Сабақтың тақырыбы: Отбасы күні Оқу мақсаттары



Дата08.04.2024
өлшемі0.55 Mb.
#498003
түріСабақ
3-сабақ. Отбасы күні




Мұғалімнің аты-жөні:

Жексенбаева АК

Пән/Сынып:

Қазақ тілі, 9 б

Күні:

4-9,04,2024ж

Тарау немесе бөлім атауы:

11-бөлім: Жаһандық мәселе: демография.

Сабақтың тақырыбы:

Отбасы күні

Оқу мақсаттары:

9.1.3.1 – әлеуметтік қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну
9.2.5.1 – сөйлеу барысында түрлі стильде берілген тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды қолданып,диалогте,полилогте сенімді сөйлеу

Сабақ мақсаттары:

Тыңдалған шығармаларда көтерілген мәселені анықтайды;
Мәселеге қатысты өз пікірін білдіреді, бағалайды;
Сөйлеу этикет формаларын дұрыс таңдай біледі.



Бағалау критериі:

Тыңдалған мәтіннің мәселесін анықтайды;
Мәселеге қатысты өз пікірін білдіреді, бағалайды;
Сөйлеу этикетін дұрыс таңдай алады.

.


Саралап оқыту тапсырмалары







Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны



Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар




Ұйымдастыру

Сәлеметсің бе?
9-сыныптың қазақ тілі пәніне қош келдіңіздер!
Сабағымыздың тақырыбы: «Отбасы күні»
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
• Отбасы күні
Сенің меңгеретінің:

  • мәтін мазмұнын түсінесің;

  • мәтіндегі астарлы ойды анықтайсың;





Видео-аудио суреттер, кесте, диограмма, презентация, электронды құралдар, т.б.




Жаңа сабақ

Балалар, мына суреттерге көңіл аударыңдар. Суреттен кейін сендерге қандай ой келеді?














































Жаңа сөздер

  • Бойдақ - холостой

  • Жағдай - ситуация

  • Ұдайы - постоянно

  • Туу - родить

  • Тоқырау - застой

  • Жетім - сирота













Мәтінмен жұмыс

Отбасы күні “ туралы мәтінді толық тыңда.
«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы заңға» сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығы бойынша қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып бекітілді. Мұндағы мақсат-отбасылық құндылықтарды нығайту. Отбасы адамға бақыт, толыққанды тыныс-тіршілік әкеледі. Адамдар қоғамда тіршілік етеді. Ал қоғамның ең кішкентай бөлшегі- отбасы. Сондықтан отбасы қоғамның іргетасы саналады. Отбасы – адамдардың туып-өсетін, тәрбие көріп, жетілетін ұясы. Бұл ұя - үлкенді-кішілі мүшелерінің өмір мектебі. Олар бір-бірінің білімі мен тәжірибесінен пайдаланады. Бұл өмір бойы жалғасады.
Соңғы кездері қоғам рухани құндылықтардан алыстап барады. Ол отбасының беріктігіне әсер етуде. Отбасының бұзылуына есірткі тәуелділігі, маскүнемдік, құмар ойындары да кері әсер етуде. Еуропа елдерінің экономикалық жағдайы жоғары. Соған қарамастан қоғамда егде жастағылар мен бойдақтар көбейіп, жастарының отбасын құрғысы келмейтіні , дүниеге бала әкелуді қаламайтыны жиі айтылып келеді. Туылған бала саны ұдайы кемуде. Жетімдердің саны да өсті. Бұлардың себебі рухани құндылықтардан жұрдай, өзін жоғалтқан адамдардың көбеюінде.












Оқу тапсырмасы

Берілген сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендір.



Қазақстанда «Отбасы күні»

тіршілік етеді.

Мұның мақсаты

отбасы.

Адамдар қоғамда

туып, тәрбие алады.

Қоғамның ең кішкентай бөлігі

отбасылық құндылықтарды
нығайту

Отбасында адамдар

тойланады.
















Өзіңді тексер



Қазақстанда «Отбасы күні» тойланады.

Мұның мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту.

Адамдар қоғамда тіршілік етеді.

Қоғамның ең кішкентай бөлігі – отбасы.
Отбасында адамдар туып, тәрбие алады.














Айтылым.Тапсырма
«Отбасы» тақырыбына қатысты мақалдардың жалғасын тауып айтыңдар.


ұстазы

ағасы

ананың

бала

мазар

інісі

ата

баланың

базар

сыншы





  • Баланың бас ... ата-ана.




  • ... бардың тынысы бар,

... бардың жағасы бар.



  • ... – баланың қорғаны.




... көңілі далада.



  • ... ананың бауыр еті.




  • Балалы үй ...

Баласыз үй қу ...



  • Ата балаға ....














Өзіңді тексер

  • Баланың бас ұстазы ата-ана.




  • Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.



  • Ата – баланың қорғаны.




  • Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.



  • Бала -ананың бауыр еті.




  • Балалы үй базар,

Баласыз үй қу мазар.

  • Ата балаға сыншы.

Тапсырма. “Менің отбасым” тақырыбы бойынша диаграмма толтыр.
















Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет