Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет134/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   222
Жинак республ docx

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Құрман Н.Ж. Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері: Монография. -
Астана: Тіл комитеті, Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың 
республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы, 2008. - 160 б.
2. Назарбаев Н. Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан, 1-наурыз, 
2007.
3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық 
негіздері. Пед.ғыл.докт.дис.-Алматы, 1996 ж. - 345 б.
4.Лихачев Д.С. Язык и ценности. - Москва, 2000. - 165 с. 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ТІЛДІК ҚАТЫНАС ЖАСАУ 
МӘСЕЛЕСІНЕ БЕРІЛЕТІН БАСЫМДЫЛЫҚ 

Момынова Гулбакыт Абдрахмановна 
№87 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі 
Шымкент қаласы 
Оқу материалдарын оқушының жас ерекшеліктеріне орай таңдау - олардың 
мұны толық игерулеріне септігін тигізетіні анық.Ғылым мен техниканың, 
педагогикалық инновация мен технологияның соңғы жетістіктерін оқушыларға 
саралап беру мұғалімнің шеберлігін кӛрсетері анық. Танымдық тақырыптағы 
материалдар кӛбірек орындалса, білімнің де құндылығы арта түсер 
еді.Оқушыларды қазақ халқының рухани байлығы мен заманауи біліммен 
қаруландыру - ұстаздың айнымас мақсаты. Тәрбиелік қуаты берік білім 
халықтың болашақ даму бағытын ӛзі айқындауына жол ашады. Ал ӛзге ұлт 
балаларына 
бұл 
мемлекеттік 
тілдің 
оқытылу 
сапасы 
мен 
оның 
ұйымдастырылуының түпкі нәтижеге сәйкестік деңгейіне тікелей қатысты. Бұл 
тілге ұлттық ділдің бірден-бір тетігі, тірегі, тіні деп қарауды қажет етеді. Оның 
үстіне тіл - таным құралы, тіл арқылы адам дүниені танып біледі, барлық 
білімді сол арқылы игереді. Жалпы білім беретін мектептің басты мақсаты - 
дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау болса, сол тұлғаның басты кӛрсеткіші 
- сӛйлеу әрекетін еркін меңгеруі, ӛз ойын ашық айта алуы ғана емес, сонымен 
қатар, оның ӛзіндік сӛйлеу стилінің қалыптасуы.
Қазіргі қазақ тілі сабақтарында тілдік қатынас жасау мәселесіне басымдылық 
берілуі - тілдің адам болмысы мен бірлігіне сүйеніп жасалған жаңа қадам. 
Оқытудың дәстүрлі ӛнімсіз стилін ығыстыру және оқушылардың танымдық 
белсенділігі мен ӛзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы 
білім беру үлгісіне кӛшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі 
болып табылады. Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ 
беру -үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын ӛнер» 
деген екен. Сондықтан, қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі 


қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына 
жетудің бірден-бір жолы.
Аталмыш әдістеме жеңілдігінің басты белгілерінің бірі қамтылатын сӛздік 
қордың шектеулі саны екені сӛз болғанда, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық 
білім академиясының мамандары мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің 
мұғалімдері қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі туралы айтқаны тілге 
оралады. Мамандардың айтуынша, кейбір елдерде (мысалы, ағылшындарда, 
финдерде) ӛз халқының тілін ӛздеріне және басқа ұлттарға 4-6 ай ішінде 
үйрететін тиімді әдістемелер бар. Сондықтан шетелдік озық әдістемелер 
негізінде қазақ тілін жедел меңгерудің әдістемесі жасалмақшы. Қазақ тілін 
тиімді үйрететін әдістемеге сәйкес, жалпы білім беретін ұйымдар үшін «Қазақ 
тілінің жиілік сӛздігі» әзірленіпті. 
Оқыту сапасын арттыру үшін орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі 
сағаттарын кӛбейту қажеттігі зор. Иә, бұған дейін де орыстілділерге қазақ тілін 
үйрету сапасын арттыру амалдары жасалды, алайда нәтижесі бола қоймады. 
Бұл жолғы талпыныс ӛзгерек, салмақтырақ кӛрінеді. 
Уақыт шапшаң сырғып ӛтіп жатқанымен, ӛзге ұлттарға қазақ тілін оқыту 
әдістемесін жаңғыртуға асықпадық. Енді-енді қолға алып, кіріскен болып 
жатырмыз. Келешекте жүзеге асатын бір типті мектептер шәкірттерді үш тілде 
оқытуды қолға алып, бұл ӛз кезегінде мемлекеттік тілдің ӛрістеуіне мүмкіндік 
бермекші. 
Шетелдің озық әдістемесіне сүйену қажет дегенде, тіл үйретудің ӛзіндік 
тиімді тәжірибесімен әлем назарына іліккен ресейлік филолог Александр 
Драгункинді айтпай кетуге болмас. Ол ағылшын және қытай тілін меңгерудің 
озық әдістемелерін зерттеген ғалым ретінде белгілі. Оның оқулықтары бүгінде 
әлемнің 28 мемлекетінде қолданылады. 
«Кез келген тілді жүйелендіре аламын» дейтін А.Драгункин ағылшын тілінің 
жаңа грамматикасын ойлап тапқанын мақтан тұтады. Аталмыш әдіскердің 
ағылшын тілін үйрету кітабы 1998 жылы жарық кӛрген. 
Оның айтуынша, бұған дейін жазылған ағылшын тілін үйрету кітаптары мен 
ӛз кітабының айырмасы жер мен кӛктей. Бүгінгі таңда ағылшын тілін үйрету 
нарығындағы кітаптардың барлығы Драгункин жасаған әдістеме негізінде 
жазылған. Атақты әдіскер ғалымның сӛзіне сенсек, әдістемесі әмбебап, кез 
келген тілді оқыта беруге болады. 
Осынау тіл үйрету дарабозы әйгілі әріптесі әрі жерлесі Петровтың 
оқулығын әлсіз деп санайды. Әйтсе де бір нәрсе анық: орыстілді отан-
дастарымыздың қазақ тілін үйренуіне екеуінің де әмбебап тәжірибесі үлгі бола-
рына сӛз жоқ. Тек соны негізге ала отырып, отандық тіл мамандары оңтайлы 
әдістеме жасаса, ал қазақ тілі мұғалімдері пәнді оқыту жауапкершілігін терең 
сезініп, шеберлік танытса екен дейсің. 
Дипломымызда «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» деп жа-
зылғанымен, орыс тілді дәрісханаларда қазақ тілін оқытып жүргенімізге де
жиырма жылдай уақыт болыпты. Мұны айтудағы себеп, орыс тілді ортада тіл 
үйрету мәселелерімен етене таныстығымызды білдіру.Бұл тұрғыдағы 
жазбаларымыз мерзімді басылымдарда жарық кӛрді.


Мәңгілік Ел атануға бағдар ұстаған тұста рухани жаңғырудың бір ұшы 
алдымен мемлекеттік тілге басымдық беруде, соған қол жеткізуде екенін 
сезініп, сол жолда батыл әрекет жасағанымыз ләзім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет