Сөж тақырыбы: Ойын әдісі және ойын тренингі Орындаған: Ештай Назерке Тобы: мс-18-7к



бет1/5
Дата02.01.2022
өлшемі72.72 Kb.
#453744
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Ойын әдісі және ойын тренингі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті


СӨЖ

Тақырыбы: Ойын әдісі және ойын тренингі

Орындаған: Ештай Назерке

Тобы: МС-18-7к

Қабылдаған: Турдалиева Шолпан

Шымкент 2020ж
Мазмұны:
Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Ойын- оқыту әдісі ретінде

  2. Ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын арттыру

  3. Бастауыш мектепте сабақ барысында қолданылатын ойын түрлері

  4. Ойын арқылы оқушы нені меңгереді?

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.

Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.

Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.

Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері - мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады.

Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.

Ал мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.

Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет