Соттың атауы: Мекенжайы



бет1/2
Дата17.05.2023
өлшемі67.5 Kb.
#473814
  1   2
moraldyk ziyandy oteu turaly



Соттың атауы:_________________
Мекенжайы:_____________________________

Талап қоюшы:___________________________
(Т.А.Ә.)

Жауапкер:_____________________
(Т.А.Ә.)

ЖСН/БСН:_______________________

ЖСН/БСН:_______________________

Мекенжайы:________________________

Мекенжайы:_____________________

Мобильді тел.:__________________

Мобильді тел.:__________________

Электрондық пошта:_______________

Электрондық пошта:_____________

_____________________ мүддесі үшін




Өкілі:___________________
(Т.А.Ә.)







Дербес талаптарын мәлімдейтін/мәлімдемейтін үшінші тұлғалар (қажеттінің астын сызыңыз)

Мекенжайы:___________________________



Т.А.Ә./АҚ, ЖШС, ММ атауы ________

Мобильді тел.:__________________

Мекенжайы:________________________

Электрондық пошта:______________

Мобильді тел.:________________________









Мемлекеттік баж:






Моральдық зиянды өтеу туралы
ТАЛАП ҚОЮ


I. Даудың алдындағы фактілерді қысқаша, анық және нақты көрсетіңіз:
Мен _______________________________________ (талап қоюшының Т.А.Ә.) ________жылғы «____» ____________________ қайтыс болған _________ жылы туған (туған жылы) ______________________ (ұлының/қызының Т.А.Ә.) анасы/әкесі болып табыламын.
II. Сотқа жүгінуге қандай негіз болды:
______жылғы «____» ____________________ (күні) жауапкердің кінәсінен жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі – ЖКО) орын алды.
ЖКО садларынан менің _________ жылы туған жалғыз ұлым/қызым ______________________ (ұлының/қызының Т.А.Ә.) қайтыс болды.


III. Осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелерді келтіріңіз:
Жауапкер _________________ (Т.А.Ә.) ЖКО жасағаны, менің баламның өлімі үшін кінәлі деп танылып, ________________________________ сотының ____жылғы «___» __________________ үкімімен сотталды.
ЖКО-дан кейін жауапкер __________________________ (Т.А.Ә.) кінәлі болғанына қарамастан, жасаған ісі үшін кешірім сұраған жоқ, өз кінәсін сезінбейді.
Баламнан айырылуыма байланысты жауапкерден моральдық зиянды өтеу есебінен__________ теңге мөлшерінде ақшалай өтемақы өндіріп алу қажет деп санаймын.


IV. Құқықтық негіздеме (құқық нормаларына сілтеме)
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 917-бабының 1-тармағына сай азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс.
АК-ның 951-бабының 1-тармағына сәйкес моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, оның iшiнде өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан жәбiрленушiнiң, ал осындай құқық бұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда – жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.).
Көрсетілген баптың үшінші бөлігінің 1) тармақшасында зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан моральдық зиян азаматтың өмiрi мен денсаулығына жоғары қауiптілiк көзi арқылы келтiрiлсе өтелетіндігі көзделген.
АК-ның 952-бабына сәйкес моральдық зиян ақшалай нысанда өтеледi. Моральдық зиянның мөлшерiн анықтаған кезде жәбірленушінің не оған қарсы жасалған құқық бұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) келтiрiлген адамгершiлiк залалдың ауырлығын субъективті бағалауы да, сондай-ақ жәбiрленушiнiң не ол қайтыс болған жағдайда оның жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) жан азабы мен тән азабының дәрежесiн дәлелдейтiн объективтi деректер де: қол сұғу объектiсi болған игiлiктiң (өмiр, денсаулық, ар-ождан, қадiр-қасиет, бостандық, тұрғын үйге ешкiмнiң тиіспеуi және т.б.) өмірлiк маңыздылығы; құқық бұзушылық зардаптарының ауырлығы (жақын туыстарын өлтiру, мүгедектiкке алып келген дене жарақатын салу, бас бостандығынан айыру, жұмыстан немесе тұрғын үйден айыру және т.б.); ұятқа қалдыратын жалған мәлiметтер тарату сипаты мен аясы; жәбiрленушiнiң өмiр сүру жағдайлары (қызметтік, отбасылық, тұрмыстық, материалдық, денсаулық жағдайы, жасы және басқалары), өзге де назар аударуға тұратын мән-жайлар ескерiледi.
.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет