Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия
Сынып сағаты
Тақырыбы : « »
8 «б» сынып
Өткізген:Әжібек Бағила
2023-2024 оқу жылы
Педагогтің аты-жөні
|
Әжібек Бағила Маратқызы
|
Күні:.
|
14.11,2023ж
|
Сынып: 8 Б
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Денсаулық – зор байлық»
|
Сабақтың мақсаты
|
Білімділік - жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушылық - сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Барысы: Ой ашар сұрақтары:
А) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
Ә) Тіс тазартатын құралдар?(тіс щеткасы мен паста)
Б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ(дене тәрбиесі)
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Денсаулық –зор байлық» деген тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
Тапсырмалар:
1. Денсаулықтың достарына нелер жатады?
2. Ұқыпты да әдемі азамат болу үшін адам денсаулығына не қажет?
3.Салауатты өмір салтын сақтау дегеніміз не?
4.Денсаулықтың қастары дегенді қалай түсінесіңдер?
|
Ширату жаттығуларын жасайды.
Сабаққа белсене қатысады.
|
«Ауызша мадақтау» әдісі. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.
|
нақыл сөздер,мақал-мәтелдер, қима қағаздар,суреттер.
.
|
Сабақтың ортасы
|
Денсаулық - жеке адамның басты байлығы.
Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты.
Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы.
-Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ .
|
|
Ауызша мадақтау» әдісі. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.
|
|
|
Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. - Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?
- Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек , деніміз сау болады. Әрдайым күліп жүруіміз керек Сендердің күлкілерің әдемі болуы үшін тісті күтуге байланысты ережелерді мұқият орындауымыз керек.
1. Тісті күніне екі рет тазалауымыз керек .
2. Тамақтан кейін ауызды шаю керек.
3. Ыстық тамақтан соңсуық нәрсе ішпеу керек.
4.Жаңғақты тіспен шақпау керек.
Сергіту сәті
Қорытынды сөз: - Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?(Денсаулық)
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?(Жаман әдеттен аулақ болуымыз керек)
- Сіздер, қандай азамат болып өсулерің қажет?(Дені сау, ақылды, білімді, адал болып)
- Балалар, олай болса, денсаулықтың достарын атайықшы.
«Кім тапқыр?»
Д - Дәрі шөптен, ақыл көптен.
Е - Емнің алды - еңбек.
Н - Негізгі байлық - денсаулық.
С - Саулық - байлық негізі.
А - Ас - адамныңарқауы.
У – Уланудан сақтан.
Л - Ластың досы - шыбын.
Ы - Ыдысы тазаның, ырысы таза.
Қ - қотыр қолдан жұғады.
|
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс
Wordwall платформасы бойынша кері байланыс жасайды.
https://wordwall.net/ru/resource/65593062
Балалар бүгінгі сабақта не білдік?
-Жарайсыңдар балалар!
Бүгін жақсы жұмыс жасадыңдар?
|
Кері байланыс жасайды.Оқушылардың жеке есімдері шығады,ауызша кері байланыс айтады.
Ватсап
|
ҚБ қойылады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |