Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті
СОӨЖ - 1
Тақырыбы:Сөзжасамдық тәсілдер
Морфемдік талдау
Орындаған:103-топ студенті Қуандықова Әсемай
Қабылдаған:Нуптекеева Гульназ
1)Сөзжасамдық тәсілдер .
Туынды сөздің жасалу жолдары ғылымда сөзжасамдық тәсілдер деп аталады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан негізгі тәсілдері мыналар:
1) синтетикалық тәсіл,
2) аналитикалық тәсіл,
3) лексика-семантикалық тәсіл
Тілдің сөзжасам жүйесінде қызмет атқаратын осы үш тәсілдің бәрі де – ертеден келе жатқан тәсілдер. Оларды үшке бөліп көрсеткенімен, әрқайсысының іштей өзіндік ерекшеліктері де бар.
Сөзжасамның синтетикалық тәсілі бұл атауынан басқа да бірнеше түде айтыла береді. Солардың ішінен балама есепті жиі қолданылатыны- морфологиялық тәсіл. Сөйтіп сөзжасам, байланысу т.б. амалдарда морфологиямен синтетика сөздері синоним болып жұмсалады. Бұл тәсіл одан әрі аффиксті немесе суффиксті түрі деп те айтылады.Өйткені сөздердің қосымшалар арқылы яғни аффикстік тәсілмен жасалады.Мысалы,тәуір-тәуірлеу-тәуірірек т.б
Синтетикалық сөзжасамның негізінде пайда болған бүтіндер де бірде туынды сөз, екінші бір жерде туынды түбір делінсе, олардың қай сөз табына тән екендігі ескеріліп, туынды зат есім, туынды етістік т.б. осы тәрізденіп, жеке-жек сөз таптары тұрғысынан ат тағылатын жағдайлар да бар.
Аналитикалық тәсіл – сөзжасамның өте көне тәсілі және ол дүние жүзіндегі түрлі системалы тілдерге кең тараған.Түркі тілдерінде де бұл тәсіл көне замандардан келе жатыр. Орхон жазба ескрткіштерінің тіліндегі мынадай күрделі сөздерді Ғ. Айдаров осы жазба ескерткіштердің лексикалық қоры ретінде келтірген. Олар күрделі сөздердің көне замандардан қоданылғанын білдірсе, екіншіден , күрделі сөздердің географиялық атаулар яғни өзен, көл, жер, қала және кісі аттарында жиі кездескенін көрсетеді. Бұл жағдай аналитикалық тәсіл арқылы сөз жасаудың өзі түркі тілдерінде жер-су , кісі аттарынан басталған ба деген ой салады. Әрине, ол әлі де анықтауды, зерттеуді керек етеді, қалайда ол өте көңіл бөлелрлік жай. Қазіргі түркі тілдерінде де аналитикалық тісіл қолданылады.Қазақ тілінде жалпы аналитикалық тәсілге жататын мынандай ішкі түрлері бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту.Яғни сөздердің қосарланып,қысқарып, тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, Екібастұз,бес жүз,БҰҰ т.б
Сөзжасамның аффиксті және сөзтудырым тәсілдерінен басқа да жолдары бар. Ол – сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілдері. Мұндай белгілі бір сөздердің жаңа мағынаға ие болуы, көп мәнді, ең бастысы омонимдік қатарда келуі арқылы жасалады. Сондай-ақ осы жол кейбір сөздердің ол бастағы мәнін жоғалту не болмаса әлсірету барысында басқа бір сөз тобынының қатарынан танылуға жол береді.Лексика-семантикалық тәсіл -сөз жаңа мағынаға ие болып, басқа сөз табына көшетін сөздерді жасайды.Мысалы,1.Ақ-сүт,айран
2.Ақ-ақиқат ,шындық
2)Морфемдік талдау.
Морфемика тілдің морфемдік құрылысы, сөз құрамындағы морфемалардың жиынтығы және солардың түрлері; сөздің кұрамындағы морфемалардың түрлері мен құрылысын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Морфемиканың негізгі зерттеу объектісі морфема. Сол себепті морфемика морфемалардың өзара бөлінуі және өзгеріске түсу ерекшеліктерін анықтауды мақсат етеді.
Сөзге морфемдік талдау — мұндай талдаудың мақсаты — сөздің қандай морфемалардан тұратынын анықтау.
Мысалы,төменде
Достарыңызбен бөлісу: |