Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 4 тестік сұрақтан тұратын екі мәнмәтіндік тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.
Сұйытылған табиғи газ
Күнделікті өмірде, өнеркәсіпте және көлікте қатты отын қазандықтары үшін ұзақ уақыт бойы отынның негізгі түрі ретінде меншікті жану жылуы 30 МДж/кг болатын тас көмір болды.
1972 жылы Еуропада алғаш рет сұйытылған табиғи газды (бұдан әрі - СТГ) өндіру басталды. СТГ, негізінен метан мен бутан -1600С температурада жасанды салқындату арқылы өндіріледі. Бұл тасымалдау мен сақтау үшін қолайлы. Өйткені сұйылту кезінде газ көлемі шамамен 600 есе азаяды.
Жарты ғасыр бойы СТГ өмірдің барлық дерлік салаларын бағындырды: тұрғын үй-жайларды жылытуға арналған отын, жылу электр станцияларына арналған отын, әртүрлі жабдықтарға арналған отын, соның ішінде автомобильдерде. Мұндай СТГ тығыздығы 0,5 кг/м3 орташа мәнге ие. Жүргізушілер үшін басты артықшылық – газдың бағасының арзандығы.
1. Сұйытылған табиғи газды (СТГ) жанғанда 8300 ккал жылу энергиясын бөледі. Ол сәйкес келеді (1 ккал = 4200Дж):
A) 34.9 МДж
B) 83 кДж
C) 83МДж
D) 34,9 кДж
E) 42,5 МДж.
2. Егер үй-жайларды жылыту үшін 30 кг қатты отын жұмсалса, жану кезінде көмір қанша энергия бөледі?
A) 1 МДж
B) 900 МДж
C) 450 МДж
D) 60 МДж
E) 15 МДж.
3. СТГ-бен жұмыс істейтін көлік әрбір 100 км-ге 15 литр газ жұмсайды. Астана мен Қарағанды қалалары арасындағы қашықтық 213,6 км екенін біле отырып, жолға қанша көлемде газ қажет екенін есептеңіз.
А) ≈ 64·10-3 м3
В) ≈ 32·10-3 м3
С) ≈ 3,2·10-3 м3
D) ≈ 6,4·10-3 м3
Е) ≈ 0,64·10-3 м3.
4. Астана-Қарағанды жолына жұмсалған табиғи газдың мөлшерін пайдаланып, 0° температурада алынған судың қанша мөлшерін қайнатуға болады?
(ρтабиғи газ=0,5·103 кг/м3, qтабиғи газ= 44·103 Дж/кг, ссу=4,2 кДж/кг·°С)
A) ≈ 1,3 т
B) ≈ 1,7 т
C) ≈ 2,7 т
D) ≈ 3,7 т
E) ≈ 0,7 т.
Автомобильдер.
Берілген кесте бойынша тапсырмаларды орында
Автомобиль маркасы
|
Масса,
тонна
|
Максималды жылдамдық, км/сағ
|
Қуат , кВт
|
Жылдамдату уақыты 100 км/сағ, сек дейін
|
Toyota Camry
|
1,570
|
210
|
126
|
9
|
BMV
|
1,485
|
250
|
96
|
5,3
|
Камаз
|
10,300
|
165
|
750
|
42
|
Газель
|
1,800
|
115
|
84
|
38
|
Ferrari
|
1,365
|
350
|
490
|
3,4
|
1. 42 секундтан соң Камаздың жылдамдығын тап
A) 100 м/с
B) 30 м/с
C) 27,8 м/с
D) 23,3 м/с
E) 16,5 м/с.
2. Камаздың үдеуі Ferrari үдеуінен қаншаға аз ?
A) 11.2
B) 7,52
C) 8,84
D) 9,02
E) 10,84.
3. Камаз 20 м/с жылдамдықпен қозғалды. Бағдаршамның қызыл түсі жанды. Егер Камаз 4 секундта тоқтаған болса, оның тежелу жолын анықта.
A) 33 м
B) 42 м
C) 11 м
D) 75 м
E) 27 м.
4. Toyota Camry және Газель бір-біріне қарай 10 және 15 м/с жылдамдықпен қозғалады, бір-бірімен серпімсіз соқтығысады. Соқтығысқаннан кейін Газельдің жылдамдығы қандай? Toyota Camry оң бағытта келе жатыр деп есептейік.
A) 4,5 м/с
B) -8 м/с
C) 3,7 м/с
D) 8 м/с
E) -3,4 м/с.
Достарыңызбен бөлісу: |