Әдісі: ойын- сайыс түрінде Қатысушылар: 5 а,в сыныптар Ойын барысы



Дата10.06.2016
өлшемі39.72 Kb.
#126316
Интеллектуалды ойын «Ойна да біл»

Мақсаты: оқушылардың білім деңгейін ойын түрінде тексеру, сұрақ қою арқылы

балалардың ойлау қабілетін дамыту, зеректілігі мен зейінін қалыптастыру. Қазақ тілін біліп, құрметтеуге тәрбиелеу.


Әдісі: ойын- сайыс түрінде
Қатысушылар: 5 а,в сыныптар
Ойын барысы:
Амандасу. Топтарды шақыру.


  • Бүгін біз «Ойна да біл» атты интеллектуалды ойынға қатысып отырмыз. Ойын шарты – әрбір конкурсқа байланысты тапсырмаларды орындау.

  • Енді әділ қазылармен танысайық. Ойынға 2 команда қатысады. «Достық» және «Бірлік».

  • Ал сайысымызды бастайық.

  • Бірінші конкурс «Грамматикалық аялдама». Қазақ тілі грамматикасы бойынша сұрақтар қойылады, командалар тез жауап беру керек. Жауабы дайын болған команда тез қоңырау соғады. Бірінші қоңырау соққан команда жауап береді. Әділ қазылар әр конкурстан кейін командалардың жауаптарын бағалап отырады. (баға – 1 - 5 ұпайға дейін)


1 конкурс: «Грамматикалық аялдама».

Сұрақтар.



  1. Қазақ тілінде неше септік бар?

  2. Неше сөз табы бар?

  3. Зат есім деген не?

  4. Сан есімнің сұрақтары?

  5. Жалғаудың неше түрі бар? Қандай?

  6. Табыс септіктің сұрақтары?

  7. Неше дыбыс бар?

  8. Буынның қандай түрлері бар?

  9. Үндестік заңы деген не?

  10. Етістік дегеніміз не?




  • Ал жарайсыңдар. Әділ қазылардың берген ұпайларын көрейік. Енді келесі конкурс. «Кім жылдам»


«Кім жылдам».

Шашыранды сөздерден сөйлем құрастыру.

(Әр командаға 3 сөйлем беріледі). Дайындыққа 1 минут уақыт беріледі.
Музыка ойнап тұрады.
«Достық» командасына:


  1. А.Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны.

  2. Республикамыз үлкен, табиғаты тамаша, жері кең әрі бай.

  3. Қазақ халқының ұлттық киімдері өте әдемі және ерекше.


«Бірлік» командасына:

  1. А.Құнанбаевты әжесі Зере, шешесі Ұлжан тәрбиеледі.

  2. Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш – халық ауыз әдебиетінің түрлері.

  3. Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүреді.

(Командалар жауап бергеннен кейін әділ қазыларға сөз беріледі.)




  • Келесі үшінші конкурс: «Поэзия минуты». А.Құнанбаевтың өлеңін жатқа айту.

(Командалар жауап бергеннен кейін әділ қазыларға сөз беріледі.)




  • Төртінші конкурс: «Мың бір мақал». Ал осы конкурста қай команда көп мақал білетінін байқаймыз. Екі команда жарысып, мақал-мәтелдерді жатқа айтады.

(Командалар жауап бергеннен кейін әділ қазыларға сөз беріледі.)



(командалар дайындалып жатқанда, музыка ойнап тұрады)


«Достық»:
Көктем.

Күн жилынды. қар ери бастади. Тунде салқын, күндуз жылы. Коктем басталды. Жылы жель сокты. Ауылда тракторшілар жер жиртып жатыр. Кеше кун күркіреды. Енді дала шобі көтериледі. Жыл қустары келе бастады. Бакшада коконис егілды.
«Бірлік»:
Абай Құнанбаев.

А.Құнанбаев – қазақ халқынын улы ақыні. Ол ерте кезде омір сурді. Казақ халкын онер үйренуге, білим алуға шакырді. Акын осекші, өтірікшы, жалқау, мактаншақ адамдарды жек көрде. Абай оз шыгармаларында мұндай адамдарді қатті сынаді. А.Құнанбаев – ұлы аудармаші болган.
(әділ қазылар конкурсты бағалайды)


  • Жақсы, енді алтыншы конкурс мынандай

«Жұлдызды сәт» командалар берілген сөзден басқа сөздер құрастыру керек.

5 минут беріледі.


1 команда – ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА

2 команда – ҚАРАҒАНДЫЛЫҚТАРМЕН


(әділ қазылар сөйлейді)


  • Жетінші конкурс: «Дұрыс жаз». Сөздерге септік жалғауларын дұрыс келтіру. Тақтаға шығып, жазу керек.

Сөздер:
А.с ақын

І.с Абай ...

Б.с. дәптер...

Т.с. кеме ...

Ж.с. ағаш ...

Ш.с. жазушы...

К.с. қала ...
А.с. шығарма

І.с. мұғалім ...

Б.с. уақыт ...

Т.с. сынып...

Ж.с. ғарышкер ...

Ш.с. өлең ...

К.с. бала...
(Командалар жауап бергеннен кейін әділ қазыларға сөз беріледі.)


  • Бүгінгі біздің сайысымыздың соңғы конкурсы «Кім тапқыр». Командалар айтылған әріпке сөздер келтіреді. мысалы А десем, осы А әріпінен басталатын сөздерді айтасыңдар.

А

Б

Ә



Қ
(Командалар жауап бергеннен кейін әділ қазыларға сөз беріледі.)


  • Жарайсыңдар, осымен конкурстар аяқталды. Енді командалардың жинаған ұпайларын біліп, жеңімпазды белгілейік. Әділ қазыларға сөз берейік.

Командаларды құттықтап, сыйлық пен грамоталарын беру.



Соңы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет