«Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктерді аккредиттеу туралы куәлік беру»



Дата23.02.2016
өлшемі34.43 Kb.
#8086
«Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктерді аккредиттеу туралы куәлік беру»
Мемлекеттік қызметтің шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жолберіледіҚазақстанРеспубликасы    Үкiметiнiң   2003 жылғы 22 желтоқсандағы 
N1288қаулысымен бекiтiлген. Аккредиттеудi тиiмдi жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi органның жанынан Аккредиттеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылады.
      Комиссияның құрамына уәкiлеттi органның мамандары және дене-шынықтыру-спорт ұйымдарының өкiлдерi кіреді. Комиссияның құрамы уәкiлеттi органның бірінші басшысының немесе оның мiндеттерін атқарушы адамның бұйрығымен бекiтiледi. 

Комиссия бiрлестiктiң құжаттарын зерделеу қорытындылары бойынша уәкілетті орган аккредиттеу (немесе аккредиттеуден бас тарту) туралы және куәлiк беру (беруден бac тарту) туралы шешім қабылдайды.

   Аккредиттеуден өткен бiрлестiкке уәкілетті орган бекiткен нысан бойынша 4 жыл мерзiмге тиiстi куәлiкберiледi. Мынадай жағдайларда куәлiк беруден бас тартылады:Осы Қағиданың 5-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаса;куәлiк алу үшiн бiрлестік ұсынған құжаттарда жалған немесе бұрмаланған ақпарат бар болса. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтырының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік 15 (он бес) күн. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - 4 жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлік болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Бiрлестiк аккредиттеу туралы куәлiк (бұдан әрі - куәлік) алу үшiн мынадай құжаттардыұсынады:


1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) бірлестікті Қазақстан Республикасында заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама немесе бірлестікті Қазақстан Республикасында заңды тұлға ретінде мемлекеттiк (есептік) тіркеу (қайта тіркеу)туралыкуәлік;
3)бірлестік филиалдарын Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан көбінің аумағында құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама немесе бірлестік филиалдарын Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан көбінің аумағында құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлға ретінде мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу)туралыкуәлік;
4)бірлестіктің спорт түрлері бойынша бағдарламаларды іске асыруға қатысуы туралыақпарат;
5) дене шынықтыру және спорт cаласындағы мамандық бойынша кәсіптік жоғары немесе кәсіптік орта білімі бар бiлiкті кадрлар дипломдарының көшірмелері;
6) спорттық секциялар, клубтар, топтар, сондай-ақ оларда аталған спорт түрімен шұғылданатындардың саны туралы ақпараттық анықтама.

Уәкiлеттi орган өзінің бұйрығымен куәлiктiң қолданылуын аккредиттеу алу үшiн ұсынылған құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде тоқтата тұрады.Алты ай ішінде бiрлестiк уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды жояды. Аталған мерзім куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімде айтылады. Куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар уақтылы жойылған кезде, оның қолданылуы Комиссияның ұсынымы негізінде уәкілетті орган бұйрыққа қол қойылған күннен бастап қайтадан бастайды.Уәкiлеттi орган куәлiктің қолданылуын тоқтату туралы бұйрықты бес жұмыс күні ішінде мынадай жағдайларда шығарады:1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда;2) куәлiктiң қолданылуы тоқтатылған осы Қағиданың 12-тармағына сәйкес себептер жойылмағанда;3) бiрлестiк куәлiктiң қолданылуын тоқтату туралы өтiнiш бергенде;4) оның қолданылу мерзiмi аяқталғанда;


5)бірлестіктің күнтізбелік жыл ішінде республикалық (чемпионаттар, біріншіліктер, Республика кубоктары) және халықаралық (Олимпиада, Азия ойындары, чемпионаттар, біріншіліктер, Әлем, Азия, Еуропа кубоктары) жарыстарға қатыспауы;
6)бірлестіктердің құзыретсіздігі және әрекетсіздігі туралы дене шынықтыру және спорт жөніндегі облыстық (Астана және Алматы қалалары) жергілікті атқарушы органдардың жартысының көбінен ұсынымдардың келіп түсуі.

«ХҚКО» РМК Қарағанды облысы бойынша Приозерск қаласындағы бөлімінің инспекторы Д.Х.Жакияева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет