Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы



бет2/3
Дата13.06.2016
өлшемі476.55 Kb.
#131435
1   2   3

Дүниежүзілік
допингке қарсы
күрес агенттігі

Дүниежүзілік допингке қарсы күрес кодексі ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ТІЗІМ 2008 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТ

Осы тізім 2008 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді

ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ТІЗІМ 2008


ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДОПИНГКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КОДЕКСІ

2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады

Кез келген дәрі-дәрмекті пайдалану медициналық көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылуы тиіс.

БАРЛЫҚ УАҚЫТТА (ЖАРЫС ЖӘНЕ ЖАРЫСТАН ТЫС КЕЗЕҢДЕ) ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН СУБСТАНЦИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕР

ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН СУБСТАНЦИЯЛАР

S1. АНАБОЛИЯЛЫҚ АГЕНТТЕР

      Анаболиялық агенттерге тыйым салынады.

       S1.1. Анаболиялық андрогендік стероидтер (ААS)

       (а) Экзогендік* ААS, мыналарды қоса алғанда:

      1-андростендиол (5a-андрост-1-ен-3b,17(3-диол); 1-андростендион (5a-андрост-1-ен-3,17-дион); боландиол (19-норандростендиол); боластерон; болденон; болдион (андроста-1,4-диен-3,17-дион); калюстерон; клостебол; даназол (17a-этинил-17b-гидроксиандрост-4-ено[2,3-d]изоксазол); дегидрохлорметилтестостерон (4-хлоро-17b-гидрокси-17a-метиландроста-1,4-диен-3-он); дезоксиметилтестостерон (17a-метил-5a-андрост-2-ен-17b-ол); дростанолон; этилэстренол (19-нор-17a-прегн-4-ен-17-ол); флюоксиместерон; формеболон; фюразабол (17b-гидрокси-17a-метил-5a-андростано-[2,3-с]-фюразан);гестринон; 4-гидрокситестостерон (4,17b-дигидроксиандрост-4-ен-3-он); местанолон; местеролон; метенолон; метандиенон (17b-гидрокси-17a-метиландроста-1,4-диен-3-он); метандриол; метастерон (2a, 17a-диметил-5a-андростан-3-он-17b-ол);метилдиенолон (17b-гидрокси-17a-метилэстра-4,9-диен-3-он); метил-1-тестостерон (17b-гидрокси-17a-метил-5a-андрост-1-ен-3-он); метилнортестостерон (17b-гидрокси-17a-метилэстр-4-ен-3-он); метилтриенолон (17b-гидрокси-17a-метилэстра-4,9,11-триен-3-он); метилтестостерон; миболерон; нандролон; 19-норандростендион (эстр-4-ен-3,17-дион); норболетон; норклостебол; норэтандролон; оксаболон; оксандролон; оксимэстерон; оксимэтолон; простанозол ([3,2-с] пиразол-5a-этиоаллохолан-17b-тетрагидропиранол); кинболон; станозолол; стенболон; 1-тестостерон (17b-гидрокси-5a-андрост-1-ен-3-он);тетрагидрогестринон (18a-гомо-прегна-4,9,11-триен-17b-ол-3-он); тренболон және химиялық құрылымы жағынан немесе биологиялық әсер етуі жағынан ұқсас басқа да субстанциялар.


      (b) Эндогендік ** ААS:
      андростендиол (андрост-5-ен-3b, 17b-диол), андростендион (андрост-4-ен-3,17-дион), дигидротестостерон (17b-гидрокси-5a-андростан-3-он); прастерон (дегидроэпиандростерон, ОНЕА), тестостерон,
      сондай-ақ мынадай метаболиттер мен изомерлер:
      5a-андростан-3a, 17a-диол; 5a-андростан-3a, 17b-диол; 5а-андростан-3b, 17a-диол; 5a-андростан-3b, 17b-диол; андрост-4-ен-3a, 17a-диол; андрост-4-ен-3a, 17b-диол; андрост-4-ен-3b, 17a-диол; андрост-5-ен-3a, 17a-диол; андрост-5-ен-3a, 17b-диол; андрост-5-ен-3b, 17a-диол; 4-андростендиол (андрост-4-ен-3b, 17b-диол); 5-андростендион (андрост-5-ен-3,17-дион), эпидигидротестостерон; 3a-гидрокси-5а-андростан-17-он; 3b-гидрокси-5a-андростан-17-он; 19-норандростерон; 19-норэтиохоланолон.

      Егер қандай да бір анаболиялық андрогендік стероидтерді ағзаның өзі қорыта алса, онда сынақтың құрамында осындай тыйым салынған субстанция бар болып саналады және осындай тыйым салынған субстанциялардың концентрациясы немесе олардың метаболиттерінің, не маркерлерінің концентрациясы және/немесе спортшының сынағындағы олардың тиісті арақатынасы адамдар үшін кәдімгі болып табылатын нормалардың мөлшері шегінен шықса және ағзаның кәдімгі эндогендік қорытуына сәйкес келмеген жағдайларда, талдау нәтижесі жағымсыз екендігі туралы хабарланады. Егер спортшы тыйым салынған субстанцияның концентрациясы немесе олардың метаболиттері, не маркерлердің және/немесе спортшының сынағындағы олардың тиісті арақатынасы оның патологиялық немесе физиологиялық жай-күйіне әсер ететініне дәлелдер келтірсе, сынақ құрамында тыйым салынған субстанция бар болып саналмайды.


      Барлық жағдайларда және кез келген концентрацияларда спортшының сынағында тыйым салынған субстанция бар болып саналады, егер кез келген сенімді әдісті (мысалы, IRMS) негізге ала отырып, зертхана жағымсыз талдау нәтижесі туралы хабарласа, ол тыйым салынған субстанцияның экзоген сипатта екенін дәлелдей алады. Мұндай жағдайда одан әрі тексеру жүргізудің қажеті жоқ.
      Адамдар үшін кәдімгі болып табылатын норма мөлшерінен концентрацияның ауытқуы болмаса және кез келген сенімді әдісті қолдану нәтижесінде (мысалы, IRMS), субстанцияның экзоген тектес екені анықталмаса, бірақ бұл ретте эндогендік стероидтік көріністерді салыстыру негізінде тыйым салынған субстанцияны пайдаланудың орын алуы мүмкін деп болжам жасауға болатын негіздер болады немесе зертхана тестеронның эпитестостеронға 1-ге 4-тен астам қатынасы туралы хабарласа, ал кез келген сенімді әдісті қолдану (мысалы, IRMS) субстанцияның экзоген тектес екенін анықтауға мүмкіндік бермейді, тиісті допингке қарсы күрес ұйымы кез келген алдыңғы тестілердің нәтижесін зерделеу немесе бұдан кейін тестілеу жүргізу арқылы тексерулер жүргізеді.
      Мұндай қосымша тексеру талап етілгенде, зертхана нәтижелерді жағымсыз ретінде емес, үлгілік емес деп хабарлайды. Егер қосымша сенімді әдісті қолдану нәтижесінде (мысалы, IRMS) зертхана тыйым салынған субстанция экзоген тектес екенін хабарласа, бұдан әрі тексеру өткізудің қажеттілігі жоқ және сынақтың құрамында осындай тыйым салынған субстанция бар болып саналады.
      Егер талдаудың қосымша сенімді әдісі қолданылмаса (мысалы, IRMS) және кем дегенде алдыңғы үш тесттің нәтижелері болмаса, онда тиісті допингке қарсы күрес ұйымы үш ай мерзім кезеңінде алдын ала хабарлаусыз үш тест өткізу арқылы сол уақытқа спортшының стероидтік көрінісі айқындалады. Сол уақытқа стероидтік көріністі зерделеуге әкеп соққан нәтижелер үлгілік емес болып хабарланады. Егер сол кезең ішінде кейінгі тестілердің бірқатары негізінде айқындалатын спортшының стероидтік көрінісі физиологиялық қалыпты болып табылмаса, онда талдаудың жағымсыз нәтижесі туралы хабарланады.
      Өте сирек жекелеген жағдайларда зәрдің құрамында өте төмен концентрациялардағы бір миллилитрге (нг/мл) бірнеше нанограммнан эндоген тектес болденон жүйелі түрде табылуы мүмкін. Егер зертхана осындай болденонның төмен концентрациясы туралы хабарласа, ал сенімді талдау әдісін қолдану (мысалы, IRMS) экзоген тектес субстанцияларды айқындауға мүмкіндік бермесе, онда кейінгі тестілеулер өткізу негізінде бұдан әрі тексерулер жүргізілуі мүмкін.
      Зертхана талдаудың жағымсыз нәтижесі туралы хабарлағанда, 19-норандростерон сияқты субстанцияның бар екені ескертілсе, экзоген тектес тыйым салынған субстанцияның ғылыми және негізделген дәлелі ретінде қаралады. Мұндай жағдайда бұдан әрі тексеру жүргізудің қажеті жоқ.
      Тексеру жүргізу барысында спортшы ынтымақтасудан бас тартқан жағдайда, спортшы сынағының құрамында тыйым салынған субстанция бар болып саналады.

S 1.2. Басқа да анаболиялық агенттер


(тізім түпкілікті болып табылмайды)

Кленбутерол, андрогендік рецепторлардың іріктелген модуляторлары (SARMs), тиболон, зеранол, зилпатерол.

Осы бөлімдегі:
*"экзогендік" субстанциялар ағза қорыта алмайтын субстанцияларды білдіреді;
**"эндогендік" субстанциялар ағза қорыта алатын субстанцияларды білдіреді.

S2. ГОРМОНДАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ЖАТАТЫН СУБСТАНЦИЯЛАР

Мынадай субстанцияларға және олардың релизинг-факторларына тыйым салынады:


      1. эритропоэтин (ЭПО);
      2. өсу гормоны (hGH), өсудің инсулинге ұқсас факторлары (мысалы, ИФР-1), өсудің механикалық факторлары (МФР);
      3. гонадотропиндер (мысалы, ЛГ, ХГЧ) тек ерлер үшін тыйым салынған;
      4. инсулиндер;
      5. кортикотропиндер;
      және химиялық құрылымы жағынан немесе биологиялық әсер етуі жағынан басқа да ұқсас субстанциялар.
      Егер спортшы концентрация физиологиялық немесе патологиялық жағдайдан туындағанын дәлелдемесе, онда сынақтың құрамында жоғарыда келтірілген тізімде көрсетілген тыйым салынған субстанциялардың біреуі бар болып саналады, тыйым салынған субстанцияның немесе оның метаболиттерінің не маркерлерінің концентрациясы және/немесе олардың тиісті арақатынасы спортшының сынағында адамдар үшін кәдімгі болып табылатын нормалардан асып түссе, ағзаның кәдімгі эндогендік қорытуына сәйкес келуі мүмкін емес.
      Егер зертхана сенімді әдісті қолдану нәтижесінде тыйым салынған субстанцияның экзоген тектес екенін хабарласа, сынақтың құрамында тыйым салынған субстанция бар болып саналады және талдаудың жағымсыз нәтижесі туралы хабарланады.

S3. БЕТА-2 АГОНИСТЕР

      D- және L- изомерлерін қоса алғанда, барлық бета-2 агонистерге тыйым салынады.
      Ингаляция арқылы қолданғанда, формотеролге, сальбутамолге, сальметеролге және тербуталинге тыйым салынбайды; бұл ретте терапевтік пайдалануға оңайлатылған процедура бойынша рұқсат алу талап етіледі.
      Спортшының терапевтік пайдалануға рұқсат алғанына қарамастан, спортшы осы нәтиже сальбутамол ингаляциясын терапевтік пайдалану салдары болып табылатынын дәлелдейтін жағдайларды қоспағанда, 1000 нг/мл-ден асатын сальбутамолдың концентрациясы (глюкуронидпен бірге еркін) талдаудың жағымсыз нәтижесі болып саналады.

S4. ГОРМОНДЫҚ АНТАГОНИСТЕР ЖӘНЕ МОДУЛЯТОРЛАР

      Мынадай сыныптарға тыйым салынған:
      1. анастрозол, летрозол, аминоглютетимид, экземестан, форместан, тестолактон және т.б. қоса алғанда,: ароматаза ингибиторлары;
      2. ралоксифен, тамоксифен, торемифен және т.б. қоса алғанда, эстрогендік рецепторлардың іріктелген модуляторлары (SERMs);
      3. кломифен, циклофенил, фулвестрант және т.б. қоса алғанда, экстрогенге қарсы басқа субстанциялар;
      4. миостатинаның ингибиторларын қоса алғанда, миостатиннің функцияларын өзгертетін агенттер.

S5. ДИУРЕТИКТЕР ЖӘНЕ БАСҚА ДА БҮРКЕМЕЛЕУ ЗАТТАРЫ

      Бүркемелеу агенттеріне тыйым салынады. Олар мыналарды қамтиды:
      диуретиктер*, эпитестостерон, пробенецид, альфа-редуктазаның ингибиторлары (мысалы, финастерид, дутастерид) плазманы алмастырғыштар (мысалы, альбумин, декстран, гидроксиэтил крахмал) және биологиялық әсер етуі жағынан ұқсас басқа да субстанциялар.
      Диуретиктер:
      ацетазоламид, амилорид, буметанид, канренон, хлорталидон, этакриникалық қышқыл, фуросемид, индапамид, метолазон, спиронолактон, тиазидтер (мысалы, бендрофлюметиазид, хлоротиазид, гидрохлоротиазид), триамтерен, сондай-ақ химиялық құрылымы және биологиялық әсер етуі жағынан ұқсас басқа да субстанциялар (тыйым салынбаған дросперинонды қоспағанда).

* Егер спортшының зәрінде тыйым салынған субстанцияның шекті немесе субшекті деңгейімен қатар диуретик болса, тыйым салынған субстанцияларды терапевтік пайдалануға берілген рұқсат жарамсыз болып табылады.

ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ӘДІСТЕР

М1. ОТТЕГІН ТАСЫМАЛДАУДЫ КҮШЕЙТУ

      Мынадай:
      1. аутологиялық, гомологиялық немесе гетерологиялық қан өнімдерін немесе кез келген тектес қызыл қан жасушаларын пайдалануды қоса алғанда қан допингі,
      2. қанның оттегін жұту, тасымалдау және жеткізу қабілетін жасанды жолмен арттыруға, атап айтқанда, перфторирлеу, эфапроксиралды (RSR13) және гемоглобин негізінде түрлендіру өнімдерін пайдалану арқылы (мысалы, гемоглобин, микрокапсулалардағы гемоглобиндік өнімдер негізінде қан алмастырғыштар) және басқа да әдістерге тыйым салынады.

М2. ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ МАНИПУЛЯЦИЯЛАР

      1. Мыналарға: Бұрмалау немесе допинг-бақылау кезінде алынған сынақтардың тұтастығын және түпнұсқалығын бұзу мақсатындағы бұрмалауға тыйым салынған. Бұл, мысалы, катетеризацияны, зәрді ауыстыруды және/немесе өзгертуді қамтуы мүмкін.
      2. Ішкі қан тамырларының инфузиясына тыйым салынады. Жедел медициналық жағдайда осы әдісті пайдалану қажет деп табылса, терапевтік пайдалануға ретроактивті рұқсат талап етіледі.

М3. ГЕНДІК ДОПИНГ

      Спорттық нәтижені жақсарта алатын жасушаларды, гендерді, гендік элементтерді терапевтік емес жолмен пайдалануға немесе гендік экспрессияны модуляциялауға тыйым салынады.      

ЖАРЫСТАРДА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТАР МЕН ӘДІСТЕР

Жоғарыдағы S1-S5 және М1-М3-бөлімдерінде аталған санаттарға қосымша жарыс кезінде мына санаттарға тыйым салынады:

ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН СУБСТАНЦИЯЛАР

S6. СТИМУЛЯТОРЛАР

      Жергілікті қолдануға арналған өндірістік имидазол мен 2008 жылға арналған мониторинг бағдарламасына* енгізілген стимуляторларды қоспағанда, (D- және L-) екі оптикалық изомерін қоса алғанда, барлық стимуляторларға тыйым салынады.

      Стимуляторларға мыналар жатады:
      адрафинил, адреналин**, амфепрамон, амифеназол, амфетамин, амфетаминил, бензфетамин, бензалпиперазин, бромантан, катин***, клобензорекс, кокаин, кропропамид, кротетамид, циклазодон, диметиламфетамин, эфедрин****, этамиван, этиламфетамин, этилефрин, фампрофазон, фенбутразат, фенкамфамин, фенкамин, фенетиллин, фенфлюрамин, фенпропорекс, фюрфенорекс, гептаминол, изометептен, левметамфетамин, меклофеноксат, мефенорекс, мефентермин, мезокарб, метамфетамин (D-), мети.).ендиоксиамфетамин, метилендиоксиметамфетамин, р-метиламфетамин, метилэфедрин***, метилфенидат, модафинил, никетамид, норфепефрин, норфенфлюрамин, октопамин, ортетамин, оксилофрин, парагидроксиамфетамин, пемолин, пентетразол, фендиметразин, фенметразин, фенпрометамин, фентермин, 4-фенилпирацетам (карфедон), пролинтан, пропилгекседрин, селегилин, сибутрамин, стрихнин, туаминогептан және құрылымы жағынан немесе биологиялық әсер етуі жағынан ұқсас басқа да субстанциялар.     

* 2008 жылға арналған мониторинг бағдарламасына енгізілген мынадай субстанцияларға (бупропион, кофеин, фенилэфрин, фенилпропаноламин, пипрадол, псевдоэфедрин, синефрин) тыйым салынған болып есептелмейді.
** Жергілікті анестезияға немесе жергілікті қолдануға арналған (мысалы, назальды, офтальмологиялық) препараттар құрамындағы адреналинге тыйым салынбайды.
*** Егер катиннің зәрдегі құрамы миллилитріне 5 микрограмнан асса, тыйым салынады.
**** Эфедрин мен метилэфедриннің әрқайсысының зәрдегі құрамы миллилитріне 10 микрограмнан асса, тыйым салынады.

      Мысал ретінде осы бөлімде тікелей көрсетілмеген стимулятор, егер осы субстанцияны спортшының қолдануы медициналық өнімдердегі жалпыға бірдей қолжетімділігі немесе оның спорттық нәтижеге әсер ететіні күмәнді болғандықтан допингке қарсы ережені әдейі бұзбағаны белгілі болған жағдайда ғана айрықша субстанция болып саналады.

S7. ЕСІРТКІЛЕР

      Мынадай есірткілерге тыйым салынады:
      бупренорфин, декстроморамид, диаморфин (героин), фентанил; және оның өндірістік түрлері, гидроморфион, метадон, морфин, оксикодон, оксиморфон, пентазоцин, петидин.

S8. КАННАБИНОИДТЕР

Каннабиноидтерге (мысалы, гашиш, марихуана) тыйым салынады.

S9. ГЛЮКОКОРТИКОСТЕРОИДТЕР

      Глюкокортпкостероидтерді сору, ректальды, тамырға енгізу немесе бұлшық етке егу арқылы пайдалануға тыйым салынады. Оларды қолдану терапевтік пайдалануға рұқсат алуды талап етеді.
      Оларды қолданудың басқа да тәсілдері үшін (буын іші /буын маңы/ тамыр маңындағы, эпидуральдық/теріасты инъекциялары немесе ингаляция жолымен) төменде келтірілген жағдайларды қоспағанда, оңайлатылған процедура бойынша терапевтік пайдалануға рұқсат талап етіледі.
Теріге салынатын жергілікті қолдану препараттарына (ионтофорезді/фонофорезді қоса алғанда) құлаққа, мұрынға тамызатындарға, офтальмологиялық, қызылиек, анальды бұзушылықтар және ауыз қуысы бұзылуы кезінде тыйым салынбаған және терапевтік пайдалануға рұқсат берудің ешбір түрлері талап етілмейді.

ЖЕКЕЛЕГЕН СПОРТ ТҮРЛЕРІНДЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТАР

Р1. АЛКОГОЛb

Спиртке (этанолға) тек төменде көрсетілген спорт түрлерінен өтетін жарыстарда ғана тыйым салынады. Тыныс алу және/немесе қанның анализі арқылы анықталады. Асып түсуі допингке қарсы ережені бұзғанын білдіретін шегі (гематологиялық көрсеткіштердің мәні) әрбір федерация үшін жақшаның ішінде көрсетілген.

Аэронавтика (FAI)              (0,20 грамм/литр)
Садақпен ату (FІТА, ІРС)       (0,10 грамм/литр)
Автомобиль спорты (FІА)        (0,10 грамм/литр)
Петанк (ІРС)                   (0,10 грамм/литр)
Каратэ (WKF)                   (0,10 грамм/литр)
Қазіргі бессайыс (UIPM)        (0,10 грамм/литр)
атуды қамтитын пәндер үшін
Мотоспорт (FIM)                (0,10 грамм/литр)
Су-мотор спорты (UIM)          (0,30 грамм/литр)

Р2. БЕТА-БЛОКАТОРЛАР

Егер өзгеше көрсетілмесе, бета-блокаторларға мынадай спорт түрлерінен өтетін жарыстарда ғана тыйым салынады:

Аэронавтика (FАІ)


Садақпен ату (FІТА, ІРС) (жарыстан тыс кезде де тыйым салынған)
Автомобиль спорты (ҒІА)
Бильярд спорты (WCBS)
Бобслей (FІВТ)
Петанк (CMSB, ІРС)
Бридж (FМВ)
Керлинг (WCF)
Гимнастика (FIG)
Мотоспорт (FIM)
Қазіргі бессайыс (UIPM) атуды қамтитын пәндер үшін
Боулинг (FIQ)
Су-мотор спорты (UIM)
Желкенді спорт (ISAF) (тек матчтық жарыстарда)
Ату (ISSF, ІРС) (жарыстан тыс кезде де тыйым салынған)
Шаңғы спорты/сноубординг (FIS) (шаңғымен трамплиннен секіру, секіру (фристайл)/хафпайп және сноубордтағы хафпайп/биг эир)
Күрес (FILA)

Бета-блокаторларға мыналар жатады (тізім түпкілікті болып табылмайды):


ацебутолол, альпренолол, атенолол, бетаксолол, бисопролол, бунолол, картеолол, карведиол, целипролол, эсмолол, лабеталол, левобунолол, метипранолол, метопролол, надолол, окспренолол, пиндолол, пропанолол, соталол, тимолол.

АЙРЫҚША СУБСТАНЦИЯЛАР*

"Айрықша субстанцияларға"* мыналар жатады:
      - концентрацияда 1000 нг/мл-ден асатын сальбутамолды (глюкуронидпен бірге еркін) және кленбутеролды (S1.2 Басқа да анаболиялық агенттер бөлімінде аталған) қоспағанда, ингаляция түріндегі барлық бета-2 агонистері;
      - альфа-редуктаз ингибиторлары, пробенецид;
      - катин, кропропамид, кротетамид, эфедрин, этамиван, фампрофазон, гептаминол, изометептен, левметанфетамин, меклофеноксат, р-метиламфетамин, металэфедрин, никетамид, норфенефрин, октопамин, ортетамин, оксилофрин, фенпрометамин, пропилгекседрин, селегилин, сибутрамин, туаминогептан және S6 бөлімінде нақты көрсетілмеген және оларға қатысты спортшының жағдайы S6 бөлімінде сипатталған шарттарға сәйкес келетіні белгіленген кез келген басқа да стимуляторлар;
      - каннабиноидтер;
      - барлық глюкокортикостероидтер;
      - алкоголь;
      - барлық бета-блокаторлар.

* "Тыйым салынған тізімде қолданылуы олардың жалпы қолжетімділігінің болжалмаған салдары немесе спорттық нәтижелерге олардың қабілеттерінің әсер ететіндігі ретінде күмәнді болғандықтан қаралатын айрықша субстанциялар арнайы белгіленуі мүмкін". Егер "спортшы осы субстанцияны өзінің спорттық нәтижелерін жақсарту үшін қолданбағаны" анықталса, допингке қарсы күрес ережелері осы субстанцияларды пайдалану нәтижесінде кем дегенде қатаң санкциялармен жазалануы мүмкін.

II ҚОСЫМША       ТЕРАПЕВТІК ПАЙДАЛАНУҒА РҰҚСАТ БЕРУ СТАНДАРТТАРЫ       "ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН СУБСТАНЦИЯЛАРДЫ ТЕРАПЕВТІК ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР"
Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігінің (ДДКА) құжатынан үзінді;
2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады

4.0 Терапевтік пайдалануға рұқсат беру өлшемдері

Спортшыға Тыйым салынған тізімге енгізілген тыйым салынған субстанцияларды немесе тыйым салынған әдістерді терапевтік пайдалануға (ТП) рұқсат берілуі мүмкін. ТП-ға рұқсат беру өтінімін Терапевтік пайдалануға рұқсат беру жөніндегі комитет (ТПК) қарайды. ТПК-ні допингке қарсы күрес ұйымы тағайындайды. Осындай рұқсаттар қатаң түрде мынадай өлшемдерге сәйкес беріледі:



Ескерту: Осы стандарт Кодексте жазылғандай барлық спортшыларға, мысалы, толық дене шынықтыру мүмкіндіктері бар спортшыларға және дене шынықтыру мүмкіндіктері шектеулі спортшыларға қатысты. Осы стандарт жекелеген жағдайларға сәйкес қолданылады. Мысалы, дене шынықтыру мүмкіндіктері шектеулі спортшыға берілген рұқсат басқаларға берілмеуі мүмкін.

4.1. ТП-ға рұқсат беру өтінімін спортшы спорттық іс-шараға қатысқанға дейін 21 күннен кешіктірмей береді.

4.2. Егер қандай да бір ауыр немесе созылмалы науқасты емдеу процесінде спортшы денсаулық жағдайының айтарлықтай төмендегенін сезінсе, ол тыйым салынған субстанцияны немесе әдісті пайдалана алмайды.

4.3. Тыйым салынған субстанцияны немесе әдісті терапевтік пайдалану, осы субстанцияны қолданудың терапевтік салдарының әсерінен болған қалыпты денсаулық жағдайының қалпына келуімен байланысты күткен жақсарудан басқа спорттық нәтижелердің қосымша жақсаруына әкелмейді. Эндогендік гормондардың "төменгі" деңгейін арттыру үшін кез келген тыйым салынған субстанцияны немесе әдісті пайдалану қолайлы терапевтік араласу болып саналмайды.

4.4. Тыйым салынған субстанцияны немесе әдісті пайдаланудың ақылға сыйымды терапевтік баламасының болмауы.

4.5. Тыйым салынған субстанцияны немесе әдісті пайдалану қажеттілігі Тыйым салынған тізімнен бұған дейінгі терапевтік емес субстанцияны пайдаланудың салдары бола алмайды.

4.6. ТП-ға рұқсат берген орган мынадай жағдайларда оның күшін жояды, егер:
(а) спортшы ТП-ға рұқсат берген допингке қарсы күрес ұйымының кез келген талаптарына бірден бағынбаса;
(b) ТП-ға рұқсаттың қолданыс мерзімі өтіп кетсе;
(с) спортшы допингке қарсы күрес ұйымының ТП-ға рұқсат берудің күшін жойғанынан хабардар болса.

Ескерту: ТП-ға берілген әрбір нақты рұқсаттың тиісті ТПК бекіткен нақты көрсетілген қолданыс мерзімі болады. ТП-ға берілген рұқсаттың қолданыс мерзімі өтіп кетсе де немесе рұқсат қайтарылып алынса да, ал ТП мақсатында пайдалануға рұқсат берілген тыйым салынған субстанция бұрынғыша спортшының ағзасында болатын жағдайлар да кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайларда теріс талдау нәтижесін бастапқы зерделеуді жүзеге асыратын допингке қарсы күрес ұйымы осындай нәтиже рұқсаттың қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін немесе ТП-ға рұқсат беруді қайтарып алумен келісетіні, келіспейтіні туралы мәселені қарайды.

4.7 ТП-ға рұқсат беру өтінімі мынадай жағдайларды қоспағанда, оның ретроактивті мақұлдау мәніне қарамайды:


      (а) жедел медициналық көмек көрсету немесе денсаулық жағдайының шұғыл төмендеуі кезінде емдеу қажеттілігі;
      (b) өтінім берушінің өтінім беруге, ал ТПК-ның допинг-бақылау өткізгенге дейін өтінімді қарауға жеткілікті уақыты немесе мүмкіндіктері болмауының айрықша жағдайлары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет