Сөзінде неше дыбыс бар екенін табыңыз



Дата09.06.2016
өлшемі60.09 Kb.
#123758
Фонетика.

1. «Қалампыр» сөзінде неше дыбыс бар екенін табыңыз.

А) бес

В) алты


С )тоғыз

Д) сегіз


Е) он

2. Тек қана жуан дауысты дыбысы бар сөзді табыңыз.

А) жауынгер.

В) ақымақ

С) қазір

Д) өнерпаз.

Е) мұғалім

3. Жіңішке дауысты дыбысы бар сөзді табыңыз.

А) бірақ

В) күнделік

С) атамекен

Д) кітап


Е) ғарышкер

4. «Ү» қандай дауыссыз дыбыс екенін табыңыз.

А) езулік, жуан.

В) еріндік, дауыссыз.

С) қысаң, еріндік.

Д) езулік, ашық.

Е) ашық, еріндік.

5. Сөз аяғында келмейтін дауысты дыбыстар.

А) Ұ,Ө,Ү

В) А,У,Ы


С) І,И,Е

Д) А,Ы,І


Е) У,І,А

6. Тек жуан дауыстыларды табыңыз.

А) п,ү,і

В) а,ұ,ы


С) о,і,ұ

Д) а і,и


Е) ы,ү,ң

7. Тек қатаң дауыссыз сөзді табыңыз.

А )емен.

В) қақпақ

С) арман.

Д) ақтады.

Е) күнделік

8. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді табыңыз.

А) гауһар

В) жетісу

С) қадірлеу

Д) қайың


Е) жұмсақ

9. Ашық дауысты дыбыстарды табыңыз.

А) а,е,ә

В) ұ,у,ү


С) ы,і,и

Д) ү,у,і


Е) у,і,ы

10. Қысаң дауысты дыбыстарды табыңыз.

А) а, о, ы

В) ұ,ы,у,ү

С) а,е,ә

Д) ә,е,ө


Е) а,ө,э

11. Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінетінін табыңыз.

А) 5

В) 3


С) 4

Д) 2


Е) 6

12. Еріндік дауыстыны табыңыз.

А) о,ө,ұ

В) а,у,е


С) а, ұ,ы

Д) е, у,ә

Е) ү,ә,ы

13. Тек үнді дауыссыз дыбысты сөзді табыңыз.

А) ағарды.

В) орман


С) аймақ

Д) асыл


Е) аппақ

14. Бірыңғай ұяң дауыссыз дыбысты сөзді табыңыз.

А) қақпақ

В) емен


С) арман

Д) ақтады

Е) жағадағы

15. Дауыссыз дыбыстардың жасалуын көрсетіңіз.

А) Тілдің ілгері қарай созылуынан

В) Езудің кейін қарай тартылуынан

С) Өкпедегі ауаның кедергіге ұшырап шығуынан

Д) Жақтың тар ашылуынан

Е) Өкпедегі ауаның кедергісіз шығуынан

16. Барлық буында жазылатын дауысты дыбыстарды табыңыз.

А) ө,ә,е

В) а,ы,і


С) ұ,ү,у

Д) э,ә,и


Е) ә,ү,у

17. «Су» сөзіндегі «у» қандай дыбыс екенін табыңыз.

А) дауыссыз ұяң

В) дауыссыз қатаң

С) дауысты жуан

Д) дауысты жіңішке

Е) дауыссыз үнді.

18. «Тау» сөзіндегі «у» қандай дыбыс екенін табыңыз.

А) дауыссыз ұяң

В) дауыссыз қатаң

С) дауысты жуан

Д) дауысты жіңішке

Е) дауыссыз үнді

19. Буын құрай алмайтын дауыссыз дыбысты көрсетіңіз.

А) е

В) ж


С) ы

Д) и


Е) ұ

20. Қазақ тілінде неше буын бар екенін көрсетіңіз.

А) 5

В) 4


С) 3

Д) 2


Е) 6

21. Бірыңғай бітеу буынды табыңыз.

А) қызметкер

В) ат


С) асыл

Д) арман


Е) отан

22. Бірыңғай ашық буынды табыңыз.

А) апа

В) арман


С) қалашық

Д) қапырық

Е) ыстық

23. Тұйық буынды табыңыз.

А) аймақ

В) ай


С) бал

Д) арпа


Е) бала

24. Бітеу буынды сөз тіркесін табыңыз.

А) бала келді.

В) жұмбақ жазған

С )ай туды

Д) алма алды

Е) сабақ жазды

25. Буын үндестігі бойынша жіңішке буынды сөздерді көрсетіңіз.

А) каламгер, кітап

В) билік, әділдік

С) теңіз, ұйым

Д) онынікі, атамдікі

Е) жағамен, көшемен

26. Үнді дыбысқа аяқталған сөзді табыңыз.

А) қабырға

В) көмір


С) ниет

Д) ұшқыш


Е) қанат

27. Тек ұян дауыссыз дыбысы бар қатарды табыңыз.

А) жазғы

В) жарайды

С) жаман

Д) жарық


Е) жақсы

28. «Төрт» сөзі қандай буын екенін табыңыз.

А) ашық

В) тұйық


С) бітеу

Д) аралас

Е) амал

29. Буынға бөлінбейтін сөзді табыңыз.



А) арман

В )асыл


С) жұрт

Д) аймақ


Е) амал

30. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.

А) көпшілік

В) саудагер

С) өнерлі

Д) жақсылық

Е) өкілдер

31. Үндестік заңы бойынша қосымшасы бар сөздерді табыңыз.

А) өнерпаз, мақтанышпен

В) бұлақтар, көгершіндер

С) еңбекақы, адамгершілік

Д) қаһармандікі, қағазбен

Е) ақылгөй, құжатпен

32. Буынға қате бөлінген сөзді табыңыз.

А) бал-ық-шы

В) ел-таң- ба

С) таң-ер-тең

Д) ө-кіл-дер

Е) уа-қыт

33. Сөйлемде қай буын жоқ екенін табыңыз.



Балаларда әжелерге сыйлық көп.

А) тұйық


В) бітеу

С) ашық


Д) қысаң

Е) еріндік

34. «сыныптасым» сөзіндегі буын қатарын табыңыз.

А) тұйық, ашық, бітеу, ашық.

В) ашық, бітеу, ашық, бітеу.

С) ашық, бітеу, бітеу, тұйық.

Д) бітеу, ашық, тұйық, бітеу.

Е) ашық, бітеу, тұйық, ашық.

35. Бірыңғай жіңішке буынды табыңыз.

А) арман


В) қазір

С) әкімшілік

Д) қалалық

Е) жаздыгүні.

36. Ашық, тұйық, бітеу буынды сөзді табыңыз.

А) Алпамыс

В) Айманның

С) Достарым

Д) Туысқан.

Е) Қалашық.

37. «Жұмысшы» сөзінде қандай буын жоқ екенін табыңыз.

А) ашық


В) тұйық

С) бітеу


38. Үш буынды сөзді табыңыз.

А) арман


В) қалашықты

С) қапырық

Д) біркелкілік

Е) сыныптастар

39. Құрамында төрт дауысты дыбысы бар сөзді табыңыз.

А) қарапайым

В) қарақат

С) сарымсақ

Д) қараңғы

Е) амал


40. Құрамында төрт дауыссыз дыбысы бар сөзді табыңыз.

А) қарапайым

В) қарақат

С) сарымсақ

Д) қарағанда

Е) амал


41. Буын үндестігіне бағынып тұрған сөздерді табыңыз.

А) жұрт, жемқор

В) мені, сұлулық

С) қарт, сәнқой

Д) мұғалім, кітап

Е) ұстаз, қазір

42. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөзді көрсетіңіз.

А) керемет

В) аспан

С) жұлдыз

Д) тамаша

Е) апта


43. Қазақ тіліне тән қатаң дауыссыз дыбысы бар сөзді табыңыз.

А) Күләнда

В) Жәрдем

С) көмекші

Д) қырқыншы

Е) Жаздыгүні

44. Ң - әрпі жазылатын сөзді табыңыз.

А) те...ге.

В) мі...дет

С) ша...а

Д) тү...дік

Е) оры...дық

45. Дыбысты зерттейтін ғылымды табыңыз.

А) Лексика

В) Морфология

С) Фонетика

Д) Синтаксис

Е) Грамматика

46. Дұрыс буынға бөлінген сөзді табыңыз.

А) у-а-қыт

В) уа-қыт

С) уақ-ыт

Д) уа-қ-ыт

Е) уа-қы-т

47. Тек үнді дауыссыз сөзді табыңыз.

А) емен


В) емші

С) ермек


Д) ертек

Е) енді


48. «аймақтарда» сөзіндегі буындарды табыңыз.

А) ашық, тұйық, бітеу, бітеу

В) тұйық, ашық, бітеу, ашық

С) тұйық, бітеу, бітеу, ашық.

Д) ашық, бітеу, ашық, ашық.

Е) бітеу, тұйық, бітеу, ашық

49. Екі буыннан құралған сөзді табыңыз.

А) бүгін


В) кіріспе

С) қаламгер

Д) оқушы

Е) бояушы

50. «қант» сөзі қандай буын түріне жататынын табыңыз.

А) ашық


В) аралас

С) бітеу


Д) тұйық

Е) қысаң

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет