Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
«Болашақ» университеті
Жаратылыстану және спорт кафедрасы
5В011300-Биология мамандығына арналған
«Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан
жануарлар мен өсімдіктің түрлері » пәнінің
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Қызылорда – 2020 ж
Алғы сөз.
Пәннің қысқаша мазмұны:
Студенттерді зоология пәнімен таныстыру.
Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар олардың шығу тегін, дамуын қазіргі жағдайын жан-жақты зерттеу, биосферадағы маңызын талдау. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер морфологиясы, систематикасы, биологиясын түсіндіру. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер теориялық курс пен қатар практикалықта тәжірибе алады.
“Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер” пәнінің міндеті - жануарлардың сирек, түрлерінің систематикасын, таралуын, тіршілігін, тіршілік ортасымен байланысын және адам үшін маңызын көрсету.
“Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер” курсын игеру нәтижесінде студент:
Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер морфологиясын, негізгі өкілдерінің систематикасы мен эволюциясын; экологиялық жүйелердегі орны мен ролін; шаруашылықтық және кәсіптік маңызын білуі тиіс;
Алған білімін ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге; түрлердің биологиялық ерекшеліктерін екшелеуге, жануарлар әлемінің эволюциясындағы әртүрлі топтардағы жануарлардың маңыздылығын анықтауға қолдана білуі тиіс; ғылыми мәселелерді қоя білуге, лабораториялық және далалық жағдайларда зерттеу жұмыстарын іске асыруда жануарларды қорғау шараларын жүргізуді білуі тиіс.
Осы курсты оқып біткеннен кейін студенттер:
Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлардың және өсімдіктердің түрлерін, таралу аймақтарын, азаю себептерін, қорғау шараларын ұйымдастыруды, аулауға тиым салынған түрлер үшін заң тармақтарын білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |