Спорт түрлерi бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу қағидасын бекiту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі44.96 Kb.
#8085
Спорт түрлерi бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу қағидасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 1288 қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 48, 537-құжат

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.08.04 № 914 (алғаш ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етедi:

      1. Қоса берiлiп отырған Спорт түрлерi бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу қағидасы бекiтiлсiн.


      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.08.04 № 914 (алғаш ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы   


Үкiметiнiң        
2003 жылғы 22 желтоқсандағы
N 1288 қаулысымен     
бекiтiлген     

Спорт түрлерi бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу қағидаcы

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.08.04 № 914 (алғаш ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.



1. Жалпы ережелер

      1. Осы Спорт түрлерi бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу қағидаcы (бұдан әрi - Қағида) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және спорт түрлерi бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредитеуден өткiзу:


      аккредиттеудi өткiзу үшiн құжаттарды беру, оларды қарау және дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) аккредиттеу туралы куәлiктi беру тәртiбiн айқындайды.
      2. Спорт түрлерi бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктер (бұдан әрi - бiрлестiк) Қазақстан Республикасының атынан тиiстi халықаралық ұйымдарда қатысушы болу құқықтарын таныту мақсатында аккредиттеуден өтедi.
      3. Бiрлестiктердi аккредиттеудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      4. Аккредиттеудi тиiмдi жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi органның жанынан Аккредиттеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылады.
      Комиссияның құрамына уәкiлеттi органның мамандары және дене-шынықтыру-спорт ұйымдарының өкiлдерi кiредi. Комиссияның құрамы уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының немесе оның мiндеттерiн атқарушы адамның бұйрығымен бекiтiледi.

2. Аккредиттеудi жүргiзу тәртiбi

      5. Бiрлестiк аккредиттеу туралы куәлiк (бұдан әрi - куәлiк) алу үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:


      1) уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша аккредиттеудi өткiзу мен куәлiк беруге арналған өтiнiш;
      2) бiрлестiктiң құрылтай құжаттары мен заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрлемелерi (шынайылығын тексеру үшiн түпнұсқалар ұсынылған кезде) немесе олардың нотариалды расталған көшiрмелерi (шынайылығын тексеру үшiн түпнұсқалар ұсынылмаған кезде);
      3) бiрлестiктiң Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан көбiнiң аумағында орналасқан филиалдарының ережелерi мен оларды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктердiң көшiрмелерi (шынайылығын тексеру үшiн түпнұсқалар ұсынылған кезде) немесе олардың нотариалды расталған көшiрмелерi (шынайылығын тексеру үшiн түпнұсқалар ұсынылмаған кезде);
      4) спорт түрлерi бойынша бағдарламаларды iске асыруға бiрлестiктiң қатысуы туралы ақпарат;
      5) дене шынықтыру және спорт салаласындағы мамандануы бойынша жоғарғы кәсiби немесе орта кәсiби бiлiмi бар бiлiктi кадрлардың бар екендiгi туралы дипломдардың көшiрмелерi;
      6) спорттық секциялар, клубтар, топтар саны және оларда осы спорт түрiмен шұғылданатындар саны туралы ақпараттық анықтама.
      6. Уәкiлеттi органның құжаттарды қарау, куәлiк беру немесе бас тарту туралы шешiмдер қабылдау мерзiмi өтiнiш берiлген сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауы тиiс.
      7. Бiрлестiк ұсынған құжаттарды қарау оның Ережесiне сәйкес Комиссияның отырысында жүзеге асырылады.
      8. Комиссия бiрлестiктiң құжаттарын зерделеу қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган аккредиттеу (немесе аккредиттеуден бас тарту) туралы және куәлiк беру (беруден бac тарту) туралы шешiм қабылдайды.
      9. Аккредиттеуден өткен бiрлестiкке уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша 4 жыл мерзiмге тиiстi куәлiк берiледi.
      10. Мынадай жағдайларда куәлiк беруден бас тартылады:
      1) осы Қағиданың 5-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаса;
      2) куәлiк алу үшiн бiрлестiк ұсынған құжаттарда жалған немесе бұрмаланған ақпарат бар болса.

3. Куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату

      11. Уәкiлеттi орган өзiнiң бұйрығымен куәлiктiң қолданылуын аккредиттеу алу үшiн ұсынылған құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде тоқтата тұрады.


      12. Алты ай iшiнде бiрлестiк уәкiлеттi орган анықтаған бұзушылықтарды жояды. Аталған мерзiм куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде айтылады.
      13. Куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар уақтылы жойылған кезде, оның қолданылуы Комиссияның ұсынымы негiзiнде уәкiлеттi орган бұйрыққа қол қойылған күннен бастап қайтадан бастайды.
      14. Уәкiлеттi орган куәлiктiң қолданылуын тоқтату туралы бұйрықты бес жұмыс күнi iшiнде мынадай жағдайларда шығарады:
      1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда;
      2) куәлiктiң қолданылуы тоқтатылған осы Қағиданың 12-тармағына сәйкес себептер жойылмағанда;
      3) бiрлестiк куәлiктiң қолданылуын тоқтату туралы өтiнiш бергенде;
      4) оның қолданылу мерзiмi аяқталғанда;
      5) бiрлестiктiң күнтiзбелiк жыл iшiнде республикалық (чемпионаттар, бiрiншiлiктер, Республика кубоктары) және халықаралық (Олимпиада, Азия ойындары, чемпионаттар, бiрiншiлiктер, Әлем, Азия, Еуропа кубоктары) жарыстарға қатыспауы;
      6) бiрлестiктердiң құзыретсiздiгi және әрекетсiздiгi туралы дене шынықтыру және спорт жөнiндегi облыстық (Астана және Алматы қалалары) жергiлiктi атқарушы органдардың жартысының көбiнен ұсынымдардың келiп түсуi.

4. Қорытынды ережелер

      15. Бiрлестiкте куәлiктiң қолданылу кезеңiнде қайта ұйымдастырылу жүргiзiлген кезде бiрлестiк, бiр ай мерзiмде уәкiлеттi органға енгiзiлген өзгерiстерiмен бiрге құрылтай құжаттардың көшiрмелерiн және салық органына есепке қою туралы куәлiктi (шынайылығын растау үшiн түпнұсқа ұсынылған жағдайда) немесе олардың нотариалды расталған көшiрмелерiн ұсынады.


      16. Бiрлестiк өзiнiң атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген жағдайда, он бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға бұл туралы хабарлайды және осы Қағиданың 15-тармағында көрсетiлген құжаттарды қоса берiп, куәлiктi қайта ресiмдеу туралы өтiнiш бередi.
      17. Куәлiк жоғалған немесе бүлiнген кезде уәкiлеттi орган өтiнiш қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде өтiнiш негiзiнде бiрлестiкке куәлiктiң телнұсқасын бередi.
      18. Уәкiлеттi орган куәлiктердiң бланкiлерiн жасауды, оларды есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етедi.
      19. Бiрлестiктi аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдалуы мүмкiн.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет