Сырымбет селолық округінің әкімі
Д.Қ.Сүлейменовтың селолық округ тұрғындары
алдындағы есебі
Құрметті ауылдастар!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес елімізде әкімдер тұрғындар алдында есеп беруде.
Барлық деңгейдегі әкімдердің есепті кездесулері тұрғындармен өзара ақпарат алмасуды, округтегі әр елді мекен, аудан, облыстың өзекті мәселелерін бірігіп талқылауды қамтамасыз етеді. Округ тұрғындары осы есепті кездесулер елдегі болып жатқан өзгерістер туралы ақпараттар, орталық және жергілікті атқарушы органдардың тұрғындардың өмір сүру сапасының жоғарылауы мен жақсаруы жөнінде толық және жәнжақты ақпараттар алуға, жағдайларды сын көзбен қарастырып, оларды бүгінгі күннің шындығымен салыстыруға септігін тигізетінін айтады.
2009 жылы 6 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауын жолдады. Бұл жолдауда әлемнің экономикалық дағдарысын кері әсерлеріне әрекет ету, сонымен қатар алдағы кезеңге анық міндеттер белгіленуіне негізгі көңіл бөлінеді. Жолдауда елде дағдарыстың дамуы туралы сұрақтарға, жаңа қағидаттарда республиканың арықарай дамуына жағыдайдың қалыптасуына көңіл бөлінеді. Дағдарыстан өту, әлеуметтік-экономикалық жағыдайларының жағыдайлары – үкіметтің барлық орындаушы органдарының мақсаты. Президенттің алға қойған мақсаттары, және де өткен жылғы аудан әкімінің округтегі есепті кездесуінде айтылған ұсыныстары мен пікірлері бүгінгі менің баяндамамда Сіздердің назарларыңызға ұсынылады.
Сырымбет селолық округінің аумағы 78 767 га құрайды.
Селолық округке 10 елді мекен кіреді, 2010 жылдың 1 қаңтарына округтегі тұрғындар саны - 2 461 адам.
Аграрлық салада 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, 15 шаруашылық қожалықтар бар. Олардың егістік көлемі 26 740 гектар. Биылғы жылы барлық шаруа қожалықтары бітік егін өсіріп, сапалы өнім алды.
«Лето» ЖШ басшысы Романов М. Гектарынан 22 центнерден дән алды; «Сырымбет-1» ЖШС іс басқарушысы Молдакулов К.З., бас агроном Токушев Е гектарынан 21 центнерден дән соғып, ең биік көрсеткішке жетті. «АиК Агро» ЖШС басшысы Абакумов А.Е., - 17 центнерден дән алды.
Тұрақты өнім алуға құрамында глифосат бар гербицидтері еңгізу арқылы дымқыл шикі зат жинақтаушы жаңа технологияны қолдану, машина – трактор паркін жаңарту септігін тигізеді. 2009 жылы «АиК Агро» ЖШС-де лизингке жаңа егіс егу кешені сатып алынды. «Лето» ШҚ жаңа тұқым тазалайтын қондырғы алды
Ірі қара мал саны негізінде округ тұрғындарында шоғырландырылған. Қара мал санын көбейту үшін алдымен фермерлік шаруашылықтар мен тұрғындардың жеке меншік шаруашылықтарының дамуына жағдай жасау, жемдеу базасын нығайтып, іріктендіру, табынды қайта жаңарту қажет.
2008 жылы ауылшаруашылықты қаржылай қолдау қорынан біздің округ тұрғындарына мал сатып алуға 3 несие бөлінді.
Барлық ауылшаруашылық құрылымдар селолық округтің әлеуметтік өміріне де көмек көрсетуде. Дауқара селосының жеке тұлғалар күшімен және де «Сырымбет-1» ЖШС, «АиКАгро» ЖШС, «Лето» көмегімен Дауқара –Сырымбет трассасы, Сырымбет ішінде және Уалиханов усадьбасына баратын қашықтығы 35 км болатын жолға жөңдеу жасалынды. Жаз бойы округте шаруашылық субъектілер, мектеп, СВА, мұражай жұмысшыларының қатысуымен жексенбіліктер өткізілді. Әр жұма сайын тазалық бейсенбі өткізілді, ескерткіштер территориясы жаңартылды. Сырымбет орта мектебі ,СВА, мұражай, селолық округ қоршауларын сырлау жұмыстары жүргізілді және де Сырымбет орта мектебі территориясында корт және спорт алаңының қоршаулары сырланды. «Сырымбет -1» ЖШС іс басқарушы Молдакулов К.З. Шолақөзек селосында тереңдік су РСВ-10 насосы алынып орнатылды -80 мың теңгеге. Егіндіағаш-Шолақөзек, Междуозерное,Качиловка-Сулыкөл жол учаскесінде түзетулер жүргізілді. ШҚ «Ақбай» басшышы Бекбаев Ж.Т. Егіндіағаш мектебінің жүйесін жөндеуге көмектесті. Тұрғындарды жем-шөппен қамтамасыз ету мәселелерімен «Сырымбет 1», «АиК Агро», «Арай» серіктестіктері айналысады.
Округте 7 дүкен және 5 үйдегі сату орыны бар.
Сырымбет селосында жақында «Билайн» ұялы байланысының антеннасы қойылып іске қосылды және радиотелевизиондық станциясының антеннасы қойылды, ол 2010 жылдың басында іске қосылады.
Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету 15 су құбырымен және 3 құдықпен қамтамсыз етіледі, су сапасы стандарттаға сәйкес.
Әлеуметтік игілікті қамтамасыз ету өмір сүру сапасын арттырумен, сондай-ақ еліміздің адам ресурстарын ұлғайтумен қатар жүргізілуге тиіс. Еліміздің ғылыми, білім беру және денсаулық сақтау кешендерінің басты мұраты осы.
Округімізде 3 орта мектеп, 1 негізгі мектеп, 4 бастауыш мектеп жұмыс жасап жатыр. Сырымбет орта мектебінің жанында мектеп интернаты жұмыс істейді. Сырымбет орта мектебінде 15 балаға шағын орталығы ашылды және де фойе мен интернат бөлмелерінде ағымды жөндеу жүргізілді, ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбырын қазу жұмыстары жүргізілді, 3,5 млн теңгеге жаңа биология кабинеті алынды. Дауқара орта мектебінде шатыр жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орта мектеп оқушылары БҰТ жақсы нәтиже көрсетті, аудандық және облыстық олимпиадаларға қатысады. Қарағамыс орта мектебінің түлегі Шалахаева Құнайым «Алтын белгіге»ие болды. Өткен жылғы аудан әкімінің округтегі есепті кездесуінде айтылған ұсынысы орындалды. Интернат оқушыларына 10 орындық «УАЗ» автокөлігі бөлінді.
2008 жылы Сырымбет орта мектебінің жылу беру жүйесіне 3,9 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Дауқара және Сырымбет орта мектептерімен қазіргі заманға сай 8,9 млн.теңгеге физика және мультимедиалық кабинеттер сатып алынды. Бұл мектептердің оқушылары Ұлттық бірыңғай тестілеуде жақсы нәтижелер көрсетуде, аудандық және облыстық байқауларға қатысады. 2008 жылы Сырымбет орта мектебі Ұлттық бірыңғай тестілеуде 73,6 балл, Дауқара орта мектебі - 69,8 балл көрсетті.
Сондай-ақ округте селолық дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 фельдшерлік пункт жұмыс істейді, денсаулық сақтау қызметкерлерінің округтің елді мекендеріне шығу кестесі жасалған. 2009 жылы айнаға түсу үшін аудан орталығына бару ұымдастырылды, 2009 жылы жылжымалы ренгентқондырысы әкелінді. Қазіргі мәселе – учаскелік дәрігердің жоқтығы.
Селолық округінің аумағында 4 мәдени мекеме жұмыс істейді: Демалыс орталығы, Ш.Уәлиханов атындағы тарихи-этнографиялық мұражай, 2 кітапхана – Сырымбет және Дауқара селоларында. Сонымен қатар округте мемлекеттік қорғауға алынған «Айғаным» қонысы орналасқан. 2008-2009 жылдары республикалық бюджеттен «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Айғаным» қонысының күрделі жөндеуіне 33,0 млн.теңге қаржы бөлінді. 2008 жылы - 16 млн. және 2009 жылы - 7 млн. теңге және де мұражай жылу беру жүйесін жөндеу жұмыстары жүргізілді, терезелер ауыстырылды және өрт сөндіру дабылқаққышы - 6 млн. теңгеге орнатылды.
Селолық округ аймағында «Халық» атағын алып жүрген 2 ұжым –Дауқара домбыра ансамблі және «Ажар» би ансамблі өз жұмысын іске асыруда.
Селоның мәдениет өмірінің маңызды оқиғасының бірі – «Ажар» халық билері ансамблінің аудан орталығында есептік концертінде «Халық» атағын ақтады. Өткен жылы Сырымбет селолық округі аудандық көркемөнерпаздар байқауында 15 селолық округ ішінде нәтеже бойынша 2 орынға ие болды. 2009 жылдың 22 наурызда Сырымбет селосында «Наурыз – мейрамы» мерейтойы өтті, соған округтің барлық ауыл тұрғындары шақырылды. Бұл тойда бірнеше сайыстар өткізілді. Олар: күрес, тоғыз қүмалақ, шахмат пен шашка.
Бірнеше кигіз үйлер тігілді, онда ең жақсы «кигіз үй» байқауы өтті. Салтанатты шараның демеушілері:«Сырымбет-1»,«АиК Агро»,«Арай»
серіктестіктері,«АСКА»,«Лето»,«Ұлан»,«Ақсұлтан»қожалықтары.
ЖШС «Сырымбет1» «Демалыс орталығына» 22мың теңгенің
«Музыкалдық центрін» сыйлады. Жыл сайын мемлекеттік мерекелерге орай селолық округтің барлық елді мекендерінің қатысуымен спорттық шаралар өтіп тұрады.Сырымбет селолық округ командасы 2009 жылдың шілде айында Украин селолық округінде болған «Ақбидай» аудандық жазғы мерекесінде халық спортының 13 ойынының бағдарламасында 3 орынға ие болды. 2009 жылдаң 18 қазанда Дауқа ауылында Сердалина Қ.Қ. естелігіне арналған «Қазақша-Күрес» бойынша ауданда сайыстар өтті. ҚР тәуелсіздік күніне арналып Сырымбет селосында волейбол бойынша мемлекеттік қызметшілер және кәсіпорын жұмысшылар арасында сайыс өтті.
Селолық округте соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге және мүгедектерге көп көңіл бөлінеді. Сонымен 3 ауғаныстан ардагерлеріне сыйлықтар мен 38 мың теңгедей ақшадай қаражат берілді және мерекелік концерттік бағдырлама өткізілді. Соғыс, еңбек ардагерлерін, қарттарды округ ұйымдарында құрметтеу салтқа айналды. 9 мамырда және 1 қазанда Сырымбет селосында округтің барлық елді мекендерінің соғыс ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін және зейнеткерлерін құрметтеу шаралары өтті. Демеушілер: Сырымбет орта мектебі, ЖШС «Сырымбет -1»,ШҚ «Ақбай», «Көкшетау» ҚУТП ММ Айыртау филиалы,Сырымбет мұражайы және Сырымбет селолық округінің аппараты. Қарттар өмір сүру жағдайы жақсартылғанын, жыл сайынғы зейнетақы, әлеуметтік төлемдердің, балаларға жасалатын көмек көрсетілімдері өлшемдерінің көбеюі - мемлекеттің әлеуметтік қорғауы және барлық әлеуметтік топтарға көрсеткен қолдауы.
Жыл басынан 1желтоқсанға дейін14 жанұя, ол 57 адам атаулы әлуметтік көмек сұрады, оларға 305,6 мың теңге төленді. Сондай-ақ
1-4 квартал бойынша 8 жанұяға, яғни 32 адамға тағамдардың қымбатталуына байланысты 169,5 мың теңге ақшалай көмек көрсетілді. 18 - жасқа толмаған баласы бар 140 жанұядағы 338 балаға 3 миллион 793 мың 400 теңге қаржылай көмек берілді.
2009 жылы 31 желтоқсанға дейін жергілікті бюджетке салық жинау жоспары 100 % құрады.
Өткен жылы аудан әкімінің есепті кездесуінде округ тұрғындарынан 3 ұсыныстар мен пікірлер түсті, ал селолық округ әкімінің кездесуінде 17. Барлық ұсыныстар мен пікірлер орындалды
Құрметті ауылдастар!
2010 жылы округ тұрғындарының өмірін жақсарту мәселелері бойынша бірқатар жұмыстар істеу қажет. Қорытындылай келе алға қойылған әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси жаңарту мәселерін түгелдей шешеміз. Қазақстан әлемдегі ігілікті, берекелі елдердің қатарында болатындығына сенімдіміз деп айта аламын. Бүгінгі бізге керегі – бұл бірлік пен келісімдік, жаңа бастамаларға ұйтқы болу және білім, еңбек пен жауапкершілік.
Тыңдағандарыңызға рақмет.
Достарыңызбен бөлісу: |