СөЖ4 «Үйрету», «оқу», және «оқу әрекеті» деген ұғымдар арасында қандай айырмашылық бар? Оқу пәнінің мазмұны, бағдарлама, оқыту әдісі және оқушының ойлау типі өзара қалай байланысты?



Дата22.03.2023
өлшемі24.69 Kb.
#471011

СӨЖ4
«Үйрету», «оқу», және «оқу әрекеті» деген ұғымдар арасында қандай айырмашылық бар? Оқу пәнінің мазмұны, бағдарлама, оқыту әдісі және оқушының ойлау типі өзара қалай байланысты? «Абстрактіден нақтыға көтерілу» формуласы нені білдіреді және дамудың жалпы заңымен қалайша байланысты? Л.В. Занков және В.В. Давыдов бойынша дамыта оқытудың ортақ принциптері қандай?Эмпирикалық және теоретикалық білімдер өзара қалайша ажыратылады? Дәстүрлі оқытумен салыстырғанда дамыта оқытудың артықшылығы неде?
Педагогикалық психологияда, педагогикада, жалпы дидактикада міндетті түрде білім беру процесінің екі, өзара байланысты жақтары ажыратылады: оқытушы, тәрбиелеуші және үйретуге жарамдылық, яғни педагогтың қатысуымен жүзеге асырылатын оқыту және сөздің ең жалпы мағынасында үйрету немесе нақтырақ айтқанда, оқушының қатысумен жүзеге асырылатын оқу.
Оқыту осы терминнің ең жиі пайдаланылатын мағынасында отбасы, мектеп, жоғары оқу орны, қауымдастықтың арнайы ұйымдастырылған жағдайында қоғамдық-тарихи, әлеуметтік тәжірибені басқа адамға мақсатты бағытталған, біртіндеп беруді білдіреді. Оқушының позициясынан оның осы тәжірибені «үйретуге жарамдылық» терминінде қабылдап алу қабілеттілігі жиі байқалады және осы процестің нәтижесі «үйретілген» терминінде. Оқытушы позициясын алып тұрған адам – педагог. Оқытудың әрекеті – бұл оқытушының әрекеті, оқыту әрекеті - педагогикалық әрекет. Осы әрекетті қарастырғанда бірқатар сұрақтар туады: оқытудың мазмұны не болып табылады, оқыту бағдарламасы, оның мазмұны мен әдістері қандай ара қатынаста; оқытуда оның негізгі мақсаты - оқушы тұлғасының дамуы қалай жүзеге асырылады; дамыту, оқыту, тәрбие беру қалай бірігеді. Л.С. Выготскийге сәйкес, психологиялық проблема баланың дамуы тұрғысынан оқу пәндерінің ішкі құрылымын белгілеу және осы құрылымды мектептегі оқытудың әдістерімен бірге өзгертуде тұр.
Қойылған сұрақтарға жауап көзі В.В. Давыдовтың тұжырымдаған келесі ережелері болып табылады:
- оқу-тәрбие беру процесі ...оқу пәндері жүйесінің мазмұнын меңгеру негізінде жүзеге асырылады;
- әрбір оқу пәні қоғамдық сананың кез-келген «жоғары» формасының меңгеру өзіндік бейнеленуі болып келеді;
- оқу пәнінің өзегі оның бағдарламасы болып табылады, яғни меңгеруге арналған білім мен біліктердің жүйелі және төменннен жоғары баяндалуы;
- оқу пәнінің мазмұнын көрсететін бағдарлама ... оның білім берудегі әдістерін, дидактикалық құралдардың сипатын, оқу мерзімін анықтайды..., ұсынылған материалды меңгеру барысында оқушыларда қалыптасатын ойлану түрін жобалайды;
- оқу пәндерінің мазмұнын оқу әрекетінің ерекшеліктері мен құрылымына сәйкес әзірлеу қажет.
Оқу - жалпы сипаттамасы
Биологиялық жүйенің жеке тәжірибесін жинақтау процесі мен оның нәтижесін білдіретін ең жалпы ұғым - үйрету. Мақсатты бағытталған, оған қоғамдық-тарихи тәжірибені саналы түрде беру нәтижесінде адамды үйрету және осы негізде қалыптасатын жеке тәжірибе оқу деп анықталады. Алайда, осы проблеманы зерттеушілердің көпшілігі оқу ұғымын жеке тәжірибені тек қана адамда ғана емес, жануарларда да қалыптасуын талдау және түсіндіру үшін неғұрлым ортақ ұғым ретінде қолданады.
Оқу аспектілері пәнаралық болып табылады; соған сәйкес ол әртүрлі позициялардан қарастырыла алынады, Й. Лингарт қарастырудың келесі тоғыз аспектілерін белгілейді, бұл позициялар оларды ажыратуда біршама дау туғызушы жерлердің болғанына қарамастан келесі түрде анықталынады.
Биология тұрғысынан оқу бейінделу процесін білдіреді, онда тұқым қуалаушылық, орта, бейімделу, реттеу қарастырылады.
Физиология тұрғысынан оқу шартты рефлекстерді дағдыландырудың нейрогуморалдық механизмдерінің жағдайынан, жоғары жүйке қызметінің заңдылықтарынан, мидың талдамалық-синтетикалық қызметі тұрғысынан қарастырылады.
Психология тұрғысынан оқу субъекттің белсенділігі, әрекеті, психикалық дамудың факторы ретінде қарастырылады. Оқу айқын көрінеді және адамның мінез-құлқының ары қарай жүйелі өзгеріске ұшырауына әкеледі. Бұл позицияда таңбалық-символикалық құрылымдардың ақпараттық функцияларына, мағына құрудың, танымдық және мотивациялық құрылымдардағы өзгерістерге ерекше маңыз беріледі.
Әлеуметтану тұрғысынан оқу жеке және қоғамдық сана байланысының шарты ретінде әлеуметтендіру факторы тұрғысынан қарастырылады. Бұл позициядан оқу процесі жүзеге асырылатын білім беру жүйелерін әлеуметтік басқарудың әртүрлі формалары қарастырылады.
Аксиология, этика позициясынан оқу құндылықтық қалыптасу және өзін-өзі анықтау, қоғамдық нормаларды, ережелерді, құндылықтарды интернализациалау процесі ретінде қарастырылады.
Кибернетика позициясынан оқу тура және кері байланыстар каналдары бойынша оқыту жүйесінде басқарумен, стратегия, бағдарлама және алгоритмдерді әзірлемелеу және өзгерулерімен сипатталатын ақпараттық процесс ретінде қарастырыла алынады.
Л.С. Выготскийдің, А.Н. Леонтьевтің, С.Л. Рубинштейннің еңбектерінде оқу - білім, икемділік, дағдыны меңгеру ретінде қарастырылады. П.Я. Гальперин оқуды субъекттің жасаған әрекеттерінің негізінде білім меңгеру ретінде анықтайды. Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдов бойынша, оқу дегеніміз оқу әрекетінің ерекші түрі, ал А.Н. Леонтьевтің теориясы бойынша оқу (ойын және еңбекпен қатар) – жетекші әрекет типі, ол уақыттың үлкен кезеңін алып қана қоймайды (көп жағдайда 15-16 жасқа дейін), сол уақыттың ішінде оқушы тұлғасының өзі, оның интеллекті, әрекетінің жеке түрлері қалыптасады. Оқу көп мотивтендірілген және көп әрекет ретінде қарастырылады.
«Оқу» ұғымымен қатар отандық психологияда Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, А.К. Маркова), соңынан шет елдік психологияда да «оқу әрекеті» ұғымы жиірек қолданылып жүр, оның мазмұнына тек процессуалдылық пен нәтижелілік қана кірмейді, оған құрылымдық ұйымдастыру, және ең бастысы, - оқудың субъекттілігі кіреді. Оқудың оқу әрекеті ретінде анықталуына көшу үш кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде - 50-ші жылдардың аяғында – Д.Б. Эльконин оқу әрекетінің құрылысы туралы жалпы гипотеза ұсынды, баланың психикалық дамуындағы оның маңыздылығы туралы эксперименталдық зерттеулер жүргізілді. Екінші кезеңде осы әрекеттің ерекшеліктері, оның құрылымдық компоненттері зерттелді. Үшінші кезеңде – осы әрекет барысында қалыптасқан жаңа психикалық жаңа ойлар, көзқарастар зерттелді.
Қазіргі уақытта оқудың ерекше формасы ретіндегі оқу әрекеті ұйымдастырудың, басқарудың (өзін-өзі басқарудың), бақылаудың арнайы объектісі ретінде шығып тұр. Бұл дегеніміз «қайтадан жаңғыртушы» әрекет, оның процесінде тек қана адамзаттың жинақтаған білімі мен біліктері қайтадан жаңғыртылып қоймайды, сонымен бірге теоретикалық сана мен ойдың негізінде жатқан тарихи қалыптасқан қабілеттіліктер де қайтадан жаңғыртылады.
Қарастырылғандардың барлығы «оқу» ұғымының өзінің мазмұнының көпжақтылығын, ғаламдылығын және әртүрлі ғылымдар позицияларынан қарастыруда көпаспектілігін көрсетеді. Осындай жағдай табиғи тұрғыдан түсінікті, себебі оқу субъекті адам болып отыр, әсіресе, осы процеске кіруші проблемалардың күрделілігі мен саналуандылығы жағдайында қалыптасушы, дамушы адам - бала жөнінде айтсақ. Барлық авторлар оқу процесінде субъекттің өзінде өзгерістер жүретінін атап өтеді - сөздің ең кең мағынасында, оның дамуы жүзеге асырылады және оның көп жағдайда оқытумен байланысты екенін атап өтеді. Адамның оқу процесінде, нақтырақ айтқанда, оның оқу әрекетінде оқыту мен дамыту өзара қалай байланысты?
Адамды оқыту мен дамытудың арасындағы байланыс – педагогикалық психологияның ең бір маңызды проблемасының бірі. Оны қарастыру барысында: а) дамытудың өзі күрделі инволюциялық-эволюциялық алға жылжушы қозғалыс болып табылады, оның жүру барысында адамның өзінде ілгерінді/кейінді интеллектуалдық, тұлғалық, мінез-құлықтық, әрекеттілік өзгерістер жүреді (Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев); б) дамыту, әсіресе, тұлғалық, өмірдің өзі тоқтаған сәтіне дейін тоқтамайды, ол тек бағыты, қарқындылығы, сипаты мен сапасы бойынша ғана өзгеріп отырады. Дамытудың ортақ сипаттамалары: қайтымсыздық, прогресс/регресс, бірқалыпсыздық, алдыңғының жаңада сақталынуы, өзгеру мен сақталудың бірлігі болып табылады. Психикалық дамуды анықтаушы факторлар ретінде В.С. Мухина оның алғышарттарын, дамудың шарттары мен байланыстарын және баланың ішкі позициясын қарастырады.
Білім берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты – білім алушы тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен қатар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды. Бұл сұраққа жауап педагогикалық психология үшін өте маңызды.
Л.С. Выготскийдің тезисі бойынша, оқыту мен дамыту- біртұтас, және де оқыту дамытуды озып өтіп, оны стимулдайды, және дәл сол уақытта оның өзі актуалды дамуға сүйенеді. Осыдан барып, оқыту «кешегі күнге емес, бүгінгі күнге бағыттануы» тиіс. Бұл ереже оқытуды ұйымдастырудың барлығына, жалпы педагогика үшін маңызды.
Дамудың қарастырылған проблемалары бірқатар сұрақтардың жауабы болып отыр: тұлғаның психикалық дамуының жалпы бағыттары қандай, оның қозғалтушы күші не, дамудың әлеуметтік жағдаяты қандай, ол қандай негізгі бағыттар бойынша жүреді. Кез-келген тип бойынша жүзеге асырылатын оқыту, егер ол басқарылатын және өзінің негізгі мақсаты – оқушы тұлғасын дамытуға, оның психикалық дамуына қол жеткізгісі келсе, осы сәттердің барлығын ескере алмауы мүмкін емес.
Л.С. Выготский педагогикалық психология үшін өте маңызды «дамудың әлеуметтік жағдаяты» ұғымын кіргізді. Дамудың әлеуметтік жағдайы баламен әлеуметтік ортаның қарым-қатынасының белгілі бір жүйесі болып табылады, ол даму процесінің мазмұнын, бағытын және жаңадан пайда болған негізгі өзгерістермен байланысты оның орталық бағытының қалыптасуын анықтайды.
Баланың интеллектін, оның танымдық саласын дамыту, отандық психологияда Л.С. Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясының жалпы контексінде беріледі. Бұл теорияда адамның әлеуметтік мәні және оның әрекетінің жанама түрдегі сипаты аталынады. Жалпы адамның интеллектуалды дамуы келесі негізгі салалар бойынша жүреді: тікелейден - жанама түрліге; жалпы бөлшектелмегеннен жіктелгенге, және де сол уақытта өмір шындығын жалпыланған түрде бейнеленуіне; еріксіз, реттелуге келмейтіннен - еркінге. Баланы интеллектуалдық дамыту барысында психикалық танымдық процестердің өздерінде де өзгерістер жүріп жатады. Олар сапалық жағынан, мысалы еріксіз есте сақтаудан еркін есте сақтауға, ойлаудың көрнекі - әсерлі, көрнекі-бейнелік түрінен оның дерексіз және абстрактілі қисынды және теоретикалық ойлау түріне өзгереді.
Субъекттің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуінің құралы ретіндегі функциялар (динамикалық процестер): ассимиляция мен аккомодацияның тепе-теңдігінен тұратын ұйымдастыру мен бейімделу, және 2) өмір сүру барысында қалыптасатын жүйелер ретіндегі құрылымдар арасындағы ара қатынас.
Адамның тұлға ретінде дамуы оның «өмірлік жолының» жалпы контексінде жүреді (С.Л. Рубинштейн) ол «белгілі қоғамда тұлғаның қалыптасуы мен дамуының, адамның белгілі бір дәуірдің замандасы және белгілі бір ұрпақтың құрдасы ретінде дамуының» тарихы ретінде анықталады. Б.Г. Ананьев бойынша, өмірлік жолдың белгілі кезеңдері бар, олар өмір сүру түрі, қарым-қатынастар жүйесі, өмірлік бағдарламасында және т.б. болап жатқан өзгерістермен байланысты. Тұлғаның «индивидті әлеуметтендіру» процесі ретінде дамуы отбасының, жақын қоршаған ортаның белгілі әлеуметтік жағдайында, аймақтың, мемлекеттің белгілі әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайында, өзі соның өкілі болып табылатын халықтың этникалық, әлеуметтік мәдени, ұлттық дәстүрлерінің жағдайында жүзеге асырылады. Бұл тұлғалық дамудың макрожағдаяты. Сонымен бірге, өмірлік жолдың әрбір кезеңінде, Л.С. Выготский атап өткендей, баланың өзіндік қатынасы мен оны қоршаған әлеуметтік өмір шындығының қатынасы ретінде дамудың белгілі әлеуметтік жағдаяттары қалыптасады.
Қарым-қатынастар жүйесін, әлеуметтік өзара әрекеттесудің әртүрлі деңгейлерін, әрекеттің әртүрлі типтері мен формаларын қамтитын дамудың әлеуметтік жағдаяты тұлғалық дамудың негізгі шарты санатында қарастырылады. Бұл жағдаятты адам өзінің қоршаған ортадағы орынын оның мүмкіндіктеріне сәйкес келмейтінін түсінгеннен соң өзгертуге тырысатыны сиқты өзгерте алады. Егер бұл болмаған жағдайда, онда баланың өмір сүру дағдысы мен оның мүмкіндіктерінің арасында ашық қарама-қайшылық туады (А.Н. Леонтьев).
Баланың интеллектуалдық дамуындағы сияқты тұлғалық дамуы да жалпы мінез құлықтың және мінез-құлықтың белгілі жағдайлардағы реакцияларының еркіндігінен, қарқындылығынан оның реттелуіне қарай жүреді. Бұл беталыс баланың өз мінез-құлығын басқара алу, саналы түрде мақсат қою, қиыншылықтар мен тосқауылдарды жеңіп, оларға жетудің жолдары мен құралдарын әдейі іздеу іскерлігімен көрінеді. Ырықтылық пен өзін-өзі реттеу – баланың интеллектуалдық-тұлғалық дамуының өзекті бағыты. Мінез-құлықтың еркіндігі сыртқы реттеуден өзін-өзі реттеуге біртіндеп ауысуға негізделеді. Бұл беталыс сыртқы бақылау мен бағаланудан туатын өзін-өзі бақылауда әсіресе анық байқалады. Жас ерекшелік психологиясының осы ережелерін тәжірибелі мұғалімдер мектеп оқушыларының білімін бақылау мен бағалауды ұйымдастыруда үнемі назарға алады. Сырттықтан ішкіге, мұғалімнің ұйымдастырған әрекетінен оқушының оны өзін-өзі ұйымдастыруына - бұл мектеп оқушысының тұлғалық дамуы мен өзін-өзі дамытуының сара жолы.
Толыққанды белсенді тұлға қалыптастыруға (К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, В.А. Сухомлинский, Я. Корчак, В.В. Давыдов және көптеген басқалар) бағытталған адамгершіліктік тәрбиелеуші оқытудың жалпы тұжырымдамасын әзірлей келе, В.С. Мухина ерекше назарды қоғамда қабылданған құқықтар мен міндеттерге баланың қатынасын қалыптастыруға аударады. Автор балалардың міндеттерін олардың құқықтарына айналдыру идеясын ұсынады, оны түсіну баланың өзін-өзі сыйлауының деңгейін «көтереді». Бізге үйренішті екі өтінішті салыстырайық: «Балалар, сендер тыныш отыруға тиістісіңдер», «Сендер сабақта өз беттеріңмен жұмыс істеулерің қажет» және В.С. Мухинаның ұсынатын формасы: «Балалар, сендердің тыныштыққа, өз беттеріңмен жұмыс істеуге құқықтарың бар, сол құқықтарыңды пайдаланыңдар».
Тұлға ретінде дамып, бала әрекет субъекті ретінде де қалыптасады. Бұл жағдайда бастапқы ереже болып «баланың психикалық дамуын саналы түрде басқару ең алдымен, …жетекші әрекетті басқару жолымен жүзеге асырылады», жетекші әрекет санатында мектепке жейінгі жаста ең бірінші кезекте ойын, ал кіші мектеп жасында – оқу әрекеті саналады. Бұл жерде бала әрекетінің өзі және оның өзі субъект ретінде өзгеріске ұшырай ма, дами ма деген сұрақ туады. Д.Б. Элькониннің, А.Н. Леонтьевтің зерттеулері көрсеткендей, баланың әрекеті оның даму барысында ақыл-ойы және тұлғалық даму бағытымен қатар, үшінші бағытын ұсынып, сапалық тұрғыдан да өзгереді. Д.Б. Эльконин баланың ерте балалық шағында заттық әрекетінің өзгеруін сатылап қарастыра келе дамудың тек қана әлеуметтік жағдаятының өзгеруін атап қана қоймай, заттық әрекеттің өзінің өзгеруін атап өтеді. Ойында, оқуда баланың әрекеті өзіндік сана-сезім, мақсатты бағыттанушылық тұрғысынан және мотивтер мен мақсаттардың арасында еркін қарым-қатынастардың орнатылуы, әрекеттің операционалды жақтарын күрделендіру жағынан жетіктіріледі. Даму процесінде балада, ең алдымен, мотив және мақсаттың арасындағы қатынастарды еркін орната алу икемділігі қалыптасады. Бала өз әрекеттерін жоспарлап, ұйымдастырып, бағыныштырып, әрекет операцияларының орнын басып, алмастырып үйренеді.
Қазіргі уақытта дамыта оқытудың В.В. Давыдов пен Л.В. Занков ұсынған негізгі екі түрі жүйелі түрде зерттелген. Егер біріншісі Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин, А.Н. Леонтьевтің ережелеріне негізделсе, екіншісі Л.В. Занков шығармашылығымен тұстас барлық психология-лық және педагогикалық жетістіктердің шығармашылық тұрғыдан қайта өңделген тәжірибесі болып
Л.В. Занков мектеп оқушыларын қарқынды дамыту міндетін қоя отырып, оның көзқарасы бойынша, оқу материалының заңсыз жеңілдетілуінің, оның қисынсыз баяу оқытылуы және бірсарынды қайталануын сын көзбен бағалайды. Және де сол уақытта оқу материалының өзін де Л.В. Занков «теоретикалық білімнің тапшылығымен, дағдыларды меңгеруге бағытталған сипаттының үстірттігімен» сипаттайды. Л.В. Занков бойынша, дамыта оқыту ең алдымен, осы оқытудағы жетіспеушіліктерді жоюға бағытталған. Л.В. Занковтың зерттеген дамыта оқытудың эксперименталдық жүйесінде келесі принциптер орын алады:
- қиындықтың жоғары деңгейінде оқыту. Оны жүзеге асыру қиындық өлшемін сақтау, тосқауылдарды жою, оқылатын құбылыстардың өзара байланысы мен жүйелігін түсінуді ұйғарады (бұл принциптің мазмұны оқытудағы проблемалықпен байланыса алады);
- теоретикалық білімдердің жетекші рөлі принципі, оған сәйкес ұғымдар, қарым-қатынастар, оқу пәнінің ішіндегі байланыс пен пәндер арасындағы байланыс дағдылар қалыптастыру маңыздылығынан кем емес (бұл принциптің мазмұны әрекеттің жалпы принциптерін түсіну маңыздылығымен байланыса алады);
- мектеп оқушыларының өзінің оқуын өзіндік сана сезімімен ұғынуы. Ол рефлексия, өзін оқу субъекті ретінде ұғынуы (бұл принциптің мазмұны тұлғалық рефлексияны дамыту, өзін-өзі реттеумен байланыса алады);
- барлық оқушылардың дамуы бойынша жұмыс принципі. Оған сәйкес, жеке ерекшіліктер ескерілуі тиіс, бірақ оқыту барлығын дамытуы тиіс, себебі «дамыту оқытудың нәтижесі» (бұл принциптің мазмұны білім беру процесін адамгершіліктендірумен байланысады).
Л.В. Занков жүйесінің негізгі ерекшеліктері болып: мектеп оқушыларының жоғары жалпы дамуына бағытталуы (бұл жүйенің басты сипаттамасы); оқытудың жүргізілуінің жоғары деңгейдегі қиындылығы; оқу материалын өтудің тез жылдамдылығы, теоретикалық білімдердің үлес салмағының күрт көтерілуі. Оқытуды берілген жүйесі ойлауды, оқушының эмоциялық саласын дамытады, оқығанының негізгі мазмұны мен жалпы мағынасын анықтауға және түсінуге үйретеді.
В.В. Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі оқытудың қазіргі жүйесіне ең алдымен, оқушының танымдық әрекеті, танымның бағыты бойынша қарама-қарсы қойылған. Қазіргі оқыту көп жағдайда жекеден, нақтыдан, жалғыздан - ортаққа, абстрактіліге, тұтасқа бағытталған; жағдайдан, фактіден - жүйеге; құбылыстан - мәнге бағытталғаны мәлім. Осындай оқытудың барысында дамитын баланың ойлауы В.В. Давыдов бойыша, эмпирикалық деп аталады. Л.С. Выготский мен Д.Б. Элькониннің жұмыстарының жалпы теоретикалық контексінде В.В. Давыдов оқытудың жаңа жүйесінің дәстүрліден кері: жалпыдан жекеге, абстрактіліден нақтыға, жүйеліден жалғызға бағытталған теоретикалық әзірлемелеу мүмкіндігі туралы мәселе көтерді. Осындай оқытудың процесінде дамитын баланың ойлауын В.В. Давыдов теоретикалық, ал осындай оқытудың өзін - дамытушы деп атады. Бұл жерде В.В. Давыдов ой-еңбегінің дамуында оқытудың жетекші маңыздылығы ең алдымен, меңгерілетін білімдердің мазмұны арқылы көрінеді деген Л.С. Выготский мен Д.Б. Элькониннің негізгі ережелеріне сүйенеді, одан оқытуды ұйымдастырудағы әдістер (немесе тәсілдер) туады.
В.В. Давыдов эмпирикалық және теоретикалық білімнің алты негізгі айырмашылықтарын келтіреді.
1. Білім заттарды, олар туралы ұғымдарды салыстыру барысында пайда болады; нәтижесінде оларда ортақ қасиеттер бөлінеді. 1. Білім тұтас жүйенің ішіндегі кейбір ерекшелік қарым-қатынас-тардың рөлі мен міндеттерін талдау барысында пайда болады, қарым-қатынастар генетикалық тұрғыдан жүйенің барлық көріністерінің бастапқы негізі болып табылады
2. Салыстыру барысында заттардың белгілі бір класқа қатысты бірқатар жиынтығы бөлінеді (олардың ішкі байланысын ашпай ортақ қасиеттерінің негізінде). 2.Талдау барысында генетикалық бастапқы қатынас, жалпыға ортақ негіздеме, біртұтас жүйенің мәні ашылады.
3. Байқауға негізделген білім, затты елестетуде оның сыртқы қасиеттерін бейнелейді.
3.Заттарды ойша қайта құру ретінде пайда болатын білім түсінік шеңбе-рінен «шығып» олардың ішкі қаты-насы мен байланыстарын бейнелей-ді.
4. Ортақ қасиет формалды түрде ерекше және жеке дарамен қатар қойылады. 4. Іс жүзінде өмір сүретін біртұтас жүйе мен оның әртүрлі нышандарының байланысы жалпыға ортақ пен жеке дараның байланысы ретінде саналады.
5. Білімді нақтылау пәндердің берілген класына кіретін мысалдар мен иллюстрациялар таңдаудан тұрады. 5. Нақтылау біртұтас жүйенің жалпыға ортақ негіздемелерінің ерекше және бірегей нышандарын бөліп шығару және түсіндіруден тұрады.
6. Білімді зердеге түю құралы термин-сөздер болып табылады. 6. Білім ақыл-ой әрекетінің құралдарында, содан соң символ-таңбалық құралдар арқылы көрінеді.
В.В. Давыдов мазмұнды абстрагирлеу және жалпылау барысында алынатын теоретикалық білімін сипаттамасын келтіреді. Ол дамыта оқытудың негізін құрайды. Генетикалық бастапқы негіздеме және ой-еңбек әрекетінің жалпыланған тәсілін анықтау және қайта өңдеу үшін барлық қасиеттердің байланысын белгілеу үшін салыстыру және қайта өңдеудің ғана емес анализдің ойлау әрекетінің маңыздылығы аталып өтеді. Теоретикалық білімнің тағы бір маңызды айырмашылығы - оның қалаптасуы барысында біртұтас жүйе ішінде жалпыға ортақ пен жекенің байланыстары орнатылады, оның мәнін түсіну, ол белсенді ойлау әрекетін ұйғарады. Және үшінші, оны да ерекше атап өту қажет, - теоретикалық білімнің өмір сүру түрі. В.В. Давыдовтың теориясында бұл ең алдымен, ой-еңбегі қызметінің әдістері, әрекеттің жалпыланған тәсілдері.
Теоретикалық білімнің және оқытудың негізгі бағытын осылайша түсіну, яғни абстрактіден нақтыға - қолданыстағы дидактикалық принциптердің басқа, психологиялық тұрғыдан түсіндіруіне негізделеді. Мысалы, В.В. Давыдов саналықтың, көрнекіліктің, сабақтастықтың, ұғынымдылық, ғылымилықтың жалпы дидактикалық принциптерін қарастыра келе, олардың басқа, психологиялық-педагогикалық табиғаты бар екені жөнінде айтады.
Біріншіден, сабақтастық принципі оқыту кезеңдерінің сапалық айырмашылықтары принципіне өзгертіледі, олардың әрбіреуі психикалық дамудың әртүрлі сатыларымен байланысты. Екіншіден, ұғынымдылық принципі дамыта оқыту принципіне өзгертіледі, ол жаңа мазмұнмен толықтырылып, «дамудың жылдамдығы мен мазмұнын заңда тұрғыдан білім беруші әсер етуді ұйымдастыру көмегімен басқаруға болады». Үшіншіден, саналылық принципінің әрекет принципі ретінде жаңа мазмұны бар. Оқушылар бұл жағдайда мәліметтерді дайын түрде алмайды, олардың әрекет құралы ретінде өту шарттарын анықтай отырып қана алады. Бұл үшінші принцип (В.В. Давыдов, В.В. Рубцов) оқушылардың қайта құрушы - қайта өндіруші әрекеті ретінде оқытудың жаңа моделін қалыптастыру үшін негіз рөлін атқарды. Төртіншіден, көрнекіліктік принципін В.В. Давыдов заттық принципі ретінде қарайды. Бұл принципті жүзеге асыра келе, оқушы оның затын анықтап, оны модель түрінде ұсынуы тиіс. Бұл оқытудың қайта құрушы - қайта өндіруші әрекетінің маңызды сипаттамасы, бұнда процесс пен нәтиженің модельдік, таңбалық-символикалық көрінісі маңызды орын алады.
Оқу пәндерінің мазмұнын меңгеру негізінде оқу әрекетіндегі дамыта оқыту оның құрылымы мен ерекшеліктеріне сәйкес зерттелінуі тиіс. В.В. Давыдов тек қана оқу пәндерінің мазмұнын ғана емес, оқу әрекетінде осы пәндерді игеру барысында оқушыда қалыптасуға тиіс біліктерді де тұжырымдайды:
1. « Жалпы және абстрактілі сипаттағы білімдерді меңгеру, оқушылардың оған қарағанда жеке және нақты білімдермен танысуының алдында жүреді; соңғысы оқушылар өзінің бірыңғай негізі ретіндегі жалпы және абстрактіден шағарады.
2. Берілген оқу пәнін немесе оның негізгі тарауларын белгілейтін білімдерді оқушылар олардың пайда болуының шарттарын талдау процесінде меңгереді, солардың арқасында олар қажетті болады.
3. Оқушылардың қандай да болмасын білімдерінің заттылық көзін анықтауда оқушылар оқу пәнінде ең алдымен берілген білім объектінің мазмұны мен құрылымын анықтаушы генетикалық бастапқы, мәнді, жалпыға ортақ қатынасын анықтай алуға қабілетті болулары тиіс.
4. Бұл қатынасты оқушылар ерекше заттылық, графикалық немесе әріптік модельдерде қайта жаңғыртады, ол оның қасиетін таза түрде зерттеуге мүмкіндік береді.
5. Оқушылар зерттелінетін объекттің осындай бірлікте ол туралы жеке білімдер жүйесінде генетикалық бастапқы, жалпыға ортақ қатынасын нақтылай алу қабілеті болуы қажет, ол жалпыға ортақтан жекеге және кері ойша ауысуларын қамтамасыз етеді.
6. Оқушылар әрекеттерді ой-еңбектік тұрғыдан орындаудан оларды сыртқы тұрғыда және кері орындауға ауыса алу қабілеттері болуы тиіс.
Мектепте білім беру практикасына енгізілген Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың жүйесі бойынша дамыта оқытуға Л.И. Айдарова, А.К. Маркова, В.В. Рубцов, А.З. Зак, В.В. Репкин. М.М. Разумовский, Г.Г. Граниктің және т.б. еңбектерінде түсінік беріледі. Дамыта оқытудың идеясының өзі Д.Н. Богоявленский, С.Ф. Жуйков, М.Ф. Косилова, И.Я. Каплунович, Б.Е. Хаевтің оқытудың эксперименталдық жүйелерінде, сонымен қатар, Т.В. Некрасова, Г.Н. Кудина, Р.Г. Мильруд және т.б. жұмыс тәжірибелерінде қысқаша көрініс тапты. Л.В. Тарасованың ұсынған «Жалпы білім берудің жаңа үлгілері. Экология және диалектика» еңбегінде негізінен Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқытуының негізгі ережелері пайдаланылады. Осының барлығы дамыта оқытуды мұғалімнің оқыту практикасына кеңінен енгізудің мүмкіндіктері мен болашағына ие бола отырып, шын мәнінде оқушының психикалық дамуын басқаратынын көрсетеді.
Түйін.Адамның әлеуметтік ортада, арнайы білім беру мекемелерінде жеке тәжірибесін жинақтауы – бұл дамыту, оқыту, тәрбие берудің күрделі өзара әрекетінің нәтижесі, бұл жерде дамыту - оқытудың түпкі мақсаты, ал оның өзі (тәрбие берумен бірге) - дамудың шарты мен негізі болады, оның өзінің деңгейлері, сызықтары мен бағыттары бар. Дамыта оқыту Л.С. Выготский бойынша, алдын алушы дамудың принциптерін табысты жүзеге асыру болып табылады.

Әдебиеттер:


1.Возрастная и педагогическая психология. 2-е изд. / Под ред. А.В. Петровского. М., 1979.
2.Выготский Л.С. Детская психология. Ч. 2: Вопросы детской (возрастной) психологии// Собр. соч. В 6 т. М., 1984. Т.4.
3.Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. М., 1986.
4.Ильясов И.И. Структура процесса учения. М., 1986.
5.Лингарт Й. Процесс и структура человеческого учения. М., 1970.
6.Мухина В.С. Возрастная психология. М., 1997. С.9-97.
7.Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии // Под ред. И.И. Ильясова, В.Я. Ляудис. М., 1981.
8.Чуприкова Н.И. Умственное развитие и обучение // Психологические основы развивающего обучения. М., 199

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет