Еңбек психологиясының пәні мен міндеттері. Еңбек психологиясы
еңбек пен еңбекші туралы ғылыми білімнің саласы, оқу пәні және мамандық
ретінде. Қазіргі еңбек психологиясының негізгі бөлімдері. Еңбек
психологиясының психологиялық
ғылымның басқа салаларымен, басқа
ғылымдармен және пәндермен байланысы. Еңбек психологиясының «алтын
ережесі».
2-ші тақырып. Еңбек іс-әрекетін психологиялық түсіну
Психологиядағы «іс-әрекет», «еңбек» категориялары. Еңбектің
философиялық және психологиялық мағынасы (К.Маркс, Э.Фромм,
А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн). Еңбектің
психологиялық реттеушілері
(Е.А.Климов бойынша). Еңбек объектісі мен субъектісінің бейнесі. Еңбектің
психологиялық белгілері (В.А.Толочек бойынша).
3-ші тақырып. Тұлғаның жекедаралық-типологиялық
ерекшеліктері мен кәсіби маңызды қасиеттері, олардың динамикасы
Жұмыскердің жеке қасиеттері мен жеке-дара жұмыс стилі. Кәсіби
маңызды қасиеттер мен қабілеттер. Жеке іс-әрекет стилі субъекттің кәсіби
маңызды қасиеттерінің интеграциялану тәсілі ретінде.
Адамды еңбек
субъектісі ретінде бағалау. Адамды ұйымның әлеуметтік-кадрлық саясатының
объектісі ретінде бағалау. Еңбек субъектісінің кәсіби маңызды қасиеттеріне
қойылатын талаптардың динамикасы.
4-ші тақырып. Тұлғаның өзін-өзі кәсіби анықтауы және кәсіби
мансап
Өзін-өзі кәсіби анықтау адамның белсенділігі
мен өмірлік жолын
құруы тәрізді. Адамның өзін-өзі анықтауы және қоғамның санасындағы
«адамның психологиялық портреті». Тұлғаның
кәсіп таңдауға дайындығы
және кәсіби өмір жолы. Дамудың нақты қарама-қайшылықтарының жүйесі
және өзін-өзі кәсіби анықтау жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары. Өзін-өзі
кәсіби актуальдандыру. Өмірді кезеңдендіру және кәсіби мансап.
Достарыңызбен бөлісу: