Сөж тақырыбы: Асқорыту мүшелерінің аурулары



бет2/6
Дата01.03.2024
өлшемі3.87 Mb.
#493485
1   2   3   4   5   6
Адам анат 2 сро

Ауруды емдеу жолдары

1.Диета: аурудың алғашқы 1-2 күнінде тағамнан мүлдем бас тартқан дұрыс, тек ішуге рұқсат етіледі, содан кейін диеталық тағамдар қолданылады (жылы, майсыз, ашытылмаған, пюре тәрізді тағамдар);

2.Асқазанның қабырғаларын қаптайтын және қышқылдықты төмендететін дәрілер;

3.Хеликобактерияны жоюға арналған антибиотиктер.

Емдеу көбінесе үйде жасалады және 2-3 аптаға созылады.

Емдеудің тиімділігін бақылау үшін гастроскопияны және Хеликобактерияны тексеруді қайталау қажет.

Созылмалы гастритпен ауыратын науқастар диспансерлік бақылауда болуы керек және жылына кем дегенде екі рет дәрігерге қаралу керек.

ДИСБАКТЕРИОЗ

Дисбактериоз (дисбиоз) – ағзада табиғи микробтық баланстың бұзылысы. Бұл бұзылыс ауру болып саналмайды, белгілі бір аурудың салдары болып табылады. Дисбактериоз қалыпты метаболизмнің бұзылысын шақырады, дәрумендер мен микроэлементтердің сіңірілуін нашарлатады, бауыр мен ұйқы безінің ауруларын тудырады. Дисбактериоз емшектегі және кішкентай балаларда жиі кездеседі. Өйткені ішек әлі даму барысында болғандықтан, кез келген жағымсыз факторлар микробтық флораның бұзылысына әкеледі.

Дисбактериоз себептері

Дисбактериоз дамуының себептері:

  • Дисбактериоз дамуының себептері:
  • Асқазан-ішек жолдарының аурулары, ішек жұқпалары;
  • Ішек тітіркендіру синдромы;
  • Тісжегі, ауыз немесе тамақтағы қабыну үдерісі;
  • Глистік инвазия;
  • Антибиотиктер немесе гормоналды препараттарды ұзақ қолдану;
  • Күйзеліс;
  • Аллергиялық серпілістер;
  • Сәулелік және химиотерапия;
  • Қант диабеті;
  • Эндокринді аурулар;
  • Климат немесе рационды кенет ауыстыру;
  • Микрофлораның бұзылысымен ішектің біріншілік патологиясы;
  • Балаларда дисбактериоз дисвагиноз, анасының дисбактериозы, жүктілік кезінде антибиотиктер немесе гормондар қабылдау, ішек инфекциялары, емшекпен кеш емізу, жасанды тамақтандыру, жасырын жатырішілік жұқпа, токсикоз немесе жүктіліктің қолайсыз ағымы нәтижесінде дамуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет