СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОЕ РАЗВИТИЕ БЕСКАРАГАЙСКОГО РАЙОНА
2005 жылдың Бесқарағай ауданының әлееттік-экономикалық дамудың қорытындысы туралы
2005 жылдың қортындысы ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істейтін аудан экономикасының тұрақталғадығының куәсі. Ауданда ауылды мемлекеттік қолдаудың негізгі құрамы болатын, еліміздің азық түлік қауіпсіздігін, ауыл экономикасының экономикалық потенциалының өсуін қамтамасыз етуші агроөндірістік бағдарлама әзірленіп, жетістікпен жүзеге асуда.
Бюджет
Бесқарағай ауданының бюджеті кірісі бойынша 2005 жылы 100,7 пайызға орындалды, яғни 2005 жылдың жоспары бойынша 4 73917 мың теңге, кіріс түсімі 477287 мың теңгені құрады.
2005 жыл ішінде мақсатты ағымды трансферттің түсімі 56966 мың теңге болды, оның ішінде республикалық бюджеттен- 52966 мың теңге, меңгеріл-гені – 52812 мың теңге, қалдық- 154 мың теңге, облыстық бюджеттен – 4000 мың теңге, толық көлемде меңгерілді.
Жергілікті бюджетке өз кірістерінің түсім жоспары 2005 жылы 102,2 пайызға орындалды, жоспар бойынша болжам 145629 мың теңге, негізгі түсім 148838 мың теңге, артығымен орындалу 3209 мың теңге.
Төлем түсімдерінің негізгі үлестері салық төлемдері болып келеді – 99,1 пайыз. Есеп беру кезінде көздерінің 30 түрлері бойынша болжам салықтың 25 түрі бойынша орындалды. Салықтың мына түрі бойынша орындалмаған жоспар:
-төлем көздерінен алынантын кірістердің жеке табыс салығы 88,9 пайызға орындалды, жоспар бойынша болжам 25213 мың теңге, негізгі түсім 22418 мың теңге.
2006 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы ешқандай түсім жоқ.
Аудан бюджетінің шығыс бөлігінің орындалуы 99,9 пайызды құрастыра-ды немесе 479357 мың теңге, негізгі жоспар бойынша қаржыландыру 479814 мың теңге. 2005 жыл ішінде аудан бюджетін 6 рет нақтылау жүргізілді. 2005 жы ішінде жергілікті жерлерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамта-масыз ету, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының қызметкерлеріне 25 пайыз үстемақы есептелініп, үнемі төленіп отырды.
«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етудің 6 функционалдық тобы бойынша орындалу 36133 мың теңгені құрастырды, жоспар бойынша 36295 мың теңге немесе 99,6 пайызға 162 мың теңге меңгерілмеді, себебі ҰОС ардагерлеріне бір жолғы төлем бойынша алушы контингенттердің азаюына байланысты – 154 мың теңге.
Мемлекеттік аталуы әлеуметтік көмек бойынша орындалу 12923 мың теңгені құрастырды, жоспар бойынша 12923 мың теңгеге немесе 100 пайызға, қарыз жоқ.
2005 жылы жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша әлеуметтік көмекке 1615 мың теңге бөлінді, жоспар бойынша 1615 мың теңге немесе 100 пайыз.
2005 жыл ішінде әлеуметтік жұмысшыларды, сондай-ақ, мүгедек-балаларды қолдау бөліміне қаржыландыру жүргізіліп, орындалу 5086 мың теңгені құрастырды, жоспар бойынша орындалу 5092 мың теңге немесе 99,9 пайыз. 2006 жылдың 1 қаңтарының жағдайында Бесқарағай ауданы бойынша кредиторлық қарыз жоқ. 2006 жылдың 1 қаңтарының жағдайында дебиторлық қарыз жоқ.
Өнеркәсіп
Аудан аумағында ШҚ АЭК кәсіпорынмен, мемлекеттік көпсалалы коммуналдық-қазыналық кәсіпорнымен, жеке кәсіпкерлермен танылуда. 2005 жылы өндірілген тауар өнімдерінің көлемі 63,7 млн. теңгені құрастырады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30,7 пайызға артық.
2005-2007 жылдарға арналған ауданның өндірістік күштерін дамытудың Бағдарламасын орындау жоспарында ауылдық округтердің өндірістік күштерін дамытудың сәйкес Бағдарламасы әзірленіп, аудан әкімімен бекітілген болатын. 2005 жылы шаруа қожалықтарымен және жеке кәсіпкерлермен өз қаражаттары есебінде 13 іс- шаралар орындалып, 24 жұмыс орындары ашылды. Ауылдық округтерде осы Бағдарламаның орындалмағаны мынандай:
Басколь ауылдық округі бойынша 4- жоспарланған іс-шарадан 4-уі орындалып, 7- жұмыс орны ашылды;
Глуховка ауылдық округі бойынша 3 жоспарланған іс-шарадан 1-уі орындалып, 2-уі орындалған жоқ, 2 – жұмыс орны ашылды;
Канонерка ауылдық округі бойынша 1 жоспарланған іс-шарадан 1-уі орындалып, 2 – жұмыс орны ашылды;
М-Владимировка ауылдық округі бойынша 2 жоспарланған іс-шарадан 2-уі орындалып, 5 – жұмыс орны ашылды;
Сосновка ауылдық округі бойынша 3 жоспарланған іс-шарадан 2-уі орындалып, 1-уі орындалған жоқ, 6 – жұмыс орны ашылды;
Б-Владимировка ауылдық округі бойынша 4 жоспарланған, орындалғандар жоқ;
Семеновка ауылдық округі бойынша 3 жоспарланған іс-шарадан 2-уі орындалды.
Долон, Семияр, Беген ауылдық округтері бойынша 2005 жылға өнеркәсіпті өндеуі, дамыту жөніндегі іс-шараның өндірістік күшерін дамытудың Бағдарламасы жоспарланған жоқ.
Ауыл шаруашлығы
2005 жылы ауданның ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімі 2 миллиард 121 932 мың теңгені құрастырды, бұл өткен жылдың деңгейіне қарағанда 93,6 пайызға жоғары
Ет өндіру 493 тоннаға (9,5 пайызға артық), сүт 3581 тоннаға (11,2 пайызға), жүн 17 тоннаға (28 пайызға артық), жұмыртқа 142 (3,69 пайызға) өсті. 1.01.2006 жылы ірі қара малдар сандары 32,3 мың басқа, ешкі 25,3 мың басқа, жылқы 4,7 мың басқа, шошқа 2,4 мың басқа, құстар 30,5 мың басқа өсті.
«Ауыл шаруашылығының» 10 функционалдық тобы бойынша орындалу 3147 мың теңгені құрады, жоспар бойынша 3149 мың теңге немесе 99,9 пайызға, бұл шығындар ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімін ұстауға арналған шығындар. Меңгерілмеген орташа есеппен 2 мың теңгені құрастырады.
Инвестиция
2005 жыл ішінде жергілікті бюджет есебінде 59231 мың теңге сомаға 16 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспрарланды, негізгі орындалу 59132 мың теңгені немесе 99,8 пайызды құрады.
Құрылыс бойынша 2 инвестициялық жоба іске асты:
1.Борас орта мектебіне арналған спорт залдың құрылысы үшін 3 млн. 117 мың теңге қарыз жабылды. Орындалу 2005 жылдың қаржылық жоспары бойынша 100 пайызды құрастырды.
2.Б-Владимировка орта мектептің дәретханасының құрылысы үшін қарыз 25 мың теңге болды. Орындалу 2005 жылдың қаржыландыру жоспары бойынша 100 пайызды құрастырды.
Күрделі жөндеу бойынша 4 инвестициялық жобалар 11 млн. 297 мың теңгеге сомаға жұмсалды. Кассалық орындалу 2005 жылдың қаржылық жоспары бойынша 100 пайызды құрастырды.
Материалдық-техникалық базаны нығайту үшін 32 333 мың теңге сомаға инвестициялық жобалар іске асты, жоспар бойынша 32 430 мың теңге немесе 2005 жыл бойынша 99,7 пайыз. Білім беру бойынша 2005 жыл ішінде 51883 мың теңге сомаға инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған болатын, негізгі іске асырылғаны 51785 мың теңге немесе 99,8 пайыз, оның ішінде:
-құрылыс бойынша – 3142 мың теңге немесе 100 пайыз;
-күрделі жөндеу бойынша – 11224 мың теңге немесе 100 пайыз;
-материалдық- техникалық базаны нығайту бойынша – 27931 мың теңге немесе 99,6 пайыз;
-оқулықтар сатып алу бойынша – 8065 мың теңге немесе 100 пайыз.
Білім беру бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бірнеше жыл ішінде барлық білім беру мекемелерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға бағытталды.
Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша 2005 жылы 404 мың теңге сомаға 1 инвестициялық жоба жоспарланып, іске асты;
-материалдық- техникалық базаны нығайту үшін – 404 мың теңге, мүгедек-балаларды қолдау бөлімінің материалдық-техникалық базасын жаңарту мен жабдықтар сатып алуға мүмкіндік туғызды.
Мәдениет бойынша 2005 жылы 234 мың теңге сомаға инвестициялық жобалар іске асты немесе 100 пайызға;
-материалдық-техникалық базаны нығайту үшін-234 мың теңге Мәдениет үйіне компьютер техникасын сатып алу үшін жұмсалды.
Мемлекеттік орган бойынша 2005 жылы 3838 мың теңге сомаға инвестициалық жобалар іске асу жоспарланған, орындалғаны 3837 мың теңге немесе 100 пайыз, оның ішінде:
-күрделі жөндеу бойынша – 73 мың теңге немесе 100 пайыз;
-материалдық-техникалық базаны нығайтуға – 3764 мың теңге немесе 99,6 пайыз.
Мемлекеттік органдар бойынша осы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру басқару органдарының материалдық-техникалық базасын жаңартуға, компьютер техникасын сатап алуға мүмкіндік туғызды. Сумен қамтамасыз ету бойынша 3 инвестициялық жоба 1030 мың теңге сомаға іске асырылды. Көлік бойынша 1 инвестициялық жоба 1842 мың теңге сомаға іске асты.
Тұрғын үй бағдарламасы бойынша тұрғындардың өз қаражаттары есебінде 9 инвестициялық жоба іске асты, жоспар бойынша 6 инвестициялық жоба немесе 150 пайызға орындалды.
Білім беру
Ауданда 28 мектеп жұмыс істейді, 191 компьютер орнатылған. Аудан мектептердің компьютермен қамтамасыз ету бір компьютерге 25,3 адамды қамтып отыр. Бүгінгі күні 26 мектеп Интернетке еніп отыр, ол 92,8 пайызды құрастырады.
2005 жыл ішінде Семеновка орта мектебіне арналып 1 миллион 450 мың теңге сомаға «Газель» микроавтобусы, М-Владимировка орта мектебі үшін 250,0 мың теңге сомаға музыка жабдықтары, Өндіріс орта мектебінің қазандығы үшін 500 мың теңгеге қазандық, Борас орта мектебінің балабақшасына 130,0 мың теңге сомаға жабдықтар, сондай-ақ 3 млн. 775 мың теңге сомаға электрондық оқулықтар сатып алынылды.
ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасымен балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне күрес бойынша аудандық, облыстық жарыстарда аудан спортшыларының көрсеткен жоғары нәтижелері үшін күрес кілемі сыйлыққа берілді.
Ауданның әлеуметтік-экномикалық дамуының орташа жоспары бойынша мектептердің күрделі жөндеулеріне 11224 мың теңге бөлінді. Жөндеу Қоянбай, Сосновка, Башкуль орта мектептерде жүргізілді, қаржыландыру жоспары 1125 мың теңгені құрастырып, кассалық жұмсау 11224 мың теңге немесе 100 пайызды құрастырды. Ағымды жылы Сосновка орта мектебі бойынша 1865 мың теңге, Қоянбай орта мектебі бойынша 8429 мың теңге, Башкуль орта метебі бойынша 930 мың теңге меңгерілді. Ауданның 400 мектеп бітірушілері Бірыңғай Ұлттық тестілеуге қатысты, аудан бойынша орташа ұпай 50,2 бұл облысқа қарағанда 10,2 ұпайға төмен.
Ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуының мерзімді жоспары бойынша мектептердің күрделі жөндеуіне 11224 мың теңге жұмсалды. Жөндеу Қоянбай, Сосновка, Башкуль мектептері бойынша жүргізілді. Қаржыландыру жоспары 11225 мың теңгені құрайды, кассалық орындалу 11224 мың теңгені немесе 100 пайызды құрады. Ағымды жылы Сосновка мектебі бойынша 1865 мың теңге, Қоянбай мектебі бойынша 8429 мың теңге, Башкуль мектебі бойынша 930 мың теңге меңгерілді.
Білім беру және спорт бөлімі бойынша бюджетті орындау 3857 мың теңгені құрастырды, жоспар бойынша орындалу 3875 мың теңге немесе 100 пайыз. «Білім» 4 функционалдық топ бойынша орындалу- 322141 мың теңгені құрастырды, жоспар бойынша 322267 мың теңге немесе 99,9 пайыз, меңгерілмеген 126 мың теңгені құрастырды.
Мектептер бойынша орындалу 303661 мың теңгені құрастырды, нақтыланған жоспар бойынша 303787 мың теңге немесе 99,9 пайыз. 2005 жыл ішінде түскен трансферттер: мектептер бойынша штаттарды қосымша енгізуге – 4819 мың теңге, мектептерді Интернетке қосуға -1423 мың теңге, оқулықтар сатып алуға – 1554 мың теңге жұмсалып, меңгерілген трансфер- 100 пайыз.
Балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беру бағдарламасы бойынша орындалу 5673 мың теңгені құрастырды, жоспар бойынша 5673 мың теңге немесе-100 пайыз. Аудан шеңберінде өткізілетін мектеп олимпиадалары мен мектептен тыс іс-шараларға 177 мың теңге меңгерілді, жоспар бойынша 177 мың теңге немесе 100 пайыз.
Борас орта мектебінің спорт залының құрылысына 3117 мың теңге сомада қаражат меңгерілді, осы объектінің құралысы үшін толық есеп айырысу жүргізілді.
Әлеуметтiк қамтамасыз ету.
Есеп беру кезеңінде кедейлік деңгейін төмендету 2005 жылы 100 пайызға орындалды.
- 2005 жылғы 1 қаңтарда кедейлік отбасылар 1599 адамнан тұратын 344 отбасын құрады;
- 2.01.2006 жылы кейлік деңгейінде тұратын отбасы 253 болды, онда 1199 адам тұрады. Есеп беру кезеңінде 25 пайызға төменде байқалды, бұл 1 жыл ішінде бағдарламаның 100 пайызға орындалғаны байқалды. 1.01.2006 жылдың кедейлік деңгейі 4,6 пайыз құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға төмен. Бұл қосалқы шаруашылықтардың, жұмысқа орналастырудың, ақылы-қоғамдық жұмыстардың, микрокредиттер бөлудің артуына және алатын жәрдемақылардың өсуінің нәтижесінде. Шығыс Қазақстан облысының төмен қамтамасыз етілген азаматтарын қолдаудың Өңірлік қорымен 9 отбасына 338 мың теңге сомаға микрокредит берілді.
Бесқаарғайауданында19888,2 мың теңге сомада 6169 алушы барлық түрдегі көмектер көрсетілді, олардан:
-
демеушілер есебінен – 4047,4 мың теңге, алушылар -4705;
-
бюджет есебінен – 15840,8 мың теңге, алушылар – 1464.
Осы Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберiнде ауданда өз уақытында 12923 мың теңге атаулы әлеуметтiк көмек төлендi - алушылар -959. Төмен қамата-масыз етiлгендердi, ҰОС ардагерлерiн, тыл еңбеккерлерiн қолдау үшiн "Жергiлiктi өкiллеттi органдардың шешiмi бойынша жеке санаттағы
Азамат-тарға әлеуметтiк төлемдер" бағдарламасы бойынша 1615 мың теңге төлендi;
-
9 Мамырды мерекелеу қарсанында ардагерлерге көмек ретiнде 1171 мың теңге сомада көмек бөлiндi - оған 195 адам қамтылды;
-
ҰОС ардагерлерiнiң үйлерiн жөндеу үшiн құрылыс материалдарын сатып алуға 250 мың теңге 8 адамға жұмсалды;
-
өтiнiштерi бойынша 5 адамға 25 мың теңге бөлiндi;
-
8 наурызды мерекелеу қарсанында тыл еңбеккерi 30 әйелге 1000 теңгенен 30 мың теңге көмек көрсетiлдi;
-
қарттар Күнiн мерекеу қарсанында 80 мың теңге бөлiнiп, 34 адам қамтылды;
-
басылымдарға жазылудың жеңiлдiгi бойынша 43 адамға 46 мың теңге бөлiндi;
-
2005 жылы төмен қамтамасыз етiлген отбастарының учаскелерiн суғаруына ақы төлеу үшiн 13 мың теңге 9 адамға жұмсалды.
Есеп беру кезеңiнде облыстық бюджеттен үйде оқитын 23 балаға 1613 мың теңге төлендi.
2005 жыл iшiнде 5 ҰОС ардагерлерiне және 2 тыл еңбеккерлерiне телефон орнатылды. Сондай-ақ, жыл iшiнде "Уба" санитароясында 6 ҰОС ардагерлерi және 10 тыл еңбеккерлерi. Семей қаласына дейiн тегiн жол жұру ҰОС ардагерлерiне 5 жеке меншiк автобусы және екi жеке меншiк автомашинасы демеушiлердiң көмегiнiң негiзiмен бекiтiлдi. Есту жөнiндегi Республикалық Орталық арқылы 14 есту аппаратары алынып, ҰОС ардагерлерiне таратылатын болады. 2005 жылы демеушiлер көмегi арқылы ҰОС 68 ардагерлерi отындармен қамтамасыз етiлсе, 22 ардагерге қосымша көмiрлер жеткiзiлдi. ҰОС 2 ардагерiне мүгедектер арбасы берiлдi. Ардагерлер үшiн аудан бюджетiнiң есебiне 59214 теңге сомаға басылымдарға жеңiлдiкпен жазылу ұйымдастырылды. ҰОС 1 ардагерi облыстық бюджеттiң есебiнен Молдаваға барды. Әрбiр ҰОС ардагерлерiне әкiмдiк қызметкерлерi және дербес бөлiмдердiң басшылары олардың денсаулықтарын және материалдық жағдайларын бақылау үшiн бекiтiлдi.
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi бойынша орындалу 6614 мың теңгенi құрады, жоспар бойынша 6614 мың теңге немесе 100 пайыз.
Жұмыспен қамту
2005 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша ауданда басымдықтың негiзi жұмыссыздар мен кедейлiктi төмендету мәселесi болып отыр.
2005 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне жұмысқа орналасуға 348 адам өтiнiш бiлдiрдi, олардың бәрi жұмыссыздар ретiнде тiркелдi.
2005 жылы жұмысқа орналасқандар 260 адам, орындалған жоспар 100 пайызды құрастырды.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 294 адам тартылып, жоспар 100 пайызға орындалды.
01.01.2006 жылы тiркелген жұмыссыздар саны 191 адамды құрастырды.
2005 жылы "Жастар тәжiрибесi" бағдарламасына 6 адамды қатыстырылып, жоспар 100 пайызға орындалды. Әлеуметтiк жұмыс орындарына 6 адам жiберiлiп, 4-уi жұмысқа орналастырылды.
Кәсiптiк оқытуға 32 адам жiберiлiп, жоспар 107 пайызға орындалды. 2005 жылы 73 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланды, есеп беру кезеңiнде 88 жұмыс орыны ашылды, ол жылдық жоспардың көрсеткiшiнен 120,5 пайызды құрастырды.
Жұмысқа қамту Бағдарламасы бойынша орындалу 6216 мың теңгенi құрастырды, жоспар бойынша 6218 мың теңге немесе 99,9 пайыз, қарыз жоқ.
Денсаулық сақтау
Ауданда медициналық қызмет көрсету Орталық аудандық ауруханамен жүзеге асырылады, ауруханада -51 төсек, өкпе ауруына қарсы ауруханада -25 кереует, 10 отбасылық дәрiгерлiк абулатория, 20 фельдшерлiк акушерлiк және фельдшерлiк пунктер бар. Аудан бойынша 76 науқастар керуетi бар.
10 мың адамды ауыру кереуеттермен қамтамасыз ету- 30,1, 10 мың адамды дәрiгерлермен қамтамасыз ету - 14,2, орта медқызметкерлерi -44-,8. Санитарлық -эпидемиологиялық жағдайлар тұрақты, вирустық гепатит және жұқпалы аурулары бойынша вакцинапрофилакатикалық жұқпалы аурулар тiркелген жоқ. АОА стационарлық корпусын күрделi жөндеу жұмысы жұргiзiлдi. Меңгерiлуге тиiстi 3,9 млн. теңге меңгерiлдi, 100 пайызды құрайды. ЕПМ материалдық-техникалық базасын арттыру мақсатында мақсатты трансферттар бойынша медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етiлуде. М-Владимировка ОДА үшiн есеп беру кезеңiнде УАЗ маркалы жедел жәрдем көрсету автомобилi сатып алынды.
Ағымды жылдың шiлде айынан бастап айлық жалақы 32 пайызға артты, сондықтан ОДА-ның нормативi ұлғайды, ол 1 тұрғынға 100 теңгеден айналады. Бағдарлама бойынша 20-34 жастағы әйелдердi профилактикалық тексеру жүргiзiлдi. Барлық тексерiлгендер 2340 әйел. Мектеп оқушылар мен ауыл тұрғындарын скринингтiк тексеру жүргiзiлдi. Қамтылғандар 2585 оқушылар, 12-17 жастағы, 5162 ауыл тұрғындары 18 жастан жоғары.
Мәдениет
Аудан аумағында жұмыс профилiн сақтау үшiн жеке тұлғанын сенiм басқармасына берiлген 15 кiтапхана, 1 Мәдениет үйi, 2 ауылдық клуб жұмыс iстейдi. Ауылдық клубтардың ғимаратында ауылдық клубтардың мәдени ұйымдастырушылармен ауыл жастарына арналған мәдени - iс шаралар, дискотекалар өткiзiлiп тұрады. Көркемөнерпаздар ұжымы облыстық конкурстарға, фестивалдарға белсендiлiкпен қатысады, олар жүлделi орындар алып, дипломанттар атанды. Өндiрiс, Беген, Канонерка ауылдарында концерттер қойылды.
Мәдениет мекемесiмен есеп беру кезеңiнде әртүрлi мәдени, спорттық iс-шаралары өткiзiлдi.
Ауданда 1 орталық кiтапхана, 15 ауылдық филиалдар жұмыс iстейдi. Жалпы кiтапхана қоры 369240 дананы құрастырды, оның iшiнде мемлекеттiк тiлде 114853 дана.
Мәдениет бойынша бюджеттiң орындалуы 94,9 пайызға құрастырылды, жоспар бойынша 12 миллион 904 мың теңге және кассалық орындалу 12 миллион 249 мың теңге.
Тұрғын үй құрылысы
2005 жылы 730 шаршы метрде тұрғын үйлердi iске қосу жоспарланды. Жыл басында ауданда iске жалпы көлемi 927 шаршы метрде тұрын үйлер немесе 9 үйлер қабылданды. Ауданда тұрғын үй құрылысы тұрғындардың өз қаражаттары есебiнде жүргiзiледi.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша бюджеттiң орындалуы 96,8 пайызды құрастырды, жоспар бойынша 8 млн. 648 мың теңге және кассалық орындалу 8 млн.367 мың теңге, оның iшiнде сумен жабдықтауды қамтамасыз ету - 3 млн. 045 теңге.
Автомобиль жолдары
Жергiлiктi жердегi автомобиль жолдарының ұзындығы 408 км, оның iшiнде қара ұсақ тас төселген жол 237 км, iрi құм -ұсақ тас төселген жол-122,5 км, төселген жол-49,5 км.
2005 жылы аудан бюджетiнен жергiлiктi маңыздағы автомобиль жолдарын ұстауға және жөндеуге 12,5 миллион теңге қаралды. Шұнқырларды жөндеу жүргiзiлдi, автомобиль жолдары шеттерiн мен төселмеген және iрi құммен төселген жолдардың шеттерiн жөндеу жүргiзiлдi.
Қылмыс
Аудандағы оперативтi жағдайды тұрақтандыру, қылмысты болдырмау мақсатында "Құқық тәртiбi", "Допинг", "Қару", "Топ", "Бақылау", "Мигрант" бойынша әртүрлi ұйымдастыру - практикалық шаралары өткiзiлуде.
Қолданылып жатқан шаралардың нәтижесiнде Бесқарғай ауданда жағдай анағұрлым тұрақталынды. Өткен жылмен салыстырғанда 199- дан 157-ге дейiн қылмыс болса, ол өткен жылмен салыстырғанда 26,7 пайызға төмен. Жалпы қылмыстық iс бойынша ашу 79,3 пайызды құрастырылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 пайызға арттық.
Ауданда 23 жол-көлiк оқиғалары тiркелдi, өткен 2004 жылы 28 оқиға болды. Жол- көлiгi оқиғаларының негiзгi деректерi жүргiзушiлердiң режiм шапшандығын сақтамауы, жолдардағы белгiлерге бағынбауының әсерiнен. Ауднның жолдарындағы апаттарды төмендету бойынша рейдттiк iс-шаралар өткiзiлiп тұрады.
Қорытынды
Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгiленген мiн-деттер бойынша болжамдалатын 2006 жылы жоғары назарға алынатыны:
- алдағы уақытта экономиканы либерализациялау, реформалар мен дебюрократизациялау жүйелерi арқылы бәсекелестiктiң дамуын;
-индустриалды- инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуын;
- ауылды дамыту бағдарламасын, бiлiм, денсаулық сақтау жүйелерiн жетiлдiрудiң өңiрлiк бағдарламаларын, әлеуметтiк тапсырмалардың жүзеге асырылуын;
- инфрақұрылымның дамуын орындау мәселелерi болады.
2006 жылы орта мерзiмдi тапсырмаларды шешу облысында қолданыстағы бағаларда өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемiнiң 104,6 пайызға артты.
2006 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемi қолданыстағы бағалармен 102 пайызға өсуi болжамдалуда. Аудан тұрғындарын азық түлiк өнiмдерiмен өзiн-өзi агроөндiрiстiк кешеннiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыру, бәсекелестiк өнiмдер өндiру.
Болжамдалған жылы "Таза су" облыстық бағдарламасын орындау жоспарымен ауданның М-Владимировка ауылында су құбырлары жүйелерiн жөндеу жалғастыралатын болады -25,7 млн теңге.
Жаңа тұрғын үй құрылысы жоспарында 2006 жылы тұрғындардың өз қаражаттары есебiнде 460 мың шаршы метр алқапқа тұрғын үйлер салу жоспарланды.
2006 жылы бiлiм беру жүйесiн жетiлдiрудiң өңiрлiк бағдарламасын орындау жоспарында:
-5 млн 330 мың теңге сомаға мектептердi күрделi жөндеуге;
-6 млн 511 мың теңгенi мектептердiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
- жаңа оқулықтар сатып алуға 15 млн. 090 мың теңге жоспарланды.
Есеп берудiң жылдық қорытындысы экономикалық жоспар бойынша аудан үшiн жаман болған жоқ, 2006 жылы ауданның әлеуметтiк-экономика-лық дамуын орта мерзiмдi жоспарының кейбiр түрлiрiн 2006 жылы бiз қолданысқа енгiзуiмiз қажет, ол үшiн бiзде барлық жағдайлар жасалынған, кәсiптiк кадрлар, тәжiрибелер бар, бiлiмiз жеткiлiктi, салық түсiмдерi тұрақты, салық базасын кеңейту резервi баршылық, ең бастысы ауыл шаруашылықтарында өндiрiс өнiмдерiн және шағын кәсiпкерлiктi дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |