Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК


Гемадсорбциялаушы вирустардың индикациясы



Pdf көрінісі
бет102/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   146
вирус

Гемадсорбциялаушы вирустардың индикациясы. Гемадсорбция деп 
гемадсорбциялаушы 
вирустар 
жұқтырған 
жасушалардың 
беткейіне
эритроциттердің адсорбциялануын айтады. Мұндай вирустардың сыртқы 
қабықшасында эритроциттердің рецепторымен комплементарлы әрекеттесе 
алатын гемагглютинин ақуызы болады. Бұл принцип гемадсорбция 
реакциясына (ГАдР) негізделген.
ГАдР қою үшін жасуша өсінділері вирустармен жұқтырылады. 10-12 сағат 
инкубациялағаннан кейін вирус жұқтырылған және бақылауға қойылған 
жасуша өсінділерінен қоректік орталарды алып тастап, оған жануарлардың 
белгілі бір түрінің эритроциттерінің 0,5%-ды суспензиясын қосады. 5-10 
минуттан соң жасуша өсінділерін физиологиялық ерітіндімен шайып алады да 
жарық микроскоппен қарайды. Бақылау ретінде алынған жасуша өсінділерінде 
эритроциттер адсорбцияланған жасушалар болмайды, ал гемадсорбциялаушы 
вирус жұқтырылған өсіндіде эритроциттер адсорбцияланған жасушалар 
байқалады.
Жасуша өсінділеріндегі вирустарды түйіндақтарды түзуі бойынша 
анықтау. Бұл әдіс индикаторы бар агарлы жабынының астында дара қабатты 
жасуша өсінділерінде түйіндақтардың пайда болуына негізделген. Түйіндақтар 
– вирустардың репродукциясының нәтижесінде моноқабаттағы лизиске 
ұшыраған жасушалардың аймақтары.
 
Сабақ жоспарының үлгісі: 1 Білім алушыларға сауалнама жүргізу; 2 
Сабақ тақырыбы бойынша оқытушының түсіндіруі; 3 Жасуша өсінділеріне 
вирустардың ЦПӘ мен ГАдР әдістерін демонстрациялау; 4 Студенттердің 
өзіндік жұмысы (вирус жұқтырылған жасуша өсінділерін микроскопиялау, 
тұрақты жасуша өсінділеріне вирустардың ЦПӘ түрлері мен ГАдР 
нәтижелерінің суретін салу); 5 Сабақты қорытындылау жүргізіледі. 6 Келесі 
сабаққа тапсырма беріледі. 
Бақылау сұрақтары: 1 Вирустық материалдармен жасуша өсінділерін 
жұқтыру әдісі қандай? 2 Жасуша өсінділеріне вирустардың ЦПӘ деген не? 3 
Гемадсорбция деген не? 4 Гемадсорбциялаушы вирустарды анықтаудың 
принципі қандай? 5 Жасуша өсінділеріндегі вирустарды анықтауда қандай 
әдістер қолданылады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет