Соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1945-1960)



Дата03.07.2016
өлшемі102.51 Kb.
#174400

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Гуманитарлық-педагогикалық факультет
«Соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1945-1960)» пәні бойынша 5В011700 « Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының бөлім студенттеріне арналған


ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР

Павлодар



Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Пфейфер Н.Э.

2011ж. «___»____________

Қ ұрастырушы: _____________ф.ғ.к, доцент Муталиева Р.М.


Қазақ филологиясы кафедрасы
«Соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1945-1960)» пәні бойынша 5В011700 « Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының бөлім студенттеріне арналған

Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау


Кафедраның отырысында ұсынылды

2012ж. «___»_____№__ Хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Жүсіпов Н.Қ. 2012ж. «____» ________
Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің ОӘК мақұлданды

2012ж. «___»_______ №____ Хаттама


ОӘК төрағасы _______________ Темиров К.У. 2012ж. «____» ________
МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ Е.Н.Жұманқұлова 2012ж. «____» ________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2012ж. «___»______________ №____ Хаттама



Курс бойынша қамтылатын тақырыптар

1-тақырып Мұхтар Әуезов

Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің класигі. Жазушының творчестволық өмірбаяны.

Жазушылық сапарын әңгіме мен пьеса жазудан бастауы.

Әңгімелері «Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу», «Көксерек», «Білекке білек», «Іздер», «Құм мен Асқар», «Шатқалаң», «Бүркітші», «Асыл нәсілдер»т.б. Олардың тақырыбы мен проблематикасы, көркемдік әлемі, образдар жүйесі. Эпикалық және лирикалық сипаттары.

Драмалық шығармалары: «Еңлік-Кебек», «Қарагөз», «Айман-Шолпан», «Шекарада», «Тартыс», «Тас түлек», «Ақ қайың», «Сын сағатта», «Қынаптан қылыш», «Қарақыпшақ Қобыланды», «Түнгі сарын». Олардың тақырыптық, идеялық сипаты мен жанрлық құрамы, сюжеттік желісі, поэтикасы.

1930 жылдардан бастап түрлі жанрдағы шығармасында Абай образын жасауға бет бұруы. «Абай» пьесасы, «Абай жырлары» кинофильмінің сценарийі, «Абай» операсының либреттосы.

Л.Соболевпен бірігіп жазған «Абай» трагедиясы (1940).

Проза жанрындағы алғашқы тарихи шығармаларының бірі – «Қараш-Қараш оқиғасы» (1927).Шығармадағы қазақ кедейлерінің өмірі.Повестің тарихи негізі.Бақтығұлдың шытырман тағдыры, бастан кешкен сан-қилыуақиғалары. Шығарманың халықтығы, ұлттық сипаты. Повестің тілі, суреттілігі, сюжеті мен композициясы. «Қилы заман» (1928). Шығарманың тақырыбы мен идеясы. Жанры.Шығармадағы халық өмірінің көріністері, олардың тарихи шындыққа қатынасы. Ресейдің отаршылдық саясатының қаталдығы мен сұрқиялығы. Жазушының образ жасау шеберлігі, суреткерлік позициясы.

«Абай жолы» - тарихи эпопея. Оның қазақ прозасының өсіп дамуына әсері. Бүкілодақтық әдебиет көлеміне көтерудегі мәні. Романдағы суреттелінетін дәуір шындығы. Абай образының даму заңдылығы. Оның гуманист, азамат ақын, ағартушы қайраткер, ойшыл, философ бейнесінде суреттелуі. Дәркембай, Базаралы, Михайлов, т.б. бейнелері.Әйелдер бейнесі: Зере, Ұлжан, Әйгерім, Тоғжан, Салтанат, т.б. Құнанбай, Тәкежан, Ысқақ, Шұбар, Майбасар, т.б. іс-әрекеті, образдары.

Жазушының шеберлігі, романның көркемдік ерекшелігі. Эпопеяның негізін құраған тарихи өмір шындығы, этнографиялық фактілер және олардың көркемдік-эстетикалық қызметі. Образ жасаудағы ойдан шығару, оның өмір шындығына қатынасы, психологиялық талдау (аналитикалық, синтетикалық-лирикалық, эпикалық) Абай жөніндегі барлық еңбектерінің жиынтығы «Абай жолы» атты сериялы романы үшін жазушының Лениндік сыйлық алуы.

М.Әуезовтің (халық) ауыз әдебиеті, әдебиет тарихы саласындағы зерттеу еңбектері. М.Әуезов және абайтанупроблемалары. М.Әуезовтің әлем халықтары әдебиеті туралы ойлары. Қаламгер еңбектерінде жазушылық, шеберлік проблемаларының пайымдаулары.

Аудармалары: Гогольдің «Ревизоры», Шекспирдің «Отеллосы», «Асауға тұсауы», Н.Погодиннің «Ақсүйектері», К.Треневтің «Любовь Яроваясы», А.Кронның «Флот офицері», А.Тургеневтің «Дворян ұясы», т.б. Жазушы творчествосының зерттелуі. М.Әуезовтің көркемдік дәстүрлері және оның бүгінгі әдеби даму үшін маңызы.



Ұсынылатын әдебиет: [1, 84], [7, 311]


2-тақырып Сәбит Мұқанов (1900-1973)

Шығармашылық өмірі. Өлеңдері. Поэмалары.

«Сұлушаш» (1928). Поэманың сюжетіне негіз болған материал. Ақынның ойдан қосуы және оның шығарманың көркемдік-идеялық жүйесіндегі орны. Сұлушаш, Алтай, Қайсар бейнелері. Поэманың көркемдік ерекшеліктері.

Ақынның өз заманы туралы жазған шығармалары. «Майға сәлем», «Ақ аю», «Колхозды ауыл осындай», «Сөз Советтік армия», «Поэзия маршалы»,т.б. Олардағы ақындық ізденіс іздері. Ақынның В.Маяковскийден үйренуі, қазақ өлең құрылысына енгізген жаңалығы.

Прозалық шығармалары. «Адасқандар» (1931), «Жұмбақ жалау» (1938), «Ботагөз». Романның қазақ әдебиетінде реализм әдісі негізінде көрінген шығарма екендігі. Жазылу тарихы. Тақырыбы мен көтерген мәселесі.Романның сюжеттік желісін құрған тарихи оқиғалар, оларды жинақтау мен даралаудағы суреткерлік нысана.

«Менің мектептерім», «Өмір мектебі», «Есею жылдары». Шығарманың жанрлық сипаты, онда қазақ халқының өмірінің суреттелу жолдары. Баяндаушының өз бейнесі. Дәуір шындығы және көркемдік жинақтау.

«Сырдария» романы (1948-1951). Тақырыбы. Еңбек адамдарының бейнелері. Байжан, Айбарша, Дәулет, Сырбай, Анатолий, Самархан, Наталья, Рахмет сияқты басты кейіпкерлердің образдары, олардың өсу жолдары.Романдағы халықтар достығы. Романның көркемдігі. Баяндау, суреттеу, әңгімелеу жолдары. Шығарманың тілі.

«Мөлдір махаббат» (1959) романы. Шығарма тақырыбының тууы. Жазушының өмір шындықтарын жинақтау жолдары. Бүркіт пен Бәтестің махаббат тарихы, олардың еркін өмір жолындағы әрекеттері. Романның басты кейіпкерлері және олардың прототиптері.

Драмалық шығармалары: «Күрес күндерінде» (1938), «Сәкен Сейфуллин» (1964), «Қашқар қызы» (1972), «Шоқан Уәлиханов» (1953).

«Аққан жұлдыз» (1967, 1970). Романды тетралогиялық деңгейде жазу туралы автордың ойы. Ол ойдың толық жүзеге аспауы. Романның алғашқы екі кітабында көрініс тапқан өмір шындықтары. Шоқан Уәлиханов бейнесі.

Әдебиет сыны мен әдебиет тарихын зерттеудегі еңбектері «Өсу жолдарымыз», «Халық мұрасы», «Жарқын жұлдыздар», «18-19 ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихының очерктері» оқулығы. Жазушы творчествосының зерттелу жайы, қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.

Ұсынылатын әдебиет: [7,335-361], [1,153]


3-тақырып Ғабит Мүсірепов

Жазушының творчестволық өмірбаяны. Жиырмасыншы жылдардың аяғындағы әңгімелері («Тулаған толқында», «Қос шалқар», «Талпақ танау», «Үздіксіз өсу», «Бір адым ілгері, екі адым кейін») , олардың тақырыбы.

Жазушының ана туралы әңгімелері. «Адамның анасы» (1933), «Өлімді жеңген ана» (1933), «Ананың анасы» (1934), «Ананың арашасы» (1935), «ана жыры». «Ашынған ана» новелласындағы ауылдағы озбыр болыстардың өктемдігі, бас бостандығы үшін күреске көтерілген қазақ әйелі – Қапия образы. «Ананың арашасы». Мұндағы азамат соғысының көріністері, романтика мен реализмнің ұштасуы. Нағима. Оның ерлік әрекеттері. «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1944) атты әңгімелері. Ақлиманың адамгершілік қасиеті. Наталья образы. «Ананың анасы» әңгімесі. Жазушы творчествосындағы ана тақырыбының алатын орны.

Драмалық шығармалары. Олардың жанрлық құрамы, поэтикасы. «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ақан сері - Ақтоқты», «Амангелді» т.б. Драматургия саласында алғашқы сәтті еңбегі – «Қыз Жібек» (1934) атты музыкалық драмасы, оның кейінірек операға айналуы. Пьесада махаббат бостандығы, гуманизм сарынының суреттелуі.

«кездеспей кеткен бір бейне» (1967) повесі. «Ұлпан» (1974) романы. Ұлы Отан соғысы тақырыбына арнап жазған «қазақ батыры» (1945) повесі. Автордың оны «қазақ солдаты» (1950) романына айналдыруы. Олардың айырмашылығы, өзгешелігі. Романдағы халықтар достығының, патриоттық сезімінің суреттелуі. Жауынгер өмірінің суреттері. Басты образдар. Қайырғали Сарталиев, Петр Ушаков, Владимир Толстов, Самед Абдуллаев, т.б. Романның көркемдік ерекшелігі, ұлттық және интернационалдық сипаты, көркемдеуіш-бейнелеуіш құралдары. Романдағы пейзаж, оның көркемдік қызметі.

«Оянған өлке» (1953), «Жат қолында» (1984) романдары.

Қазақстанда алғаш өндіріс орындары ашылып, қазақ кедейлерінің өндіріс жұмысшыларына айналуы. Халық өмірі, әлеуметтік тартыс көріністері. Шығарманың эпопеялық сипаты. Орыс , қазақ жұмысшыларының тұрмысы. Қарағанды шахталарындағы Успен, Ақбұйрат мыс заводындағы жұмысшылардың өмірі, капиталистердің өзара тартысы. «Оянған өлкенің» саяси-әлеуметтік табиғаты. «Жат қолынданың» әлеуметтік-психологиялық сипаты. Өлкенің ояна бастауы. Сол кездегі қазақ ауылының өмірі, әлеуметтік қарым-қатынастары, тұрмыс-салтының суреттелуі, ерекшеліктері. Басты образдары: Бұланбай, Байжан, Байшегір, Жабай, Сейіт, Назыкеш, Быковтар, Шило,т.б.Екінші топтың адамдары: Жұман, Игілік, Рязанов, Ушаков, Сикорьский,т.б. Кенжеғара образының ерекшелігі, даму логикасы. Роман-дилогияның көркемдік ерекшелігі, қазақтың әдеби тілінің, көркем ойының соңғы табыстарын орынды пайдалануы. Әр оқиғаны, табиғат суреттері мен адамның ой толғаныстарын, қарым-қатынастарын суреттеудегі шеберлігі, тілі. Ғ.Мүсірепов творчествосының қазақ әдебиетіндегі орны.
Ұсынылатын әдебиет: [1,201,157], [7, 363-380]

4- тақырып Ғали Орманов

Өмірі мен шығармашылығының басты кезеңдерінен мәлімет.

Ақынның творчестволық сапары қысқа лирикалық өлеңдер жазудан басталған. Жаңарған ауыл, өзгерген дала, туған жер, адамдардың ойы мен арманы, олардың жаңа қарым-қатынастары Ғали шығармаларының негізгі тақырыбы болуы.

1927—28 жвлдары жазылған «Қора», «Дихамбай», «Мойын Серік» сияқты өлеңдерінде жаңарған өмірді, кедей шаруалардың жер бөлісіп, ұйымдасып, серіктесіп еңбек етуін суреттеуі. Ғали атын жұртшылыққа молынан танытқан «Шеңбер» атты өлеңі.қысқа сюжетке құрылып, көркем жазылған «Алғашқы адым», «Жолда», «Кітап»,т.б. өлеңдері, олардағы лиризм.

1930 жылдардан бастап эпикалық жанрда да еңбектенуі. Жаңарған ауылдың өткендегі ауыр халі мен бүгінгі тұрмысын көрсету ниетімен «Шәуілдір» атты ұзақ поэма жазуы. Оның кемшіліктері, өмір құбылыстарын таңдап, талғауы мен жинақтауындағы творчестволық белсенділіктің жетіспеушілігі. Челюскиншілердің ерлік сапарына арналып жазылған «Алынған қамал» поэмасы. Бірсыпыра өлеңдерінде ерлікті, батырлықты мадақтап, майдан уақытындағы тылдағы еңбекті көрсетсе («Батыр ініме», «Мәлік», «Жар жалауы», т.б.), ал «Ана әңгімесі» деген ұзақ өлеңінде ақын жас баланың ақыл-ойына сыйымды етіп ертегі мен әңгіме үлгісінде неміс фашистерінің басқыншылық әрекетін әшкереледі.

Соғыстан кейін еңбек тақырыбын жырлауы («Днепр оттары», «Қорада», «Батпақ дала дастаны», «Егін - толқын»). Халықтар достығы мен бейбітшілік тақырыбына көптеген өлеңдерін арнауы («Доллар тағдыры», «Достық жыры», «Асқанға тосқын»).

Ғ.Ормановтың очерк, әңгімелері («Қаратаудың Қамбары»), «Жол», «Механик ойы», «Жүрек», «Алыстағы ауылда». Аудармалар: Л.Толстойдың «Анна Каренина», М.Бубенцовтың «Аққайың» романдарын , Н.В.Гогольдің «Нева проспектісі» повесін тәржімәлауы.

Ұсынылатын әдебиет: [2,218]
5-тақырып Қасым Аманжолов

Шығармашылық өмірбаяны. Творчествосының алғашқы кезеңінде Қ.Аманжолов саяси-әлеуметтік тақырыптарға, ел өмірінде өтіп жатқан ірі уақиғаларға, халық тұрмысындағы жаңалықтар мен өзгерістерге арнап көптеген өлеңдер жазды.

Ақын өмірінің Орал кезеңінің (Оралда тұрған жырлары) шығармашылық лабораториясында айрықша мәні бар. Қ.Аманжолов өмір уақиғаларын сырттай бейнелеуден лирикалық кейіпкер ішкі әлемі мен сезім сырларына, ойларын бейнелеуге көшеді. Арман, махаббат жырларына көңіл қояды.

Тұңғыш өлеңдер жинағындағы ақын шеберлігінің көріністері : «Өмір сыры» (1938).

Соғыстан кейінгі өлеңдері. 1955-56 жылдары ақынның үш томдық «шығармаларының толық жинағы» шығарылуы. Шығармадларының төрт томдық жинағы (1977-80).

Қасым аманжолов поэзиясындағы Отан соғысы тақырыбы. «Ұлы Отан соғысы туралы жыр», «Байкал», «Орал», «Үстімде сұр шинелім», «Жеңіс даусы», «Дариға, сол қыз», «қызғалдақ», «Ақын өлімі туралы аңыз» т.б.

Поэмалары: «Жамбыл тойында» (1939), «Бикеш» (1939-44), «Құпия қыз» (1939), «Ақын өлімі туралы аңыз» (1943), «Біздің дастан» (1947).

Қ.Аманжоловтың ақындық әлемі. Оның творчествосындағы соғыс пен бейбітшілік, өмір мен өлім суреттері. Шығармаларындағы достық пен махаббат, ерлік пен елдік, Геройлық пен трагедиялық пафос. Ой мен сезім. Мазмұн тереңдігі мен түр жарастығы.

Аудармалары: «Полтава» (Пушкин), «Маскарад» (Лермонтов), Низамиден, Некрасовтан, Шевченкодан, Маяковскийден, Твардовскийден қазақшалаған аударма туындылары. Қ.Аманжолов творчествосының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.

Ұсынылатын әдебиет: [2,227]


Әдебиеттер тізімі

Негізгі:
1.Нұрғали Р. Діңгек. 2-т.-Алматы,2009

2.Жүсіп Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. Монография. – Павлодар: Эко, 2007.

3.Негимов С. Әдебиет әлемі. –Алматы,2008
Қосымша әдебиеттер
4.Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры.-Астана,2005

5.Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. Лекциялар курсы. –Алматы, 2003

6.Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 9-т.-Алматы, 2005

7.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы.-Алматы, 2002

8.Ергөбеков Қ. Жазушы шеберханасы. А.2002.

9.Мұқанов С., Мүсірепов.Ғ.- қазақ әдебиетінің классиктері.А.2002.

10.Мүсіреповтің көркемдік әлемі.А.2002.

11.Мұқанов С., Мүсірепов.Ғ.- қазақ әдебиетінің классиктері.А.2002.



12.Мүсіреповтің көркемдік әлемі.А.2002.

13.Негимов С. М.Ғабдуллин. А.2001.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет