Сөж тақырыбы: Ауески ауруы


Торайлардың ауруға шалдығуы



бет6/7
Дата03.01.2022
өлшемі1.74 Mb.
#451423
1   2   3   4   5   6   7
sro(20160437-285012) (1)

Торайлардың ауруға шалдығуы - 70-100%, ал өлім көрсеткіші: 2 апталық кезінде 80-100 %, одан ересектерінде 40-80%. Басқа жануарлардан шошқаның ерекшелігі олардың денесі қышынбайды. Басқа жануарларда вирустын ерекше нейротропизмі нәтижесінде орталық жүйке жүйесі қатты зақымданып, жануар желігіп, қалшылдап, салданады. Сиырда бастапқыда дененің қызуы 42°С-қа жетеді, күйіс қайыруын қойып, денесі, эсіресе басы қатты қышынады. Ауырған мал селқостанып, қышыған жерін жалап үйкей береді. Кейіннен тынышсызданып, шошынып, мөңірейді, жүлқынады, бірақ өшпенділігі болмайды. Кейде жақ не мойын еттері құрысады. Несеп шығаруға ыңғайлана береді, сілекейі ағып, тер щығады, денесі дірілдейді. Қанын шығара үйкеген, қышы- ған жерлері домбығады. Жануар қалжырап, жатып қалады, ауырғанына 1-2 күн болғанда, кейде 3-4 күн өткен соң барып өледі. Кейде денесі қышынбайды, бірақ, сілекей мен тер көп ағады, таз қарынның атониясы байқалады, шөлдеп, бірде тынышсызданып, бірде мелшиіп қалады. Әлсіреп барып, өледі.

Қой мен ешкіде аурудың белгілері сиырдағыдай. Одарда: қышыну күштірек болады да, жалпы делебесі қозуы бәсең болады. Ауырған мал 3 күнде өледі. Терісі бағалы аңдар, ит пен мысық аурудың басқы кезінде мінезі бей-жай болып, тамақ жемейді, кейіннен көз қарасында үрей пайда болып, мазасызданып, денесі қышынады. Тек қана күзен мен бүлғында қышыну байқалмайды, көбінде мелшиіп түрады. Жануар ыңырсып, тез елігетін болып, мінез-құлқы құтырықтың клиникасын еске түсіреді, бірақ та өшпенділігі болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет