СОӨЖ №1-2 Тақырыбы:«Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі»
ПМНО АКТ 2 курс студенттті
Орындаған:Сулейменова А.Ж
Тексерген:Джанкадыров С.С
Алматы
2022-2023
Жоспар:
I Кіріспе
1. Қазақстанның үшінші жаңғыруына жалпылама түсінік
II Негізгі бөлім
2. Үшінші жаңғырудың бес басымдылығы
3. Жаңғыруды философиямен қалай байланыстырамыз?
4. Философияның жаңғыруға рөлі
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
I Кіріспе
Қазақстанның Бірінші жаңғыруы - 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағандығымызбен тығыз байланысты. Сол кезде біздің аға буын өкілдеріміз еліміздің іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды.
Ал, Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда - Астананың салынумен басталды. Оның нәтижелі болғаны күмәнсіз. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.
Табысты өткен екі жаңғырудың нәтижесінде қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан күннен-күнге алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыртуға да табан тіреді.
«Бұл жаңғыру - қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» базасында өткізіледі» - деген еді Мемлекет басшысы осы жолдауында.
Достарыңызбен бөлісу: |