Біртуар нар тұлғасы қазақтың – Мұхтар Омарханұлы Әуезов
Мазмұны
Кіріспе бөлім........
Қазақ халқы – Мұхтарымен жазушы .
Өмірдерек.
Негізгі бөлім
2.1 Драмматургия саласындағы еңбектері мен жемістері..
2.2 Әңгіме, повестеріне шолу.
2.3 Мұхтар Әуезовтың әдебиет саласында басқа жазушылармен өнері және басқа тағдырының ұқсастығы
2.4 «Абай жолы» эпопеясы және образдар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
К іріспе
Болашақтың кілті жастарда....
(Н.Ә.Назарбаев)
Бүгінгі күні жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеудегі әдебиеттегі қазақ ақын-жазушыларының өмірбаянының мәні мен мағынасы зор. Дәл қазіргі уақытта қаламгерлеріміздің өмірбаяны толық зерттелген.
Халықта «Жеті атасын білген ұл,
Жеті жұрттың қамын жер»,- дегендей жас ұрпақты шығармашылық рухта тәрбиелеудің маңызы зор. Ол үшін ақын-жазушыларымыздың өлеңдері мен шығармаларының қосар үлесі сөзсіз. Халқымыздың қаламынан нұр жауған жазушылары: Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, сияқты жазушыларымыз қазақ халқының мақтанышы. Абай мен Мұхтардың шығармалары , Ахмет пен Шәкәрімнің асыл туындылары тәрбиенің қайнар , таптырмас құралы болып табылады. Кешегі күні Абайдан кейін «қазақ халқының ұлы» атанған Мұхтарды «халық қаһарманы» деп атау артық емес. Халқының салт-дәстүрін жинақтап, Абаймен байланыстырып, ұрпағына өткен дәуірдің , ескіліктің нышанын танытып,нағыз қазақ қандай болғанын танытады. Тарихтың бізге жеткен парақтары патриоттық сезімін бойға ұялатып, ұрпақ тағылымын ескерген жазушылардың қаламынан туған дүниелер арқылы бізге жеткеніне ешкімнің таласы жоқ. Олай болса жазушылар бейнесінің бізге берер тағылымы мол.
Ол біріншіден- ақын-жазушылардың өмірі.
екіншіден- қазақ халқының жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке толы жырлары мен өлеңдері.
үшіншіден- келесі ұрпаққа қалдырған асыл туындылары мен өнеге жолы. Егемен ел жағдайында сол өнеге жолын жалғастырып, жастарды шығармалары арқылы тәрбиеге баулу, салтын сақтауға үйрету, ана тілін ардақтайтын, ұлтын пір тұтатын азамат болып өсуін қамтамасыз ету бүгінгі күннің басты мақсаттарының бірі деуге болады. Асқақ рухпен жігерленіп келген шығарма, туындылармен келешек ұрпақ саналы түрде сусындауы керек. Тағылымы мол қазақ зиялыларының өнегісінен тәрбие алып, білім нәріне сусындап желкілдеген жастарымыздың қатары көбейсе, ертеңгі күніміз нұрлы болып, ұлтымыздың мерейі өсе түсері хақ.
Достарыңызбен бөлісу: |