Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы



Дата25.02.2016
өлшемі266.74 Kb.
#24325
Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 15 шiлдедегi N 06-2-2/214 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 8 тамызда тiркелдi. Тiркеу N 2429


"Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлер Бюллетенi", 2004 ж., N 1-4, 904-құжат.


Қазақстан Республикасының  
Бiлiм және ғылым министрi  
2003 жылғы 15 шiлдеде   
келiсiлдi         
 
Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау министрi 
2003 жылғы 11 шiлдеде  
келiсiлдi         

      Қазақстан Республикасының " Бiлiм туралы ", "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңдарына , "Мектептен тыс ұйымдардың қызметi туралы ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 маусымдағы N 849 қаулысына  сәйкес және "Мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiне еңбекақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысын  iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:


      1. Қоса берiлiп отырған Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастырудың тәртiбi туралы регламент бекiтiлсiн.
      2. Спорт басқармасы (Ю.П.Гуськов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен келiсе отырып Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде белгiленген тәртiппен тiркеуден өткiзсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды төрағаның орынбасары Е.Б.Қанағатовқа жүктелсiн.
      4. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

      Төраға

Қазақстан Республикасының   
Туризм және спорт жөнiндегi  
агенттiгi Төрағасының     
2003 жылғы 15 шiлдедегi   
N 06-2-2/214 бұйрығымен   
бекiтiлген          

Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастырудың тәртiбi туралы регламент

1. Ұйымдық-әдiстемелiк нұсқаулар

      1. Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбi туралы регламентi Қазақстан Республикасының " Бiлiм туралы ", "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңдарының , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Мектептен тыс ұйымдардың қызметi ережесiн бекiту туралы" 2001 жылғы 22 маусымдағы N 849 қаулысының  негiзiнде әзiрлендi.

      2. Спорт мектептерi өз қызметiнде мынадай мiндеттердi шешуi қажет:
      - балалар, жасөспiрiмдер мен жастар арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты дене жетiлуiне бағытталған дене шынықтыру - сауықтыру және тәрбие жұмысын жүзеге асыруы;
      - оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту жөнiнде тұрақты жұмыс жүргiзу, жалпы бiлiм беретiн мектептерде БЖСМ-да жүргiзiлетiн спорт түрлерi бойынша әдiстемелiк және спорттық-бұқаралық жұмыстарға жан-жақты жәрдем көрсету, спорт мектептерiнiң, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың, олимпиадалық резервтiң мамандандырылған мектептерiнiң, жоғары спорт шеберлiгi мектептерiнiң жұмысындағы сабақтастықты дамытуға ықпал етуi;
      - оларды балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнде, олимпиадалық резервтiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнде, спорттық бейiмдегi мектеп-интернаттардағы және спорт шеберлiгi мектептерiндегi мамандандырылған сабақтарға тарту үшiн жүйелi оқыту процесiнде қабiлеттi балалар мен жасөспiрiмдер табуы;
      - гигиена және алғашқы медициналық жәрдем саласында, сондай-ақ теориялық негiздi игеру және өз жағдайын бағалаудың қарапайым тәсiлдерiн игеруде оқушылардың қажеттi бiлiм алуын қамтамасыз етуi;
      - мамандандырылған мектептерде, олимпиадалық резервтiң мамандандырылған мектептерiнде және жоғары спорт шеберлiгi мектептерiнде спорт резервiн даярлауды және халықаралық дәрежедегi спортшыларды тәрбиелеудi қамтамасыз етуi қажет.

      3. Осы мiндеттердi шешуде спорт мектептерiнiң басшылары мен жаттықтырушы-оқытушылар құрамы спорт мектептерiнiң күнделiктi қызметiнде мыналарға:


      - жыл бойы тұрақты сабақтар өткiзу үшiн жағдайлар жасау, спортпен шұғылданушыларға қалаған спорт түрiне деген қызығушылықты оятуға;
      - тәрбие жұмысын жүйелi ұйымдастыру, спорттық әдеп, жинақылық, тәртiп, өз ұжымына сүйiспеншiлiк пен берiлгендiк дағдыларын сақтауды жас спортшылардың бойына дарытуға;
      - оқу-жаттығу үдерiсiн жiтi ұйымдастыру, шұғылданушылардың спорттық шеберлiгiн және жiгерлiлiк қасиеттерiн жетiлдiрудiң маңызды шарты ретiнде ғылым мен алдыңғы қатарлы практиканың деректерiн қолдануға;
      - спорт жарыстарын жүйелi өткiзу және өз ұжымындағы, қаладағы, облыстағы және т.б. жарыстарға шұғылданушыларды белсендi қатыстыруға;
      - шұғылданушыларға таңдаған спорт түрi бойынша сабақ сапасының және өнiмдiлiгiнiң маңызды факторы ретiнде қажеттi теориялық бiлiмдi игертуге ерекше назар аударуы қажет.

      4. Спорт мектептерi спортпен шұғылдануға медициналық жағынан терiстеу айғақтары және денсаулығында ауытқушылығы жоқ балалар мен жасөспiрiмдердiң оқуға түсуi және оқуы үшiн тең жағдайлар, ал жоғары жетiстiктер спортында келешегi бар адамдар үшiн олардың спорттық жетiлуi үшiн қажеттi жағдайлар жасайды.

      5. Спорттық жаттығу үдерiсi кезiнде шұғылданушылар мынадай көпжылдық дайындық кезеңдерiнен өтедi:
___________________________________________________________________
  Дайындық кезеңдерi  |Дайындық кезеңi |   Спорт мектептерi
                      |     (жыл)      |
___________________________________________________________________
                                       |   БЖСМ,     МБЖСМ,  ЖСШМ,
                                       |Спорт клубы  ОРМБЖМ   ОДО
___________________________________________________________________
Спорттық-сауықтыру       Барлық кезең         х        *
Алғашқы даярлық          1-3 жыл              +        х
Оқу-жаттығу              4-5 жыл              +        +
Спорттық жетiлдiру       3-4 жыл              х        +      +
Жоғары спорт шеберлiгi   3 және одан          х        +      +
                         да көп жыл
___________________________________________________________________

      Шартты белгiлер:       х - құрылтайшының шешiмi бойынша


                             + - негiзгi қызметi
                             *  - мамандандырылмаған бөлiмшелерде

      Ескерту:  спорттық - сауықтыру даярлау кезеңiнде денсаулықты нығайту және қозғалудың табиғи қажеттiлiгiн қанағаттандыру мақсатында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданғысы келетiн 6 жастан 15-ке дейiнгi балалармен және жасөспiрiмдермен сабақтар өтедi.


      Алғашқы даярлау кезеңiнде осы спорт түрiне белгiленген жасқа сәйкес спортта дарынды балаларды және жасөспiрiмдердi оқу-жаттығу топтарына iрiктеу мақсатында спортпен шұғылданғысы келетiн балалармен сабақтар өтедi.
      Оқу-жаттығу дайындық кезеңiнде таңдаған спорт түрi бойынша мамандану мақсатында алғашқы спорттық даярлау курсын табысты игерген оқушылардың iшiнен топтар жасақталады.
      Спорттық жетiлдiру кезеңiнде елдiң жастар құрама командаларын толықтыру мақсатында бақылау нормативтерiн орындаған және оқу-жаттығу топтарында даярлану кезеңiнен өткен спортшылардың арасынан топтар жасақталады.
      Жоғары спорт шеберлiгi кезеңiнде спорт түрлерi бойынша республиканың ұлттық құрама командаларын толықтыру мақсатында спорттық жетiлдiру кезеңiнен өткен спортшылар арасынан топтар жасақталады.

      6. Көп жылғы спорттық даярлау кезеңiндегi спорт мектептерiнiң қызметiн бағалаудың өлшемi:


      1) Спорттық-сауықтыру
      шұғылданушылар құрамының тұрақтылығы, олардың жаттығу сабақтарына қатысуы;
      шұғылданушылардың дене жетiлуiнiң жеке көрсеткiштерiнiң серпiнi;
      гигиена және өзiн-өзi бақылау негiздерiн игеру деңгейi.
      2) Алғашқы даярлық
      шұғылданушылар құрамының тұрақтылығы;
      шұғылданушылардың дене жетiлуiнiң жеке көрсеткiштерiнiң өсу серпiнi;
      спорт түрлерiнiң техникасын, гигиена және өзiн-өзi бақылау дағдыларын игеру деңгейi.
      3) Оқу-жаттығу
      шұғылданушылардың денсаулық жағдайы, физикалық жетiлу деңгейi;
      шұғылданушылардың жеке ерекшелiктерiне байланысты даярлық деңгейiнiң серпiнi;
      спорт түрлерi бойынша бағдарламаларда көзделген жаттығу жүктемелерiнiң көлемiн игеру;
      бағдарламаның теориялық бөлiмiн игеру.
      4) Спорттық жетiлдiру
      шұғылданушылардың дене жетiлуi мен функциональдық жай-күйiнiң деңгейi;
      спортшыны даярлаудың жеке жоспарында көзделген жаттығу мен жарыс жүктемелерi көлемiн орындауы;
      спорттық-техникалық көрсеткiштердiң серпiнi;
      республикалық жарыстардағы көрсеткiштерi.
      5) Жоғары спорт шеберлiгi
      Республикалық және халықаралық жарыстардағы көрсеткiштердiң тұрақтылығы;
      Қазақстан Республикасы құрама командасының сапына даярланған спортшылар саны;
      Әлем, Азия чемпионаттары мен Азия, Олимпиада ойындарында жоғары орындарды иеленген спортшылар саны.

      7. Осы ережеде анықталған қызметтерден басқа, спорт түрлерi бойынша республикалық және халықаралық негiзгi жарыстарға, республика құрама командаларын қалыптастыру мен даярлау, республика құрама командасына таяу арада резерв, спорттың ойын түрлерi бойынша шеберлер командасын даярлау басты мiндетi болып табылатын республикалық және облыстық (Алматы мен Астана қалаларында қалалық) спорт мектептерi болады.


      Ведомстволық бағыныстылығына, тағылымдамашыларға және республика құрама командасының мүшелiгiне (негiзгi, жастар, жасөспiрiмдер құрамы) қарамастан, республикалық және облыстық спорт мектептерiнiң құрылымында тұрақты әрi өзгермелi спортшы-оқушылар құрамы болады.

2. Спорт мектептерi мен олимпиадалық даярлау
орталықтарын жинақтау және олардың қызметi

      8. Спорт мектептерi жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк-техникалық мектептердiң, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқушыларынан, жұмыс iстейтiн жастардан және әскери қызметшiлерден жинақталады.


      Олимпиадалық даярлау орталықтарында, олимпиадалық резерв даярлау орталығында шұғылданушылардың шектелiмi халықаралық спорт ареналарында жоғары нәтижелерге жеткен Қазақстан Республикасының жетекшi спортшыларынан жинақталады.

      9. Спорт мектептерiнiң алғашқы даярлау топтарына қабылдауға арналған балалар мен жасөспiрiмдердiң жасы


___________________________________________________________________
 Жасы   |   Спорт түрлерi
 (жыл)  |
___________________________________________________________________
6-8        Спорттық гимнастика (қыздар), көркем гимнастика,
           мәнерлеп сырғанау
___________________________________________________________________
7-9        Акробатика, су шаңғысы, спорттық гимнастика (ұлдар),
           үстел теннисi, жүзу, суға секiру, керме серiппеде
           секiру, үйлесiмдi жүзу, теннис, ушу, фристайл, шахмат,
           дойбы
___________________________________________________________________
8-10       Бадминтон, баскетбол, қалашық спорты, спорттық
           бағдарлау, футбол, спорттық туризм
___________________________________________________________________
9-11       Бейсбол, биатлон, су добы, волейбол, қол добы, коньки
           спорты, жеңiл атлетика, шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы,
           желкен спорты, шаңғымен тақтай серiппеден секiру, регби,
           көгалдағы хоккей, допты хоккей, шайбалы хоккей,
           шорт-трек, ұлттық ат спорты түрлерi, саят
___________________________________________________________________
10-12      Сомдалу, бильярд спорты, бокс, велоспорт, еркiн күрес,
           кiр тасы спорты, академиялық есу, байдарка мен каноэде
           есу, дзюдо, каратэ-до, кекусинкай, кикбоксинг, грек-рим
           күресi, самбо, шаңғы спорты, шыңға өрмелеу, қазiргi
           көпсайыс, нысана көздеу, таэквандо, триатлон, ауыр
           атлетика, семсерлесу, ат спорты
___________________________________________________________________
11-13      Садақ ату
___________________________________________________________________
12-14      Стенд ату
___________________________________________________________________
13-14      Ауыр атлетика (қыздар)
___________________________________________________________________

      Ескерту:  спорт мектептерi қажет болған жағдайда, құрылтайшының және дене шынықтыру мен спорт жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша спорт түрлерiнiң жiктемесiне енген ұлттық спорт және өзге спорт түрлерi бойынша алғашқы даярлау тобын аша алады.

      10. Алғашқы даярлау тобында шұғылданушыларға қойылған емтихандарын орындамаған жалпы бiлiм беретiн мектептердiң жасы 6-дан 15-ке дейiнгi оқушыларынан спорттық-сауықтыру топтары құрылады.
      Алғашқы даярлау топтары спортпен шұғылдануға ниеттi жалпы бiлiм беретiн мектептердiң оқушыларынан жинақталады.
      Оқу-жаттығу топтары алғашқы спорттық даярлықтан өткен, жалпы физикалық және арнайы даярлықтың нормативтiк қабылдау талаптарын орындаған спортта дарынды балалар мен жасөспiрiмдерден жинақталады.
      Спорттық жетiлдiру топтары Қазақстан құрама командасының үмiткерлерiнен немесе оның резервтiк құрамының тиiстi емтихандарынан және даярлықтың бұрынғы кезеңiнен өткен оқушылардан жинақталады.

      11. Келесi оқу жылына оқушыларды ауыстыру сабақ өтiлiнiң, олардың жалпы және арнайы дене дайындығы бойынша ауыстыру емтихандарын орындауының негiзiнде жаттықтырушылар кеңесiнiң шешiмiмен жүргiзiледi. Осы талаптарды орындамаған оқушылар келесi оқу жылына көшiрiлмейдi. Жоғары спорт шеберлiгi тобындағы оқушылардан басқа, мұндай спортшылар спорт мектебiнiң педагогикалық кеңесiнiң шешiмiмен даярлау кезеңiнде кемiнде бiр рет оқу жылында қайтадан оқуды жалғастыра алады. Егер осы топтар үшiн белгiленген нормативтер мен талаптарды жыл сайын бекiткен жағдайда, олар спорттық жетiлдiру және жоғары спорт шеберлiгi топтарына қабылданған оқушылардың жасына шек қойылмайды.


      Ескерту:  келесi оқу жылындағы топқа ауысу үшiн белгiленген жасқа жетпеген, бiрақ өткен оқу жылында бағдарламалық талаптарды орындаған жекелеген оқушыларға дәрiгердiң жеке шешiмiмен және педагогикалық кеңестiң шешiмiмен мерзiмiнен бұрын өте алады.

      12. Оқушылар саны, оқу топтарының құрамы және спорт мектебiндегi оқу сағаттарының жылдық есебiн жыл сайын 1 қыркүйекте БЖСМ, ОРМБЖМ, ал жоғары спорт шеберлiгi мектептерi мен олимпиадалық даярлау орталықтарында 1 қаңтарда құрылтайшылар бекiтедi. Жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқу жылы аяқталған кезде, БЖСМ мен ОРМБЖМ топтарының сандық құрамының 50%-iн құрайды.

      13. Спорт мектептерiнiң алғашқы даярлау топтарына оқушыларды қабылдау оқуға түсушiнiң ата-анасының, жалпы бiлiм беретiн мектеп басшылығының келiсiмiмен тұрғылықты жерi бойынша балалар дәрiгерiнiң немесе жалпы бiлiм беретiн мектептiң дәрiгерiнiң жазбаша рұқсатымен жүргiзiледi. Алғашқы даярлау топтарына қабылдау спорт мектебiнiң 25 қыркүйекке дейiнгi бұйрығымен жүргiзiледi. Оқушы топтан шыққан жағдайда, жаттықтырушы-оқытушы оны бiр ай мерзiм iшiнде жасақтауға мiндеттi.

      14. Кейiнгi оқу жылында оқушыларды топтарға қабылдау дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерiнiң қорытындысы негiзiнде, осы топтарға көзделген және құрылтайшы бекiткен жаттықтырушылар кеңесiнiң ұсынысы және бақылау нормативтерiн орындаудың нәтижелерiнiң негiзiнде жүргiзiледi.


      Қабылдау емтихандарын тапсырмаған оқушылар мектептiң оқу-жаттығу топтарына алынбайды.

      15. Оқушыларды қабылдау және оларды шығару спорт мектебi директорының бұйрығымен рәсiмделедi.


      16. Спорттың ойын түрлерiнен спорт шеберлiгiн көтеруге бағытталған спорт мектептерiнiң оқушылары спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, спорт колледждерiнiң, жоғары спорт шеберлiгi мектептерiнiң топ құрамына кiрмейдi, бiрақ сол спорт мектебiнiң тәрбиеленушiлерi болып саналады және соның командасына алынады. Топтарды жабдықтағанға дейiн оған алдыңғы оқу жылынан алынған оқушылар қабылдануы мүмкiн. Оқу-жаттығу жұмысының режимi және осы топты толықтыру оқытудың әрбiр кезеңi аяқталғанға дейiн сақталады.
      ЖСШМ, СДБМИ, спорт колледждерiнiң спорттың ойын түрлерi бойынша шеберлер командасы, спорт шеберлiгiн көтеру үшiн спорт мектептерiне жiберiлген жекелеген оқушылар және оқу топтары жарыстардың өту кезеңiнiң iшiнде (1, 2, 4 жыл) номенклатурадағы басшы қызметкерлер мен мамандардың алған өтемақысы сақтала отырып, осы мектептiң төрт жылдық кезеңi iшiнде өтемақы төлеу топтары сақталады.
      Оқу-жаттығу топтарында оқытудың барлық кезеңiнен өткен және СДБМИ-ге, спорт колледждерiне, жоғары спорт шеберлiгi мектептерiне спорттық жетiлдiруге жiберiлген спорт мектептерiнiң "Қазақстан Республикасының спорт шеберi" атағын орындаған оқушылар екi ұйымға да (олимпиадалық кезең бойында) бiрдей есептеледi.

3. Оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру

      17. БЖСМ-да оқу жылы 1 қыркүйектен, ал жоғары спорт шеберлiгi мен олимпиадалық даярлау орталығында 1 қаңтардан басталады. Спорт түрлерi бойынша бөлiмшелердегi оқу-жаттығу сабақтары оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары бойынша оқу-жаттығу сабақтары 52 аптаға есептелген оқу-жаттығу сабақтарында тiкелей спорт мектебiнiң жағдайында, оқу-жаттығу жиындарына қатысуды қоса отырып, жарыстарда, спорттық-сауықтыру лагерьлерiнде және оқушылардың демалысы кезiнде олардың жан-жақты тынығуы үшiн жеке жоспар бойынша тiкелей жүргiзiледi.


      Ереженiң негiзiнде әрбiр спорт мектебi мен олимпиадалық даярлау орталығы өзi таңдаған жұмысты, спорт түрлерiнiң ерекшелiгiн, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етудi, сондай-ақ қалыптасқан дәстүрлердi ескере отырып, өзiнiң қызметiнiң бағдарламасын әзiрлейдi. Қызмет бағдарламасы БЖСМ, МБЖСМ, ОРМБЖМ, ЖСШМ және ОДО-ның педагогикалық ұжымы әзiрлейдi және құрылтайшылар бекiтедi.

      18. Спорт мектептерi, спорт клубтары, жоғары спорт шеберлiгi мектептерi, олимпиадалық даярлау орталықтары және олимпиадалық резерв дайындау орталықтары облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға жiберiлген командалар мен оқушыларды дайындау үшiн оқу-жаттығу жұмысына арналған қаржы бөлудiң шегiнде ұзақтығы 18 күнге дейiн облыстық және ұзақтығы 24 күнге дейiн республикалық, халықаралық жарыстарға дайындалудың оқу-жаттығу жиындарын өткiзуге құқылы және балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнде жылына 150 күнге дейiн, жоғары спорт шеберлiгi мектептерi мен спорт клубтарында, олимпиадалық даярлау орталықтары мен олимпиадалық резерв дайындау орталықтарында 250 күнге дейiн оқу-жаттығу жиындарын өткiзуге құқылы.

      19. Спорт мектептерi (БЖСМ, МБЖСМ, ОРМБЖМ және ЖШСМ) жұмысының негiзгi нысандары мыналар:
      оқу-жаттығу жиындары (жеке және топтық);
      оқу-жаттығу жиындарына арналған оқу-жаттығу сабақтары;
      спорт жарыстарына қатысу;
      спорттық-сауықтыру лагерьлерiндегi оқу-жаттығу үдерiсi;
      медициналық қалпына келтiру iс-шаралары;
      теориялық сабақтар;
      оқушылардың нұсқаушылық және төрешiлiк практикасы;
      оқу кинофильмдерiн, киноқайталауларды, кинограммаларды, бейне бағдарламаларды, спорт жарыстарын көру және талдауды;
      перспективалық жоспар құру және бiр жылдық жұмысқа талдау жасау;
      Олимпиадалық даярлау орталықтарында және олимпиада резервiн даярлау орталықтарында оқу-жаттығу сабақтары жаттықтырушы-оқытушының әзiрлеген дайындықтың жеке жоспары бойынша өтедi.
      Спорттық-сауықтыру топтары мен алғашқы даярлау топтарындағы сабақтар жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқу жылы көлемiнде қолда бар спорт ғимараттарын пайдалану арқылы өтiледi. Оқушылар құрамы бар болған жағдайда, белгiленген сандағы топтарға арналған сабақтар демалыс кезiнде де жалғаса беретiн болады.
      Спорттық-сауықтыру топтарындағы және алғашқы даярлау тобындағы бiр сабақтың ұзақтығы кемiнде аптасына төрт рет сабақ өту кезiнде екi-үш академиялық сағаттан аспауы керек; аптасына жүктемесi 20 және одан да көп сағатты құрайтын топтарда аптасына 4 академиялық сағатқа, ал күнiне екi рет жаттығу сабағы кезiнде үш академиялық сағатқа дейiн болуы керек. Спорттық жетiлдiру және жоғары спорт шеберлiгi топтарында төрт академиялық сағаттан болады.
      Қазiргi көпсайыстан сабақтарға қаражат бөлудi ескере отырып, оқу сағаттары 2,5 есеге көбейтiлуi қажет, спорттық және көркем гимнастика, конькиде мәнерлеп сырғанау, суға секiру, акробатика, үйлесiмдi жүзу, биатлон, фристайл, су шаңғысы спорты, триатлонда 2 есеге көбейту, ал шаңғы қоссайысы, жеңiл атлетика көпсайысы, ат спорты, полиатлон, оқу бағдарламасына енбейтiн спорт түрлерi бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың еңбек ақысы 1,5 есе көбейтiледi.
      Оқу сабақтарының сағаттар санын көбейту жұмысқа топпен бiрге негiзгi жаттықтырушы-оқытушыны және спорттың ұқсас түрлерi бойынша жаттықтырушы-оқытушыларды жұмысқа бiрден алған жағдайда жүргiзiледi.

      20. Оқу-жаттығу, спорттық жетiлдiру және оқу-жаттығу топтарында сабақ өткiзу үшiн осы топтарға арнап бекiтiлген оқу-жаттығу жұмысы оқу бағдарламасындағы сағат сандарының шегiнде, спорт түрлерiнен негiзгi жаттықтырушы-оқытушыдан басқа, қосымша екiншi жаттықтырушы-оқытушы жұмысқа шақырылады.

      21. Спорттық және көркем гимнастика, акробатика, үйлесiмдi жүзу, конькиде мәнерлеп сырғанау бөлiмшелерiнде оқу-жаттығу сабақтарының жалпы санының 70%-не дейiн музыкалық сүйемелдеумен жүргiзiлуi мүмкiн. Суға секiруде, батутада секiруде, фристайлда сүйемелдеушiлердiң мөлшерлемелерi оқу жоспары бойынша хореографияға бөлiнген жалпы сағат саны есебiнде көзделедi.

      22. Жыл бойғы жаттығулары мен оқушылардың демалысы кезiнде белсендi тынығуды қамтамасыз ету үшiн спорттық-сауықтыру лагерьлерi ұйымдастырылатын болады.

      23. Директор бекiткен жоспар бойынша спорт мектебi оқушылармен идеялық-тәрбиелiк жұмыс ұйымдастырады және жүргiзедi. Спорт мектебiндегi тәрбие жұмысы жеке тұлғаның жан-жақты үйлесiмдi дамуына, Отанды сүюге және ұжым алдындағы жауапкершiлiктi дамытуға ықпал ететiн болады және оқушылардың жасы мен жеке ерекшелiгiн, спорт шеберлiгi деңгейiн ескерiп, жүзеге асырылады.

4. Спорт мектептерiн жинақтау, оқу топтарын толықтыру тәртiбi, оқу-жаттығу жұмысының режiмi

___________________________________________________________________


                 | Оқу  |Топтардағы  |   Оқу топтарын толтыру
                 | жылы |оқу-жаттығу |   Спорт түрi бойынша топтар
                 |      | жұмысының  |
                 |      |  режiмi    |
                 |      | аптасына   |
                 |      |   сағ.     |
___________________________________________________________________
                                     |      1  |  2  |  3  |  4
___________________________________________________________________
       1         |  2   |     3      |      4  |  5  |  6  |  7
___________________________________________________________________
1. Спортшы-оқушыларды спорт мектептерiнiң дайындық кезеңдерiне әзiрлеу
___________________________________________________________________
Жоғары спорт    Барлық
шеберлiгi       кезеңде    32 (36)         3     6     4     2

Спорттық        1 жыл      24              5     6     6     3


жетiлдiру       2 жыл      26              4     6     5     3
                2 жылдан   28              4     6     5     3
                жоғары

Оқу-жаттығу     1 жыл      12              8    12    10     5


                2 жыл      14              8    12    10     4
                3 жыл      18              6    12     8     4
                3 жылдан   20              6    12     8     3
                жоғары

Алғашқы даярлау 1 жылдан    8             14    18    14     8


                жоғары     10             12    16    12     6  

Спорттық        Кезең


сауықтыру       бойы        6             16    20    18    12
___________________________________________________________________
2. Дене шынықтыру және спорт ұйымдарында шұғылданушыларды даярлау
___________________________________________________________________
Спорт           Кезең 
секциялары      бойы        6            16     20    18    12

Дене шынық.


тыру-сауықтыру
(спорт
түрлерiне       Кезең
қарамастан)     бойы        6            20     20    20    20
___________________________________________________________________

      Ескерту:  спорт түрлерi бойынша жаттықтырушы-оқытушының мөлшерлемесi аптасына 24 сағат көлемiнде бекiтiледi. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз мектебiндегi спорт түрi бойынша жаттықтырушы-оқытушыларға арналған мөлшерлемелердiң есебiнен ақы төлеу арқылы спорт мектебiнiң директорына, оқу бөлiмiнiң меңгерушiсiне (директордың орынбасарына), аға нұсқаушы-әдiскерге және нұсқаушы-әдiскерге күнiне (аптасына 12 сағат) 2 сағат сабақ өткiзуге рұқсат етiледi;


      Мәнерлеп сырғанаудан спорттық және би жұптары үшiн спорттық жетiлдiру және жоғары спорт шеберлiгiнiң кезеңiнде топтар саны 4 адамға толығады;
      Оқу топтарының құрамында (ЖСШТ) Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының негiзгi құраманың мүшесi бар болған жағдайда, спорт түрi бойынша осы топтың аптасына сағат саны 36-ға дейiн артуы мүмкiн;
      спорт секцияларында және дене шынықтыру-сауықтыру топтарында оқу оқытушылық жұмыстың нақты режимi шұғылданушылардың көрсетiлген шектелiмiне арналған оқу бағдарламасына сәйкес белгiленедi;
      жекелеген жағдайда спорттық жетiлдiру және жоғары спорт шеберлiгiнiң кезеңiне арналған оқу топтарының сандық құрамы спорт мектебi басшылығының шешiмi және жаттықтырушылар кеңесiнiң қорытындысы бойынша 1-2 адамға көбейiп, бекiтiледi;
      1-топқа: акробатика, биатлон, бобслей, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, тау шаңғысы спорты, шаңғы қоссайысы, ат спорты, жеңiл атлетика көпсайысы, сырықпен секiру, батутада секiру, шаңғымен серiппе тақтайдан секiру, шана спорты, үйлесiмдi жүзу, шыңға өрмелеу, садақ ату, нысана көздеу, стенд ату, қазiргi көпсайыс, мәнерлеп сырғанау, фристайл, семсерлесу, велоспорт (трек, тас жол), су шаңғысы спорты, автомобиль, мотоцикл, су моторлы, су асты, ұшақ, тiкұшақ, желкерме, планер, дельта планер спорт түрлерi, спорттық жүрiс, марафон, триатлон, полиатлон және қолданбалы спорт түрлерi жатады;
      2-топқа спорттың командалық ойын түрлерi жатады, көкпар;
      3-топқа спорттың қалған түрлерiнiң бәрi жатады;
      4-топқа ұлттық ат спорты түрлерi (бәйге, аламан бәйге, жорға, қыз қуу) қыран құстармен аң аулау-саят, аударыспақ, сайыс, теңге алу жатады;
      1-топқа енген спорт түрлерiнде негiзгi жаттықтырушыдан басқа ұқсас спорт түрлерiнiң бапкерлерi, сондай-ақ хореографтар, сүйемелдеушiлер жұмысқа шақырылады. Олардың еңбегiне ақы төлеу мөлшерi оқу бағдарламасының талаптарын ескере отырып, белгiленедi және негiзгi жаттықтырушыға белгiленген нормативтен 50%-ке артық болмауы қажет;
      кезектi оқу жылы мен даярлау кезеңiне ауысу емтихандарын тапсырмаған (оқу-жаттығу, спорттық жетiлдiру, жоғары спорт шеберлiгi) спортшы-оқушыларды қабылдау жарыстағы көрсеткiштерi жақсарған жағдайда және жалпы, арнайы және техникалық даярлау сынақтарынан өткенде және дайындық кезеңi бойынша олардың спорт шеберлiгiнiң ауысу емтихандарын орындаған жағдайда жүргiзiледi;
      спорт мектептерiнде спортшы-оқушылардың шеберлiк деңгейiне мынадай талаптар қойылады;
      өткен жылы спорттың командалық түрлерiнде спорт шеберлiгiнен кандидат разряды талаптарын орындаған және сол разрядты бекiткен, ал қалған спорт түрлерiнде "Қазақстан Республикасының спорт шеберi" атағынан кем емес спорт атағы бар жоғары спорт атағының талаптарын орындаған спортшы-оқушылар жоғары спорт шеберлiгi кезеңiне алынады;
      спорттық жетiлдiру кезеңiне спорт түрлерi бойынша бағдарламаның нормативтiк талаптарын орындаған және алдыңғы жылы спорттың командалық ойын түрлерiнен 18 жастан асқан спортшылар үшiн коньки спорты мен жеңiл атлетикадан бiрiншi спорттық разрядты, ал қалған спорт түрлерiнде "Спорт шеберлiгiнен үмiткер" талаптарын орындаған спортшы-оқушылар қабылданады;
      оқу-жаттығу процесiнде алғашқы даярлау кезеңiнде бiр оқу жылын аяқтаған спортшы-оқушылар қабылданады.

      24. Спорт мектептерiнiң, спорт клубтарының, олимпиадалық даярлау орталықтарының жаттықтырушы-оқытушылар құрамының жұмысы:


      алғашқы даярлау топтарындағы оқу топтарының тұрақтылығы БЖСМ бағдарламаларын игеру деңгейi, жалпы дене дайындығы, оқу-жаттығу топтарына конкурс бойынша түскен шұғылданушылардың саны ескерiле отырып;
      оқу-жаттығу топтарында топ құрамының тұрақтылығы ескерiле отырып, жалпы және арнаулы дене дайындығының нормативтiк көрсеткiштерiн орындаған, жарыстарда нәтижелерге жеткен түлектерiнiң арасынан қоғамдық нұсқаушылар мен спорт жөнiндегi төрешiлердi дайындауына;
      спорттық жетiлдiру топтарында шұғылданушылардың бағдарламалық талаптарды, соның iшiнде спорттық даярлау бойынша ел құрама командаларына даярланған үмiткерлер саны, республикалық және халықаралық жарыстардағы нәтижелерiне;
      жоғары спорт шеберлiгi топтарында елдiң құрама командаларына (негiзгi және резервтiк құрам) даярланған үмiткерлердiң санын ескере отырып, олардың республикалық және халықаралық жарыстардағы көрсеткен нәтижелерiне байланысты бағаланады.

      25. Спортшыларды даярлауда қол жеткен табыстарына және оқушыларды СДБМИ, ЖШСМ, ОРМБЖМ-ге жiбергенi үшiн жаттықтырушы-оқытушылар белгiленген тәртiппен бiлiктiлiк санаттарына, құрметтi атақтарға, грамотаға және басқа да ынталандыру шараларына ұсынылады.

      26. БЖСМ, ОРМБЖМ, ЖШСМ және МБЖСМ-да педагогикалық кеңес құрылады, оның құрамында: директор (кеңестiң төрағасы), оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi (төрағаның орынбасары), аға нұсқаушы-әдiскер, спорт жөнiндегi аға жаттықтырушы-оқытушылар, дәрiгер, ата-аналар комитетiнiң төрағасы, бiлiм, кәсiптiк бiлiм, дене шынықтыру органдарының, кәсiподақ және басқа қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi болады.
      Педагогикалық кеңес кемiнде тоқсан сайын бiр рет өткiзiледi. Ол өзiнiң отырысында оқу-жаттығу, идеялық-тәрбиелiк, әдiстемелiк, спорттық-бұқаралық жұмыстарды, дәрiгерлiк бақылауды тыңдап, талқылайды және солар бойынша шешiмдер қабылдайды.

      27. Спорт түрлерi бойынша бөлiмшелерде егер олардың әрқайсысының басшылығымен толық жүктемемен кемiнде 3 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс iстейтiн болса, онда мектеп директорының бұйрығымен жетекшi жаттықтырушы-оқытушылар арасынан бөлiмшенiң аға жаттықтырушы-оқытушылары тағайындалады. Бұл ретте екi қосымша жұмыс iстеушi бiр жаттықтырушы-оқытушы штаты болып есептеледi. Аға жаттықтырушы-оқытушылар бөлiмшеге түгелдей басшылық жасау үшiн де, оқу кезеңдерi, жасөспiрiмдер мен қыздардың құрамы бойынша да тағайындалады.

      28. Спорт түрлерiнен бөлiмшелерде жаттықтырушылар кеңесi құрылады, онда спорт жөнiндегi аға жаттықтырушы-оқытушылардың басшылығымен оқу-жаттығу, тәрбие жұмысы, спортшыларды даярлаудың жеке жоспары, жарыстарға қатысу мәселелерi қаралады, спорт жөнiнен жаттықтырушы-оқытушылардың жаттығу процесiн жетiлдiрудiң әдiстемелерi, ашық жаттығу сабақтарын өткiзу, соңынан оларды талқылау және тәжiрибе алмасу жөнiндегi хабарламалары мен баяндамалары тыңдалады.

      29. Бүкiл спорт мектептерiнiң толық немесе мектептiң спорт түрiнен бөлiмшесiнiң жұмыс нәтижелерi бойынша олимпиадалық емес спорт түрлерi бойынша мамандандырылған мектеп (бөлiмше) МБЖСМ мәртебесi және олимпиадалық спорт түрлерi бойынша (ОРМБЖМ) мамандандырылған мектеп мәртебесi берiлуi мүмкiн.


      МБЖСМ-ға егер осы спорт мектебiнде кемiнде 2/3 бөлiмшенiң мамандандырылған, олимпиадалық резервтiң мамандандырылған атағы болған жағдайда олимпиадалық резерв мәртебесi берiледi.
      БЖСМ-да "Қазақстан Республикасының спорт шеберi" атағын иеленген спортшыларды даярлау немесе Қазақстан Республикасының чемпиондарын, немесе бiрiншiлiктерге, Азия, әлем чемпионаттарына, Азия және Олимпиада ойындарына қатысушыларды тiкелей даярлау спорт мектебiне мамандандырылған мәртебе берудiң шарты болып табылады.
      Осы спорт түрi бойынша спорттық жетiлдiрудiң кемiнде екi тобын жасақтау үшiн адам құрамы жеткiлiктi болған жағдайда спорт мектебiнiң бөлiмшесiне спорт түрiнен мамандандырылған мәртебесi берiлуi мүмкiн.
      Мамандандырылған мектептер (МБЖСМ, МОРБСМ, бөлiмшелер) ашу мен осы мектептер (бөлiмшелер) үшiн көзделген еңбекке ақы төлеу шарттарын ендiру құрылтайшының шешiмi бойынша жүргiзiледi және оны дене шынықтыру мен спорт саласындағы республикалық уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Төрт жыл өткеннен кейiн МБЖСМ, ОРМБЖМ және мамандандырылған бөлiмшелер белгiленген тәртiппен қайта бекiтiледi.
      МБЖСМ, ОРМБЖМ және мамандандырылған бөлiмшелер, спорт түрлерiнен олимпиадалық резервтiң мамандандырылған бөлiмшелерi жұмыс көрсеткiштерiн төмендеткен жағдайда, құрылтайшының шешiмiмен және дене шынықтыру мен спорт жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша БЖСМ-ға көзделген еңбекке ақы төлеу шарттарына көшiрiлуi мүмкiн.
      БЖСМ және спорттан бөлiмшелер жұмыстарын жақсартқан жағдайда, жалпы негiзде мамандандырылған номенклатураға көшiрiлуi мүмкiн.

      30. Спорт мектептерiнде спорт түрлерiнен бөлiмшелер алғашқы даярлау тобынан, оқу-жаттығу топтарынан және спорттық жетiлдiру топтарынан құрылады. Спорттық жетiлдiру топтары топтардың жеке тiзiмi бекiтiлген жағдайда дене шынықтыру мен спорт саласындағы облыстық уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша спорттық жетiлдiру топтарынан құрылтайшының шешiмi бойынша жасақталады.


      Мамандандырылған спорт мектептерiнде оқу-жаттығу топтарының жұмысы жоғары дәрежеге жеткен жағдайда жоғары спорт шеберлiгi топтары ашылатын болады.
      Жоғары спорт шеберлiгi тобының топ құрамының жеке тiзiмi бекiтiлген жағдайда, дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша құрылтайшының шешiмiмен ашылады.

5. Дәрiгерлiк бақылау

      31. Алғашқы даярлау тобындағы қабылданушылар аймақтық амбулаторлық-емханалық ұйымдардың берген денсаулығы жайындағы анықтаманы БЖСМ-ға тапсырады.


      Оқу-жаттығу топтарында, спорттық жетiлдiру және жоғары спорт шеберлiгi топтарында оқу-жаттығу топтарында шұғылданушыларға дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерi бақылау жүргiзедi. Спорт мектебiнiң дәрiгерi спорт мектебiндегi оқу-жаттығу процесi мен жарыстарды қамтамасыз етудi, жаттығу жүктемелерiне және үдемелiлiк көлемiне бақылауды жүзеге асырады, спортшыларды даярлаудың жеке жоспарын жасайды және бекiтедi. Әрбiр оқушыға белгiленген үлгiдегi дәрiгерлiк-бақылау картасы толтырылады, ол мектептiң медицина кабинетiнде немесе дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерiнде (аумақтық емхананың дәрiгерлiк бақылау кабинетiнде) сақталады.

6. Мектептiң құжаттамасы

      32. Спорт мектептерiнiң мынадай құжаттамалары:


      өткен жылғы жұмысқа талдау, ұйымдық, оқу, спорттық-бұқаралық, тәрбиелiк, әдiстемелiк, қаржы-шаруашылық жұмысын, бiлiктiлiктi арттыру, медициналық қамтамасыз ету, ата-аналармен, жалпы бiлiм беретiн мектептермен және кәсiптiк-техникалық училищелермен жұмыс, мектепiшiлiк бақылауды ұйымдастыру бөлiмдерiн қосқанда құрылтайшы бекiткен мектептiң жылдық жұмыс және айлық жоспарлары;
      жарыстардың қабылдау, бақылау және шығару нормативтерi мен олардың жалпы және арнаулы физикалық, техникалық даярлау және сынақтан өту кестесiнiң хаттамалары;
      спорттық жетiлдiру мен жоғары спорт шеберлiгi топтарының әрбiр оқушысына арналған жеке жоспарлары;
      1-қосымшаға сәйкес БЖСМ, ОРМБЖМ, МБЖСМ-ның картасы, ОРМБЖМ, МБЖСМ-ғы спортшылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың жеке карталары;
      оқу-жаттығуларының кестесi;
      спорт жөнiндегi жаттықтырушы-оқытушылардың оқу жұмысының (бiрыңғай) есеп журналы;
      мектеп оқушыларының жасы, оқу жылы басталардағы спорттық дайындығының оқу өтiлi көрсетiлiп, бұйрықпен бекiтiлген бөлiмшелер мен оқу топтары бойынша мектеп оқушыларының тiзiмi;
      құрылтайшы бекiткен жаттықтырушы-оқытушылар құрамының кестелiк тiзiмi;
      педагогикалық және жаттықтырушылар кеңесiнiң хаттамалары;
      кiру және шығу құжаттарының папкiлерi;
      мектеп оқушыларының жеке iс қағаздары, бұйрық кiтаптары, еңбек кiтапшалары, сенiм хаттары мен басқа да құжаттарды беру;
      5 фк үлгiсi бойынша есептердiң көшiрмелерi болуы керек.
      Ескерту:  Аға жаттықтырушы-оқытушының және жаттықтырушы-оқытушының саны олардың оқу жүктемесi мен бағдарлама бойынша өткiзетiн оқу сағаттарына және жалақы қорына байланысты болады. Бұл ретте егер оның басшылығымен кемiнде үш жаттықтырушы-оқытушы жұмыс iстесе, онда аға жаттықтырушы-оқытушы лауазымын ұстауға болады.
      Егер оның басшылығымен кемiнде үш нұсқаушы-әдiскер жұмыс iстесе, онда аға нұсқаушы-әдiскер лауазымы тек қана мамандандырылған мектептерде болады.
      Табель бойынша көзделсе және жүк, жеңiл, арнаулы автокөлiк немесе автобус болған жағдайда жүргiзушiлердi ұстауға болады.
      Үйлерде, ғимараттарда қызмет етушi жұмысшылардың саны және кiшi қызмет көрсетушiлер (дәнекерлеушi-сантехник, электрик, үй сыпырушы, есiк алдын сыпырушы, вахтер, гардеробшы, күзетшi, кезекшi, химиялық жолмен тазалаушы аппаратшы (хлоршы), компьютерлерге қызмет көрсету жөнiндегi техник, механик, зертханашы және басқалар) жергiлiктi атқарушы органдар бекiткен нормаға сәйкес болады.

      40. Жаттықтырушы-оқытушылардың, әкiмшiлiктiң оқу-жаттығу үдерiсiн қамтамасыз ету, спорт мүкәммалдары мен жабдықтарды жөндеу жөнiндегi қызметшiлердiң, жұмысшылардың штатын спорт мектебiнде жүргiзiлетiн спорт түрлерiн және спорт ғимараттарының санаттарын ескере отырып, белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган бекiтедi.

      41. Жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып және оның оқу-жаттығу процесiн тиiмдi қамтамасыз етуi үшiн БЖСМ, МБЖСМ, ОРМБЖМ, ЖСШМ және ОДО, ОРДО және спорт клубтарының спорт мектептерiне бөлiнген қаражаты шегiнде арнаулы автокөлiктерi (қайықтарды, қару-жарақты, спорттық шаналарды, боб-шаналарды, аттарды алып жүруге арналған арнайы машиналар, велосипедшiлерге, спорттық жүрiс желаяқтарына iлесiп отыратын арнайы машиналар) болады.

      42. Спорт мектептерi, олимпиадалық даярлау орталықтары, олимпиадалық резерв даярлау орталықтары үшiн спортшының бiрыңғай спорт киiмi, эмблемасы, белгiсi мен оқушы билетi белгiленедi.

Қазақстан Республикасының 
Туризм және спорт жөнiндегi
агенттiгi Төрағасының   
2003 жылғы 15 шiлдедегi  
N 06-2-2/214 бұйрығына   
N 1-қосымша      

БЖСМ, ОРМБЖМ, МБЖСМ КАРТАСЫ

Мекен-жайы ____________________________ жабдықтар __________________


Спорт түрi ____________________________ ашылған жылы _______________

I. Жинақтау

____________________________________________________________________


    Даярлау     |Оқу |      Оқу топтары мен оқушылардың саны
   кезеңдерi    |жылы|_____________________________________________
                |    |  200__ж.  |  200__ж.  | 200__ж.   |200__ж.
                |    |_____________________________________________
                |    |Топ |Оқушы |Топ |Оқушы |Топ |Оқушы |Топ |Оқушы
____________________________________________________________________
Алғашқы даярлау    1
                   2

Оқу-жаттығу        1


                   2
                   3
                   4
                   5

Спорттық жетiлдiру 1


                   2
                   3

Жоғары спорт      Барлық


шеберлiгi         кезең

БАРЛЫҒЫ
____________________________________________________________________



II. Шұғылданушылардың сапалық құрамы (бiлiктiлiгi)

____________________________________________________________________


Оқушының|        ЖСШК       |         СШ        |       СШК
  жасы  |                   |                   |
____________________________________________________________________
        |200_|200_|200_|200_|200_|200_|200_|200_|200_ 200_ 200_ 200_
____________________________________________________________________
22 және
одан
жоғары
____________________________________________________________________
21

20


19

18 және
т.б.


____________________________________________________________________

таблицаның жалғасы


_____________________________
Оқушының|      1 с.р.
  жасы  |
_____________________________
         200_ 200_ 200_ 200_
_____________________________
22 және
одан
жоғары
_____________________________
21

20


19

18 және
т.б.


_____________________________

III. Спорт резервiн даярлау

____________________________________________________________________


Ұлттық құрама   | 200__ж.   |  200__ж.  |   200__ж.  |   200__ж.
 командалар     |           |           |            |
____________________________________________________________________
Негiзгi құрам

Жастар құрамы

Жасөспiрiмдер
 құрамы
____________________________________________________________________

IV. Жаңадан даярланды

____________________________________________________________________


  Бiлiктiлiгi    | 200__ж.   |  200__ж.  |   200__ж.  |   200__ж.
____________________________________________________________________
 ЖДСШ

 СШ
____________________________________________________________________



V. Жарыстарға қатысқан оқушылар саны

____________________________________________________________________


    Құрамы   |Иеленген |      Халықаралық    |   Республикалық
             |  орны   |____________________________________________
             |         |200_|200_|200_|200_ | 200_| 200_| 200_|200_
____________________________________________________________________
Ересектер     10-ғы 1-3
                орын

Жасөспiрiмдер 10-ғы 1-3


                орын

Жастар        10-ғы 1-3


                орын
____________________________________________________________________
 
таблицаның жалғасы
___________________________________
    Құрамы   |     Облыстық
             |_____________________
             | 200_ 200_ 200_ 200_
___________________________________
Ересектер

Жасөспiрiмдер

Жастар
___________________________________

VI. Жүлделi жеке және командалық орындар

____________________________________________________________________


  Жарыс деңгейi | 200__ж.   |  200__ж.  |   200__ж.  |   200__ж.
____________________________________________________________________
Халықаралық

Республикалық

Облыстық
____________________________________________________________________

      Директор_________________


      Оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi___________________
      Аға жаттықтырушы_____________

Жаттықтырушы-оқытушының жеке карточкасы

БЖСМ, ОРМБЖМ, МБЖСМ ____________________ бөлiмдер __________________


                        Керек-жарағы                  спорт түрi
___________________________________________________________________.
                      Тегi, аты, әкесiнiң аты
Туған жылы ____________ бiлiмi _______________ бiтiрдi_____________
Педагогтiк жұмыс өтiлi______жыл соның iшiнде осы мектепте _____ жылы
                                            қай жылдан бастап
Спорттық атағы __________________ Құрметтi атағы __________________

Бiлiктiлiгiн арттыру

____________________________________________________________________


 Жыл |    ДШИ атауы,  |  Қайта даярлаудың ұзақтығы  |  N  құжат
     | қайта даярлау  |                             |   берiлдi
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Жаттықтырушы-оқытушының бiлiктiлiгi

____________________________________________________________________


Жыл | N бұйрықпен санат беру  | Жыл  | N бұйрықпен қайта санат беру
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Жаттықтырушы-оқытушылардың тәрбиешiлерi-ресми халықаралық жарыстарға қатысушылар

____________________________________________________________________


 Жыл | Спортшының |Туған | Жарыстардың  | Бағдарламаның | Иеленген
     |   Т.А.Ә.   |жылы  |   атауы      |     түрi      |   орны
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Жұмыс көрсеткiштерi

____________________________________________________________________


    Көрсеткiштерi       |                Оқу жылдары
                        |___________________________________________
                        |200_|200_|200_|200_ | 200_| 200_| 200_|200_
____________________________________________________________________
Тариф бойынша апталық
жүктемесi

Оқу топтарының және


онда шұғылданушылардың
саны

Алғашқы даярлық  1 жылға


                 2 жылға

Оқу-жаттығу      1 жылға


                 2 жылға
                 3 жылға
                 4 жылға
                 5 жылға

Спорттық жетiлдiру


                 1 жылға
                 2 жылға
                 3 жылға

Жоғары спорт


шеберлiгi       (кезең бойы)

Құрама           негiзгi


командаларға     жастар
даярланды:     жасөспiрiмдер

Жарыстардың     халықаралық


жүлдегерлерi
(адам):         республикалық

Спорттық         - ОЖТ-ға


шеберлiктi         СЖТ-ға
арттыруға          ЖСШ-ға
берiлдi
даярлау    шеберлер командаларына
кезеңдерiне:        МОРБЖМ
                    СДБМИ
                    ЖСШМ

МОРБЖМ              - ДШИ-ға


оқушылары             ДШТ-ға
арасынан          пед.жоғары
оқуға         оқу орындарының
түстi:        д/т факультетiне
___________________________________________________________________

      Оқу жөнiндегi меңгерушi ______________________________


                                қолы және толтырған күнi
      Директор ____________________________________
                     қолы және толтырған күнi

СПОРТШЫНЫҢ ЖЕКЕ КАРТОЧКАСЫ

Т.А.Ә.______________ Туған жылы, айы, күнi_______ Спорт түрi ______

Спортпен шұғылдану сабақтарының басталған жылы, айы _______________
Спорт мектебi _______________________
Спорт  қоғамы _________________________ Қала ______________________
___________________________________________________________________
     Топтар     |Оқу|Тек.|                                    |Дәрi.
                |жы.|се. |           Дене жетiлуi             |гер.
                |лы |рiл.|                                    |дiң
                |   |ген |                                    |қоры.
                |   |күнi|___________________________________ |тын.
                |   |    |бойы|сал.|таба.|сау.|өкпе.|ең  |ең  |дысы
                |   |    |    |мағы|нының|сақ.|нiң  |көп |көп |
                |   |    |    |    |ұзын.|тар.|өмiр.|от. |от. |
                |   |    |    |    |дығы |ды  |лiк  |те. |те. |
                |   |    |    |    |     |жұму|кө.  |гiн |гiн |
                |   |    |    |    |     |күшi|лемi |пай.|пай.|
                |   |    |    |    |     |    |     |да. |да. |
                |   |    |    |    |     |    |     |лану|лану|
                |   |    |    |    |     |    |     | мл/|мл/ |
                |   |    |    |    |     |    |     |мин |мин |
                |   |    |    |    |     |    |     |    | кг |
___________________________________________________________________
БЖСМ-ға қабыл.
данған кездегi
бастапқы
мәлiметтер

Алғашқы
даярлық          12

Оқу-жаттығу       1
                  2
                  3
                  4
                  5

Спорттық


жетiлдiру         1
                  2
                  3

Жоғары спорт


шеберлiгi       Кезең
                бойы
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________


   Топтар      |Оқу|                                         |Арнайы
               |жы.|         Жалпы дене дайындығы            | даяр.
               |лы |                                         | лық
               |   |                                         |
               |   |                                         |
               |   |________________________________________________
               |   | 30 |жү.|жү.|3 х |орнын.|Тар.|Доп.|Абала.|
               |   |мге |гi.|гi.|10 м|  да  |тылу| ты |қовша |
               |   | жү.| ру|ру |ай. |тұрып |    |оты.| жоға.|
               |   |гiру| 6 |10 |нал.| ұзын.|    |рып | рыға |
               |   |    |мин|сек| ма | дыққа|    |лақ.|секiру|
               |   |    |   |   | жү.|секiру|    |тыру|      |
               |   |    |   |   |гiру|      |    |    |      |
____________________________________________________________________
Бастапқы
мәлiметтер

Алғашқы даярлық  12

Оқу-жаттығу       1
                  2
                  3
                  4
                  5

Спорттық


жетiлдiру         1
                  2
                  3

Жоғары спорт    Кезең


шеберлiгi       бойы
____________________________________________________________________

таблицаның жалғасы


_____________________________________________________
   Топтар      | Үздiк спорттық Бәсекелестiк жаттығу
               |  көрсеткiш      қызметi
______________________________________________________
               |                Жарыс. | Сөре |Жаттығу
               |                 тар   | саны |күнде.
               |                саны   |      |рiнiң
               |                       |      | саны
______________________________________________________
Бастапқы
мәлiметтер

Алғашқы даярлық

Оқу-жаттығу

Спорттық


жетiлдiру

Жоғары спорт


шеберлiгi
______________________________________

      Келесi даярлық кезеңiне өту және мектептi бiтiру туралы белгiлер:

      ОЖТ-ға   __________________
      СЖТ-ға   __________________
      ЖСШТ-ға  __________________
      бiтiру   __________________

                  Жаттықтырушы ____________________


                  Аға жаттықтырушы _______________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет