Сөж орындаған: Абдуалиев Н. М. Тобы: 6-033 жм тексерген



Дата02.06.2023
өлшемі14.26 Kb.
#474628
Эссе Абдуалиев Туб


Қарағанды медицина университеті
Жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасы


СӨЖ

Орындаған: Абдуалиев Н.М.
Тобы: 6-033 ЖМ
Тексерген: Тәбріз Н.С

Қарағанды 2022 жыл


Туберкулез эпидемиологиясы
Туберкулез эпидемиологиясы – туберкулез ауруының пайда болуы мен қатар халық арасында таралуын зерттейтін ғылым. Бұл аурудың пайда болу механизмін эпидемиялық үдеріс деп атайды. Эпидемиялық үдерісті үш компонеттке бөліп қарастырамыз. Олар: инфекция көзі, жұғу жолы және жаңа жағдай. Инфекция көзіне науқастарды, жануарлар мен құстарды жатқызсақ, осының ішінде негізгісі науқастар, оның ішінде бактерия бөлуші науқастар болып табылады. Себебі бактерия бөлуші науқастар сыртқа 10млрдқа жуық бактерия бөліп, басқа адамдарды жұқтыру қауіпі жоғары болады. Сирек жағдайда жануарлар мен құстардың өнімдерінен туберкулез микобактериясы жұғу мүмкін.
Инфекция болса оның жұғу жолы да болады, туберкулездің жұғу жолдары: ауа тамшы, алиментарлы, қатынасты, плацентарлы. Негізгі жұғу жолы ауа тамшы жолы болып табылады, себебі бактерия бөлуші науқас жөтелгенде, сөйлегенде ауаға көптеген микобактериялар бөлініп жұқтыруы мүмкін. Ал қалған жұғу жолдары сирек кездесетін жолдары болып табылады. Эпидемиологиялық үдерісітің 3 компоненті - жаңа жағдай. Жаңа жағдайдың пайла болуына ықпал жасайтын факторларларға инфекцияның массивтілігін, науқаспен болған қатынастың ұзақтығын және адам ағзасының сезімталдығын жатқызамыз.
Туберкулез эпидемиологиясы эпидемиологиялық көрсеткіштер арқылы анықталады. Оларға : инфекциялану, сырқаттылық, дерттілік, өлім-жітім жатады. Инфекциялану - туберкулинге тексергендердің оң реакция бергендерінің пайызы. Мысалы, 30 адамға туберкулинмен сынама жүргізсе оның 15-де оң нәтиже шығатын болса, инфекциялану 50% құрайды. Маңызды көрсеткіштердің бірі сырқаттылық болып табылады. Бір жылда 100000 адамға шаққандағы туберкулездің белсенді түрімен алғаш рет ауырғандар саны. Оны мынадай формуламен есптейді: алғаш рет ауырғандар санын 100000 көбейтіп, тұрғындар санына бөлеміз. Дерттілік жылдың соңында 100000 тұрғынға шаққандағы туберкулездің белсенді түрімен есепте тұрған науқастар саны. Дерттілік сырқаттылықтың ішіне кіреді сол себепті ессепеу де сырқаттылық сияқты есепетеледі. Өлім жітім деп – ос жылы 100000 тұрғынға шаққандағы туберкулезден қайтыс болғандар санын айтамыз. Бұл көрсеткіштер тікіелей сырқаттылыққа байланысты болады.
1990 – 2015жылдар аралығында Қазақстандағы 100000 тұрғынға шаққандағы сырқаттылық көрсеткіші өрескел көтеріліп төмендеген. 1990 жылы сырқаттылық көрсеткіші 65,8 болған кейінен экономикалық дағдарысқа байланысты, халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп бөл көрсеткіш жылдан жылға өскіп 2002жылы сырқаттылық көрсеткіші шыңына жетеді - 165,1 деген. Бірақ, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағдарламасын қабылдау нәтижесінде бұл көрсеткіш 2003 жылдан бастап төмендеп 2015жылы 100000 тұрғынға шаққанда 58,5 сырқаттылық көрсеткіші орын алады. Дегенмен бұл көрсеткіштер толығым дәлме-дәл шын мәніндегі сырқаттылық көрсете алмайды себебі барлық науқас адамдарды табу мүмкін емес. Өлім көрсеткіші 1990 жылы 16,5 болған 1998жылы өлім көрсеткіші шыңына жетіп 38,4 құраған. Осыдан жылдан жылға өлім көрсеткіші төмендеп 2015 жылы 100000тұрғынға шаққанда 3,8ді құрап отыр. Дерттілік көрсеткіші – 2014 жылы – 125,7-ні құрап отыр.
Қазақтанның туберкулезбен сыртқаттылығын басқа елдермен салыстаратын болсақ Россия, Тәжіктсан, Өзбекстан, Украина, Әзірбайжан, Қырғызстан, Молдова елдерінде бұл көрсеткіш Қазақстанға қарағанда жоғары болып табылады. Ал, АҚШ, Германия, Норвегия, Турция, Латвия, Беларусь елдері бұл көрсеткіштер едәуір төмен. Африка мемлекеттеріндегі халықта әлеуметтік жағдай төмен болғандық сырқаттылық көрсеткіші жоғары болып табылады. Мысалы, Свазиленд мемлекетінде – 1349. 2013жылғы дүние жүзіндегі туберкулездің эпидемилогиялық көрсеткіштері бойынша жыл сайын жаңадан туберкулезбен ауыратын адамдар саны– 9млн, өлім жітім – 1,5млн. Бұл туберкулездің жеңіл таралып кейбір мемлекеттердің әлеуметтік жағдайы мен медицинасы дамымауымен түсіндіруге болады. Туберкулездің проблемаларына көпдәрілік төзімділік, кең дәрілік төмзімділік және АИВ қосарланған туберкулездің санының өсуі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет