Сперматазоид пен жұмыртқаның биологиясын және құрылысын зерттеу



Pdf көрінісі
Дата26.04.2024
өлшемі419.87 Kb.
#499929
сперматазоид пен жұмыртқаның биологиясын және құрылысын зерттеу 20240426 121718 0000



СПЕРМАТАЗОИД ПЕН
ЖҰМЫРТҚАНЫҢ
БИОЛОГИЯСЫН ЖӘНЕ
ҚҰРЫЛЫСЫН
ЗЕРТТЕУ
Орындағандар:
Асқар Ақмарал
 Жақсылық Жансезім
Қорғанбай Аружан
Нұрмағанбетова Венера


Сперматозоид (грек. Sperma, spermatos – ұрық,
zoon – тіршілік иесі және eіdos – түр) – адамның,
жануарлар мен көптеген өсімдіктердің жетілген
гаплоидты аталық жыныс клеткасы. 1677 жылы
сперматозоидты сүтқоректілердің спермасынан
Антони ван Левенгук тапты. Ал сперматозоид
терминін ғылымға 1827 жылы К.М. Бэр енгізді. 


Сперматозоид сперматогенез процесінің (адам мен
жануарлар аталық безінде сперматозоидтардың
түзілуі) нәтижесінде пайда болып, аналық жұмыртқа
клетканы ұрықтандырады. Сперматозоидпен аналық
жұмыртқа қосылғаннан кейін зигота түзіледі де,
ұрықтың дамуы басталады.


Ұрықтану — аталық және аналық жыныс
клеткаларының қосылуынан зиготаның пайда
болуы. Ал бұл жаңа организмнің бастамасы
болып табылады. Ұрықтану негізіне жынысты
көбею және ата-анасынан ұрпағына тұқым
қуалайтын белгілердің берілуі жатады. 


Өсімдіктердегі талшықты
сперматозоидтарды
антерозоидтар деп атайды.
Көптеген тұқымды
өсімдіктерде талшықсыз
сперматозоидтар (спермий)
болады, олар жай қозғалады. . 


Ұрықтану бактерияларда, көк жасыл
балдырларда және саңырауқұлақтарда
болмайды. Төменгі сатыдағы өсімдіктерде
жыныс процесі әр алуан. Кейбір жасыл
балдырларда ұрықтану гамета түзбей-ақ
екі бір клеткалы организмдердің қосылуы
нәтижесінде жүзеге асады (гологамия). 


Соматикалды жасушалардың басқа
сорттармақтарымен
салыстырғанда гаметалардың
біркатар ерекшеліктері болады.
Олардың ең бастысы — ядродағы
хромосомалардың гаплоидті
жиынтығы, ол әрбір организмге тән
зиготалардағы хромосомалардың
диплоидті санының қалпына келуін
қамтамасыз етеді


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕЕТ!!


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет