Ґскемен ќалалыќ јкімдігініѕ А



Дата12.12.2022
өлшемі71 Kb.
#467139
эссе


Шәмші Гүлсім Жолбарысханқызы
Математика пәнінің мұғалімі
№39 «Асықата» жалпы орта мектеп
Жетісай ауданы,
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ РӨЛІ

Қазіргі XXI ғасырда ғылым мен технология жетік дамыған. Табиғат құбылыстары және оның заңдары осы күнге дейін адам баласын ойландырып, толғандырып, анықталмаған, сыры ашылмаған дүниелерге ақиқаттың түбіне бар сана-сезімімен, білімді де тәжірибелі ақыл-ой парасаттылығымен жетуі әрқашанда үлкен жетістік болып табылады.


Қазіргі уақытта Қазақстан тек білім жүйесінде де жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс.
Стратегиялық проблемалар жөніндегі мамандар қашықтан оқыту формасын XXI ғасырдың білім беру жүйесі деп атап жүр. Бұл күні оған үлкен мән беріліп отыр. Бұрын технологияларға бағытталған қоғамдық прогрестің нәтижелерінің бүгінде ақапараттық аймақта орталықтандырылып жатқаны қашықтан оқытудың маңыздылығын арыттырды. Информатика дәуірі басталды. Оның қазіргі мезгілдегі даму кезеңін телекоммуникациялық деп сипаттауға болады. Бұл ақпарат пен білімнің қатынас аймағы. Кәсіби білім тез ескіретіндіктен оны тұрақты түрде жетілдіріп отыру керек. Қашықтан оқыту формасы бүгінде, уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. Одан басқа, қашықтан оқыту жүйесі әлеуметтік жағдайына (оқушыға, студентке, азматтар мен әскерилерге, жұмыссыздарға ...) қарамастан және еліміз бен шет елдің кез-келген ауданында тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді. Ел азаматының білім алу құқығын қамтамасыз етуде және қоғам қажеттілігін өтеуде, тек осы жүйе мейлінше тиімді әрі икемді. Жоғарыда айтылған факторларға сүйеніп айтқанда, мамандарды дайындау мен олдардың жоғары квалификациялық деңгейін ұстап тұруда қашықтан оқыту XXI ғасырдағы ең әсерлі жүйе болып табылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Информатика – техниканың дамуындағы негізгі ғылымдардың бірі.
Технология – ғылымның практикалық қолданылуы. Қазіргі заманда дүниежүзінің негізі технология. Ол адамның сана-сезімімен, білімді де тәжірибелі ақыл-ой парасаттылығымен жеткен үлкен жетістігі. Яғни ғылым, прогресс болып табылады.
Болашақта ғарышты игеру, адам баласының өмір сүру ортасын кеңейту, дәлірек айтқанда, экологиялық мәселелер шешіліп, информатиканың қыр-сырлары ашылады. Сонымен қатар, әлі шешілмеген мәселелер тарапында қашықтықтан оқытуды тиімді пайдалансақ, біз көптеген жағымсыз жағдайлар мен қиын тақырыпты мәселелерді жеңілдетер едік. Ал білім саласындағы жаңа коммуникациялық технологиялар түсінігі компьютерлік техника және электрондық анықтамалық жүйелері мен адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен пайда болады. Оны оқыту әдіс-тәсілі уақыт талабына сай өзгеруде. Қазіргі уақытта дидактикада инновациялық оқыту кеңінен қолдануда, сондықтан қашықтан оқыту маңызды рөл атқарады.
Зерттеудің объектісі. Ғылыми жұмыстың зерттеу объектісі ретінде жаңа коммуникациялық технологияда, оқыту прцесінде қолданылатын жаңа әдістердің бірі қашықтан оқыту
Зерттеудің пәні. Зерттеу пәні ретінде қашықтан оқытуды қолданылу аймағы болып табылады
Зерттеудің мақсаты. Білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру.
Зерттеудің міндеттері. Ғылыми зерттеу жұмысының алдына қойған мақсатына сәйкес келесі міндеттер айқындалды:

  • Қазіргі заман техникасында қолданылатын қашықтықтан оқыту зерттеу, пайдаланылу аймағын анықтау

  • Ақпараттық құралдарды зерделей отырып, мамандармен бірлесе отырып, қашықтықтан оқытудың әдіс-тәсілін анықтау

  • Қашықтықтан оқыту дың маңызы мен рөлінің пайдасын дәлеудеу

  • Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттер бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;

  • құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;

  • Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып,шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
- Қашықтықтан оқыту маңыздылығы, қолданылу аймағының анықталуы
- Телекоммуникациялық технологияларды пайдалану, қашықтан басқару
- Қосымша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттей отырып, қашықтан оқыту мүмкіндігін пайдаланып, өздігінен қосымша білім алуға болады деген тұжырымға өзіндік тұрғыдай ой қосуға талпыныс жасадым.
Қашықтықтан оқыту технологиясын дамыту мен тарату білім жетілдірудің бұрынғы дәстүрлі жүйесіне елеулі өзгерістер енгізілуі. Оқу ақрпаратын шалғайдағы елді мекендерге жеткізуде қашықтан оқыту технологиясын қолданудың ерекше маңыздылығының бар болуы. Қашықтан оқитындардың құрамына біріншіден физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар, оларды күтушілер, яғни бірыңғай үйде отыратын адамдар, денсаулығына байланысты күндізгі оқу сабақтарына қатыса алмайтын оқушылар оқи алады. Екіншіден жоғары, арнайы оқу орындарында аз шығынмен неғұрлым көп адамдар оқыта алу. Үшіншіден адамдар тұрғылықты жерін ауыстыруына немесе өміріндегі әр түрлі өзгерістерге қарамастан білім алуды жалғастыра алады. Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы оқулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.
Оқыту процесінде қолданылатын жаңа әдістердің бірі қашықтан оқыту әдісі болып табылады.
Қашықтан оқытуға көптеген ғалымдар анықтама берген сол анықтамаларды жинақтай келе «Қашықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашыктықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы» деген анықтамаға тоқталдым.
Қашықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу. Қашықтан оқыту мұғалімнің біліктілігін көтереді, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады, ата-аналардың жаңа технологияға көзқарастарын өзгертеді.
Түрлі статияларды салыстыра отырып, қашықтан оқыту – бұл әдеттегі күндіз немесе сырттай оқудан көп айырмашылығы мен артықшылығы бар оқытудың жаңа, арнайы формасы. Ол оқушы мен мұғалімнің, оқушылардың өзара қарым-қатынынасының өзгеше формасын, өзгеше оқу құралы мен әдістемені, оқытудың ұйымдастыру өзгеше түрін ұсынады. Сонымен қатар оның құрамы кез-келген оқыту формасында, кез-келген оқыту жүйесінде бар компоненттерден; оқытудың барлық түрінде, әлеуметтік қажеттілікті өтейтін мақсаттардан; оқу орнының түріне қарай қолданыстағы программаларды қамтиытын мазмұннан; әдістемелерден, ұйымдастыру формасынан, оқу құралдарынан тұрады.
Қашықтан оқыту формасының соңғы үш компоненті қолданыстағы технолгиялық негіздерге (мысалы, тек компьютерлік телекоммуникацияға, баспа құралымен, компакт-дискімен, кейс-технологиямен жабыдықталған компьютерлік телекоммуникацияға) қарай айрықшаланған.
Сырттай оқу мен қашықтан оқуды шатастырмау керек. Олардың басты айырмашылығы сонда, қашықтан оқытуда жүйелі, әрі әсерлі интерактивтік оқыту қамтамасыз етіледі. Қашықтан оқытуды оқудың жаңа бір формасы деп, тиісінше қашықтан білім беруді (оқыту нәтижесі сияқты, жүйені де, процестің өзін де) білім берудің жаңа формасы деп қарастыру керек. Әрине, оны басқа оқу жүйелеренің жетілдірілген түрі деп қарауға болмас. Қашықтан оқыту да күндізгі оқытудағыдай мазмұн мен мақсаттар негізінде құрылады. Бірақ, материалды беру түрі мен мұғалім – оқушы, оқушының өзара қатынастары басқаша болады. Қашықтан оқытудың дидактикалық принциптері де (ғылымилық, жүйлеік және жүйелілік, белесенділік принциптері, дамыта оқыту, көрнекілік, оқытудың дифрененциалдығы мен жекелей оқыту принциптері т.с.с) күндізгі оқуыдағыдай. Бірақ, Интернеттің ақпараттық ортасының және оның қызметінің мүмкідіктеріне байланысты, қашықтан білім беруді жүзеге асыру ерекше болады. Осылайша, бір жағынан қашықтан оқытуды жалпы білім беру арасында (үздіксіз білім беру жүйесінде), оның кейбір жақтарының ерекшеліктерін ескере отырып қарастыру керек. Басқаша жағынан, қашықтан оқуды жүйе және процесс ретінде айыра білу керек. Қашықтан оқыту – процесс. Қашықтан оқу – жүйе. Басқа да оқыту формалары сияқты, қашықтан оқыту да педагогикалық жобалаудың кезеңдерін, оның мазмұндық және педагогикалық құрамын (педагогикалық технология жоспарындағы әдістеме, оқыту формаларын) теориялық тұрғыда мағаналы етуді ұсынады. Бұдан шығатыны, педагогикалық жобалау кезеңінің міндеттері мыналар: электрондық курстар, электрондық оқулықтар, оқу құралдарының кешендірін құрастыру, желіде оқыту процесін ұйымдастырудың педагогикалық технологиясын жасау. Қашықтан оқыту курсы оқушы әрекетінің тиянақты және дәл жоспарлануын, ұймыдастырылуын, оқыту мақсаты мен міндетінің айқын қойылуын, оқушы мен оқытушының арасындағы интерактивтілікті қамтамасыз ететін қажетті оқу материалдарының жеткізілуін, оқушы мен оқу материалы арасында кері байланыс болуын талап етеді, топтық оқытуға жағадай жасайды. Әсерлі кері байланыстың болуы оқушының білмісіздіктен білімділікке қарай қозғалысының дұрыстығы туралы ақпарат алып отыруға мүмкіндік береді. Мотивация да кез-келген қаштықатан оқыту крусының маңызды бір бөлігі. Оның көтермелеу үшін әртүрлі әдістер мен құралдарды қолдану маңызды. Қашықтан оқыту курстарын ұйымдастрығанда қосалқы компоненттерді (инвариантты) де қарастыру керек. Қашықтан оқытуды екі негізгі бөлікке бөлуге болады: техниклық және дидактикалық. Техникалық бөлігі жақсы дамыған. Оның құралы болып телекоммуникациялар, аудио және видео жазбалар, жергілікті және ауқымды компьютерлік желілер. Ұйымдасқан – дидактикалық құрылымда қашықтан оқыту оқытудың негізгі компоненті болып табылады. Қашықтан оқыту оқушылар үшін де, оқытушылар үшін де тиімді екендігін уақыт дәлелдеді. Қашықтан оқыту жүйесіне ата-аналардың көзқарасы жақсы қалптасып келеді. Әсіресе ата-аналар үшін қашықтан оқыту материалдық жағдайының тиімді болуын қарастырады.
Дәстүрлі оқыту орталарына қарағанда жаңа электрондық технология оқушыны оқу процесіне белсенді қатыстырып қана қоймайды, сонымен қатар осы процесті басқаруға рұқсат етеді. Дыбыстың, қиымлыдың, образдың және мәтіннің интеграциясы жаңа, мүмкіндіктері мол, әдеттен тыс оқу ортасын қалыптастырады, оның дамыу барысында оқу процесіне қатысатын оқушы саны да арта береді.Оқушылар қашықтан оқу арқылы өз білімдерін жетілдіре алады және ақпарат жүйелерін пайдалану мүмкіндігі артады. Мысалы керекті әдебиеттермен оқу кітаптарын іздеу,бақылау және тестік тапсырмаларды орындау, лабораториялық жұмыстар, дайын баяндамалар, қашықтан олимпиадаға қатысу оқушының шығармашылық потенциялының дамуына әсер етеді. Әр елде, қалада орналасқан оқушылардың қашықтан оқытуға қатысуы шығармашылық бірігу және жарысу эфектісін береді. Қашықтан оқыту жүйесінде қоданылатын бағдарламалер мен ақпаратты жеткізу жүйесінгің инетрактивтік мүмкіндіктері, көптеген дәстүрлі оқу орталарында мүмкін болмайтын кері байланыс орнататы және икемдеп отырады, тұрақты көмек пен сұқбатты қамтамасыз етеді. Қазіргі заманғы компьютерлік телекоммуникация білім және түрлі оқулық ақпарат беруде, дәстүрлі оқу құраладрымен бірдей, ал кейде одан да әсерлі.
Қашықтан оқыту формасы туралы айтқанда, құрамына; барынша мүмкін болатын ақпараттың электрондық көздері (желілікті қоса алағанда): виртуалды кітапханалар, деректер базасы, консултациялық қызметтер, электрондық оқу құраладыр, киберсыныптар, т.б. кіретін бір ыңғай ақпараттық-білім кеңістігін жасау туралы айту керек. Әңіме қашықтан оқыту туралы болып отырғанда, ол жүйеде мұғалім, оқушы және оқулық бар деп түсіну керек. Бұл оқушы мен оқытушының өзара әсері. Осыдан шығатыны, қашықтан оқыту формасын ұйымдастыруда ең бастысы электрондық курстар, қашықтан оқытудың диактикалық жасалымы, педагог-үйлестірушілерді дайындау болып табылады. Қашықтан оқытуды сырттай оқуғға ұқсатудың қажеті жоқ, себеі, бұл жерде мұғаліммен және киберсыныптағы басқа оқушылармен тұрақты байланыс бар, күндізгі оқудың барлық жағы, оқудың еркеше формасы ескеріле отырып қамтылған. Бұдан шығатыны, теориялық талдаулар, эксперименттік тексеру, жауапты ғылыми-зерттеу жұмыстары талап етіледі. Өкіншіке қарай, біздің инетернетте көріп жүргендеріміз, компакт-дисклердегі электрондық оқулықтар педагогикалық талаптарға жауап бере алмайды. Осыдан барып, қашықтан оқыту курсатырын жасақтаумен және оны әртүрлі базалық, тереңдетілген, қосымша білім беру мақсаттарындағы әдістемелер қолданумен байланысты проблемаларды шешудің мәні зор.
Зерттеу барысында келтірілген фактілер мен мысалдар, Қазақстанда қашықтан оқыту жүйесін құруды және оны аймақтарда кеңейту қажеттігін көрсетеді. Бұл біліктілігі жоғары, интеллектуалдық сапасы күшті, кәсіби деңгейі дамыған, халықаралық деңгейдегі бәсекеге төзімді қоғам құруға зор көмегін тиігзеді,- деп қорытындылағым келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет