Тексеру сурақтары



Дата21.10.2022
өлшемі20.57 Kb.
#463159
тема 15



Тексеру сурақтары
1. Гидравликалық машиналарды қалай түсінесІз?
2. Сорғы агрегаттарын түсіндір?
3. Гидравликалық машиналардың жұмыс атқару принципінің негізі неде?
4. Гидравликалық машиналар қалаи топтасады?
5. Сорғылардың негізгі көрсеткіштерін атаңыз?
6. Сорғылардың беруі кандай көрсеткіштерІне байланысты?
7. Гидроаккумулятор дегеніміз не, олардын атқарар рөлі қандай?
8. Қалақты сорғының піспекті сорғыдан айырмасы қандай?
Гидравликалық машиналар — механикалық энергияны қабылдау және қайтару немесе түрлендіру үшін қолданылатын машиналар. Гидравликалық машиналар сорғылар, гидравликалық қозғалтқыштар, гидравликалық берілістер, гидравликалық қозғауыштар болып сараланады.[1]
Техникада іс – әрекеті сұйықтардың тепе – теңдігі мен қозғалыс заңдарына негізделген машиналардың алуан түрі пайдаланылады. Автомобильдер, жүк машиналары мен автобустардағы гидравликалық тежегіштер; тракторлардағы ауыр жүкті көтеруге арналған гидравликалық көтергіштер; гидравликалық түрде көтерілетін орындықтар және тағы да басқа қарапайым түрдегі тетіктер гидравликалық машиналар болып табылады. Өйткені, бұлардың барлығында да сұйықтардың қысым күші пайдаланылады. Қарапайым гидравликалық машинаға көлденең қимасының ауданы әр түрлі болып келген екі жылжымалы поршеньдер орналастырылады. Бір – бірімен жалғастырылған цилиндрлерге сұйық (май) толтырылады.
Сорғы агрегаттары[1] — сорғы қозғалтқыш және беріліс жүйелерін қамтитын құрылғылар жиынтығы, оның орнықты және жылжымалы түрлері бар. Пайдаланатын қозғалтқыштың түріне қарай ол

  • электр қозғалтқышты,

  • турбиналы,

  • дизельді,

  • моторлы (іштен жанатын қозғалтқыш) деп аталатын түрлерге ажыратылады.

Гидравликалық машинаның жұмыс істеу принципі негізделген заң
заңы.
Энергияны сақтау заңы
Зарядтың сақталу заңы
Импульстің сақталу заңы
Паскаль заңы
Гук заңы
Сорғы (Насос) —

  1. сұйықтықтардың арынды жылжуын қамтамасыз ететін гидромашина, сонымен қатар сұйықтықтың көмегімен гидравликада механикалық энергия алынады;

  2. вакуумның жоғарылауын түзетін құрылғы;

  3. берілген энергияны сұйық ағынының гидравликалық (механикалық) энергиясына айналдыру нәтижесінде тамшы сұйығын (оның ішінде қатты және газ қоспалары бар) арынмен орын ауыстыруға арналған гидромашина (аппарат, жүйе). Сорғы берілетін энергияға байланысты механикалық, жылу және электромагнитті; құрылымына қарай аксиал поршеньді, радиал поршеньді,екі қалақты, көлемді, тілімшекті, реттелетін, шығыны тұрақты, қоректендіргіш, тістегерішті және сорғы-мотор болып бөлінеді.

Сорғының түрлері

  • Аксиал-поршеньдi сорғы (Насос аксионально-поршневой) — ротордың айналмалы қозғалысынан және поршеньнің ерсілі-қарсылы қозғалысынан энергия алатын роторлы сорғы. Сору қысымы 30 МПа дейін. Аксиал-поршеньдi сорғы гидроберілістерде, күштік бақылау жетектерінде қолданады.

  • Екі қалақты сорғы (насос каловратный) — жұмысшы органдары айналмалы қозғалатын роторлы сорғы. Роторда орналасқан сорғының екі қалағы арқылы орындаушы механизмдерге сұйықтық беріліп отырады.

  • Көлемдік сорғы (Насос объемный) — сорғының сұйықтық шығатын бөлігінде орналастырылып, сол камерадағы сұйықтықтың көлемін өзгертетін құрылғы. Қозғалтқыш жетегінің қуаты сақтық клапанның көмегімен максималды түрде тұрақталып тұрады.

  • Қоректендiргiш сорғы (Насос питательный) — бу қазандарына суды жеткізу процестерінде қолданылады. Қоректендіргіш сорғы электрлі поршеньді сорғылар ретінде қолданылады.

  • Тiлiмшектi сорғы (Насос пластинчатый) — жұмысшы органдары ерсілі-қарсылы қозғалатын айналмалы роторлы сорғы. Роторда орналасқан сорғының тілімшектері арқылы орындаушы механизмдерге сұйыктық беріліп отырады.

  • Радиал-поршеньдi сорғы (Насос радиально-поршневой) — ротордың айналмалы қозғалысы мен поршеньнің ерсілі-қарсылы қозғалысынан механикалық энергия алатын роторлы сорғы; Радиал-поршеньдi сорғы қысымы жоғары гидрожүйелерде қолданады.

  • Тiстегергiштi сорғы (Насос шестеренный) — жұмыс органы екі тістегергіштен тұратын роторлы сорғы; Тiстегергiштi сорғыда сұйықтықтың үлкен қысым мөлшерін реттеп отыратын сақтық клапаны орналасқан.

Сорғының гильзасы
Сорғы гильзасының пішіні цилиндр болып келген, гильзаның ішінде поршень жылжу үшін қолданылады. Гильза қажалуға төзімді материалдардан жасалып, беттің қажалуын азайтады әрі жөндеуге оңай.
Сорғыш түтiк
Сорғыш түтiк (Всасывающий патрубок) — сүйыққойма немесе қүбыржол арқылы сүйықтықты, буды, газды соратын іші қуыс, сырты жұмыр қысқа түтік.[1]

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет