың жан дүниесіне үңіліп, адам-жұмабақтың ішкі әлеміндегі жықпыл-қалтарыстарын ашуға ұмтылады. Осы кітабы үшін автор Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Бұл-жазушының еңбегінің лайықты бағасы.

Оралхан Бөкей Ұлы Отан соғысы жылдары дүниеге келген ұрпақтың өкілі.

Бүгінде соғыс жаңырағы алыстап кеткенімен, оның адамдар жүрегіне түсірген улы жарасы ада-күде жазылып кетпегенін көрсетеді. Сол қан майданға қатысқан, тылдағы ауыр еңбекке аралсқан,бүгінде азайып қалған әркімнің әр жерін әлі де сыздатадып, жанын жаралайды.

Жазушының «Бәрі де майдан» повесі бізді осындай ойға жетелейді.

Шығарманың негізгі қаһарманының бірі-Ақан. Қолына мылтық алып, қан майданға қатыспаса да,еңбек армиясының бүкіл ауыр жұмысын істеп мүгедек болған. Ендеше,неге мұның еңбегін елеп, ескермейді? Неге Жеңіс мерекесіне арналған жиналысқа шақырмайды? Автор мінеки, осы шындықтын қыр-сырын ашуға ұмтылады. Бар ақиқаты алдыңа жайып салады.Сөйтіп Ақан бейнесі арқылы қарпайым да адал еңбек адамымен,Отанын сүйген парасатты азаматпен таныстық.

Оралхан Бөкей «Бәрі де майдан» повесі соғыс кезіндегі тылдағы өмір шындықтарын шынайы көрсетумен, кейіпкер мінезін нанымды жеткізді.

О.Бөкей творчествосы шығарма сайын күрделеніп отырады. Ол-өз заманы, өзі бірге жүріп, біте қайнасқан замандастары алдындағы қарыз парызды терең түсінген қаламгер. Сондықтан да жазушы шығармаларында әр қилы түрлік ізденістерге барады.

Осы орайда автор творчествосындағы негізгі бір күрделі желіні айрықша атап айтуымыз керек. Ол осынау өмірдегі бірімен-бірі өлердей өш Жақсылық пен Жамандық. Жазушы әр шығармасында осы екі дүниенің арасындағы бітіспес күресті әр қырынан алып аша түсуге ұмтылған. Айталы «Мұзтау» повесіндегі жаны таза, жүрегі адал Ақтан мен алаяқ, зұлым Қанның қақтығысынан да адалдық пен арамдықтың, жақсылық пен жамандықтың айқасына куә боламыз.

Сөйтіп ол өз кейпкерлерін неғұрлым болмысы ақтарыла ашылатын,мінез-құлқы, жан-қалтарыстары жарқырап көрінетін қиын ситуацияларға араластыруға ұмтылады. Жалпы Оралхан Бөкей заман тынысын,замандас бейнесін,әсіресе рухы күшті адамдар туралы,мөлдір махаббат, рухани тазалық жөнінде, жан сұлулығы жайында талмай ізденіп өткен жазушы. Оның «Жетім бота», «Мынау аппақ дүние» аталған повестері де бұл ойларымызды дәлелдей түскендей.

Рухани тазалық, жан сұлулығы дегенде жазушының «Өз отынды өшірме» романындағы Дархан бейнесі де назар аударалық дәрежеде. Ол–темір жол

бойындағы шағын разъездің азаматы. Оның сонау жирмасыншы жылдардан күні бүгінге дейінгі өмір жолын, ғұмыр белестерін, көрген-түйгендерін бейнелеген. Сондықтан да бұл шығарманы адам туралы,оның тағдыры хақында толғау десе де болады. Бір сөзбен айтқанда, адамның бітім болмысы, қадыр-қасиеті, қарызы мен парызы туралы терең ой-толғанысқа қалдыратын шығарма деп білеміз.

Жазушының соңғы шығармаларының бірі- «Атау кере» повесі. Бұл өзі, тоқырау кезіндегі қоғамның, заманның, адамзаттың рухани, адамгершілік дамуына әсерін шынайы суреттеген әдебиетіміздегі соңғы жылдарғы күрделі туынды.

Оралхан Бөкей драматург ретінде де көпке танымал. Оның «Құлыным менің», «Қар қызы», «Текетірес», «Зымрайды поездар» пьесаларында да бүгінгі заман тынысы, замандастарымыздың алуан түрлі адамгершілік қарым-қатынастары, арман-қиялы, ұмтылыс-құлшыныстары көрініс береді.

Қаламгер творчествасының бұл саласы да өз алдында жеке әңгіме етуге тұрарлық. Жалпы мынау дүние-ғалымның, өмір-тіршіліктің жанды суреті, замандастарымыздың ішкі толғаныс-тебіренісі. Оралхан шығарлмаларының, негізгі арқауы, шығармаларының (әсіресе,әңгіме,повестерінің) белгілі бір тұтастықты сақтайтын сюжет. Автор ойы кейіпкер ойымен тұтасып кетеді.

Жазушы көңіл-күйінен, түйсек-сезім, ой-толғанысынан тамыр тартқан шығарманың психологиялық дүниеге айланары анық. Оралханың мына екі томдығына еңген шығармаларының көпшілігі-ақ осындай суреткерлік шынайы ізденістен, терең толғаныстан туған психологиялық туындылар. Бір сөзбен айтқанда-өмір жыры, парасат пайымы.

Түйіндей келгенде, өмірден ерте кеткенімен артына мол әдеби мұра қалдырған Оралхан Бөкей ұлттық көркемөнерімізде өзіндік орны бар ірі суреткер. Жазушының адамның сезім тұнғиығына, жан –дүние тереңіне ой-арманына үңілген шығармалары туған халқымен бірге жасасып, оның рухани игілігіне қызмет ете береді.



Оралхан Бөкей «Құрмет Белгісі» орденімен марапаталған. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының (1986), Қазақстан Ленин Комсомолы сыйлығының, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың иегері (1978)

Еңбектердің әліпбилік көрсеткіші.


  • Екі томдық таңдамалы шығармалар. Бірінші том. Повестер.- Алматы: Жазушы, 1994.-496 бет.

  • Екі томдық таңдамалы шығармалар. Екінші том. Әңгімелер.-Алматы: Жазушы, 1994.-475 бет.

  • Кербұғы. Әңгімелер мен повесть.-Алматы: Атамұра, 2003.-204 бет.

  • Қайдасың қасқа құлыным: Повесть, әнгімелер-Астана: Елорда, 1999-328 бет

  • Кербұғы... әңгіме // Қазақ әдебиеті.-2000.-12 мамыр

  • Өнерге өлерден-ақ ғашық едім. Очеректер,көсемсөздер, эсселер.-Алматы: Санат, 1995.-304 бет

  • Өз отыңды өшірме: Роман.-Алматы: Жазушы,1981-384 бет.


Өмірі мен шығармашылығы

жайындағы әдебиеттер


  • Ахметова Е. Оралхан Бөкей шығармаларында көтерілген әлеуметтік тақырыптарды таныту //Қазақ тілі мен әдебиеті.-2008.-2.-б.137-139

  • Ахметбекұлы К. Алтайдан айналып ұшқан ақиық: Оралхан Бөкей-60 жас //Жас алаш.-2003.-2 қазан

  • Алтайдың кебұғысы: Оралхан Бөкеев // Түркістан-2003.-15 мамыр

  • Ахметжан Т.Қазақ прозасының мұзтауы: Оралхан Бөкей туралы //Қазақ әдебиеті.-2003.- 5 желтоқсан

  • Айнабекова Г Оралханың «Құм мінезіндегі Бархан кім?: Оралхан Бөкей туралы //Жас алаш.-2003.-21 маусым

  • Аймұханбетова Ж. Түс көрудің мифологиялық астарлары: Оралхан Бөкей шығармалары негізінде // Абай.-2002.-2.-б.59-63

  • Әшімханұлы Д. Сағыныштан жаралған жан еді: Оралхан Бөкей-60 жас //Қазақ әдебиеті.-2008.-1 тамыз

  • Балтілеуова Г. Оралхан Бөкейдің романдары туралы //Хабаршы. Филология сериясы.-2006-2.-б.95-97

  • Бөкеев Оралхан / Қазақстан : Ұлттық энциклопедия.-Т.2 .-Алматы, 1999.-б.398-399

  • Бөкеев Оралхан /Қазақ әдебиеті:Энциклопедия.-Алматы, 1999.-б.176

  • Бөкеев Оралхан/ Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. –Алматы ,2004.- б.87

  • Егеубай А. Мұзбалақ: Оралхан Бөкей-60 //Жұлдыз.-2003.-12.-б.106-113

  • «Жалғызымның аяғын-жерге,арқасын-елге тіредім»: Оралхан Бөкей туралы //Түркістан.-2003.-16 қазан

  • Жұматайқызы Л. Оралмайтын Оралхан: жазушы туралы естелікэ //Қазақ әдебиеті.-2007.-5 қазан

  • Жәкешбаева Р. Менің Оралханым: ақын,жазушы туралы естелік //Дала мен Қала.-2008.-4 сәуір

  • Исабеков Д. Өмір деген ертегі: Оралхан Бөкейдің шығармашылығы. //Егемен Қазақстан.-2003.-4 қазан

  • Кемелбаева А. Оралхан Бөкеев әңгіме жанарында: //Абай.-2002.-4.-б.70-72

  • Құралқанова Б. «Қар қызы» неге қызықтыра береді?: О.Бөкеевтің повесі //Ақиқат.-2007.-5-6.-б.77-80

  • Қантарбаев Ә. Оралхан Бөкейдің туғанына -60 жыл //Аграрный Казахстан.-2003.-3 қазан

  • Қантарбаев Ә. Өр Алтайдың ойында, Оралханның тойында...Бөкей туралы //Қазақ әдебиеті.-2003.-24 қазан

  • Кәрібай М. Мұзтаудың мұзбалағы: Оралхан Бөкей туралы // Түркістан.-2006.-5 қазан

  • Құрманғали Қ. Жадымдасын жан досым: Оралхан Бөкей-60 жас //Ана тілі.-2003.-9 қазан

  • Нұрсұлтанқызы Ж. Бейвербалды амалдардың Оралхан Бөкей шығармаларындағы көрініс //Қазақ тілі мен әдебиеті.-2005.-№10.-б.92-95

  • Орынбаев Е. Мұзтаудың мұзбалағы: Оралхан Бөкей-60 жылдық мерейтойы туған елінде дүркіреп өтт //Егемен Қазақстан.-2003.-11 қазан

  • Сматаев С. Таңдайынан еліне бал тамызып: Оралхан Бөкей -60 жас толуына. //Жас алаш.-2003.-7 қазан

  • Смағұлова Н.,Рамазанов Ж. О.Бөкеевтің «Атау кере» повесіндегі тартыс табиғаты: Әдебиеттану //СҚМУ-нің хабаршысы.-2001.-9-10.-б.172-176

  • Сембаев А. О. Бокеев шығармаларындағы эмоционалды-экспрессивті лексика: әдебиет //Қазақ тілі мектепте колледжде және ЖОО-да оқыту.-2007.-2.-б.27-29

  • Теміреева Г. Оралхан Бөкей: Салтанатты сапар //Қазақ әдебиеті.-2003.-3-9 қазан

  • Шарабасов С. О.Бөкеев әңгімелері құрылымындағы фольклорлық сарындар // Ізденіс.-2000.-4-5.-б.22-26

Құрастырушы : Казиканова А.Қ

ақпараттық- библиографиялық бөлім

К читателям

Предлагаемый вашему вниманию рекомендательный указатель посвящен 65-летию со дня рождения известного казахского писателя Оралхана Бокеева.

В указателе представлена биография писателя, список его произведений, материалы о его жизни и творчестве, дан краткий библиографический обзор некоторых произведений автора, имеющихся в фонде научной библиотеки СКГУ им. М.Козыбаева.

Пособие предназначено для преподавателей, студентов, а также для широкого круга читателей.



Бокеев Оралхан

/1943-1993/

Родился в ауле Чингистай Катон-Карагайского района Восточно-Казахстанской области, писатель, драматург.В 1969 г. окончил КазГУ. В 1965-68 гг. работал корректором, переводчиком, зам. редактора газеты «Енбек туы» Большенарымского района Восточно-Казахстанской области, литературным сотрудником газеты «Коммунизм туы»/1968-1974/, С 1974 по 1983 гг. заведующий отделом журнала «Жулдыз» . Все удивительно, и, может быть , загадочно в судьбе этого писателя- мощный художественный интеллект, стремительный набор творческой высоты, широкое признание, интенсивная общественная деятельность и внезапная, как катастрофа, смерть вдали от родины, в Индии , накануне своего 50-летия.

Он начинает с жанра повести, больше похожей на героическую поэму, или дастан в прозе. Это «Камчигер» и «Сказание о матерее Айпаре». Стилизация народного лиро-эпоса здесь очевидна, даже традиционна.

Романтический пафос первых вещей О.Бокеева узнается и в новых повестях 70-х годов- в авторской лирической задушевности, открытости, стремление к таинственным, порой авантюрным сюжетам, человеческим характерам и судьбам. Это произведения , связанные уже с советской действительностью. «Когда уходят плеяды», «Отзовись, мой жеребенок»- трагическая эпоха коллективизации. «Поезда проходят мимо»- строительство Турксиба и война. «Поющие барханы» -пожалуй , хрущевские времена подъема целины, в том числе и пустыни, «спасение», редких профессий чабана и оленевода. «Снежная девушка» и «Отголосок юных дней»- уже область социально-психологического бытия алтайской сельскохозяйственной глубинки на фоне застойной брежневской эпохи.

Повести «Крик» и «Человек-Олень»- уже более целеустремленное движение в сторону натур -.философской проблематики. Она уже начинает занимать все большее концептуальное место в его произведениях 70-гг., особенно в рассказах «След молнии», «Бура», «Ардак», «Кербугу», повести Олиара».

В начале 80-х Бокеев пробует «большую форму»- роман «Огненная арба». Это расширенный и не совсем удачный вариант «Поездов», имевший единственную публикацию в «Просторе»/1985/. Роман явно не получился, вероятно, тогда приходит мысль о циклизации. Уникальной можно считать книгу Оралхана «Человек-Олень», изданную в Алматы. Композиция этой книги дает авторски подчеркнутое представление о творческой эволюции писателя. Повести объединяются в диптики, на три.1. «Пролетели самолеты, промчались поезда» ( «Поющие барханы», «Огненная арба»); 2. «Великая степь»(«Сказание о матери Айпаре», «Камчигер»); 3. «Это было зимой»(«Крик», «Снежная девушка»). Завершает книгу главное, пожалуй, произведение- повесть «Человек-Олень». Это напоминает по ассоциации блоковскую «трилогию вочеловечения», символизирующую «чувство пути». У Бокеева- это и лирическая исповедь , и глубокий эпос, и путь пройденный вместе с героями в направлении света и надежды.

Запев его творчества- «Сказание о матери Айпаре» и «Камчигер».Это торжественное и скорбное отпевание Великой Степи, великой кочевой истории и культуры своего народа, реквием и гимн. Здесь сливаются традиции народного героического эпоса и горькой мудрости Абая. Вспоминая о страшном джунгарском нашествии, автор вместе с матерью тобыктинцев Айпарой плачет и негодует об утрате единства в своем народе, о его духовном оскуднении. «Наша степь, точно мать всех батыров,- последний приют и прощальная песня… У казахов хорошо растет скот, но не растут люди»… Как в «Слове о полку Игореве», здесь прямо говорится, что «свой не прав». Поэтому враги берут верх, а батыры, подобные Камчигеру, становятся барымтачами, вызывающими больше страх, чем почтение и обрекают себя на абсолютное одиночество.

Все это не просто дань типичной для писателей 60-х годов литературно-художественно

Любопытно, герои произведений настолько для писателя «свои», что их имена вынесены в подзаголовки многих повестей. «Поезда»-это Дархан, «Поющие барханы – Бархан, «Снежная девушка»-Нуржан, «Отголоски юных дней»- Нурлан.

В галерее таких героев , наконец возникает итоговая, символическая уже фигура Актана, по прозвищу Человек-Олень в одноименной повести 80-гг. Повествователь мотивирует это прозвище детской влюбленностью героя в оленей. Но все выглядит гораздо серьезней, чем наивная вера в красоту и свободу прекрасных животных. Жизнь обрекает Актана на духовное сиротство: отец вернулся с войны, но дома его так и не дождались, где-то он бесследно пропал, на попечении Актана немая от горя мать, любимый конь Белоглазый ,да брошенный жителями аул Аршакы, который он согласился охранять. Именно на почве одиночества и отчуждения у героев Бокеева возникает трудная дума о смысле жизни, «отдельного и общего существования». И разрешить эту думу оказывается можно только поступком, выбором в собственной жизни. Книги не помогают, потому что они несут не только Добро , но и Зло.

Актан прозревает постепенно, автор не упрощает сложного внутреннего и внешнего бытия. Нужно только пройти через смертельную схватку с человеком-оборотнем, хозяином ледяной пещеры- отомстить ему и за гибель своего отца. Нужно пережить искус платонической любви к библиотекарше Айгуль и грубый физиологический зов плоти к вдове, покойного друга, и, наконец потерять почти весь свой немудреный домашний скарб, а главное Белоглазого, чтобы принять решение- уйти с матерью в город, к людям. Эти потрясения , дела злобного проходимца Канна, даже вернули матери Актана речь. Сам же Актан наконец, прерывает свое отшельничество, т автор в «открытом» финале намекает на возможность обнадеживающего исхода в судьбе героя.

Кстати, в последних по времени повестях и рассказах Бокеева обнадеживающих финалов, счастливых разрешений трудных ситуаций становится значительно меньше. В художественно-онтологическом плане писатель перекликается не столько уже со своими казахскими современниками, патриотами и певцами уходящих из жизни традиций кочевья, сколько с такими писателями ХХ века, как А.Платонов, Э.Хемингуэй, Ч.Айтматов и др.

О.Бокеев был и остается жестким писателем, как правило избегающим идиллий и мелодраматических эффектов. Он и в советские времена старался смотреть правде в глаза, и это стремление проявлялось и в новое историческое время. О его прозе писали авторитетные казахстанские и московские критики. На русский язык переводили Ю.Домбровский, Г.Бельгер, А.Ким, Р.Сейсенбаев, Б.Момыш-улы, В.Мироглов. Пьесы его шли в театрах. Он уже был лауреатом многочисленных премий- Государственной РК, Ленинского комсомола Казахстана, имени Абая, Н.Островского,, издательств «Молодая гвардия» и «Жалын». Сборники повестей и рассказов О Бокеева охотно издавали в Москве…По произведениям Бокеева сняты художественные фильмы «Человек –олень»( режиссер Смагулов М., 1985г.), «Сайтан көпір»( режиссер Д.Манабаев, 1986г.), поставлен балет «Серый олень»( балетмейстер Б.Аюханов, 1986 г.). А он в интервью 1993 года, накануне гибели и в зените славы говорил : «Да, в ауле произошли большие перемены, хороши они или плохи, речь не об этом. Но я –то остаюсь прежним. Слава Аллаху, остаются глаза, которые по- сегодняшнему видят эти изменения, осталось неизменным чувство, способное донести всю правду. ..». В этом и выражалась его писательская позиция, чтобы всегда и во все времена говорить людям правду.



Произведения О.Бокеева


  • Бархан: Повесть /Пер. с каз. В.Панкиной // Дружба народов.- 1980.-№4.-С.125-153




  • Белый конь для Тортая…: Рассказы // Простор.- 2003.-№3.-С.40-48



  • Огненная арба : Роман // Простор.-1985.-№7.-С.




  • Поезда идут мимо: Роман, повесть .-Алматы: Жазуши, 1985.-400 с.




  • Поющие барханы: Повести.-М.: Сов. писатель, 1981.-342 с.




  • След молнии: Повести и рассказы.- М.: Мол. гвардия, 1948.-320 с., илл..-(Молодые писатели)




  • Снежная девушка: Повесть //Назарова О.В., Литвиненко В.В.Казахская литература:Учебник-хрестоматия.-Астана, 2007.-С.465-551



  • Табунщик: Повесть/ Пер. с каз. О.Мирошниченко //Дружба народов.-1984.-№6.- С.6-51




  • Человек-олень: Повести.-Алма-Ата: Жалын, 1987.-496 с.


Список литературы о творчестве О.Бокеева



  • Бадиков В. Не уходи, человек-олень: О О.Бокееве- писателе Казахстана. //Казахстанская правда.-2003.-11 октября.




  • Бадиков В. Превозмочь одиночество: 60-летию со дня рождения О.Бокеева. //Нива.-2003.-12.-с.96-102.




  • Бадиков В. Феномен судьбы Оралхана Бокеева. //Центральная Азия Монитор.-2006.-25 августа.




  • Букеев Оралхан //Казахская ССР: Краткая энц.Т.4.-Алма-Ата, 1981.-С.167-168




  • Букеев О. /Казахстан:Национальная энц.Т.1.-Алматы, 2004.-С.461




  • Оралхан Бокеев// Писатели Казахстана: Справочник.-Алма-Ата: Жазуши, 1982.-280 с.




  • Превозмочь одиночество :О.Бокеев //Бадиков В. Новые ветры: Очерки современного литературного процесса Казахстана.-Алматы, 2005.-С.306-316




  • Турбин В. Аул и мир: Рец. на повести О.Бокеева //Новый мир.-1982.-№ 12.-С.224-227

Подготовила: Макаренко О.М.



Информационно-библиографический отдел
Ответственная за выпуск: Нурпеисова К.Н.

Заведующая библиотечным комплексом

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет