Сондықтан да хадис ілімі мен фиқһ әдіснамасын меңгермей жатып, Пайғамбарымыздың с а. с



Дата18.05.2022
өлшемі14.21 Kb.
#457014
Документ усул


Фиқһ ілімінің негізін қалап, әлемде ең көп ұстанушылары бар мәзһабтың имамы, мұсылман ғалымдары сөзсіз мужтәхид деп қабылдаған Имам Ағзамға бастапқы кездері түрлі себептермен қарсы шыққандар кездескені секілді қазіргі таңда да сол пікірталастың негізін оқып-білмей жатып, асығыстықпен «Имам Ағзамның хадис ілімі таяз болған, сахих хадистер тұрғанда оларды алмай қиясты негізге алған, әлсіз хадистермен амал еткен…» деген секілді негізсіз пікірлерді тарату арқылы ірі тұлға Әбу Ханифаның беделін жұртшылық алдында кішірейтіп, оның орнына басқаларды зорайтып көрсетуге тырысушылардың қоғамымызда кездесіп жатқаны өкінішті-ақ. Енді осы жақтым күйе, жаптым жала пікірлерге мұсылман ғалымдарының еңбектеріне сүйене отырып, жауап іздеуге тырысайық. Бұларға жауап берместен бұрын имам Ағзамның жалпы хадиске деген ұстанымына қатысты қысқаша тоқтала кеткен жөн. Осыған қатысты ол: «Мен кітаппен амал қыламын, егер одан таба алмасам Аллаһ елшісінің сүннетінен аламын…»,– деп бірінші кезекте Құранға екінші кезекте хадиске қарайтынын ашық айтып, хадисті мойындауға деген беріктігін көрсеткен-ді. Тағы да бір сөзінде: «Аллаһ елшісінен жеткен барлық нәрсе мен үшін көзімнің қарашығындай», дейді. Осман әл-Баттиге жазған хатында: «Біліп қой! Үйренген және басқаларға үйреткен нәрселердің ең абзалы – сүннет»– деген. Әбу Ханифа Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сөздері мен амалдарына деген ыстық ықыласы сонша «әл-Алим уәл-мутағаллим» атты кітабында: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.) айтқан барлық сөздерін естісек те естімесек те, оған деген құрметіміз шексіз. Біз оған сенеміз және оның айтқандарының айдай ақиқат екендігіне куәлік етеміз»,–деп өз сезімін білдірген.
Сондықтан да хадис ілімі мен фиқһ әдіснамасын меңгермей жатып, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өмір баянын, сахабалар өмір сүрген тарихи кезең мен олардың аят пен хадистерді қалай талдап, қалай түсінгенін білмей тұрып, «мынау сахих хадиске қайшы келеді, сондықтан Әбу Ханифаның көзқарасы дұрыс емес» деп асығыс үкім жасау орынсыз һәм негізсіз. Бұл тек қана осы хадис пен фиқһ мәселелерін терең зерттеп, ол жайлы осы уақытқа дейін басқа да ғұламалардың ойларын ой сүзгісінен өткізіп барып жасалатын дүние. Ал ерекше қабілетке ие һәм мужтәһид ғалым екенін ғұламамалар бірауыздан мойындаған тұлға Әбу Ханифаның Исламның әлемге шуақ шашқан сахабалар мен солардың тәлімін алған, нағыз ғылым мен тақуалықты бойларында жинақтаған табиғин мен атбағут-табиғин кезінде өмір сүргенін ескерсек, пікірлері мен ұстанған өлшемдерінің Ислам рухына сай екенін айтуға негіз бар.
Әбу Ханифаға көзі тірісінде де «сүннетке қайшы келді» деген жала жабылған. Қайтыс болғаннан кейін де оның дәрежесін төмендету үшін мұны жиі тілге тиек етіп отырғандар да кездесіп жатты. Негізінде Әбу Ханифа хадис бола тұра оны алмай қиясқа себепсіз жүгінбеген. Бұл жайында өзі бір сөзінде: «Біздің, қиясты настан (Құран, хадис және ижма) артық санағандығымызды айтушылар, бізге жала жабуда. Егер наста мәселенің жауабы табылса, қиясқа қандай қажеттілік бар?»– деп, бұл мәселеге қатысты ұстанымын ашық айтқан. Тіпті Имам Ағзам қиясты ең зәру жағдайда ған қолданатындығын тілге тиек етіп: «Біз қатты зәру болғанда ғана қияс жасаймыз. Алдымен біз бір мәселенің шешімін Құраннан, сүннеттен немесе сахабалардың пәтуаларынан іздейміз. Егер бұлардан дәлел таба алмаған жағдайда ғана наста болған мәселеге салыстыра отырып, қияс жасаймыз».

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет