Соғу мен қалыптаудың тағайындалған міндеті.Бұймыға белгілі бір өлшем мен пішін беру үшін әмбебап құралмен үздік-үздік әсер етіп металды пластикалық өңдеуді - соғу, ал арнайы құралмен (қалыппен) өңдеуді - қалыптау деп атайды.
Бұл тәсілдермен пішіндері алуан түрлі бұйымдарды металдан, пластмассадан және басқа да материалдардан дайындауға болады. Мұнда алынатын бұйым өлшемдерінің дәлдік дәрежесі, механикалық және басқа сипаттамалары мен беттерінің сапасы алуан түрлі болып келеді. Сондықтан соғу-қалыптау өндірісі машинажасауда, приборжасауда, халық тұтынатын заттар өндірісінде және халық шаруашылығының басқа да салаларында кең қолданыс тауып отыр. Соғу мен қалыптау арқылы бұйымдарды өндіру дайындаманың бастапқы пішінінің дайын бөлшектің өлшеміне максимальды жақындатға мүмкіндік береді, ал бұл металдың жоңқаға шығындалуын азайтады. Машинажасау зауыттарында илемделген дайындамалардан металл кескіш станоктар арқылы бұйымдар алуда металдың 30....40% жоңқа күйінде ысырапталады. Осы дайындамаларды алдын-ала соғу-қалыптау әдісімен өңдесе металдың шығындалуы 4...5 есеге азаяды және металл кескіш станоктар санын азайтып, қаржының үнемделуін септігін тигізеді. Сонымен қатар соғу мен қалыптау металдың қасиетін жақсартады, сол себепті көптеген машиналар мен асапаптардың жауапты бөлшектері тек соғылмалардан жасалады.
Кез-келген машинажасау зауытында соғу-қалыптау цехы жұмыс істейді, оларды арнаулылық дәрежесіне, өнімділігіне, негізгі жабдықтарының типіне байланысты арнаулы, әмбебап және аралас деп бөлге болады. Мысал ретінде соғу-қалыптау өндірісінің мынадай бөлімшелерін келтіреміз:
1) жекелеген және шағын сериялы бұйымдарды жасайтын ұсталық цехтар; көбінесе металлргия, кемежаса және басқа зауыттарда кездеседі. Мұндай цехтарда тоқпақпен соғу арқылы шағын соғылмаларды (массасы 1 т дейін) өндіреді;
2) массасы үлкен (250 т дейін және одан жоғары) жекелеген және шағын сериялы соғылмаларды дайындайтын ұсталық-баспақ цехтары. Мұндай цехтардың негізгі машиналары гидравликалық немесе бу-гидравликалық баспақтар;
3) массасы 1000 кг дейінгі соғылмаларды ірі-сериялы және жаппай өндіріспен шығаратын соғу-қалыптау цехтары. Мұндай цехтардың негізгі агрегаттары қалыптау тоқпақтары мен баспақтары, горизонталь-соғу машиналары және т.б.;
4) табақты материалдан салқындай қалыптаумен бұйым өндіретін суықбаспақ цехтары. Мұндай цехтар ірі-сериялы және жаппай өндірілетін бөлшектерді өндіруге арналған. Олардан шығарылатын өнімдер қосымша өңдеуді қажет етпей тікелей жинақта операциясына жіберіледі;
5) арнаулы цехтар, олар жаппай өндірілетін бұйым (серіппелі, рессорлы, метизді және т.б.) немесе орнатылған жабдық (мысалы, суықтай шөгеру автоматы) типіне байланысты анықталады.
Бастапқы материалдар сипаттамасы.Соғу процесі үшін бастапқы материал болып массалары бірнеше килограмнан 250...350т дейінгі құймакесектер және илемдік дайындамалар табылады. Ыстықтай қалыптауға соғылған, илемделген, баспаланған дайындамалар және сымдаумен алынған дайындамалар, сонымен қатар сұйық металл пайдаланылады. Табақты қалыптау кезінде бастапқы материал ретінде ыстықтай және суықтай илемделген әртүрлі болат табақтар мен таспалар және т.б. материалдар пайдаланылады.
Соғу кезіндегі негізгі технологиялық операциялар.Соғу тәсілімен бұйым алу кезінде өңделетін материал әмбебап құрал – тоқпақ немесе баспақтың бірнеше дүркін үздік-үздік әсерімен өңделеді. Деформацияланатын дене көлемі биіктігі бойымен шөгіп, құрал бетінің түйіспелік бетіне еркін жайылады. Соғу жекелеген және шағын сериялы өндірісте және жөндеу жұмыстарында қолданыс табады.
Соғудағы технологиялық процесте мынадай әртүрлі негізгі және қосалқы операциялар орындалады: қырдықысу (биллетировка), шөктіру, тартажону, ендеу, қобылау, ию, ширату, шабу, ұсталық пісіру және т.б., сонымен қатар таза өңдеу мен термиялық өңдеу операциялары (егер қажет болса).
Құймакесекті қырдықысу (биллетировкалау) дайындамаға айналмалы дене пішінін беру үшін оның қырларын жаншу операциясы. Осы кезде құймакесектің конустылығының бұзылуымен бірге оның құйма дендритті құрылымы бұзылып, құйма металдың кеуектері мен басқа да ақаулары бітеледі.
Шөгу — бір мезгілде дайындама биіктігінің аласарып, оның көлденең қимасы ауданынының ұлғаю процесі (2-сурет, а). Шөктіруді құйма құрылымды жою, шөкпелік дәрежесін арттыру, биіктігі аласарақ (тісті дөңгелек, дискілер және т.б. өндірге арналған) соғылмалар алу үшін және атанақ, дөңгелек және т.б. жасауда қобылаудан бұрын алдын-ала өткізілетін операция ретінде жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |