Сүйектің химиялық құрамы. Сүйектің макро- және микроскопиялық құрылысы



Дата03.12.2023
өлшемі18.34 Kb.
#485307
түріҚұрамы
Зертхана Сүйек


1 зертханалық жұмыс
Сүйектің химиялық құрамы.
Сүйектің макро- және микроскопиялық құрылысы.
Жұмыс барысы: табиғи және өзгертілген сүйектің микроскопиялық және макроскопиялық құрылысын зерттеу негізінде сүйектің химиялық құрамы мен құрылымның әртүрлі құрамбөліктерінің рөлдерін анықтау.
Құрал-жабдықтар: сүйек ұлпасының микропрепараттары, сүтқоректі жануарлардың араланған жалпақ және түтік тәрізді сүйектері, жануарлардың күйдірілген және кальцийсіздендірілген сүйектері (мысалы, тауықтың); препараттық ванна немесе табақ.
Жұмыс барысы

  1. Араланған сүйектің макроскопиялық құрылысын қараңдар. Мынадай элементтерді анықтаңдар:

  • тығыз сүйек заты;

  • кемікті зат – оның пластиналары қай бағытта орналасқанына назар аударыңдар;

  • сүйекқапты табыңдар. Оның қабатын тығыз затпен бөлуге бола ма?

  • Сүйек басынан гиалинді (тегіс шеміршекті) табыңдар;

  • қуысты – сары сүйек кемігін табыңдар;

  • зерттелетін сүйек типтерін анықтаңдар.

  1. Сүйектің микроскопиялық құрылысын қарап, танысыңдар. Мынадай элементтерді анықтаңдар:

  1. Сүйектің үш: күйдірілген, кальцийсіздендірілген және өзгертілмеген (табиғи) типтерінің қасиеттерін көрнекі түрде зерттеңдер.

  • Барлық үш сүйекті созып көріңдер. Кальцийсіздендірілген сүйек қандай қасиетке ие?

  • Барлық үш сүйекті иіп көріңдер. Күйдірілген сүйекті игенде не болады? Ол қандай қасиетке ие?

Зерттеу жүргізу барысында алынған мәліметтерді кестеге толтырыңдар. Сүйектің қасиеттері неге өзгергені туралы қорытынды жасаңдар.



Сүйек типтері

Созу

Ию

Құрамының өзгеруі

Алынған нәтиже себептері

Қалыпты













Кальцийсіздендірілген













Күйдірілген














Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет