Қазақстан Респуликасының Президентінің 2013 жыл 02 қыркүйегіндегі «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» № 628 Жарлығымен Ақтөбе облысының аудандық соттардың және Ақтөбе қаласының №2 сотының төрағалары тағайындалды.
Сонымен, бұрынғы Қобда аудандық сотының төрағасы лауазымынан босатыла отырып, Әйтеке би аудандық сотының төрағасы лауазымына Асхат Амантайұлы Әбдіров, Алға аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып, Қобда аудандық сотының төрағасы лауазымына Әбитхан Темірбайұлы Анарбаев тағайындалды. Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып, Мәртөк аудандық сотының төрағасы лауазымына Мақсат Құдайбергенұлы Дүйсен тағайындалды. Әйтеке би аудандық сотының төрағасы лауазымынан босатыла отырып, Мұғалжар аудандық сотының төрағасы лауазымына Сейфолла Зәкарияұлы Тасымбетов тағайындалды. Мұғалжар аудандық сотының төрағасы лауазымынан босатыла отырып, Ақтөбе қалалық №2 сотының төрағасы лауазымына Айсұлтан Жабайұлы Балмұқанов тағайындалды.
Сонымен қатар, Ақтөбе қалалық сотының судьясы лауазымына: Айна Нұрланқызы Абдраева, Ғалымжан Елкейұлы Әбубәкіров, Гүлдана Ыбырайқызы Суханова; Ақтөбе қаласының мамандандырыған әкімшілік сотының судьясы лаузымына Мұхтар Тойбазарұлы Тойбазар; Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы лауазымына Айнұр Аманжанқызы Имантаева; Байғанин аудандық сотының судьясы лауазымына Әлия Мұхитқызы Бисеналина тағайындалды.