Пай,пай,пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
М .Мақатаев
Үлкен жүректі,ұлы сезімді,шалқар шабытты ақын Мұқағали жырына арқау болған,біздің атамекеніміз,қазақ даласы-бабаларымыздың ұрпағына қалдырып кеткен асыл мұрасы.
Талай-талай қас батырлар жанын қиып,қорғап қалған, талай арулар махаббат
құрбаны болған,талай тіршілік иесі нәр алып жаралған,талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз –Қазақстан!
Германия соғыс ашты Ұлы Отанға...
«Тағыңды берме» деген «құласаң да».
Ерлікпенен бірліктің арқасында,
Қол жетті жеңіс келген құба таңға.
Осыдан 65 жыл бұрын,бүкіл еліміздегі сияқты, біздің Солтүстік Қазақстанның ұлдары мен қыздары да ата-ана,туған туыс,дос-жарандарымен қош айтыса отырып,Отан ананы фашизм апатынан қорғау үшін майданға аттанды. Соғыстың алғашқы жылдарында жетпіс мыңнан астам адамды Қызыл Армия қатарына шақырды.Олар соғысқа не үшін бара жатқанын терең түсінді және басқыншы жауды жеңетіндеріне кәміл сенді.
Осынау жауынгер жерлестеріміз барлық майданда болып,Ұлы Отан соғысындағы аса ірі шайқастарға қатысты.Құрлықта да,теңізде,әуеде де ерлік пен қаһармандықтың үлгісін көрсетті. Ұлы жеңіске үлкен үлес қосты.Олардың жарқын бейнесі мен ерен ерлігі туған-туыс,дос-жаран,жақын адамдар жүрегінде ғана емес, бүкіл халық,ел жүрегінде де берік сақталып келеді.Осынау жауынгерлеріміздің есімдері мен ел үшін,жер үшін,біздің болашағымыз үшін жанын қиған ерліктерін мәңгі есте сақтап,ұрпақтан-ұрпаққа ұмытпай жеткізуіміз керек.
1941 жылы баққұмар Гитлердің нұсқауымен неміс халқы ортақ жерімізге соғыс ашты.Туған жерін,Отанын қорғап,азаттығы үшін қасық қандарын аянбаған батыр бабаларымыз Бауыржан,Баубек,Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүктер сол бір қанқұйлы соғыста ерлікпен елімізді қорғады, апа-ағаларымыз алдында біз борыштымыз.
Өткенім бар-өкініш,жасыра алман,
Тарихым бар жазылған ғасырлардан.
Қазақ деген ел барын әйгіледім,
Жаңа ғасыр,сен енді бас ұр маған!
Орындалсын аңсаған асыл арман!
Біздің Петропавл қаламызда Азамат соғысы мен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан солтүстік қазақстандықтарға арналған мәңгілік алау жанып тұр.Жыл сайын тоғызыншы мамыр күні осы алаңға көптеген халық жиналып,соғыста қаза тапқан жауынгерлерді еске алады.
Ұлтым орыс болса да,басқа мемлекетке көшіп барсам да,өз Отанымды ешқашан ұмытпаймын.Менің жаным да, тәнім де осы Солтүстік Қазақстанда өз халқымен бірге қалады.Тезірек өсіп,ер жетіп, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өз үлесімді қоссам деймін.
Мен өз алдыма қойған мақсатым-жақсы оқып,білім алу.Менің жас жүрегім елім деп,жерім деп мәңгі соғады. Елім үшін,халқым үшін қызмет етемін.
Бабаларым,тыныш ұйықта.Артыңда мендей ұрпағың бар.Болашақтың таңы жарқын болады деп сенемін.Кілті – қолымызда.Сол кілттен жиырма бірінші ғасырдың қасиетті есігін ашып,бақытты болашақтың еңсесі биік,өзгелермен терезесі тең азаматы,маңдайы жарқыраған еркін елі боламыз деп сенемін.
Қазақ деген халықтың баласымын,
Алда талай алынар бар ауысым.
Арман жолы – жүрерім,бақыт жолы,
Мүмкін емес сол жолда адасуым.
Қайран елім,қара нарым өзіңсің,
Тарих жүгін арқалаған төзімсің,
Тәулсіздік тұғырынан бүгінде,
Шұғыла шашып қарап тұрған көзімсің.
Демеймін мен бұрынғыдай шерлімін,
Еркін жұртпын,байқалмайды кемдігім.
Шайқалмасын іргең мәңгі, Отаным,
Жаса,жаса,азаттығым,теңдігім!
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Водопроводный орта мектебінің
9-ші сынып оқушысы
Августинская Кристинаның
қазақ тілі пәнінен шығарма жұмысы
«Жеңіс.Отаншылдық.Естелік.».
Мекен-жайы:150700,СҚО
Қызылжар ауданы Водопроводный кенті
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Ә.Е.Арықова
2010 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |