Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Мағжан Жұмабаев атындағы гимназия
Сынып сағаты
Тақырыбы:«1 наурыз – Азаматтық қорғаныс күні»
Сынып: 7-сынып
Мұғалім: Қабыкенова Ботакөз
Қарағанды 2022
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға азаматтық қорғаныс туралы жалпы мағлұмат беру.
Мұғалім: Өзге жанды құтқару үшін өз өміріңді тәуекелге тігу оңай емес. Құтқарушының әрбір жұмыс күні ерлікке пара-пар. Дегенмен, бұл жерде көзсіз батылдықтан гөрі кәсіби біліктілік қажет.
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС –ХАЛЫҚТЫ, ШАРУАШЫЛЫҚ НЫСАНДАРДЫ, АУМАҚТЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАҢҒЫ ЗАҚЫМДАНУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЗАҚЫМДАНУ (ҚИРАТУ) ФАКТОРЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІНЕН, ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАН ҚОРҒАУ МАҚСАТЫНДА БЕЙБІТ ЖӘНЕ СОҒЫС УАҚЫТЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН ЖАЛПЫ МЕМЛЕКЕТТІК ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ.
Төтенше жағдай – белгілі бір аумақтағы апаттан адамдардың өлімі, олардың денсаулығына тигізген әсері қоршаған ортаға және халық шаруашылығы объектісі мен материалдық шығын және елді-мекен жағдайының нашарлауы (ҚР Азаматтық қорғаныс Заңының табиғи және техногендік характері 1 бап).
Табиғи (жер сілкіну, сел, көшкін, су тасқыны, табиғи өрт, эпидемия, ауылшаруашылық өсімдіктер мен орманның зиянкестермен аурумен бүлінуі).
Техногендік (өнеркәсіптік, транспорттық т.,б. апаттар, өрт, жарылыс, СДЯВ, РВ,БОВ тастандылары, ғымаратта мен құрылыстардың бүлінуі, өмірді қамтамасыз етіп отырған объектілердегі апаттар, плотиналардың бүлінуі).
Өрт Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.
Орманда жүргенде есіңізде болсын:
Қоқыс пен оттықты тастамаңыз; Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз; Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз; Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық өшіріп кетіңіз; Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз; Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп өртке айналуы мүмкін; Жаңа басталған өртті сумен, ағаштың жапырақты бұтақтарымен және топырақ тастау арқылы өшіріңіз, ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса, қайық және т.б. дайындау қажет. Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында, су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.
СУ - Құтқарушылардың тәжірибесіне сүйенсек, бақытсыздыққа көбіне балалар, мастар мен қатар денсаулығы дұрыс және жүзуді жақсы білетіндер де ұшырайды.Суға түскенде қандай жағдайларды жасамау керек: белгі қойылған жерден аспаңдар! рұқсат етілмеген жерде шомылмаңдар; балалар шомылғанда қараусыз қалдырмаңдар; шомылғанда камера, доп, тақталарды пайдаланбаңыздар; суда бұзықтық жасамаңдар; өтірік дабыл көтермеңдер;
өтіп жатқан кеме, катер мен қайықтардан секірмеңіздер; таныс емес жерде шомылмаңдар.
Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары мен өзін-өзі құтқару.
Әрбір адам төтенше жағдайға тап болуы мүмкін, мұз үстінде балық аулау, аңға шығу, шеру, мұз үстінде жүргенде, ұшақтар мен поездтар апатқа ұшырағанда т.б.
Қыс мезгілінде табиғат адамға аяныш жасамайды. Ол жеңілтектік, білімсіздік, ырықсыздарды қатты жасайды. «Мұзды аймақта» жарақат алу, адам өлімі, мұз астына түсіпкеткенде, далада қалып қою, ауыру т.б. Мұзда қалу жағдайында әр адам өзін құтқаруға дайын болуы тиіс, құтқару ережелерін, аман қалу жолдарырн, өзін-өзі құтқару амалдарын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.
Мұздың тығыздығы мен қауіпсіздік шаралары бір адам үшін қыс мезгілінде (-50 гардус) мұз қалыңдығы 4-5 см, екі адамға 8 см, 5-7 адамға 12-14 см қауіпсіз болады.
Ең қалың мұздың түсі көкшіл (не жасылдау) ауасыз (көпіршіксіз) болып келеді. Екі есе әлсіз- мұз, сүт түсті (қатты қардан соң) жарылмай-ақ сынады. Мұздыңүстімен аяқ астында майда жарықшақтар мен жәй дыбыс шығарғанда басқадай шаралар болмасы жүруге болады.
Ең қауіпті мұз: көктемгі күн жылына бастағанда, жаңбыр жауғаннан кейінге мұз ақ түске айналады, кейде сары түске енеді.
Күзде боран мен қардан кейінгі мұз үстімен жүруге болмайды. Қатты ағымды өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажат.
Қан қасымы ми жиілігі анықталмаған жағжайда жасанды түрде «ауыздан-ауызға» жасау қажет немесе бір мезгілде жүрегіне массаж жасау қажет.
Зардап шегушіні жағаға жеткізу түрлері:
Мұз үстіндегі жол ерекшеліктері.
Өз құрылымына қарай әр өзен, көлдер, мұз қатуы әртүрлі болады.
Тез ағатын, иірімді өзендердің жағалауынан алысырақ болу керек, себебі ортада мұз бүтін қалапта болады. Өзенге немесе жағалауға қардан таза жермен өту керек.
Қар көп жиналған жерде, жарларда, қамыс көп өскен жерде, ағаш жырғалардың қосылған жерінде, көл, өзендердің (су тез ағатын жерлерде) мұз жұқа болып қатады.
Суық күндері өзеннің, көлдің қатпай қалатын жерлерінен «бу» шығады. Көктемде мұз басқан бұталар мен қалың шөп өскен жерлер қауіпті.
Мұз үстінде жүру ерекшеліктері:
қатпаған мұз үстінде шықпаңдар;
мұз үстінде топ болып тұрамау керек;
мұз жарылған, шұңқыр жерлерге жақындамаңыз;
биік жардан шана, шаңғымен сырғанамаңыз;
мұз үстіне рұқсат етілмеген жерлерден өтпеңіз;
мұз үстіне қараңғы, нашар көрінетін кезде шықпаңыз;
өткел жоқ жерден мотоцикл, автокөлікпен жүрмеңіздер
Мұз үстінен жүру ережесі:
Мұздың толық қатпағанын білсеңіз, сырғилап жүріп, аяғыңызды жұмсақ жерге басқанда мұз қатпағанын білсеңіз тез қимыл жасаңыз. Шаңғымен жүргенде топ бірінің артынан бірі жүре отырып, аралап 5-6 метр болуы тиіс.
Топ басшысы тәжірибелі болуы тиіс.Топ басшысының құтқару жейдесі, ұзынтаяғы болуы тиіс. Жай жүрісте мұз тез сына қоймайды (секірмесең, жүгірмесең).Мұздың сынуына ондағы жарықшық, түсі бұзылуы, үстінде су пайда болуы әсер етеді. Мұндай жағдайлар байқалған жағдайда өзің келген ізбен тез артқа қайту керек.
Егер аяғыңыздың астында мұз жарылса:Мұндай жағдайда шу көтермей, салқын қандылық танытыңыз. Арқаңыздағы жүгіңізді түсіріп, келген ізіңізбен қайтыңыз. Егер де суға түсіп кетсеңіз, онда артық жүгіңізден арылыңыз. Су бетінде тұру үшін, мұз бетіне шығуға әрекет жасаңыз. Алдымен мұз бетіне бір аяғыңызды, кейін екінші аяғыңызды шығарыңыз. Дем алып, мұз жарылған жерден алыс кетуге тырысыңыз, бар даусыңызбен көмекке шақырыңыз.Егер сіз көмек көрсететін болсаңыз:Мұз жарылған жерге ішіңізбен еңбектеп, екі қолыңызды аяғыңызды етбеттеп жатып жетіңіз, болмаса тақта, не шаңғыға сүйеніңіз.Зардап шегушіге жақындап, оған арқанның, трос, белбеу, шарф т.б. лақтыру керек. мұз ойылған жерге дейін тақта, шаңғы, саты т.б.
Зардап шегуші сол заттарын біріне қолы жетісімен, жайлап еңбектеп өзіңе тарт.
Суға батушыға бір болмаса екі адам ғана болып көмектесе алады.
Мұз үстінде қалып қойғанда не істеу керек:
Шу көтермей, даурықпай, тыныштық сақтаңыз. Жағдайды анықтап, қасыңыздағы адамдарды тыныштық сақтауға шақырыңыз! Мүмкіндік болса 1-2 адм суға секіріп жағаға жүзіп барып, көмек шақырсын. Мұз үстінде қалғандар аспанға оқ атып, от жағып, дауыстап адамдардың көңілін өздеріне аударуы қажет.Құтқару құралдарын ағаштан, резина камераларынан, ұйықтайтын қапшық т.б. жасауға болады.
Автокөлікте келе жатып боранда қалсаңыз:
машинаның жалюзиін жауып, қозғалтқышын радиатор жағынан жабыңыз;
автокөлігіңізді қар ұрған жағына қойыңыз;қар астында қалмау үшін көлік айналасын қайта- қайта қардан тазалаңыз;пайдаланған газ шығатын трубаның қармен толып қалуын, сол газдың көлік ішіне кірмеуін қадағылыу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |