Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»



бет1/8
Дата03.07.2016
өлшемі0.51 Mb.
#175729
түріСочинение
  1   2   3   4   5   6   7   8

Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный 20-летию Дня защитника Отечества

2012 год

I тур




Алданиярова Айжан,

11 класс, гимназии № 79
Дорогу осилит идущий
Посвящается 20-летию Дня защитника Отечества
Тот, кто не любит свою страну,

ничего любить не может

Д. Байрон
Казахстан… Как ласково и нежно звучит это слово! Это моя Родина, здесь я родилась, живу и счастлива уже 17 лет. Моя страна молода и свободна. Всё в ней меня радует: и необыкновенная красота природы, и несравнимая ни с чем доброта людей, и огромные новостройки, и независимость пути, по которому казахстанцы уверенно идут вперёд уже 20 лет –к нашему общему счастью. А ведь кто только не пытался нас завоевать!

Сегодня мы преклоняемся перед нашими предками, сохранившими для нас нашу землю. Это вызывает гордость за свой народ, за свою Родину. Какие бы войны ни шли, защитников земли объединяло одно – стремление отстоять родную землю! Вот где основа патриотизма, которая передаётся из поколения в поколение. Смелые, отважные, непоколебимые батыры Раимбек, Кабанбай, Богенбай – гордость нашего народа. Это их именами названы главные улицы Алматы. Это их мужествои благородство впитали с молоком матери наши юноши. Сменив быстрых скакунов на современную боевую технику, острые мечи и копья на мощное оружие, они всегда готовы повторить подвиг своих предков.

«Будь патриотом своей страны!» - такой призыв выстукивает наше сердце. Но быть патриотом очень ответственно. Это священное понятие трудно уловить, определить, его просто чувствуешь, осязаешь. Патриотизм – источник духовных сил для каждого из нас, а для воина – вдвойне. Сила примера побуждает новые поколения воинов идти по стопам своих дедов и отцов, множить их славные дела, беззаветно служить Родине. Сила положительного примера – это огромная сила, а когда она сочетается с идейной убеждённостью, любовью к Родине, когда мотивами поведения человека, его действий становятся благородные цели, она умножается во сто крат.

Никогда не забуду героические подвигиказахстанцев в годы Великой Отечественной войны. Каждый пятый ушёл на войну, каждый четвёртый ковал победу на трудовом фронте. Это ли не пример для нас, молодых! 600 000 человек не вернулись домой. Мои прадеды – участники этой страшной войны. Говорить о ней им было всегда тяжело.Мой дед – офицер. Свой воинский долг он выполнял в Карелии. Его служба не была лёгкой там, где суровый климат, где нет рядом родных и близких. Но он приобрёл бесценный жизненный опыт. Именно армия закалила деда, сделала выносливым и способным преодолевать трудности.

Я родилась в семье офицера, поэтому для меня слова «армия» и «патриотизм» неразделимы. Для меня самая важная мужская профессия – это военная профессия. Военное дело требует знаний такого уровня, который превосходит знания иной гражданской специальности. Воины – защитники. За ними – страна. На их плечах лежит ответственность, несравнимая ни с какой другой. Это профессия – Родину защищать.В её основе – любовь и преданность Родине, готовность жертвовать собой. Это героическая и высоконравственная профессия. Это и педагогическая профессия, ведь армия – это своеобразный военный университет. Это и бескорыстная профессия. Граждане моей страны идут в армию, чтобы служить своему Отечеству. Для них высшая ценность – Родина.

Сегодня растёт авторитет Вооружённых Сил Казахстана, поднимается престиж воинской службы. Офицеры-подвижники строят новую армию на основах патриотизма. Это самоотверженные люди, отдающие себя делу и преследующие высокие цели. Они живут и действуют за счёт внутренних духовных ресурсов. Их служба – подвиг. За ними – будущее.

Имея такую славную историю, многовековой опыт, черты характера, присущие нашим народам, твёрдую политику государства, я верю, что моя страна займёт достойное место в первой десятке стран мира не только по размеру территории, но и по уровню жизни. Ведь 20 лет – это только начало пути. Дорогу осилит идущий!

Алмабаев Ерболат, 9 сынып оқушысы

59 жалпы білім беретін мектеп,



пән мұғалімі Заманбекова Г. Қ.
“Абылайлап” Сабалақ қол бастады,

Абылай хан атанып, ел басқарды.

Ерлігінен хандардың басталады,

Егемендік, елдіктің сел бастауы.


Өр Алтайдан Атырауға дейін тыныштық орнатқан қазақ елінің талай күрделі тарихи кезеңдерді басынан кешкені баршамызға белгілі. Темірдей төзімді, рухы биік халық жоңғарлардың қалың қолының шабуылына төтеп берген. Қалың елмен бірігіп, бір жеңнен қол шығара білген қазақ батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбайлар азулы жауды Аңырақайда аңыратып жеңсе, Райымбек сияқты киелі батырлар кейін шапқан кесапат жауды қасиетті қазақ жерінен біржола қуып тастаған. Қазақ жерін отарлап, бірте-бірте өз мақсатын орындап келе жатқан орыс патшалығы мен қарны жуан билерге қарсы шыға білген нағыз ерлік көрсеткен «Тебінгі теріс тағынып, темір қазық жастанған» да өр рухты, қайратты қазақ батырлары.

Адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиып ерекше көзге түсе білген де қазақстандықтар. Фашизмнен бүкіл адамзаттық азаттықты қорғап, Рейхстагқа ту тіккен қазақ ұлы Рақымжан Қошқарбаев. Екінші дүниежүзілік соғыста жүзге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді. Күркіреген соғыстың зұлмат күндерінде етегімен су кеш­кен хас батырлардың Отан үшін кеу­десін оққа тосып, жан қиғаны бүгін бізге үлгі. Кеңес одағының екі мәрте батыры атан­ған Талғат Бигелдинов пен Тө­леген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, шы­ғыс­тың қос шынары Әлия Мол­дағұлова мен Мәншүк Мәметова сын­ды аға-апаларымыздың есімдері көңілге мақтаныш ұяла­тып, бойымыздағы ұлттық рухты оятады. Солардың ішіндегі батырлардың батыры, ерліктің символы - Бауыржан Момышұлының ерен ерлігі мен соғыстан кейінгі жылдардағы жазған шығармалары, нақыл сөздері келешек үшін өшпес мұра. Батыр бабамыз отаншылдықтың Отанға деген сезімнен шығатынын, ал сол Отанды нығайту еліміздегі әр адамға жеке тұлға деп қарап, оның ерік-жігерін ұштап, рухын көтеру - өткені мен келешегіне деген көзқарасын қалыптастыратынын, мемлекетке деген ұғымын ұлғайтатынын айтады. Ал осының барлығы мемлекеттік қауіпсіздікпен тікелей байланысты екенін де шет қалдырмай отыр. Дана халқымыз қашан да ұлағатты ойды бойына сіңіріп, сөз құдіретін түсіне білген.

Егеменді ел болуды армандап, ұрпақтарының тәуелсіз, бейбіт өмір сүруін аңсаған жастар 1986 жылы алаңға шықты. Желтоқсан желі алапат дауылға айналды. Өрттей қаулаған өжет ұрпақ ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті. Отаншылдық туралы ой қозғағанда ақын ағамыз М. Мақатаевтың отан туралы туындысы ойға оралады:

Білесің бе,

Отанның сен не екенін?

(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.)

Екі Отан жоқ,

Жалғыз Отан - мекенің!


 Келер ұрпақтың болашаққа жетелеп ертеңгі күнге түсіретін жарық шырағы - оның халқының қайсар ерлігі мен батырлығы, жаужүректілігі. Қиын да қилы тарихи кезеңдерді басынан өткерген қазақ елі 1991 жылы тәуелсіз мемлекет болып танылды. 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев “Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы”, “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы” жарлықтарға қол қойды. Бұл күн Қазақстанның дербес Қарулы Күштерінің құрылған күні болып қалды. Білектің күші, найзаның ұшымен қорғалған қазақ елінің, болашақ ұрпағының тағдырын сол күннен бастап қорғап, атамекеннің тыныштығын қамтамасыз етіп отырған ҚР Қарулы Күштері.

Отанды қорғау шабуыл жасаған сыртқы жаулармен қарулы күрес деп қана түсінбеу керек. Тәуелсіз Отанымыздың күш-қуатын нығайта отырып, оны бейбіт уақытта да қорғау, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету - еліміздің ержүрек ұландарының үлесінде.

Қазіргі уақытта жауынгердің ерік-жігері мен психологиялық төзімділігіне үлкен талап қойылады. Ол әскери техникаларды, оның ішінде өте күрделі әскери машиналарды, радио электрондық жүйелерді, атомдық сүңгуір қайықтары мен дыбыстан жылдам ұшатын әуе кемелерін шебер меңгеруді, әрі асқан ұйымшылдық пен тәртіпті қажет етеді. Жауынгер қолбасшы Б. Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген аталы сөзі ойға оралады.

Тәуелсіздік алған күннен бастап, Қазақстан Республикасы шет елдермен қарым–қатынасқа үнемі көңіл бөліп келеді. Ол ешбір елді жау ретінде санамайтынын және оларға территориялық та, басқа да ешқандай талап қоймайтындығын мәлімдеді. Осы уақыт аралығында мемлекетімізде әлемдік деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырылды. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп, дау-жанжалды реттеу жұмыстарын жүргізді. Жаһандық ядролық қауіпсіздік саласында көшбасшы мемлекет болып қалды. Бұның барлығы еліміздегі тұрақтылықтың, бейбітшілік пен жасампаздықтың бірден-бір тірегі - ҚР Қарулы күштерінің жұмысының нәтижесі екені даусыз.

Өркениетке бет алған егеменді еліміздің ендігі болашағы - ұрпақ тәрбиесі деген ұлы міндетпен ұштасып жатыр.«Қандай да елдің ертеңін білгің келсе, оның жастарына қара» деген ұлағатты сөз бар. Еліміз әлемдегі дамыған мелекеттер қатарына қарай аяқ басқанда ерлік, отансүйгіштік, ұлтжандылық секілді рухани құндылықтар ұлт тағдырымен қоса жүретіні айқын. Дүние есігін ашқан әр баланың жүрегі «Елім, туған жерім!»,- деп соғады. Елін сүймеген адам өзгені де сүйе білу қасиетінен таяздық танытады. Өз ұлтын сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат қана отаншыл болады.
Ақын Қасым Аманжолов:

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,

Нендей күйге жүрегімді бөледің! –
деп жырласа, менің де Әнұранды естігенде кеудемді өзгеше сезім билеп, көзіме жас келеді. Елімнің ерлігін, кеңпейілдігін, адамгершілігі мен ұлттық құндылықтарын ерекше құрмет тұтамын. Кең байтақ қазақ елінің көк байрағын желбіреткен барша қазақстандықтарды өзіме үлгі етемін.

Қазақта «бақыт» деген ұғым бар. Бұл сөздің мағынасы өте тереңде жатыр. Шын мәнінде, бақытты болудың негізі - еліңнің тәуелсіз және бейбіт өмір сүруінде. Менің бақытым – тәуелсіз Қазақстаным. Ал бақытымның кепілі – ҚР Отан қорғаушылары. Ойымды төмендегі жыр жыр жолдарымен аяқтаймын:

Мен қазақпын, ұланымын елімнің,

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің,

Ұланымын туын көкке көтерер,

Болашаққа алға бастап жетелер.


Асаубай Құндыз,

Алматы мемлекеттік гуманитарлық педагогтік колледжінің

І-курс білім алушысы
Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Көшінің соңы болады

Қазыбек би
Оташылдық, отансүйгіштік, патриотизм – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі қазақ өркениетінде отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі саналады.

Ата-бабаларымыз сыйға тартқан бақытты өмірімізді қорғау әрбір саналы азаматтың борышы. Қан мен тер, мерт еткен өмір арқылы келген бостандық – тарихи шындық. Бабалар салып кеткен дәстүрді берік ұстап, ел азаматы болу – бүгінгі ұрпақтың қастерлі де бұлжымас абыройлы міндеті. Әрбір саналы азамат өзінің елі мен жерін қастерлеп, оны шексіз сүюі үшін аянбай еңбек етіп, өзінің бойындағы қасиеттерінің бәрін соған арнайды, қорғайды. Ел-жұртын құрмет еткен азамат – халықтың ұлы, оның нағыз перзенті. Ерді ел тудырса, ер елі үшін туады. Бұрынғыдан келе жатқан нақыл сөз, дәстүр де солай. Елін сүйген ерді халқы сүйіп,оны ардақтайды. Ер болып туған азамат халқының тарихын, мұң-мұқтажын, дәстүрін қастерлейді. Азаматтық борыш адамгершілік, қадір-қасиеттермен ұштасады, оның адамдық тұлғасын бейнелейді.

Азамат болу – ел қамын ойлау. Ел қамын ойлау – отандасымыздың тарихи даму жолындағы қилы күресті басынан кешірген бабалар мен әжелердің жанқиярлық еңбегі мен күресінің өтеуі. Солар қорғап қалған Отанды қорғау, жер планетасының тыныштығын сақтау – әрбір елдің азаматтық борышы.

Қазақстан – тарихы тереңде жатқан ел. Тарихын танып білу елі үшін ерлік жасағанмен тең құндылық. Қазақ халқы бұрыннан тағдыр тәлкегіне ұшырап, басынан қиын-қыстау күндерді өткізіп келеді. Ел болып еңсе көтергелі бері, Қазақстан ешкімге тәуелсіз егеменді ел болды. Қазіргі таңда, Қазақстан сыртқы және ішкі қорғанысын дамытып, халық қауіпсіздігі үшін тер төгумен алға жылжып келеді. Бүгінде, Қазақстан қарулы күштер ел тыныштығын қырандай қадағалап отыр. Бұл іс еліміздің арыстандай азаматтарының арқасында жүзеге асуда. Ел тыныштығын елі үшін жанын қиюға дайын, патриоттық сезімі жоғары азаматтар қамтамасыз етіп отыр.

Қазақстан егемендік алғалы бері өзін бар қырынан танытуға тырысып жатыр. Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстан қандай болған еді? Ал бүгінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның болашағы зор, әлемдік деңгейлерге сай екенін көрсетіп, елімізді асқан белестерге шығарып, барша әлемге танытып жатыр. 20 жыл арайлап атқан таңдар мен қызарып батқан түн әрбір қазақстандық азамат үшін ұлан-ғайыр бақыт болмасына кім кепіл! Бәрімізде елімізді бүгінгі күнде дәл осы кейіпте көргіміз келіп, соған сенген едік. Сенімімізді ақтау үшін аямай тер де төктік. Бірақ алар биігіміз әлі алда. Егеменді еліміз, байтақ ұлан-ғайыр жеріміз,елін айрандай ұйытар Елбасымыз барда біз бұдан да мықтысына құқылымыз және сол құқықты адал еңбегіміз бен асқар сеніміміздің арқасында қорғап шығарымыз сөзсіз.

Қазіргі кезде Қазақстан өмірінде «қазақстандық патриотизмді» қалыптастыру және оны азаматтардың ой-санасына сіңіруді мемлекеттік дәрежеге көтергенімен, Отаншылдық ой-сананы қалыптастырудың шешілмеген мәселелері бар.

Қазақстандық патриотизм – ел азаматтарының республиканың бүгінгі тұрақты өмірі мен жарқын келешегі жолындағы еңбегі мен күрескерлігі іспетті.

Отаншылдық отбасына, туған топырағы мен табиғатына деген құрметтен басталады. Сондықтан отаншылдықтың қайнар көзі адамгершілік қасиеттер болмақ. Отаншылдықтың іргетасы – ұлтжандылық. Өз ұлтын сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат қана отаншылболады.

Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну.

Әрбір азаматтың бойында тұнып тұрған патриоттық сезімдерді ояту, үлкен еңбекпен тер төгуді, адал қызмет пен айбынды арды талап ететін жұмыс екені айдан анық.

Ең алдымен, Oтанға деген сүйіспеншілікті үйдегі тәрбиемен тікелей байланыстырамыз. Отан отбасынан басталады. Әке-шеше,ата-әженің ертегісі мен ақылын тыңдап, ұлттық дәстүрлерден сусындап өскен бала атаның ғана емес, адамзаттың ұлы болуға талпынады. Балаға сенім арту, жауапкершілігін нығайту, бойына сенімділік дарыту, әрбір істі баламен бірге талқылау қажет. Осы аталмыш істердің барлығын баланы жалықтырмастан, қинамастан үйрету, келешек көкірегі ояу, көзі ашық азамат тәрбиелеу отбасындағы тәрбиенің жауаптысы. Әрбір ата-ана өз баласының бойынан дәл осы қасиеттерді таба отырып тәрбиелесе, ары қарай осы сезімдерді өшіріп алмай мектептегі мұғалім тәрбиелесе, ол баладан болашақта елі үшін көкірегін оққа да отқа да тосатын патриот шығарына еш күмәнім жоқ.

Міне, осымен бірінші қаланатын кірпіш отбасы, балалық шақ болса, болашаққа қадам басқан адамзатты әрі қарай әскер, нағыз өмір шынықтырады.

«Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады». Ерлік – елдік белгісі. Әскер – шынығу алаңы, әскер – үйрену алаңы. Әскери борышын өтеу – әрбір ер азаматтың Отан алдындағы ең үлкен парыздарының бірі. Әскери өмір ер жігітті патриоттыққа тәрбиелеп, халық алдындағы міндетін сезінуге мүмкіндік береді. Республикалық Ұлан ата-бабаларымыздың көне дәстүрлерін сақтай отырып, өзіне жүктелген міндеттерді тиянақты атқарып келеді. Өткенсіз бүгін жоқ, тарих тәжірибелерінің пайдалы тұстары мемлекетіміздің беделін нығайтуға оң әсер етпек.

Қазақстан – Қарулы күштерін нығайтып, отаншыл азаматтардың арқасында өз тыныштығын қамтамасыз етіпотырған егеменді ел.

Міне, бүгінде Қазақстан халқының тыныштығын кішкене кезінен ата-ананың тыңғылықты тәрбиесімен сусындаған, білікті мұғалімнен білім алған, жауапкершілігі мол, патриоттық сезімі өте жоғары азаматтар қамтамасыз етіп отырғанда еш алаңсыз, айбынды өмір сүруге толық құқығымыз бар.

Асқарова Қаламқас

4 кәсштік лицей,



тексерген Бекбергенова М.С.
Мен халқым үшін қызмет етуге

әр уақытта дайынмын, керек болса

жеке басымды құрбандыққа шылуға

да бармын. Сендерді елдің еркіндігі мен тыныштығы үшін ерлікке шақырамын

Әбілқайыр хан

Сәл өткенімізге көз жүгіртсек, еліміз еңселі ел болып аяқтан тұрып кеткенге дейін талай қиын заманды бастарынан өткерді. Еділ патша, Томирис ханым, Түркі қағанаттары, Шыңғыс хан, Әмір Темір, Керей мен Жәнібек, Абылай, Есім, Қасым хандар бастаған ел теңсіздігімен, халық амандығын қалаған көтерілістердің барлығы ұрпақ үшін жасалғандығы тайға таңба басқандай анық. Бұл көтерілістердің барлығында дерлік жеңіске жетпесек те, ұлтымыздың ұлтжандылығын өз деңгейінде көрсете алғанымыз анық. Осындай ел қорғаны болған батыр да батыл бабаларымыздың арқасында қазақ әлі де қазақ болып келеді. Жерінің тәуелсіздігін аңсаған Кенесары, Сырым, Махамбет пен Исатай сынды бабаларымыздың армандары үшін батыр ұрпақтары, Алаш азаматтары ту көтерсе, содан кейін Ұлы Отан соғысында да қазағым қарап жатпады. Бауыржандай бабамның өзі осы кезеңнің бір сарыны, қайнар көзі еді. Бәлкім еліміздің сондай құдіретті күші болғаны шығар, соғыста 207 рет ұрысқа шығып, 7 рет жарақат алса да, тайлсалмастан қаһарман полковник Бауыржан ертеңі үшін ерлік жасады.


Мағжан Жұмабаев:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін, - деп жырлады.
Сенді, сенімі ақталды. 1986 жылы намысқой, ер жүрек жастарымыз елімізге ел Тәуелсіздігін ала келді. Алаңға шыққан сол кездің боздақтары, ел теңдігін орнатуға бар қайрат-жігерлерін салған еді. Бұл ел тәуелсіздігі үшін жасалған ең бір батыл, рухты, патриоттық көтерілістердің бірі еді. Осы көтеріліс арқылы еліміз ел Тәуелсіздігіне қол жеткізді. Ұлттық рухы жоғары, намысы берік, иманды жастар елін де, жерінде одан да әрі биік шыңдарға көтерері анық.

Қазақ әскерінің қайнар көзі, келешегі міне осы емес пе? Бірақ, заман талабына сай әскери бөлім жасау, ел қорғанысын күшейту қажет. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет ету – әр азаматтың абыройлы міндеті. Қарулы Күштердің ұрысқа дайындығы мен қабілеттілігін жоғары дәрежеде қамтамасыз етудің негізгі кепілі – жан-жақты дамыған, қазіргі техника мен қару-жарақты менгерген, денсаулығы мықты, дайындығы жоғары әскери қызметкер. Қоғамның армиямен байланысын нығайту, әскери борышын өтеушілердің патриотизмін қалыптастыру, Қарулы Күштер қатарында қызмет етуді мақтан ету, келешек ұрпақты жауынгерлік дәстүрге баулу, антқа адалдық сезімдерін тәрбиелеуде Қарулы Күштердің ықпалы көптеп тиюде. Мемлекеттің тағдырын, ішкі тұрақтылығын, қазіргі әлемдегі орны мен маңызын айқындайтын құралдардың бірі – армия болып табылады. Соғыс қасіретінен сақтану мемлекеттің ең бірінші мақсаты. Қазіргі кезде соғыс, қақтығыс сынды әскери қатер көздерінен арылуды армияға арқа сүйемей өтеу мүмкін емес. 1992 жылдың 7 мамырында құрылған республиканың Қорғаныс министрлігінің құрамына Қазақстан аумағындағы орналасқан барлық әскери бекіністер кіреді.

Елбасы, еліміздің Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев Республиканың Қауіпсіздік Кеңесі мәжілісінде сөйлеген сөзінде: «Бізге егемендігімізді қорғау мүддесін кез келген жағдайлардағы әрекеттерге дайын, жаттықтырылған, жоғары жинақталған осы заманға сәйкес армия қажет», - деп атап айтқанындай, Тәуелсіздік алған жылдардың алғашқы кезеңіне қарағанда қазіргі ел армиясы қарқынды дамыған. Әскери білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру мен дамыту жолында әскери мамандарды даярлауға, әскери ғылыми жүйені құрып, жетілдіруге Қазақстан Қорғаныс министрлігі ерекше көңіл бөлуде. Еліміздің түкпір-түкпірінде әскери оқу орындары ашылып, оның ішінде қиын-қыстау заманда ел қорғаны болған бабаларымыздың есімімен аталған әскери оқу орындары да баршылық. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанған Талғат Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғарғы әскери авиация училищесі, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момшұлы атындағы Алматы қаласындағы оқу орындарының ашылуы келешегімізді ойлау мен армия күшін нығайтуға жасалған кепілді келешек екені анық. Өз Отанының әскери тарихын білу әрбір қазақ азаматтарының келешегі үшін маңызды. Өйткені Отанды қорғау дәстүрі ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ізгі дәстүр емес пе? Кешегі өткеніміз елімізге айтарлықтай атақ пен абырой ала келді.

Енді жастардың келешекке деген көзқарасы қандай? Мен де жаспын елімнің ертеңін, келешегін қалай елестетемін?

Мен келешекте еліміз бұдан да биік белестерге жететініне сенемін. Себебі, қазіргі жастардың патриоттық сезімдері биік, өздерінің Отан алдындағы міндеттерін біледі. Армия өз деңгейінде дамитынына болашақ жастардың қосары көп. Сондықтан да жастарды ұлттық, патриоттық бағытта тәрбиелеуге бағыттылған көптеген игі істер жүргізілуде. Болашағымызды бүлдірмей, еліміздің еркін дамуына мен де өз үлесімді қосудан шаршамаймын.


Аукен Жасулан,

группа № 63 ПЛ-6
Что такое “патриотизм” и кто такой “патриот”?

Патриот должен любить свою страну - раз, трудиться для нее - два, работать для всего народа, связанного общей дружбой, - три. Патриот должен всей душой стремиться к тому, чтобы наша страна была прекрасной. Вот так я чувствую. Любить страну - это значит трудиться хорошо, участвовать во всех мероприятиях, чувствовать себя в этой стране родным и ее родной. Я думаю, мы тогда будем настоящими патриотами, все считать себя казахстанцами.


Патриотизм - любовь к Родине, каждый знает это еще с начальной школы вне зависимости от того, в какой стране живет человек…

Еще патриотизм - это социальное чувство и эмоциональное переживание своей принадлежности к стране и своему гражданству. В чем особенности казахстанского патриотизма, как его воспитывать и как он проявляется?

Мы проходим в этом учебном году по русской литературе творчество писателей 20 века – самого кровавого на теле России и нашей страны :революция, установление «красной власти», раскулачивание, страшные годы репрессий тоталитарного режима, Великая Отечественная война. По-моему ,именно, в это время четко было сформировано само понятие и чувство «патриотизм». Оно было подтверждено поступками и подвигами героев ,и никто не задавал вопрос о значении патриотизма. Доведение до самоубийства М. Цветаевой, запрет творчества А. Ахматовой, смерть О. Мандельштама, гонения против Булгакова и многое другое. Писатели, поэты были трибунами народа и погибали за народ, терпели тяготы репрессий и унижений во имя блага простого человека. Да, писательская интеллегенция России не с восторгом приняла Советскую власть, поэтому появилась « шариковщина», но делалось это с болью за Отечество.

Родоначальником социалистического реализма является Максим Горький, да спасибо ему за такую веру в простого человека, но в настоящее время герои М.Горького не являются эталонами в патриотизме, нужны свои национальные , казахстанские примеры, поэтому побольше надо говорить о национальных героях как Бауржан Момышулы.

В настоящее время над этим понятием и чувством подтрунивают , смеются и служить в армии стало делом ненужным. Но почему? Кто это сформировал у моих ровесников? Учителя, родители, политики? Мне думается,что срочно необходимо что-то делать, создавать какие-то программы ,потому что главным в воспитании нас ,мальчиков , все-таки стать настоящим мужчиной. Отец мне рассказывал, что в советское время не служить в армии, даже по уважительной причине, было позором. Девушки неохотно знакомились с такими, и первый вопрос задавали: « Где служил и в каких войсках?». Если стройбат или ВВ, они воротили носы.

Слова много значат. Образ должен потом структурироваться, систематизироваться. Нужен каркас - внятный, крепко вбитый с детства. Должны быть обозначены рамки. Например, разделять казахстанское и этническое, утверждать, что это казахстанское выше казахского, выше русского, немецкого. Конечно, это проводится. Но существует недостаток научного обоснования этой работы. Не хватает как фундаментальных, так и популярных работ в этой сфере. Как отмечал Нурсултан Абишевич Назарбаев, “остепененных” ученых полно, но специалистов, увы, мало.

Педагоги - это важнейший отряд, ответственный за социализацию, педагогический корпус должен отвечать за это в первую очередь. Сейчас школа мало отвечает за воспитание, первична установка на обучение. А Вы знаете, что нас, алмаатинских старшеклассников очень много не ходило в школу месяцами, начиная с 7 класса? И по- моему никому дела не была до этого. Я не критикую, у меня мама учитель сельской школы. Я хочу просто разобраться в наболевшем.

Я учусь в профессиональном лицее № 6 г. Алматы, буду автослесарем. Хочу сказать главное. Нас, восемьсот бездельников, лодырей, курящих и пьющих, матершинников приняла в лицей по собеседованию наш директор Шакирова Тамара Мухтархановна, и знаете через две недели мы стали шелковыми пай-мальчиками. Она сумела расставить акценты, научила нас вставать рано и не опаздывать, быть всегда собранным, с начищенными до блеска туфлях и кипельно-белых рубашках с галстуком и классическом мужском костюме. А самое главное - на первой линейке она сказала: У меня главные предметы НВП и физкультура, потом - специальные предметы, вы должны за эти три года стать настоящими мужчинами. И закрутила нас в водовороте учебы и внеклассной работе. Она не просто говорит, Тамара Мухтархановна своим примером доказывает, что почти все зависит от личности самого

Она родилась в районе Семипалатинского полигона, у нее уничтожено здоровье, но она держит всегда себя в форме, и однажды на одном из мероприятий по здоровому образу жизни подняла и отжала две гири по шестнадцать киллограм десять раз, чего не сделал ни один мужчина из присутствующих в зале. У нас учится много сирот, ребят из неблагополучных и малообеспеченных семей, но директор умеет найти такие слова, что ты начинаешь себя чувствовать частицей вселенной. Если честно, мы очень ее уважаем и очень-очень боимся сделать что-то не так и быть «не в милости», но, если, попросишь сознательно прощение, то все здорово.

Тамара Мухтархановна знает все о каждом из нас, она полностью поборола вымогательство в микрорайоне, у нас никогда не бывает драк, у нас - полная чистота в здании и на территории лицея, и это все мы делаем своими руками, у нас нет белоручек. Я считаю, что каждый учитель и каждый директор должен свои слова и делами быть примером для подражания.

Да, патриотизм - это коллективное чувство. Оно решается через индивидуальные эмоции, но само по себе массовое. Есть потребность в соединении, в актуализации.

Я патриотизм вижу не в виде массового движения, а как массовое чувство. Массовое участие, точнее. Должен быть анализ конкретных механизмов. И это не только праздники, это и участие различных этносов в общих проектах. Например, укрепление интегративных возможностей казахского языка и сохранение коммуникативных возможностей русского как обязательные условия.

Мы мало говорим, мы сейчас больше общаемся. А вот в казахском обществе традиция беседы более сильна и устойчива, всегда в степи слово аксакала было приоритетным и молодой человек приходя из армии в первую очередь отдавал салем старикам , а потом всем остальным. Вот как мудро все было поставлено у казахов , а сей час все стирается не только в городе, но и в ауле .И самое страшное , что во дворе пятиэтажки могут в карты «резаться» и распивать дешевое вино наши аксакалы.
Я очень счастлив, что меня услышат на конкурсе сочинений в столь престижном университете, да еще на факультете журналистики. Я сделал для себя важный вывод: всегда надо говорить то, что думаешь и торопиться это сказать, и для меня далеко «молчание – не золото»



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет